Прoкaтқa алyшының мiндeттeрi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

Прoкaттың күндeлiктi өмiрдeгi жoғaры рoлi oның тиiмдiлiгiмeн түсiңдiрiлeдi. Oны жaсaуғa eкi тaрaптың дa ықылaсы бaр. Сeбeбi көп жaғдaйлaрдa прoкaтқa алyшы шaрттa көздeлгeн мүлiктi уaқытшa ғaнa кeрeк eтeдi нeмeсe oны сaтып aлyғa жaғдaйы кeлмeйдi. Прoкaтқa бeрушiдe мүлiктi бiрeyгe yaқытшa пaйдaлaнyғa бeрy aрқылы пaйдa кiргiзy мaқсaты бoлyы мүмкiн. Мұндaй жaғдaйдa прoкaтқa aлyшы мүлiктi пaйдaлaнғaны үшiн aқы төлeйдi.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

1 ПРOКAТ ШAРТЫ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮСIНIГI
1.1 Прoкaт шaртының ұғымы.................................................................................4
1.2 Прoкaт шaртының элeмeнттeрі........................................................................9

2 ПРОКАТ ШАРТЫНЫҢ МAЗМҰНЫ МEН МIНДEТТEРI
2.1 Мүлiк жaлдaу шaртының мaзмұны................................................................18
2.2 Прoкaтқa бeрyшiнiң мiндeттeрi......................................................................22
2.3 Прoкaтқa алyшының мiндeттeрi.....................................................................24

Қoрытынды.....................................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

PROKAT_ShARTY.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

Ақша мүлік жалдау шартының нысанасы бола алады сол уақытта, егер ақшаға билік ету емес, оны пайдалану қажеттігі туындайтын болса. Мысалы, бір азамат өзінің досына белгілі бір ақша сомасын береді, ал досы ол ақшамен өзінің коллекциясын уақытша толтырады, кейіннен дәл сол ақшаны иесіне қайтарады. Бұл орайда коллекциялаушы ақшаға өзінің иелену құқығын ғана жүзеге асырады ма, әлде сонымен бірге ақшаны пайдаланады ма деген сұрақ туады. Біздін ойымызша, егер ол ақшаны өзінің коллекциясына енгізіп қана қойса, онда оның тек иелену құқығы жүзеге асырылады. Ал егер алынған ақша коллекция құрамына енген соң, көрмеге шығарылып, нәтижесінде коллекциялаушыға пайда түссе, онда ол ақшаны иеленеді әрі пайдаланады деуге болады.

Айналымда шектелген заттар, оларды қолдану режимі сақталған жағдайда жалға беріле алады. Айналымнан алынып тасталған заттар жалға беріле алмайды.

Мүлік жалдау шартының нысанасы ғана оның елеулі ережесі болып саналады. Бірақ бұл шарттың жекелеген түрлері үшін АК өзге де елеулі ережелердің үлкен тізімін қамтиды (АК-тің 567-6.). Елеулі ережелер бойынша тараптар келісімге қол жеткізбесе, шарт жасалмаған болып есептеледі.

Мүлік жалдау шартының нысанына АК-тің 544-бабы арналған. Бұл бапқа сәйкес, бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт, ал егер де оның бір жағында заңды тұлға болса, оның мерзімі қандай болғанда да жазбаша нысанда жасалуға тиіс, мерзімі бір жылға дейінгі және азаматтар жасасқан шарт жазбаша нысанды талап етпейді. Қозғалмайтын мүлікті жалдау шарты, заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тіркеуден өтуге гиіс. Мүлікке меншік құқығының кейіннен прокатқа алушыға ауысуын көздейтін мүлік жалдау шарты сондай мүлікті сатып алу-сату шарты үшін көзделген нысанда жасалады [10,151б].

Шарт тараптардың келісімімен белгіленген мерзімге жасалады. Егер мерзім шартта көрсетілмесе, ол белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. Қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбір тарап екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, мұндай шарттан кез келген уақытта және өзге мүлікті жалдаған жағдайда, бір ай ішінде бас тартуға құқылы (АК-тің 545-6. 2-т.). Оның үстіне, егер прокатқа беруші тарапынан қарсылық болмаған жағдайда прокатқа алушы шарттың мерзімі біткен соң да мүлікті пайдалана беретін болса, шарт нақ сондай.

Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін шарттың барынша үзақ (шекті) мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдау мерзімі белгіленбесе және заң актілерінде белгіленген шекті мерзім өткенге дейін тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт мерзімнің бітуіне қарай тоқтатылады. Бұл жағдайда заң актілерінде белгіленген шекті мерзімнен асатын мүлік жалдау шарты барынша ұзақ (шекті) мерзімге тең етіп жасалған деп есептеледі (АК-тің 545-6. 2-т.).

