Сот актілерінің түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 13:04, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сот актілері.doc

— 219.50 Кб (Скачать документ)

Шығарылған жеке ұйғарым қаралатын іс бойынша сот отырысында жарияланады.

АІЖК-нің 253-бабының 1-тармағына сәйкес, ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де тұлғалар, жеке ұйғарымды алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде ол бойынша қабылданған шаралар туралы соттарға хабарлауға міндетті.

Жеке ұйғарымдар қараусыз қалдырылған не оларда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылданбаған, сондай-ақ жеке ұйғарымдарға жауап дәлелді себептерсіз мерзімінде берілмеген жағдайда, соттар лауазымды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 520-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

Әкімшілік жазаны қолдану жеке ұйғарым бойынша қабылданған шаралар туралы сотқа хабарлау міндетінен тиісті лауазымды тұлғаларды босатпайды.

Егер сот жеке ұйғарым шығару үшін негіздердің болғанына және жеткіліктілігіне қарамастан жеке ұйғарым шығармаса, онда келесі сатыдағы сот АІЖК-нің 253-бабында бекітілген тәртіпте сот актісінің заңдылығын тексере отырып, өзі жеке ұйғарым шығаруға құқылы.

Жеке ұйғарымдарға заңда бекітілген тәртіпте жеке шағымдар, наразылықтар келтірілуі мүмкін.

Егер жеке ұйғарымдар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын тұлғалар істерді қараған кезде қатыспаса, оларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарылғаны туралы білмесе және (немесе) заңмен белгіленген шағымдану мерзімін өткізіп алса, олар сондай-ақ жеке ұйғарымдарға шағым беруге құқылы.

Жеке ұйғарымда көрсетілген заңдылықты бұзушылық анықталмаған жағдайларды қоспағанда, сот актісінің күшін жою жеке ұйғарымның күшін жоюға әкеп соқпайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына және 2-бабының 3-1-тармағына, АІЖК-нің 5-бабына сәйкес, қадағалау және кассациялық сот сатылары сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және бостандықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады. 
     Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес, судьялар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында қарастырылған негiздер мен тәртiп бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады.

Тараптардың, басқа да процеске қатысушылардың, лауазымды немесе басқа да тұлғалардың іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері анықталған жағдайда, соттар бұл туралы прокурорға хабарлайды.

Істерді қараған кезде бірінші сатыдағы соттар тарапынан заңдылықтың бұзылғанын анықтаған жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттар АІЖК-нің 346-бабының негізінде жеке ұйғарымдар шығара алады. 
      Егер бірінші сатыдағы соттар шешімнің күшін жоюға негіз болған құқық нормаларының өрескел бұзылуы мен қателіктерге жол берген болса, апелляциялық сатыдағы сот бұл туралы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 39-бабында және «Республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік сот алқалары туралы» Ереженің 22-24-тармақтарында көрсетілген тәртіпте шешілетін жеке ұйғарымның дәлелдеме бөлімінде көрсете алады. 

 

2.5 Бұйрық өңдіріс және сот бұйрығы

 

 

Бұйрықтық өндірістің түсінігі және мәнісі. Бұйрықтық өндірісті қозғау. Сот бұйрығы. Сот бұйрығының күшін жою.

ҚР АІЖК талап өндірісімен бірге сот өндірісінің жаңа бір түрін қарастырады, ол – бұйрықтық өндіріс.

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерден немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады (ҚР АІЖК, 139- бап). Бұл актінің мәнісі оның атауында – сот бұйрығы, яғни субъектілерге құқық нормаларымен қарастырылған белгілі бір мінезқұлықты белгілеп беретін мемлекеттік-билік ету органының құқыққолдану актісі.

Сот бұйрығы сот шешімімен ұқсас болғанымен сот шешімінің түрі болып табылмайды. Сот бұйрығы судьямен жалпы ереже бойынша емес, азаматтық іс жүргізудің қарапайым ережелері бойынша беріледі. Сот бұйрығы сот шешімі сияқты атқарушылық құжат күшінеие болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі (ҚР АІЖК 139-бабының 3-тармағы).

Қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңдарына қарапайымдандырылған өндірісі енгізу өте орынды және тәжірибелі дәлелденген. АІЖК-де бекітілген азаматтық істің сипаты мен күрделілігіне, дәлелдемелердің мазмұнына, сапасына байланыссыз барлық сатыны өту процедурасы қарапайымдандыруды, процессуалдық форманы жеңілдетуді талап етті. Қарапайымдандырылған процедураны енгізу соттың азаматтық істердің біразын тез қарастыруын мақсат етіп, бұзылған құқықтар мен қорғалатын заңды мүдделердің тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

Өндіріс арыз беруші деп аталатын несие берушінің, яғни мүдделі тұлғаның бастамасымен қозғалады. Арыз берушінің талабы бағытталған субъект - борышкер деп аталады.

ҚР АІЖК 140-бабына сәйкес сот бұйрығы шығарылады:

1.  егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;

2.  егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;

3.  егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;

4.  егер әкеліктің белгілеуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттілігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

5.  егер азаматтардан және заңды тұлғалардың салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегін өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

6.  егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімдеген болса;

7.  егер жауапкер немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;

Арыз жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 141- бабы).

Сотқа сот бұйрығы үшін жүгіну талап өндірісі бойынша дауланатын соманың 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуді қарастырады. Сот бұйрығын шығартуға сотқа жолданудың заңда бекітілген барлық талаптарын сақтаған жағдайда сот арызды қабылдайды. Бұйрықтық өндіріс судьяның арнайы ұйғарым қабылдауымен қозғалады.

Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайта қарау негіздері ҚР АІЖК 143-бабында қарастырылған.

Мәлім етілген талаптың мәнісі бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап 5 күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады (ҚР АІЖК 145-бап).

Сот бұйрығы сот талқысын өткізбей-ақ, жауапкерді, арыз берушіні шақырмай-ақ, олардың түсініктерін тыңдамай-ақ беріледі. Егер белгіленген мерзім ішінде жауапкерден қарсылық түспесе, судья өндіріп алушыға соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.

Өндіріп алушының өтініші бойынша сот бұйрығы сотпен тікелей орындалу үшін жіберілуі мүмкін. Сот бұйрығының көшірмесі сот өндірісінде қалады.

Бұйрықтық сот өндірісі әрқашанда сот бұйрығын шығаруымен аяқталып қана қоймайды. Судья сот бұйрығын шығара алмайды, егер борышкер оған қойылған талаптармен келіспесе немесе егер берілген құжаттардың негізінде құқық туралы дауды шешуге мүмкін болмаса. Сот бұйрығыун беруден бас тарту соттың ұйғарымымен рәсімделеді. Бұндай ұйғарымға жеке шағым жасалуы мүмкін. Сот бұйрығын беруге қарсылық білдіру арыз берушіге сондай талаппен талап өндірісі тәртібінде талап қоюға кедергі келтірмейді.  

 

 

 

 

 

3 Сот актілерін орындау өндірісі

 

 

 

3.1 Сот актілерін орындау сатысының мәнісі

 

Атқарушылық іс жүргізу бойынша туындайтын қатынастардың табиғаты туралы жєне атқару өндірісінің Қазақстан Республикасының құық жүйесінде алатын орны туралы сұрақтар заң ғылымында даулы болып табылады. Қазіргі ғылымда көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша атқару өндірісі азаматтық процесстің соңғы сатысы болып табылады. Кейбір авторлардың пайымдауы бойынша, сот төрелегін және атқарушылық өндірісті жүзеге асыру бойынша бір текті емес қатынастар қалыптасатындығына қарамастан, бұл дәстүрлі бағыт болып есептеледі. Көрсетілген пікір, ең алдымен, азаматтық іс жүргізу құқығының пәнінің анықтамасына, сондай-ақ азаматтық істерді қарастырудың  ақырғы мақсаты заңды күшіне енгеннен кейін жалпыға міндетті болатын заңды және негізді сот шешімін шығаруға негізделеді. Осы белгісіне байланысты соттың және атқару органдарының тарапынан сот шешімін орындау бойынша мєжбүрлі әрекет ету азаматтық процесстің жалғасы болып табылады.

Енді бір топ авторлардың пайымдауынша атқарушылық іс жүргізу өндірісі – бұл дербес құқық саласы. Бұл көзқарастың сот шешімін орындау бойынша нормаларының тиімділігін қамтамасыз ету бойынша маңызы зор.

Сот қаулылырын және басқа актілерді орындау – бұл атқару өндірісінің субъектілерінің – приставтар мен орындаушылардың құқыққолдану қызметі. Соттық қызметпен салыстырғанда сот орындаушысы құқық туралы дауды шешпейді, сот процесінде, нотариаттық өндірісте, келісім комиссиясында еңбек дауларын қарастыру процессінде анықталған талаптарды орындайды.

