Сот актілерінің түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 13:04, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сот актілері.doc

— 219.50 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Тақырыптың өзектілігі. Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі  барысында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 253-бабында қарастырылған тәртіпте шығарылған жеке ұйғарымдар – соттардың заңдылықты бұзушылық жағдайына назар аудару актісі болып табылады. 
      Сот отырысында анықталған заңдылықты бұзушылық жағдайлар жеке ұйғарымдар шығару үшін негіздемелер болып табылады. 
      Нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін әрекеттерді заңдылықты бұзушылық деп түсінген жөн. 
      Іске қатысушы тұлғалардың дәлелдеу жөніндегі іс жүргізу міндеттерін тиісінше орындамауы жеке ұйғарымдар шығару үшін жеткілікті негіздеме бола алмайды.

Соттар тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де тұлғаларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарады. 
      Мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің қызметін жүзеге асыратын немесе ұйымдастыру-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызмет атқаратын тұлғалар лауазымды тұлғалар болып танылады.

Курстық жұмыстың мақсаты  азаматтық істер бойынша соттық актілердің түсінігін ашу және түрлерін қарастыру болып табылады.

 

1 Сот актілерінің түсінігі және түрлері

 

 

1.1 Сот актілерінің түсінігі

 

Сот азаматтық iстер бойынша АIЖК-нiң 21-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес шешiмдер, ұйғарымдар, қаулылар және бұйрықтар нысанында сот актiлерiн қабылдайды.

Заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары, азаматтық iстер бойынша бұйрықтары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс.

Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АIЖК-нiң 217-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады.

Шешiмнiң құрылымы мен мазмұны туралы АIЖК-нiң 220, 221-баптарының талаптары iс жүргiзудiң барлық түрлерi (талап қою бойынша iс жүргiзу, ерекше талап қоюмен және ерекше iс жүргiзу) үшiн мiндеттi. Заңмен көзделген жағдайларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын даулау жөнiндегi iстер бойынша, заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң конкурстық өндiрiсi шеңберiнде қаралатын iстер бойынша) сот актiлерi соттың ұйғарымы нысанында қабылданады.

Сот бұйрығы даусыз талаптар бойынша шығарылады, олардың түбегейлi тiзбесi АIЖК-нiң 140-бабында көрсетiлген және оның мазмұны АIЖК-нiң 146-бабының талаптарына сай келуге, сондай-ақ борышкердiң мәлiмделген талапқа оның қарсылығын беру тәртiбi мен мерзiмi туралы түсiндiрменi қамтуға тиiс.

3. Бiрiншi сатыдағы сот шешiмдi Қазақстан  Республикасының атынан сот отырысында заңға және нақты дау бойынша сот анықтаған фактiлерге қатаң сәйкестiкте шығарады.

Тараптардың, талапкердiң не жауапкердiң жағынан қатысатын үшiншi тұлғалардың, iске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерi, куәлардың жауаптары, сарапшылардың, мамандардың анықтамалары шешiмде үшiншi жақтан келтiрiлiп жазылады. Сот шешiмiнiң мәтiнiне ресми құжаттарда қолданылмайтын, қабылданбаған қысқартулар мен сөздердi қолдануға, сот түсiнiктеме бермеген түзетулердi енгiзуге болмайды.

Шешiмдi судья кеңесу бөлмесiнде жазбаша түрде дайындайды және оның қолдан жазылуы, машинкада немесе компьютерде басу әдiсiмен бiр дана етiп жасалуы мүмкiн. Шешiмге судья қол қояды, содан кейiн ол iстiң талқылануы аяқталған нақ сол сот отырысында iске қатысқан тұлғалар алдында жарияланады.

Iс бойынша шешiм жарияланған  күн шешiмнiң шығару күнi болып  табылады.

Заңмен белгiленген жазбаша түрде дайындалмаған және судья қол қоймаған ауызша қорытындыларды жария ету сот шешiмi болып табылмайды.

Сот шешiмi АIЖК-нiң 14-бабына сәйкес белгiленген сот iсi жүргiзiлетiн тiлде жазылуға тиiс.

Сот iсi жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске қатысқан адамдарға iс бойынша шығарылған сот актiлерiн олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн басқа тiлге аударып беруге сот мiндеттi.

 АIЖК-нiң 218-бабына сәйкес сот  шешiмi заңды және негiздi болуға  тиiс.

Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен, адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 5-бабы және АIЖК-нiң 6-бабы) талаптарынан туындағанда, заңды болып табылады.

Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында  өндiрiлген осы фактiге қатысты  жол берiлген және шынайы дұрыс  дәлелдермен құпталса немесе  дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға  мәлiм мән-жайларға сәйкес келсе  немесе iс бойынша жинақталған дәлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi болса, ондай шешiм негiздi болып саналады.

Сот актiлерi шешiм нысанында iстi мәнi бойынша қараған кезде шығарылады. Шешiмнiң қарар бөлiгiне мәнi бойынша қаралмаған талап-арыз талаптары бойынша сот қорытындыларын енгiзуге жол берiлмейдi. Осы талаптар бойынша сот қорытындылары шешiмнен бөлек ұйғарым нысанындағы (арызды қараусыз қалдыру, iс жүргiзудi қысқарту туралы) сот актiсiнде баяндалуға тиiс.

АIЖК-нiң 220-бабына сәйкес мәнi бойынша дауды шешу кезiнде сот кiрiспе, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын қысқаша (қысқартылған) шешiм шығарады.

Қысқаша (қысқартылған) шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы сот анықтаған iстiң мән-жайлары, оларды қолдайтын дәлелдемелер, сот қорытындылары, сондай-ақ сот басшылыққа алған заңдар келтiрiледi. Дәлелдемелер олардың толық мазмұны ашылмай-ақ баяндалуы мүмкiн.

Шешiм заңды күшiне енгенге дейiн тараптардың жазбаша өтiнiшi бойынша не өзiнiң қалауы бойынша сот кiрiспе, сипаттау, кеңейтiлген дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығарады. Бұл орайда қабылданған сот шешiмi мәнi бойынша қысқаша (қысқартылған) шешiмге қарама-қайшы келмеуге тиiс.

Толық негiзделген шешiм тараптың жазбаша өтiнiшi түскен сәттен бастап бес күндiк мерзiмде шығарылуға тиiс. Дәлелдеме шешiмде қысқаша (қысқартылған) шешiмде көрсетiлген датаға сәйкес дата көрсетiледi. Iске мiндеттi түрде қысқаша (қысқартылған) шешiм мен толық негiзделген шешiм қосылуға тиiс.

Сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен iс қаралған кезде қысқаша (қысқартылған) шешiм шығаруға жол берiлмейдi. Сот кiрiспе, баяндау, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығаруға мiндеттi.

Сырттай шешiмнiң қарар бөлiгiнде жауапкердiң осы шешiмдi бұзуы туралы арызды беру мерзiмi мен тәртiбi, сондай-ақ оған шағымданудың тәртiбi көрсетiлуге тиiс.

Егер дәлелдемелердi жинау соттың тапсырмасын орындау тәртiбiмен жүргiзiлсе, онда сот өз шешiмiн ол тапсырмаларды сот отырысында жария етiп, зерттеген жағдайда ғана оларды дәлелдемелер ретiнде негiздеуге құқылы. Егер iске қатысушы тұлғалар немесе АIЖК-нiң 72-бабының тәртiбiмен тапсырманы орындаған сотқа түсiнiктемелер немесе жауап берген iске қатысушы тұлғалар немесе куәлар iстi қарайтын сотқа келсе, олар түсiнiктемелерi мен жауаптарын жалпы тәртiппен бередi.

АIЖК-нiң 74-76-баптарымен көзделген тәртiппен дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiнде iс жүргiзу әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда жиналған дәлелдемелер (хаттамалар және басқа материалдар) сот отырысында зерделенген жағдайда, сот осы дәлелдемелермен шешiмдi негiздеуге де құқылы.

Сарапшының қорытындысы басқа дәлелдемелерге қарағанда басымдыққа ие болмайды және сот үшiн мiндеттi болып табылмайды. Ол басқа дәлелдемелердiң жиынтығында бағалануға тиiс. Сарапшы қорытындысын бағалау шешiмнiң толық негiзделген бөлiгiнде берiлуге тиiс. Бұл орайда сот сарапшы қорытындыларының немен негiзделгенiн, сараптамаға ұсынылған материалдардың толық зерделенгенiн оларға тиiсiнше талдау жасалғанын көрсетуге тиiс. Сарапшының қорытындысымен келiспейтiндiгiн сот өз шешiмiнде негiздеуге мiндеттi.

Егер сараптама жүргiзу бiрнеше сарапшыларға тапсырылса, олардың әрбiрi сараптамалық зерттеу нәтижесi бойынша жекелеген қорытындылар берген болса, онда сот әрбiр сарапшының қорытындысымен келiсетiнiн не келiспейтiнiн негiздеуге тиiс.

АIЖК-нiң 96-бабының 6-бөлiгiне сәйкес дәлелдемелер ретiнде тек сараптама қорытындысына дейiн сарапшының сот отырысында ауызша берген түсiнiктемелерi қабылдануы мүмкiн.