Шарт бағасы (жалдау ақысы) мерзім сияқты елеулі ережелерге жатпайды. Жалдау ақысы шартпен көзделмесе, кәдімгі жалдау ақысы қолданылады (АК-тің 546-6. 1-т). Жалдау ақысын төлеу тәртібі, мерзімі мен нысанына, прокатқа алушының осыған сәйкес міндетін қарастырған кезде, толығырақ тоқталамын.

Енді Ғ.А.Жайлиннің көзқарасы бойынша прокат шартының элемент-теріне тоқталып өтейін.

Ғ. А. Жайлиннің көзқарасы бойынша мүлік жалдау шартының тараптары прокатқа алушы және прокатқа беруші, прокатқа беруші және прокатқа алушы ретінде кез келген тұлға, заңды және жеке тұлға бола алады. Егер шарт мемлекет атынан не әкімшілік-аумақтық бірлестік атынан жасалса мүлікті прокатқа беруші болып өкілетті мемлекеттік орган, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша комитетінің аумақтық органдары келеді.

Прокатқа беруші — бұл пайдалануға берілген мүліктің иесі, ал заңды тұлға — оқшауланған мүлікке меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы бар субъект. Кейбір жағдайларда мүлікті прокатқа беруші болып оған өзге де құқықтары бар жеке немесе заңды тұлғалар келуі мүмкін, олар мүлікті жалға беруге заңмен немесе шартпен өкілденуі тиіс (мысалы, бұл мүлікті сенімгершілікпен басқаратын болуы мүмкін).

Прокатқа алушы — мүлікті уақытша иелену және пайдалануға, немесе тек пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға. Мысалы, станокты жалдаушыға онда белгілі сағаттарда немесе күндерде қажетті жұмыстарды жасау (орындау) мүмкіншілігі берілуі мүмкін. Мүлкіне оралымды басқару құқығы бар коммерциялық емес заңды тұлғалар, олардың мүлкінің меншік иесімен мүлікті жалдау құқығында шектелуі мүмкін.

Тараптар құқықтары мен міндеттердің өзге тұлғаларға ауысуы ішінара және де әмбебап құқықтық мирасқорлық негізінде болуы мүмкін. Жалға берілген мүлікке меншік құқығының немесе шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарының өзге тұлғаға ауысуы мүлікті жалдау шартын өзгерту немесе бұзу үшін негіз болмайды.

Басқаша айтатын болсақ прокат құқығы жалға берілген мүлікке ауыртпалық тудырады.

Азамат өлуімен прокатқа алушының құқықтарына қатысты мұрагерлік трансмиссия егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше қарастырылмаса жалпы тәртіп бойынша болады. Заңды тұлғалар қайта қүрылған кезде де әмбебап мирасқорлықтың бұл тәртібін қолдану керек.

Мүлікті жалдау шартын жасасу жалдаушының тұлғасына жеке байланысты болмаса, прокатқа беруші оның қалған мерзіміне шартқа мұрагердің (құқықтық мирасқордың) жалдаушы ретінде кірісуіне кедергі жасай алмайды.

Мүлік жалдау шартының нысанасы (объектісі) болып негізінен қозғалатын сондай-ақ қозғалмайтын заттар келеді. Прокат шарты бойынша (негізінде) берілетін заттар жеке сипаттары мен анықталатын, түлынылмайтын заттарға жатады, олар оларды пайдалану барысында өздерінің тұтынушылық қасиеттерін бірте-бірте табиғи тозу салдарынан жоғалтады. Кейбір объектілер пайдалану тәртібі дұрыс болса тіпті өздерінің қасиеттерін жоғалтпауы мүмкін, оларға жер бөлшектері, көп жылдық егістер және с.с. жатады. АК. 541-бабына сәйкес, мүліктік жалдауға, кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік қүұралдары берілуі мүмкін. Жалдаудың объектісі өзге де заттар бола алады [11,22б].

Заңнамада оларды мүліктік жалдауға беруге тыйым салынған, немесе жалдау мүмкіншілігі шектелген мүлік түрлері анықталуы мүмкін. Бірінші кезекте шектеулер азаматтық айналымнан алынып тасталған, немесе азаматтық айналымы шектеулі заттарға қатысты болып келеді.

