Мәміленің ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 10:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2

І Бөлім. МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ..........................3

1.1 Мәміленің ұғымы.....................................................................3-7
1.2 Мәміленің түрлері мен жарамдылық шарттары...................8-10
1.3 Мәміленің нысаны................................................................ .11-13
1.4 Жарамсыз мәмілелер..............................................................14-23

Қорытынды.....................................................................................24

Пайдаланған әдебиеттер............................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

МӘМІЛЕНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕР1.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

     Биржалық  мәмілелер  жасауға  байланысты  даулар  тиісті  биржа жанындағы    биржа  төрелігінде  қаралады,  оның   шешіміне   сотта  дау айтылуы  мүмкін. Мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлiк айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген реттерде мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

     Сыртқы экономикалық мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Шартпен   жасалған  мәмілелер  қандайда  бір   нәрсеге   тәуекелді болып   келеді  (оқиға  немесе  үшінші  жақтың  әрекеті),   ондай  жағдай болуы  да,     болмауы  да  мүмкін.   Мәселен,   егер  тараптар  құқықтар  мен міндеттердің   туындауын  басталу  -    басталмауы  белгісіз   мән  – жайға байланысты  етіп  қойса, мәміле   кейінге   қалдырылатын  шартпен   жасалды деп  есептеледі

    Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық Кодекстiң 157- бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

    Мәмiленiң нысаны ол жасалған жердiң құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмiленi, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Қатысушыларының кем дегенде бiреуi  Қазақстан

     Республикасының заңды  тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады. Қозғалмайтын мүлiкке қатысты мәмiленiң нысаны  - осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзілімге енгiзiлген қозғалмайтын мүлiкке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады.

     Егер нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiленi тараптар немесе тараптардың бiрi  iс жүзiнде орындаған болса, ол өзiнiң мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшiншi  жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүдделi тараптың арызы бойынша мәмiленi жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмiленi  кейiннен нотариаттың куәландыруы талап етiлмейдi. Заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге тиiс мәмiлелер, оның iшiнде өзгертетiн немесе тоқтататын мәмiлелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, олар тiркелгеннен кейiн жасалған болып есептеледi. Тiркеуден бас тартылу жазбаша түрде ресiмделуге тиiс және заң талаптарының бұзылуына сiлтеме жасалғанда ғана мүмкiн болады.  Егер мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiле тиiстi нысанда жасалса, бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтарса, сот екiншi тараптың талап етуiмен мәмiленi тiркеу  туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       1.2 Мәміленің түрлері мен жарамдылық шарттары

 

      Мәміленің   жарамдылығы  заң   талаптарына  сәйкес  айқындалады.  Мәміленің  жарамды  болуы  шарттарына   жататындар:   мазмұны  заң  талаптарына  сәйкестігі,  мәмілеге   қатысатын  және  оны   жүзеге  асыратын  адамның   қабілеттілігі,  еркі  мен  ерік   білдірудің  сәйкестігі,   мәмілелердің    нысанын  сақтау.  Мәміле  шын  мәнінде  заңға  қайшы   келмеуі  тиіс,   яғни  кез  келген  құқықтық  нормативтік   құжаттарға  сай  келуі  қажет.  Мысалы,  азаматтық  құқық   қабілеттілігі  мен  әрекет  қабілеттілігі   шектеуге  бағытталған  мәміле  жарамсыз  мәміле  болып табылады. 

      Мәміле  ерікті  әрекет  болғандықтан,   оны  әрекет  қабілеттілігі   бар   әрбір  азамат  жасай   алады,  ал   заңды  тұлғалар   жалпы  және  арнайы  әрекет  қабілеттілігі  болғандықтан  мәміле  жасауға  қабілетті   деп  саналады.

     Мәміленің  жарамды  болуы  үшін  еркі  және  ерік  білдіру  бір  – бірімен   сәйкес  келуі  керек.  Олардың   арасындағы  сәйкессіздік   мәмілені  жарамсыз  етіп   көрсетеді. 