АIЖК-нiң 71-бабына орай қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген талап-арызды қанағаттандыру құқығы танылған сот үкiмi осы үкiммен кiнәлi болып танылған адамның азаматтық-құқықтық қатынасынан туындаған iс үшiн мiндеттi. Сонымен қатар бұл үкiмнiң: бұл әрекеттер орын алды ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкiммен белгiленген басқа да мән-жайларға және олардың құқықтық бағалануына қатысты преюдициялық маңызы бар. Осындай қылмыстық iстен туындайтын талап-арызды қарайтын сот жауапкердiң кiнәлiлiгiн талқылауға құқылы емес, алайда, шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде азаматтық iсте бар, берiлген соманың көлемiн (мысалы, жауапкердiң мүлiктiк жағдайын немесе жәбiрленушiнiң кiнәсiн есепке алу) негiздейтiн дәлелдемелердi келтiруге құқылы.

Бұрын қаралған азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiмен белгiленген мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және нақ сол адамдардың қатысуымен басқа азаматтық iстердi қарау кезiнде қайтадан дәлелденбейдi.

Әкiмшiлiк iстер жөнiндегi актiлермен және прокурордың, тергеу және анықтау органдарының актiлерiмен анықталған фактiлер мен мән-жайлардың азаматтық iстердi қарау кезiнде преюдициялық маңызы болмайды. Олар жалпы тәртiппен анықталуға тиiс.

АIЖК-нiң 49-бабының мәнi бойынша талап-арызды мойындау жауапкердiң құқығы болып табылады. Егер жауапкердiң талап-арызды мойындауы қандай да бiр адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайтын болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде талап-арыздың мойындалғанын және оның сотпен қабылданғанын көрсетедi.

Егер сот дәлелдемелердi әрқайсысын жеке және жиынтығында бағалай отырып, кейбiр ұсынылған материалдар, куәлардың айғақтары, басқа да нақты деректер әр тараптың өз талаптары мен қарсылықтары туралы мән-жайларын құптамағандығын анықтаса, онда ол бұл туралы қорытындыларын шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде негiздеуге мiндеттi.

Сот отырысында соттың сұратуы бойынша тараптың дауды дұрыс шешу үшiн маңызы бap дәлелдемелердi ұстап қалу және оны ұсынбау фактiсi анықталған болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде дәлелдемелердiң жиынтығын негiзге алып, бұл дәлелдемелерде қамтылған мәлiметтердi АIЖК-нiң 66-бабының 10-бөлiгiмен көзделген талаптарды ескере отырып бағалайды.

Шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде соттың осы құқықтық қатынастарға қолданған материалдық заңды және сот басшылыққа алған iс жүргiзу нормаларын көрсету қажет.

АIЖК-нiң 219-бабының 2-бөлiгiне және 49-бабының 2-бөлiгiне сәйкес сот iстi талапкер мәлiм еткен талаптар шегiнде шешедi және талап-арыздың мәнiн немесе негiздемесiн өз бастамасы бойынша өзгертуге құқығы жоқ. Алайда, сот шешiм шығара отырып, егер мұндай шешiм талапкердiң құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерi үшiн қажет деп санаса, сондай-ақ заңда көзделген басқа да жағдайларға байланысты болса, талапкердiң келiсiмiмен сот талаптардың шегiнен шығуы мүмкiн. Мәселен, ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы шешiм шығарумен бiрге баланы асырауға алименттi өндiру жайлы сот шешiм қабылдауға құқылы ("Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 3-тармағы, 71-бабының 5-тармағы).

Талап-арыздың мәнi талапкердiң (арыз берушiнiң) нақты талаптарымен келiсiледi және жүгiнушiнiң құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделерi бұзылуының немесе бұзылуына қауiп төнуiнiң мәнi көрсетiле отырып, материалдық-құқықтық талап ретiнде анықталады.

Талап-арыздың негiздемесi деп мүдделi адам көрсеткен, өзiнiң талап-арызының мәнi болып табылатын материалдық-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына әсер ететiн фактiлер түсiнiлуге тиiс.

Талап-арыздың мөлшерiн ұлғайтуды немесе азайтуды, мәселе талап-арыздың көлемiн нақтылау туралы болғандықтан, талап-арыздың мәнiн өзгерту ретiнде қарауға болмайды.

Шешiмнiң қарар бөлiгi дәлелдеу бөлiгiнде белгiленген нақты мән-жайлардан туындайтын соттың қорытындысы болуға тиiс.

Информация о работе Сот актілерінің түсінігі және түрлері