Әрине, азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар жалға берілуі мүмкін емес. Ал азаматтық айналымы шектеулі заттар жалға оларды пайдалану төртібі, жалпылама оларға меншік құқығын жүзеге асырудың барлық тәртібі сақталып жалға берілуі мүмкін. Мысалы, тұлға азаматтық айналымы шектеулі бір немесе өзге мүлікті иеленуге рұқсат алмаса, ол өзінде бар сондай (азаматтық айналымы шектеулі) мүлікті иелігінен шығаруы керек. Заңның (ҚР АК 252 бабы 2 тармағы) тікелей нүсқауына сәйкес көрсетілгендей мүлікке меншік құқығы тоқтатылуы қажет. Яғни ондай мүлікте иеліктен шығаруға бағытталған шарттар болып сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбас шарттары келеді деп болжам жасаймыз.

Бірақ мәселені тым шектеулі шешуге болмайды. Сілтеме жасалған азаматтық кодекстің нормасы өмірде оны әртүрлі жағдайларға лайықтап қолдануды талап етеді. Мысалы, айналымы шектеулі мүліктің иегері болашақта оған рұқсат аламын деп үміттенетін болса оған оны жалға беруге тыйым салынбауы керек. Немесе мүлікті иеленуге рұқсаты жоқ айналымы шектеулі заттың меншік иесі бірден сатып алушыны таппаған соң оны болашақта сатып алу жағдайы қарастырылатын жалдау шарты негізінде бере алады. Қаралғандай қосымша шешімдер меншік иесі жағдайын жақсартады. Қандай да болсын мүлікке меншіктің заң бойынша кепілдіктерін нығайтады.

Кейбір объектілерді (негізінен табиғи объектілерді) жалға тапсырған кезде шарт ерекшеліктері пайда болады (ерекшеліктер шарт мазмұнына және т.б. қатысты болуы мүмкін). Айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңының 48 бабына сәйкес, жер пайдаланушылары жерді жер учаскесің беру актісіне немесе прокат шартына (уақытша ақысыз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануы тиіс. Осымен бірге прокатқа алушыға тағы да бірқатар міндеттер жүктеледі. Бұл міндеттер прокатқа алушының жалға берілген мүлікті тиісті пайдалану бойынша азаматтық құқықтық міндетімен тығыз байланысты, кейбір көріністерінде оларды мүлікті тиісті пайдалану бойынша міндеттің нақтылануы ретінде бағалауға болады. Жер пайдаланушыға мынадай міндеттер жүктеледі:

-тиісті санитарлық және әкологиялық  талаптарға сейкес келетін өндіріс технологиясын қолданудың, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірілуіне жол бермеу;

-топырақтың құнарлығын нашарлатпаудың  жер қорғау жөніндегі шараларды  жүзеге асырудың, орман, су ресурстары  мен басқа да табиғи ресурстарды  пайдалану тәртібін сақтаудың, жер учаскесінде орналасқан, заңдарға сәйкес мемлекет қорғайтын тарих, сәулет ескерткіштері, археологиялық мұра мен басқа да объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету;

-басқа меншік иелері мен жер  пайдаланушылардың құқықтарын бұзбау;

-топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу оның біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату не беру мақсатымен құнарлы қабатты сыдырып алуға жол бермеу;

-сервитуттары заңдарда көзделген  тәртіпте ұсынуды қамтамасыз  ету. Өз ерекшеліктері тұрғын үйді жер қойнауының учаскелерін және басқа объектілерді жалдауда орын алады. Жер қойнауының учаскілері концессиялық және басқа келісімдер негізінде пайдалануға беріледі, олар АК 541-6, 4-т. сәйкес өзінің заңды табиғаты бойынша мүлікті жалдауға түбірлес болып келеді және оның жалпы (негізгі) ережелеріне негізделеді. Мұндай кең түсінік ҚР азаматтық заңнамасында шарттардың бұрынғы кеңестік кезеңдегі азаматтық құқыққа таныс емес тәртіптенген жүйесі қалыптасып келетінін сипаттайды. Бұл бөлек шарттардың құрылысын өңдеуде де, бүкіл шарттық құқық жүйесін өңдеуде де өз көрінісін тауып отыр [12,43б].

Жер қойнауын пайдаланумен байланысты және өзге де шарттардың жаңа түрлеріне қатысты пайда болған айқынсыздық ақырындап жойылып келеді.

ҚР АК тағы да бір елеулі жаңалық бар. Оны заңнаманы дамытудағы батыл, өркенді қадам ретінде бағалауға болады және онда біздің көзқарасымыз бойынша прокатлық қатынастарды одан әрі дамытудың мүмкіншіліктері қарастырылған. Бірақ ол жалдау туралы дәстүрлі көзқарастарды ескеретін болсақ үйренімсіз болып көрінеді. ҚР АК 541-бабының 2-тармағына сәйкес жалдаудың нысанасы болып жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және өзге заттық құқықтар келуі мүмкін. Мүліктік құқықтардың прокатына жол бермеу заңнамалық актілермен қарастырылуы мүмкін. Аталған норманы қолдану мүліктік құқықтардың айналымын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік береді.

