Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 22:49, лекция
Жүзімнің сабақ (өркен) құрылысы.Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердің бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. Жүзімнің өркені гүлдейтін, ұрықтанған және жидек пайда бола бастаған кезінде жақсы дамиды. Қоректің көп бөлігі осы өркендердің өсуіне кетеді, ал гүлдері мен жидектеріне қорек жетпей қалады. Соның салдарынан гүлдер тез түсіп, жидегі кіші болады, өнім аз болады. Бұлай болмау үшін өсіп келе жатқан өркеннің басы гүлдеген кезде, (дұрыс жетілмеген жапырақтар пайда бола бастаған кезде) оны қысып қояды. Осыдан кейін өркеннің өсуі уақытша тоқтатылып, барлық қорек гүлі мен гүлшоғырына жеткілікті беріліп, өнім жақсы алынады.
Ампелография нені зерттейді?
Ампелография-жүзімнің сорттары мен
түрлерінің биологиялық-морфологиялық
ерекшеліктерін және де агробиологиялық
шаруашылық-технологиялық
Ампелография жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы-жүзімнің классификациясын және сорттарын зерттейді.
Жеке-жүзім сорттарының қалай шыққанын зерттейді.
Жүзімнен алынған өнімнің
Жүзім сорттарынан алынған шараптың
сапасына тікелей байланысты болады.Мыс;Бидайдың
әр сортынан алынған нан қызылшадан
алынған қант,арпадан алынған
сыра айтарлықтай сапасы ерекше болмайды.Жүзім
жидегінің жоғарғы дәмдік ерекшеліктерімен
қатар жоғары тағамдық емдік маңызы
бар.жапырақтардағы неорганикалық материалдар
С,Н,О көптеген өсімдіктегі минералдардың
элементтерінің әсерінен құнды органикалық
заттарға айналады.Жүзім жидегінің құрамында
30% дейін адам организіміне қажетті тез
сіңетін глюкоза фрруктоза қанты бар.Жас
жүзім жидегінің шырынында көптеген мөлшерде
органикалық қышқылдар (алма шарап ,лимон,құмырсқа
)минералды тұздар(K,Ca,P,Na,Fe,Mn,Co)
1.Күн сәулесін өте құнды
2.Жүзімнің әртүрлі құнарсыз,құнды,тасты жерде,қоректік заттар мүлде жоқ жерде өсуі.Ол жүзімнің тамыр жүйесін тез,жақсы дамуын және өте терең жерлерден қоректік қажетті заттарды жеткізіп тұру қаілеттілігі
3.Жүзім құрғақшылыққа
Жүзім-көп жылдық ағаш өсімдігі сияқты
жас және кәрі қаңқалық тамырларынан
тұрады.Жүзім сабақтарына өте
күшті өсу қасиетіне тән.
Жүзімді тұқымынан өсіргенде(жаңа сорттар шығарғанда ) тамыр болашақ,өсімдіктің барлық,бастапқы мүшелері бар,тұқым ұрығынан пайда болады.Тұқым өнгенде күшті кіндік тамыр дамиды.Кейін онда тамыр түкшелері қалыптасады одан кейін тары қарай белгілі бір ретпен тармақтардан жанама тамырлар пайда болады.олар бос тамыр-н бастапқы кезде тік бұрышпен шығып ,кеййіннен ұштары төмен иіліп,терең топырақ қабатына бас тамырмен паралель өседі.
2.Жүзім шаруашылығы-ауыл шаруашылығының бір саласы және ғылыми негізі
Жүзім шаруашылығы - ауыл шаруашылығының бір саласыболып саналуына байланысты,одан жыл сайын мол өнім аладтын жолдарын іздестіріп,осы дақылдың өсіп-өнуін,өнімділігін артттыруды ғылыми түрде реттеу маңызды міндеттің бірі.
Жүзім шаруашылығы халықты жыл
бойына жас,кептірілген өніммен
қатар сусын,шарап-тосап
1.Асханалық жүзім өсіру-
2.Кептірілген өнім алу-мейіз сорттарымен шұғылдану
3.Сусын,шараптжасайтын
4.Консерві өндіру(шырын,тосаб,
Ампелография-жүзімнің сорттары мен
түрлерінің биологиялық-морфологиялық
ерекшеліктерін және де агробиологиялық
шаруашылық-технологиялық
Ампелография жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы-жүзімнің классификациясын және сорттарын зерттейді.
