Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 13:04, курсовая работа
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Атқарушылық өндірісті тоқтатқан жағдайда бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады және атқару құжаты тиісті белгі соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жіберіледі.
Атқару өндірісінің тоқтатылу салдары болып табылады:
- атқару өндірісінің атқарушылық әрекеттер жасалмай тоқтатылуы,
- соттың атқарушылық өндірісті тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген соң сот орындаушысымен тағайындалған барлық шараларды доғару,
- атқару құжатын берген сотқа немесе басқа органға атқарушылық өндірісті тоқтату туралы сот ұйғарымын және тиісті белгі қоя отырып атқару құжатын бірге қайтару.
Атқарушылық өндірісті аяқтау мынадай жағдайларда мүмкін:
- атқару құжатын өндіріп алушыға қайтарғанда,
- атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғанда,
- соттың немесе басқа органның талабы бойынша атқару құжаты орындалмай қайтарылған жағдайларда.
Өндіріп алу жүргізілмеген немесе толық көлемде жүргізілмеген атқару құжаты сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:
- өндіріп алушының арызы бойынша,
- егер борышкердің өндіріп алынуы мүмкін мүлкі, ақша сомасы, бағалы қағаздары немесе табыстары жоқ болса,
- егер өндіріп алушы шешімінің орындалуы кезінде борышкердің сатылмаған мүлкін алудан бас тартса,
- егер борышкер өндіріп алушы көрсеткен мекен-жайда тұрмайтын немесе жұмыс істемейтін болса не сол жерде оның мүлкі жоқ болса,
- егер сот борышкерге қатысты іздеу жарияласа, өндіріп алушыға қайтарылады.
Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша қаражаты болмаған жағдайда ол борышкерге тиесілі басқа мүліктен атқару құжатын орындау үшін қажетті мөлшер мен көлемде, орындау жөніндегі шығыстар ескеріле отырып алынады. Атқару құжатында аталған белгілі бр затты өндіріп алушыға берген кезде сот орындаушысы бұл заттарды борышкерден алып қояды да, өндіріп алушыға оларды беру актісін жасай отырып береді.
Заңды тұлғалар мен жеке кєсіпкерлер мүлкінен өндіріп алу Заңның 36-бабында қарастырылған ерекшеліктерге ие. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған ретте (бұл туралы борышкердің есеп айырысу шотына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банктің тиісті ақпараты болса), егер заңда бұл мүлікке қатысты шектеулер белгіленбесе жєне заңды тұлға құрылтайшыларының мүлікті жауапкершілігі көделсе, оған тиесілі кез келген басқа мүлікткен, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыларының мүлкінен өндіріліп алынуы мүмкін. Ал егер мүлкі жеткіліксіз болатыны анықталса, ал азаматтық заңдарда борышкерді банкрот деп тануға жол берілсе, сот орындаушысы өндіріп алушыға бұл туралы хабарлауға міндетті.
Кепілге салынған мүліктен өндіріп алудың ерекшелігі Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 37-бабымен анықталады. Борышкерге қойылған кепілмен қамтамасыз етілмеген барлық талаптарды толық қанағаттандыру үшін оның қалған мүлкі жеткіліксіз болғанда өндіріп алу кепіл ұстаушының азаматтық заңдарда белгіленген құқықтары сақтала отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызының міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүліктен жүргізілуі тиіс.
Азаматтарға қатысты атқару құжаттарын орындау кезінде заңдарда өндіріп алуға тыйым салынған мүліктен өндіріп алуға болмайды.
Борышкедің мүлкіне тыйым салу. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 40-бабына сәйкес борышкердің мүлкіне тыйым салу мүлікті хаттаудан және осы мүлікке билік етуге тыйым салудан, сондай-ақ банк және өзге де несие мекемелеріндегі борышкердің ақша сомаларын пайдалануға және оларға билік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнінде борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.
Тиым салынған мүлікті сату. Борышкердің мүлкінен өндіріп алу кезінде тиым салынған мүлікті сату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезекте борышкердің өндіріске тікелей қатыспайтын мүлкі: бағалы қағаздар, валюта құндылықтары, бағалы металдар, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, жеңіл автокөлік және басқалар сатылады;
2) екінші кезекте –
дайын өнім (тауарлар), сондай-ақ
өндіріске тікелей қатысуға
3) үшінші кезекте – жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ шикізат пен материалдар, станоктар, құрал жабдықтар, өндіріске тікелей қатысуға арналған басқа да негізгі құрал-жабдықтар;
4) төртінші кезекте –
жалға беру (мүлікті жалдау), заем,
прокат шарты немесе өзге де
шарттар бойынша басқа
Тыйым салынған мүлікті сатуды заң бойынша айналымнан алып тасталған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздері мен мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы сауда және өзге де мамандандырылған ұйымдар арқылы сауда-саттықта және аукциондарда жүргізеді. Оның тәртібі «Борышкерлердің сот орындаушылары тыйым салған мүліктерін сату жөнінде аукциондар ұйымдастырудың және өткізудің Ережелерімен» анықталады.