30 маусым 1998 жылы  қабылданған  ”Атқарушылық іс жүргізу және  сот орындаушыларының мәртебесі  туралы” Қазақстан  Республикасының  заңы (бұдан  әрі   берілген  жұмыстың мәтіні  бойынша –  Атқарушылық  іс жүргізу   туралы  заң) атқарушылық өндірістің   құқықтық, ұйымдастырушылық  және экономикалық  негіздерін   белгілейді, сонымен қатар сот орындаушыларының  құқықтық мәртебесін анықтайды.

Азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулыларды  міндетті түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындау болып табылады (1-бап).

Атқарушылық өндіріс мынадай сатылардан тұрады:

1.     атқарушылық өндірісті қозғау;

2.     сот орындаушысыныњ мєжбүрлеп орындауға дайындалуы;

3.     борышқорға мемлекеттік мєжбүрлеу шараларын қолдану;

4.     сот орындаушысының әрекетін шағымдау. 

 

 Атқарушылық өндірістің субъектілері – бұл заң мен қарастырылған актілерді мәжбүрлеп орындау процессіне қатысушы азаматтар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар.

Заң әдебиетінде атқару өндірісінің субъектілерін төмендегідей топтарға жіктейді:

1.     билік ету қызметтерін орындаушы, яғни атқару органдары -  сот орындаушысы жєне приставы;

2.     атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тұлғалар;

3.     атқарушылық іс жүргізуге көмектесуші тұлғалар.

Бірінші топқа сот орындашылары, сот приставтары жатады.

Екінші топқа тараптар мен олардың өкілдері кіреді. Бұл жерде заң шығарушының прокурор мен мемлекеттік басқару органдарын атқару өқндірісіне қатысушылардың құрамына қоспауымен келіспейміз.

Үшінші топқа кіретін субъектілер атқару өндірісіне зањды мүдделі емес және оған өздерінің ерекше міндеттерін орындауға қатыстырылады. Олар – тілмаштар, айғақтар, мүлікті сақтаушы, маман және т.б.

Сот және басқа органдардың актілері сот орындаушыларымен орындалады. Атқарушылық өндіріс туралы заңның 4-бабының 1-пунктіне сәйкес атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдырдың аумақтық органдары мен бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі.

Сот орындаушысы – мемлекеттік қызметте тұратын және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам (81-бап).

Қазіргі кезде сот орындаушысы болып тағайындалу үшін жиырма жасқа толған, сотталмаған, жоғарғы немесе орта заң білімі бар, Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиетімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек (83-баптың 1-бөлімі).

Сот орындаушысы Атқарушылық туралы зањныњ 86-бабына сәйкес құқылы:

-         орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға,

-         әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға,

-         қажетті ақпараттарды, түсініктемелерді, анықтамаларды алуға,

-         орындауға байланысты азаматтарды және лауазымды тұлғаларды шақыртуға,

-         орындау мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге;

-         борышкерлардің банктердегі ақшасы мен бағалы қағаздарына тыйым салуға;

-         кез-келген меншік нысанындағы ұйымдарда атқару құжаттарының орындалуын тексеруге,

-         үй-жайлар мен қоймаларға кіруге, борышкерлердің мүлкіне тыйым салуға, алуға және сатуға және атқару құжатын орындаумен байланысты өзге де әрекеттер жасауға құқылы,

-         қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмастық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге,

-         тиым салынған мүлікті алуға, сақтау үшін беруге жєне сатуға,

-         егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттілік туындаса, басқа қаланың  немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы,

-         атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаәан мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз қажетті ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алуға құқылы. Бұл орайда органдар,  ұйымдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеуді қажет ететін жағдайда үш күннен қалдырмай сот орындаушысына беруге міндетті.

Сот орындаушысы міндетті:

-         соттыњ талапты қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымын орындауға,

-         тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер алуға, көшірмелер түсіруге мүмкіндіктер беруге,

-         атқарушылық іс жүргізу жөніндегі арыздар мен тараптардың өтініштерін қарауға жєне солар бойынша қаулы шығаруға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге, егер оның өзі атқарушылық іс жүргізудің аяқталуына тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, істі қараудан бас тартуға,

Информация о работе Сот актілерінің түсінігі және түрлері