Мүлікті жалдау шартының ақылы мінезі, жалпылама міндеттемелік құқық нормаларының мазмұны және қалыптасқан шарттық тәжірибеде мүлікті жалдау шартында сатып алу-сату шартында да сияқты оның бірден бір елеулі жағдайы болып нысанасы туралы жағдай келетініне әсер етеді.

Мүлік жалдау шартында жалдаушыға мүліктік жалдаудың объектісі ретінде берілуге жататын мүлікті анықтауға мүмкіншілік беретін мәліметтер келтірілуі керек. Егер бұл мәліметтер шартта болмаса, онда мүліктік жалдауға берілуге жататын объект туралы жағдай келісілмеген болып, ал тиісті шарт жасалмаған болып есептеледі. Үлкен тәжірибелік мән жалға берілетін объектіні толық сипаттауда болып келеді, яғни оны тек жалпы анықтау жеткіліксіз. Осының қажеттілігі мүлікті жалдау шарты мазмұнының өзінен көрініс табады.

Прокат шартының бағасы. Ол шартқа сәйкес анықталады. Егер, ол шартта көрсетілмесе, онда басшылыққа бір немесе өзге жағдайларда төленетін прокатның бағасы алынады.

Мүлік жалдау шарты нақты анықтамлаған мерзімге жасалуы мүмкін, бұл үшін ол күшінде болып келетін мерзім шартта көрсетілмейді. Нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартында әрбір тарап, шарт қозғалмайтын мүлік жөнінде болғанда екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, ал шарт қозғалатын мүлік жөнінде болғанда бір ай бұрын ескертіп, кез келген уақытта шарттан бас тарта алады. Өзгеше тәртіп заң актілерімен немесе шартпен қарастырылуы мүмкін. Мысалы шартта тараптар нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартын бір жақты тәртіпте бүруға тиым салуы мүмкін.

Егер мүлікті жалдаудың ақырғы мерзім заңнамада қарастырылса, ал шарттың өзі нақты анықталмаған мерзімге жасалса, мүлікті жалдаудың ақырғы мерзімі өтуімен ол күшін өзімен өзі жоғалтады. Яғни, мүлікті жалдау шартының мерзімі заңнама бойынша қарастырылған ең үлкен (ақырғы) мерзімнен асып кетсе де шарт бәрібір заңнамалық мерзімнен аспайтын (оған тең) мерзімге жасалған болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ПРОКАТ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1 Мүлік жалдау шартының  мазмұны

 

Прокатқа беруші мүлікті прокатқа алушыға шарт талаптары мен мүліктің мақсатына сәйкес, келетін күйде беруге міндетті (АК 547-6. 1-тармағы). Мүліктің күйі бірінші кезекте шартпен анықталуы тиіс. Мысалы, жалға қоймалар берілгенде, олар өрт қауіпсіздігінің талаптарына бөлмелердегі ауаның ылғалдылығына не құрғақтығына қойылатын талаптарға және басқаларға сәйкес болуы керек екені болжанылуы мүмкін.

Шарттың мүліктік күйіне талаптар анықталмаса, онда олар мүліктің тағайындалуы және мүлікті пайдаланудың болжамды (мақсаты ескеріліп мүмкін күйіне талаптар туралануы мүмкін. Бірақ мүлікті жалдау шарты бойынша мүлікке талаптарды анықтау сатып алу-сату шарты бойынша заттың қажетті сапасын анықтаудан ауырға түседі. Жалға берілетін мүліктік күйіне қатысты талаптар өте субъективті болып келеді. Олар жөнінде келіспеген тараптар араларында қиын жолмен шешілетін даулар пайда болуы мүмкін. Сондықтан, прокатқа алушы мүліктің кейбір ерекше қасиеттер бар болуын қаласа, оның бұл туралы прокатқа берушімен келіскені аса қажетті болады. Жалға берілетін мүліктік кемістіктері болмауы керек, немесе кемістіктер тікелей шартта ескертілуі керек. Бұл жасалмаса прокатқа беруші берілген заттардың кемістіктері үшін жауапты болады.

Кейбір жағдайларда заттың кемістіктерімен байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе басқаша шешімін табады. Жалға берілген заттың кемістіктерін оны қараған кезде бірден табуға мүмкін болса, немесе затты жалға алғанға дейін жалдаушы затпен пайдаланып үлгерген болса, онда прокатқа беруші заттың кемшіліктері үшін жауапты болмауы тиіс [13,118б].

Информация о работе Прoкaтқa алyшының мiндeттeрi