Егер мүлік екі ай ішінде сатылмаса, өндіріп алушыға бұл мүлікті бағаланған сомасында өзінде қалдыру құқығы беріледі
Борышкердің жалақысынан және өзге де табыстарынан өндіріп алу. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңға сәйкес мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, Қазаќстан Республикасыныњ заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, өндіріп алатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп алынады.
Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алынған кезде сот орындаушысы заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берілген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және оны орындау үшін борышкер еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушіге жібереді.
Сот орындаушысы борышқордың жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақытылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндіріп алушыға уақытында жіберілуіне ұдайы бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға міндетті.
Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс беруші бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлама жіберіп, атқару құжатын қоса жолдауға міндетті. Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда борышкер сот орындаушысына өзінің жеке мекен-жайын хабарлауға міндетті.
Сот актісі- бұл құқықтық қолдану актісі . Мұнда құқық туралы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процесуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.
ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар.
1) сот қаулысы;
2) сот шешімі;
3) сот ұйғарымы;
4) сот бұйрығы.
Сот қаулысы –бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара,алқы құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін рәсімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі.
Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмдi шығарудың уақыты мен орны, шешiмдi шығарған соттың толық және дәл атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, тараптар, iске қатысатын басқа да тұлғалар мен өкiлдер, даудың мәнi немесе мәлiмделген талап көрсетiледi.
Егер тараптар заңды тұлғалар болса, онда осындай тұлғаның атауын заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттарға сәйкес көрсеткен жөн.
Шешiмнiң шығарылу орны сол шешiм шығарылған қаланың немесе өзге де елдi мекеннiң атауына байланысты болады.
Мәлiмделген талаптардың мазмұны, соның iшiнде, егер талапкер талаптың негiздемесiн немесе нысанын өзгертсе, мөлшерiн азайтса, шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде көрсетiлуге тиiс.
Егер АIЖК-нiң 157-бабында көзделген негiздемелер бойынша сот қарсы талап-арызды қарауға қабылдаса, онда сипаттау бөлiгiнде қарсы талаптардың да мазмұны көрсетiледi.
Бұдан басқа шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде жауапкердiң қарсылықтары мен iске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерi болуға тиiс.
Соттың толық негiзделген шешiмiнiң дәлелдеу бөлiгiнде АIЖК-нiң 64-бабының 2-бөлiгiне сәйкес дәлелдеу түрлерiмен - тараптардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерiмен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерiмен, сарапшылардың қорытындыларымен, iс жүргiзушiлiк хаттамаларымен және басқа құжаттармен белгiленген iстiң мән-жайлары болуға тиiс.
Шешiм iстiң мән-жайлары туралы болжамдарға негiзделе алмайды. Сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелермен сот шешiмiн негiздеуге жол берiлмейдi.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (7.10.1998 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен қоса). Алматы,2005
2. ҚР-ң Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999, 13 шілде.
3. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2-х томах. – Алматы: КазГЮА, 2001.
4. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім. Ерекше бөлім. Оқу құралы/ Егембердиев, Е.О. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. – 102 б.
5. Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право РФ. М., 1996.
6. Гражданский процесс/Под ред. Осипова М., 1995.
7. Гукасян Р.Е. Гражданский процесс. Учебник./Под.ред. К.С.Юдельсона. М., Юриздат,1972.
9. Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: в двух томах. –Т.1.Общая часть: Учебник.- Алматы: КазГЮА, 2001.
10. Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстана: в двух томах. –Т.2.Особенная часть: Учебник.- Алматы: КазГЮА, 2001.
11. Гражданское процессуальное право Казахстана: Курс лекций: Учеб. пособие / Авт. О. В. Арсентьев.- Челябинск: Рекпол, 2000.- 168 с.
12. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Науч.-практич. пособие. – Алматы: Жеті Жарғы, 2002.
13. Барщевский М.Ю. Бизнес –адвокатура в США и Германии: Уч. пособие. – М.: Белые альвы, 1995.
14. Богуславский М.М. Международное частное право. –М., 1989.
15. Боннер А.Т. Законность и справедливость в правоприменительной деятельности.- М., 1992.
16. Гражданский кодекс РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Кн.1. / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю. Г. Басин.- Алматы: Жеты Жарғы, 1997.