Мәміленің ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 10:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2

І Бөлім. МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ..........................3

1.1 Мәміленің ұғымы.....................................................................3-7
1.2 Мәміленің түрлері мен жарамдылық шарттары...................8-10
1.3 Мәміленің нысаны................................................................ .11-13
1.4 Жарамсыз мәмілелер..............................................................14-23

Қорытынды.....................................................................................24

Пайдаланған әдебиеттер............................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

МӘМІЛЕНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕР1.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

           Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады. Терiс пиғылды бәсеке  мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiле жарамсыз болады. 

         Он төрт жасқа толған кәмелетке  толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келiсiмiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады.     

      Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ  деп танылған азамат жасасқан  мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер  мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ  бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 

       Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан  жасалған мәмiленi сот жаңылысу  әсерiмен әрекет еткен тараптың  талабы бойынша жарамсыз деп  тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады.

     Егер  жаңылысу мәмiлеге қатысушының  өрескел бейқамдығының салдары  болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел  билеген болса, сот нақты жағдайларды  және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға  құқылы.

       Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен  жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа  тарап пайдаланған жағдайларға  қарағанда адам өзi үшiн мүлде  тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 

     Бiр  тарап өкiлiнiң екiншi тараппен  зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде  жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күнiлгерi бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.  

      Заңдық салдар туғызу ниетiн  көздемей, тек көз алдау үшiн  ғана жасалған жалған мәмiле  жарамсыз болады. Егер мәмiле екiншi бiр мәмiленi (қулықпен) бүркемелеу  мақсатымен жасалса, тараптар  шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге  қатысты ережелер қолданылады. 

     Егер  мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн  енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау мүмкiн болса, мәмiленiң  бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның  басқа бөлiктерiнiң жарамсыз болуына  әкелiп соқтырмайды. Мәмiленiң  жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзiмi қорлық немесе қорқыту ықпалымен мәмiле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын өзге де мән-жайларды бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл болады. 

      Егер  мәміле  қылмыстық  мақсатқа  жетуге  бағытталып,  екі  тарап   та  жымысқы  ниет  болған  жағдайда олардың  мәміле  бойынша   алғандарының  немесе  алуға   тиісті   болғандардың  бәрі  соттың  шешімі  немесе  үкімі   бойынша  тәркіленуге   жатады.  Мұндай  мәмілені  бір тарап   орындаған ретте,  екінші  тараптан  алғандардың бәрі  және  одан  мәміле  бойынша бірінші тарапқа тиесілінің  бәрі  тәркіленуге тиіс.  Егер  тараптардың ешқайсысы да орындауға кіріспеген  болса,  мәміледе  орындалуы  көзделгеннің  бәрі  тәркіленуі  тиіс.

       Қылмыстық  мақсатқа  жету  жөніндегі  жымысқы  ниет  тараптардың  бірінде  ғана  болған  жағдайда  оның  мәміле  бойынша   алғандарының  бәрі  екінші  тарапқа  қайтарылуы  тиіс,  ал  соңғысының  алғаны  не  оған  мәміле  бойынша тиесілісі   тәркіленуге  тиіс.

      Мәмілені  жарамсыз  деп  тану   кезіндегі  талап  қою   мерзімі  іс   жүзінде   маңызға  ие.  Азаматтық   кодекстің  162-бабы  159-баптың  9  және  10-тармақтарында  көзделген  негіздер  бойынша мәміленің жарамсыздығына  байланысты  даулар  бойынша заңды талап мерзімі зорлық  немесе  қорқыту   ықпалымен мәміле  жасалып,  сол зорлық  немесе  қорқыту тоқтатылған күннен  бастап  не  талап қоюшы   мәмілені  жарамсыз  деп  тануға  негіз болып табылатын өзге  де  мән-жайларды  білген  немесе  білуге  тиіс  болған  күннен  бастап  бір жыл болады.  Бұдан басқа жағдайда  мәміленің   жарамсыздығына  жалпы үш  жылдық  заңды талап мерзімі   қолданылады.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Қорытынды

 

     Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:

   1)  мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;

  2) әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;

  3) мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;

  4) мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.

    Мәміленің ақылы және ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады. Мерзімді Мәміленің ерекшелігі белгіленген мерзімнің міндетті түрде келетіндігінде. Кейде Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер қандай да бір алдын ала келісілген оқиға болған кезде туындайды, ал оқиғаның болуы-болмауы екі ұшты мәселе. Яғни келісілген құқықтар мен міндеттердің жүзеге асуы оқиғаның болуына тікелей тәуелді болса, мұны шартты Мәміле деп атайды. Сондай-ақ өзара сенімге негізделген фидус. Мәміле де (лат. fіducіa — сенім арту) болады. Тапсыру, комиссия, мүлікті сенімгерлікпен беру тараптардың арасындағы бір-біріне сенушіліктің арқасында іске асады. Тапсырыс келісімінде сенім артушы мен сенім ар-қалаушы кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқықты.[4]

 

 

                                      Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Web сайт http://www.trk.kz

2. Азаматтық құқықтық қатынастар Омар Бауыржан Мұсаханұлы, Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, Баетов Ерназар Көпжасарұлы. Туркістан 2012.

   ( 257-291б. )

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Батырбаев Н.М.  (Жалпы бөлім) Түркістан 2007   (87-94 б. )

4. Web сайт http://kk.wikipedia.org

 

 

 


Информация о работе Мәміленің ұғымы