Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 13:04, курсовая работа
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 4-бабы бойынша, заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жєрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Сот приставтарының құқықтық жағдайлары, міндеттері, қызметін ұйымдастыру және тағайындау тәртібі Сот приставтары туралы заңмен реттеледі. Сот приставы – мемлекеттік қызметкер болып табылатын және үзіне жүктелген міндеті ретінде соттардың қызметінің тәртібін қамтамасыз ететін лауазымды тұлға (1-бап).
Сот приставының міндетіне кіреді:
- сот мәжілісі кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,
- бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның орындалуын бақылау,
- сот ғимаратын, судьяларды және процесстің басқа да қатысушыларын күзету,
- сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлі орындауға көмек көрсету.
Сот приставтары Қазақстан Республикасының барлық соттарында әрекет етеді. Сот приставтарына қойылатын талаптар аталмыш заңның 6-бабында қарастырылады: сот приставы болып 21 жасқа толған, орташа арнаулы білімі бар, денсаулық жағдайы, іскерлік жєне жеке мінездемелері бойынша міндеттерді орындай алатын, арнайы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Ал бұрын сотталған, мемлекеттік қызметтен және құқыққорғау органдарынан шығарылған тұлға сот приставы лауазымына тағайындалмайды.
Сот приставтары арнайы дайындықтан өтіп, оған тебельді қаруды алып жүруге рұқсат етіледі.
Атқару өндірісіне қатысушы тұлғалар: тараптар - өндіріп алушы және борышкер, олардың өкілдері. Бұлардың белгілері мынадай: заңды мүддесі болады және өз мүддесін қорғау мақсатында өз атынан қатыса алады.
өндіріп алушы - Өз пайдасына немесе мүдделеріне атқару құжаты берілген жеке немесе заңды тұлға.
Борышкер - атқару құжатында көзделген талаптарда орындауға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
Атқарушылық іс жүргізуге бірнеше өндіріп алушы немесе борышкер қатыса алады. Басқа тарапқа қатысты олардың әрқайсысы атқарушылық іс жүргізуге дербес қатысады немесе қатысушылардың біріне атқарушылық әрекеттерге қатысуды тапсыра алады, бұған атқару құжаты бойынша борышкерге оның өзі ғана жасай алатын міндеттер (жеке міндеттер) жүктелген жағдайлар қосылмайды.
Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдардың атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелерін алуға, қосымша материалдар беруге, өтініш білдіруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесінде ауызша және жазбаша түсініктер беруге атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен пікірлерін айтуға, атқарушылық іс жүргізуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдер мен өтініштеріне қарсылық білдіруге, бас тартуын мәлімдеуге, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне немесе шешімдеріне шағым жасауға құқылы (28-бап).
Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар өзіне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу заңдардың талаптарын орындауға міндетті.
Атқарушылық өндіріске көмек көрсетуші тұлғалар ешқандай заңды мүддесінсіз қатыса алады. Бұл топқа тілмаш, айғақ адамдар, мамандар, мүлікті сақтаушылар кіреді.
Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар атқарушылық әрекеттер жасау кезінде өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша тілмашты шақыруы мүмкін. Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, іске мүдделі емес, атқару әрекеттерін жүргізу үшін қажетті дәрежеде тіл меңгерген кез-келген адам тілмаш бола алады. Егер де заңда қарастырылған негіздерде қарсылық білдірілсе, тілмаш процесстен шығарылады.
Тілмаштың өз еңбегі үшін сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
Атқарушылық әрекеттер кемінде екі айғақ адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. Айғақ адамдардың атқару өндірісіне қатысуы заңның 30-бабымен реттеледі.
Мынадай жағдайларда:
1) өндіріп алушының немесе борышкердің талабы бойынша;
2) үйге орналастыру және үйден шығару туралы шешімдерді, борышкердің мүлкін пайдалануға тыйым салуға, алып қоюға және берге, оның тұрғын үйін, үй-жайлары мен қоймаларын ашуға, тексеру жүргізуге байланысты әрекеттерді орындау кезінде, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де жағдайларда айғақ адамдардың қатысуы міндетті. Өзге жағдайларда айғақ адамдар сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы мүмкін.
Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, атқарушылық әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес кез-келген азаматтар айғақ адамдар ретінде шақырылуы мүмкін.
Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған, арнаулы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін сот орындаушысы атқарушылық іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша маманды шақыртуы мүмкін. Қажет болған жағдайда бірнеше маман тағайындалуы мүмкін. Сот орындаушысы бұл жөнінде қаулы шығарады.
Қорытынды беру үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес кез-келген адам маман ретінде тағайындалуы мүмкін (31-бап). Мамандар іс жүргізуге тікелей немесе жанама мүдделі болатын болса, онда оған қарсылық білдірілуі мүмкін.
Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргізілетін жұмысты орындағаны үшін сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
Прокурордың, мемлекеттік басқару органдарының жєне қоғамдық бірлестіктердің атқарушылық өндіріске қатысуы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңмен қарастырылмаған. Бірақ бұл прокурор сот орындаушысының әрекетінің заңдылығына қадағалау жасамайды дегенді білдірмейді. Аталмыш заң прокурордың сот орындаушысының әрекетіне наразылық білдіруін жоққа шығармайды. Бірақ заң прокурордың атқару құжатын өндіруге беру құқығын қарастырмайды. Алайда, прокурор не мемлекеттік басқару органдары АІЖК бойынша талапкер ретінде азаматтық істі қозғай алады. Сонымен бірге, бала мүдделері қорғалатын істер бойынша сот актілерін орындау кезінде қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қатысуы өте маңызды.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 5-бабына сәйкес мыналар атқару құжаттары болып табылады:
1) сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары,
2) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес берілетін сот бұйрықтары;
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төрелік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары;
5) Қазаќстан Республикасыныњ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары;
6) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге органдардың қаулылары;
Атқарушлық құжаттарды соттармен берудің тәртібі және мазмұны АІЖК 149 жєне 236-баптарымен реттеледі. Соттармен атқару парағы мен сот бұйрығы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін беріледі. Ал апелляциялық және қадағалау сотының қаулысы заңды күшіне қабылданған сәттен бастап күшіне енеді (АІЖК 368, 381, 400 - баптары).
Егер де сот шешімі дереу заңды күшіне енуге жататын болса, онда атқару парағы шешім шығарылған сәттен беріледі.
АІЖК 236-бабының 4-бөліміне сәйкес атқару парағында жєне сот бұйрығында мыналар көрсетіледі:
1. соттың атауы,
2. іс нөмірі және шешімді шығару датасы,
3. шешімнің қарар бөлімі,
4. шешімнің заңды күшіне ену уақыты,
5. атқару құжатын беру датасы,
6. өндіріп алушы мен борышкердің атауы,мекен-жайлары және реквизиттері.
Әрбір сот шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер атқару әртүрлі орында жүзеге асырылатын болса немесе шешім бірнеше талапкердің пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың сұрауы бойынша бірнеше атқару құжатын жазады (АІЖК 236-бабы).
Атқару құжаты заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сот орындаушысы бір күн ішінде қайтару туралы қаулы шығарып, оны берген органға жібереді, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды.
Атқару құжаттары мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзімдерде:
1) сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары – 3 жыл ішінде;
2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары – егер заңмен өзге мерзімдер белгіленбесе, 1 жыл ішінде;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары – 1 жыл ішінде;
4) прокурордың қаулылары – 3-ай
ішінде берілуі мүмкін.
Аталған мерзімдер:
1) мүлікті өндіріп алу бөлігінде сот актілері негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде сот актісі заңды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту немесе оған мәулет беру кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда – қаулы шығарылған кейінгі күннен бастап;
2) әкімшілік құқыќ бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезінде – қаулы шығарылған күннен бастап;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы қаулыларын орындау кезінде - мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылдағаннан кейінгі күннен бастап;
4) қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша – олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
Атқару құжаты келіп түскен соң сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 10-бабына сєйкес үш тәуліктен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарады. Сот орындаушысы сонымен бір мезгілде атқару құжаттарын амтамасыз ету жөнінде шараларды қолданады. Бұл орайда сот орындаушысы борышкердің дєлелді жазбаша µөініші бойынша, дереу орындалуға тиіс атқару құжаттарын қоспағанда, атқару құжатын ерікті орындау үшін атқарушылық іс қозғалған күннен бастап бес күн мерзім белгілейді.
Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақыт 25-баппен анықталады: атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерінде 6.00 сағаттан 22.00 сағатқа дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттерді осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгілейді. Сондай-ақ тараптар өздеріне қолайлы уақытын ұсынуға құқылы. Демалыс жєне мереке күндерінде, сондай-ақ түнгі уақытта атқарушылық әрекеттерде кейінге қалдыруға болмайтын айрықша жағдайларда: азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірілгенде, борышкердің кінәсінен орындауға мүмкін болмағанда жол беріледі.
Борышкердің мүлікті жойып жіберуі немесе құртуы мүмкін жағдайлары орын алғанда, сондай-ақ өндіріп алушының өтініші бойынша, сот орындаушысы атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдана алады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңының 14-бабына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға кедергі келтіретін жағдаяттар болған ретте сот орындаушысы оларды өз бастамасы бойынша немесе тараптардың біреуінің өтініші бойынша он күнге дейінгі мерзімде кейінге қалдыра алады, бұл жөнінде тиісті қаулы шығарады, оны аға сот орындаушысы бекітеді.
Атқару өндірісін тоқтата тұрудың екі түрін ажыратады: міндетті жєне факультативті. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 15-бабы бойынша сот орындаушысы атқару өндірісін тоқтата тұруға міндетті:
1. борышкер қайтыс болған, қайтыс болды деп немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайда,
2. егер борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылуы, банкроттығы туралы іс қозғалғанда,
3. борышкердің немесе өндіріп алушы әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі деп танылуы,
4. борышкер атқару құжатын сот тәртібімен даулаған,
5. әкімшілік жаза қолданған органдардың әрекеттеріне сотқа шағым беру,
6. сот намасе атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімнің орындалуын тоқтата тұру құқығы заңмен берілген лауазымды адам қаулы шығарған,
7. сотқа атқару құжаты бойынша өндіріп алынатын мүлікті хатталудан шығару туралы талап қойылған,
8. борышкер немесе µндіріп алушы борышкер мүлкін бағалау нәтижелеріне дау шығарған жағдайда.
Атқарушылық іс жүргізу сол сияқты:
1. сот орындаушысы, өндіріп алушы немесе борышкер сот актісін орындау мерзімін ұзарту, орындау әдісін өзгерту туралы өтініш жасаған,
2. борышкер ұзақ уақыт бойы қызмет бабындағы іссапарда болған,
3. борышкер емдеу мекемесінде болған,
4. сот орындаушысының іс-ќимылына өндіріп алушы, борышкер сотқа шағым берген,
5. борышкерге іздеу салынған,
6. өндіріп алушы өтініш жасаған,
7. борышкер не өндіріп алушы елді мекен шегінен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тыс жерде жүрген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкін.
Атқару өндірісін тоқтату дербес институт ретінде Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 20-бабымен реттеледі. Онда тоқтатудың негіздері мен салдары қарастырылады. Атқарушылық өндіріс мынадай жағдайларда тоқтатылады, егер:
- өндіріп алушы бас тартса,
- өндіріп алушы мен борышкер бітім келісімін жасаса және оны сот бекітсе,
- шешімімен белгіленген талаптар немесе міндеттер өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін өлген адамның құқықтық мұрагеріне көше алмаса,
- атқару құжатын орындауға беру мерзімі бітсе,
- тиісті органның атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімінің күші жойылса,
- өндіріп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса,
- атқару құжатының өндіріп алу немесе өзге де талабы толық көлемінде орындалса,
- заттарды өндіріп алушыға беру туралы атқару құжатын орындау кезінде өндіріп алушы борышкерден алып алып қойылған заттарды алудан бас тартса.