     Мәміле  оның  нысанын  сақтау  кезінде   құқықтар мен  міндеттер   туғызады,  сол  арқылы   тұлғалардың  ерік  білдіруі  немесе  ресми   куәландыру   әдісі  көрінеді.    Мәселен,  оған   мәмілені     нотариалдық  куәландыру  (АК – тің  154-бабы)  мен   тіркеуді  (АК – тің  155-бабы)  айтуға  болады. Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.

     Мәміле  жарамды болуы үшін мынандай  шарттар сақталуы тиіс;

    1)  мәміле мазмұнының заң талаптарына  сәйкестігі;

   2)  мәмілеге  қатысатын және оны жүзеге  асыратын адамдардың әрекет қабілеттілігінің  болуы; 

   3)  қатысушылардың  еркі мен ерік білдіру сәйкестігі;

   4)  мәмілелердің  нысанының сақталуы.

     Мәміле  жарамсыз деп танылған жағдайда  тараптардың әрқайсысы екінші  тарапқа мәміле бойынша алынғанның  бәрін қайтарып беруге, ал заттай  қайтарып беру  мүмкін болмаған  жағдайда құнын ақшалай өтеуге  міндетті. Егер мәміле қылмыстық  мақсатқа жетуге бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленеді. Тараптардың қайсібірі болсын мәмілені орындаған жағдайда да мәмілеге тиістінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда, оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуы тиіс,ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісі тәркіленуге тиіс. Жасалатын мәміленің мазмұны заң талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

    Мазмұны  заң талаптарына сәйкес келмейтін,  сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне  немесе адамгершілікке көрнеу  қайшы келетін мақсатпен жасалған  мәміле жарамсыз болады. Мұндай  жағдайда мәміле мазмұнында қылмысқа итермелейтін немесе қылмыс жасауға бағытталған, заңның нақты талаптарын орындаудан жалтаратын, айналымнан алынған заттарды алу немесе сатуға байланысты сипаттар болуы мүмкін. 

       Заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер  негізінде мәміле жасалмауы тиіс. Заңға сәйкес келмейтін мәмілелерге жалпы құқықтық тәртіп негіздері мен адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсаттармен жасалған мәмілелер де жатқызылады. Бұл қағиданың заңмен жетік реттелмеген қатынастарда қоғам мүддесін қорғау үшін маңызы зор. Мәселен, мемлекеттік кәсіпорын басшысы жеке кәсіпкермен кәсіпорын үшін тиімсіз, бірақ өзінің жақсы таныс кәсіпкер серігі үшін тиімді мәміле жасауы мүмкін.

       Заң талаптарын, заңды тұлғаның  жарғысын не оның органдарының  құзіретін бұзатын мәмілені қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдік себептерден немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туындаса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.  Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады. Кейбір кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысу үшін құзіретті мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты, яғни лицензия алуы керек. Лицензия талап  етілетін әрекетті лицензия алмай жүзеге асыру құқықбұзушылық болады. Сонымен бірге лицензия қайтарып алынған жағдайда, күші тоқтатылғанда және жарамсыз деп танылған жағдайларда жасалған мәмілелер де құқықбұзушылық болып табылады.

      Теріс пиғылды бәсеке мақсатын  көздейтін немесе іскерлік әдеп  талаптарын бұзатын мәміле жарамсыз болады. Мұндай жағдайларда мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапкер ретінде тиісті тұлғалармен қатар мемлекеттік органдар да қатыса алады. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының  (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Мәмілені жарамсыз деп тануды тек ата-анасы немесе қамқоршысы  талап ете алады.

       Мұндай талап болмаса мәміле  өзінің заңдық күшін сақтап  қалады. Ата-анасының немесе қамқоршысының  келісімі мәміле жасауға мәміле  жасалғанға дейін де, кейін де  берілуі мүмкін. Кәмелетке толған  адамның мәміле бойынша шығындарын оның ата-анасы қайтаруы міндетті емес. Мәмілеге байланысты алынған заттарды иелеріне қайтару барысында кәмелетке толмаған тұлғаның келтірген залалдары мен шығындарының оның тарабынан орны толтырылмауы мүмкін.