Жеке-жүзім сорттарының қалай шыққанын зерттейді.
Жүзімнен алынған өнімнің
Жүзім сорттарынан алынған шараптың
сапасына тікелей байланысты болады.Мыс;Бидайдың
әр сортынан алынған нан қызылшадан
алынған қант,арпадан алынған
сыра айтарлықтай сапасы ерекше болмайды.Жүзім
жидегінің жоғарғы дәмдік ерекшеліктерімен
қатар жоғары тағамдық емдік маңызы
бар.жапырақтардағы неорганикалық
материалдар С,Н,О көптеген өсімдіктегі
минералдардың элементтерінің әсерінен
құнды органикалық заттарға айналады.Жүзім
жидегінің құрамында 30% дейін адам
организіміне қажетті тез сіңетін
глюкоза фрруктоза қанты бар.
3.Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары
Жүзім (Vіtіs) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі
Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін Жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары –рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым – ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.
Королева виноградников - жүзімнің асханалық сорты. Жапырағының үлкендігі орташа, домалақ, бесқиықты. Түптерінің өсу күші жоғары. Гүлі екі ұрықты, шоғы едәуір үлкен (ұзындығы 18-20см, ені 12-13 см) цилиндрлік- конустық, конустық, тығыздығы орташа. Шоқтың салмағы – 372 гр. Жидегі өте ірі (ұзындығы - 26 см, ені - 22мм) пішіні бойынша домалақтан сопаққа дейін түрленеді. Піскен жидектер әдемі янтарь түсті болып келеді. Дәмі мускат дәміндей. Балдыры тығыз, шамалы жұпар иісті.Бүршік жарғаннан бастап жүзімнің жидегі жалпы белсенді 25-400С температура кезінде 110 күнде піседі. Өнімділігі орташа. Сорт милдьюға төтеп бере алмайды (басқа сорттарға қарағанда ерте уланады) одиумді, бактериялық ракты қабылдағыш. Ылғалдылығы жоғары жағдайда жидектер жарылып, шіриді. Сорт суыққа төзімсіз. Алматы облысының барлық аймақтарында таралған, Жамбыл облысында сынақтан өткізіледі.
Алматылық Мускат – ерте пісетін шарап сорты. Казақ жүзім және жеміс ҒЗИ –да будандастыру арқылы шығарылған.
Түптері орташа өскіш. Өнімі жоғары. Шоқ сабағы, жидектері орташа. Дәмі мускат дәміндей. Қант жиналуымен ерекшеленеді. Қар астында жақсы қыстап шығады. Асханалық, десерттік шарап жасауда қолданылады. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысында сынақтан өткізіледі.
Жемчуг Саба-Венгрияда шығарылған, өте ерте пісетін асханалық сорт. Соңғы жылдары Алматы облысында кеңінен өсіріліп келеді. Қазақстанның оңтүсігіндегі Шымкент және Жамбыл тәжірибе станцияларынан әкелінді. Гүлі қос жынысты болып келеді.Шоқ жемісінің үлгендігі орташа, цилиндр бұрышты,борпылдақ. Жидегі дөңгелек,ақшыл жасыл, сарғыш түсті. Жемісі балғын, еріп тұрады. Дәмі хош иісті,мускатқа үйлесімді. Пісу мерзімі-Шымкентте тамыз айының басында,Жамбылда осы айдыңорта шеңінде.
Қызғылт тайфи-Орта Азиялық кеш пісетін классикалық асханалық сорт .Жүзім түбі күшті өседі.Гүлі қос жынысты.Жапырағы бес қалақшалы,терең тарамдалған.Қою көк,тор көзді,жапырағының төменгі жағында сирек өрмек салбырап тұрады.Шоқ жемісі ірі конусты.Шоқ жемісінің салмағы 2 килограммға дейін жетеді.Жеміс ірі,цилиндр,үшы тегіс.Жемісін күн жағынан қарағанда түсі күлгін,кқлеңке жағынан қарағанда жасыл сары түсті болып келеді.Еті тығыз,сықырлап тұрады.Вегетация кезеңі 155-162 күн.Активті температуралар жиынтығы 3700С .Пісі мерзімі-Оңтүстік Қазақстан облысында қыркүйектің бірінші он күндігі,Қызылорда облысының оңтүстігінде және Жамбылда қыркүйектің екінші жартысында піседі.Суыққа да құрғақшылыққа да айтарлықтай төзімді.Бұл сорт дәнінің сапасы өте жоғары,шоқ жемісі әдемі,сақтауға және тасымалдауға төзімді болып келеді.Қызғылт Тайфи Қазақстан оңтүстігіндегі жүзімді аймақтардың бәрінде аудандастырылған.