      Есуастық немесе ақыл-есі кем  болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ немесе 14 жасқа толмаған жасөспірім жасаған мәмілені, егер ол осы тұлғалардың пайдасына жасалса, сот ол мәмілені жарамды деп тануы мүмкін.

     Елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Мәміленің табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін айтарлықтай төмендететін мәнінің сапасына қатысты жаңылысудың елеулі мәні болады.

    Егер  жаңылысу мәмілеге қатысушының  өрескел бейқамдығының салдары  болса, не оны кәсіпкерлік тәуекел  билеген болса, сот нақты жағдайларды  және мәмілеге қатысушы екінші  жақтың мүдделерін ескере отырып, мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.

      Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілені, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені  (кіріптарлық) сот жәбірленушінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Алдау саналы түрде мәміле шарттары, пәні және субъектілеріне байланысты бұрыс мәлімет беру арқылы жаңылыстыру нәтижесінде мәміле жасастыру болып табылады.  Бір тараптың екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені сот жәбірленуші тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           1.3 Мәміленің нысаны

 

Мәмілеңің нысаны АК-тің 15 і-ші бабында көрсетілғен.

   1) Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

   2) Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. 

   Мұндай  мәміле адамның мінез-құлқынан  оның мәміле жасау еркі айқын  көрініп тұрған ретте де жасалған  деп саналады.

  3) Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

   4) Үндемей  қаяу заңдарға немесе тараптардың  кедісімінде көзделген реттерде  мәміле жасауға ерік білдіру  деп танылады.

   5)  Жазбаша  түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.

    Жасалған  сәтте орындалатын мәмілелерді  ауызша жасауға болады. АК-те ауызша  жасалуга тиісті деген мәміле  пәнінің мөлшері көрсетілмеген.  Демек, миллион теңгелік мәміле  болса да, ол сол сәтте орындалатын болса, оны ауызша жасауға болады.

    Мәмілеңің  өзгеруі, орындалуы немесе тоқтатылуы  әдетте ол мәміле қандай нысанда  жасалса, олар да сондай нысанда  жасалады. Бірақ кейбір жағдайларда,  нормативтік қүқықтық актілерде  көрсетілген реттерде немесе  тараптардың қалауы бойынша, жазбаша жасалғаң мәміле әрекет арқылы орындалады, яғни ол мәміленің орындалуы жазбаша түрде рәсімделусіз-ақ орындалады. Мәселен, заем шарты бойынша ақшаны қарызға беру жазбаша рәсімделсе, демек, қарыз алушы карыз берушіге тілхат жазып беру арқылы жасалса, ал қарызды қайтару кезінде, демек, мәмілені орындау кезінде оның орындалғаны туралы тараптар жазбаша рәсімдеу жүргізбей, тек тілхатты қайтару арқылы-ақ жүргізіледі.

   Мәміленің жазбаша  түрлері АК-тің 152-бабында қарастырылған.

    1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;

   2) мәмілелерді жасау кезінің өзіндс орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомаға;

   3) заңдарда немесе  тараптардың келісімінде көзделген  өзге де реттерде жазбаша түрде  жасалуга тиіс;

    Хат, жеделхат, телефон жазба, телетайп жазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімең өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

    Кәсіпкерлік  қызмеггі жүзеге асыру барысында  жасалатын мәмілелер тараптардың  екеуі де немесе тек біреуі  ғана сол қызмет түрін атқаратындығына  қарамастаң жазбаша жасалуы тиіс.

   Мәміленің  жай жазбаша түрін сақтамау, заң  құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей корсетілген реттерді қоспағанда, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау тұған жагдайда тараптардың мәміленщ жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау қүкығынан айырады.     

Информация о работе Мәміленің ұғымы