Шасла-ерте пісетін асханалық сорт. Қазақстанда кең тараған екі түрі-ақ және қызғылт түсті. Жүзім түбі орташа өскіш, таралуы жоғары. Шоқ жемісі орташа, конусты, цилиндрлі, тығыз және орташа болып келеді. Жемісі орташа дөңелектенген, ақ және қызылт түсті болып келеді. Еті еттілеу, қызғылт Шаслада нәрлі. Дәмі тәттілеу. Бұл сорттан асханалық шарап пен шырын даярланады. Алматы мен Қызылорда облысында аудандастырылған.
4.Жүзім классификациясы.Витис
Жүзім (Vіtіs) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Ол шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалықаймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.
Жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары –рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым – ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.
Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі.
Кәдімгі жүзім (Vitis vinifera) Жүзімдер тұқымдасы — Қазақстанда сирек кездесетін түр. Жүзімнің шығу тегі туралы сұраққа Орта Азия ғалымдарының пікірі екіге бөлініп кетті. Біреулері оны олигоцен дәуірінің орманды ылғалды флорасының қалдығы десе, енді екіншілері ерте мәдени өсірілгеннен кейінгі жабайыланған түрі деп есептейді. Талас алатауының тау сайларында (Машат өзені арнасы), Қаратау (Берікқара,Боролдайтау) және Іле Алатауының шығыс бөлігінде (Жеті тау, Батыс Жіңішке өзені аңғары) кездеседі. Бұл лиана тәрәздә бұта көбіне ағаштарды орап, сирек шөгінді тастарға немесе төменгі белдеудегі шатқал астына төселіп өседі.
5.Жүзімнің химиялық құрамы мен жүзімнің адам оргазіміне пайдасы
Жүзім құрамында қант, органикалық қышқылдар, ферменттер, илік, азотты және пектинді заттар, С, В1, В2, В6, В12, Р, РР дәрумендері, өзектер, сонымен қатар минералдар мен микроэлементтер бар. Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады.
Жүзім жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады.
Жүзім құрамындағы дәру-мендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәрyменінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі.
Дәрумендер мен минералдарға қоса, жүзімде жүйке жасушалары үшін қажетті 15 түрлі амин қышқылдары бар. Тіпті, барлық тіршілік иелерінде 20 шақты амин қышқылдары кездесетіндігін ескерсек, жүзі-мнің тамақ мәзірінде алар орнын ұғына түскендейміз. Қоректің ыдырауы нәтижесінде пайда болған немесе темекі, ішімдік, ауаның ластығы секілді зиянды қалдықтар капиляр тамырлардың қа-бырғаларын зақымдайды. Мұндай зақымдануға қарсы жүзімде кездесетін кейбір күшті антиоксидандар (еркін радикалдардың әсерін жоятын заттар) төменгі тығыздықтағы зиянды липопротейндердің (LDL) капилляр тамырларда түзілуіне бөгет келтіретін қасиетке ие. Осы тақырыпқа қатысты бір зерттеуде ірілеу қара жүзімнен жасалған жеміс шырыны берілген кісілерде LDL холестеролдың тотығуға ұшырамағандығы анықталған. Зертеушлілер егер көп уақыт ішілсе, жүзім шырынының LDL-ге деген әсерінің анағұрлым көбірек болатындығын аңғарған. Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр аурулары, анемия делінетін қан азаюды емдеуде көп қолданылумен қатар, құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне де көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді. Жоғары калориялы болуымен қатар құрамында өте аз мөлшерде май мен протеин болғандықтан жүзім өте тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су аз болатындықтан оның калориясы өте жоғары, әрі темір мен кальцийге өте бай. Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші молекулаларда ісік пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару – жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан, жүзімнің құрамындағы ең маңызды зат-тардың бірі ресвератролдің де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын. Бұл зат өсімдіктер тарапынан өндірілетін фитоалексин тобына жатады.