Мәміленің ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 10:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2

І Бөлім. МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ..........................3

1.1 Мәміленің ұғымы.....................................................................3-7
1.2 Мәміленің түрлері мен жарамдылық шарттары...................8-10
1.3 Мәміленің нысаны................................................................ .11-13
1.4 Жарамсыз мәмілелер..............................................................14-23

Қорытынды.....................................................................................24

Пайдаланған әдебиеттер............................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

МӘМІЛЕНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕР1.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

      Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады.

     Азаматтық   кодекстің  159-бабында  заңды   тұлғалардың  жарамсыз  мәмілесін   сотпен  жарамсыз  деп тануға  мынадай негіздер  қарастырылған:                   

    а)  заңды  тұлғаның  заң  актілерінде   немесе   құрылтай  құжаттарында   нақты   шектелген  қызмет  мақсаттарына  қайшы  келетін   етіп  не  оның   органының   жарғылық  құзіретін  бұза  отырып   жасаған   мәміле  жасауы;  

    ә)   қажетті   лицензия  алмай   не   лицензияның  қолданылу   күшінің  біткеннен  кейін   жасалған  мәміле;   

   б)  теріс   пиғылдағы  бәсеке  мақсатын   көздейтін   немесе  іскерлік  әдеп  талаптарын  бұзған  мәміле.

       Ерікті  ақауы  бар  мәмілелер   екі   топқа   бөлінеді: 1)   мәміле  жасауға   іштей   келіспей   жасалған  мәміле;  2)  ішкі  еріктің  дұрыс   қалыптаспауы   салдарынан  жасалған  мәміле.

      Бірінші  топқа  бір  тараптың  екіншісін  алдау,  зорлық,  қорқыту ықпалымен,  бір тарап өкілінің  екінші  тараппен  зұлымдық  ниетте  келісуі   нәтижесінде жасалған  мәмілелер жатады  (АК-тің 159-бабының 9, 10- тармақтары).

      Ерік  ақауы  бар  жоғарыда   аталған   мәмілелердің  жарамсыз  болуының  себебі  мәмілені  жасауда  сол  тұлғаның  еркі   болмайды,  әрі  ерік  білдіруді  мәмілеге   қатысушының   еркі  емес,  әлде   біреудің   ықпалымен  болған  ерік  болып  табылады. 

      Зорлап   мәміле   жасату   дегеніміз,   мәмілеге   қатысушыны    мәжбүрлеп    оның  өзіне,  не  жақындарына   күш қолдану (ұрып-соғу,  жақын   адамдарымен   қатыстырмау, бостандығын шектеу  және  т.б.)  немесе  жан – дүниесін   жаралап мәміле   жасауға көндіру болып   табылады.  Зорлық  заңсыз  әрекет   болғанымен,  кейбір  жағдайда  оны  жасаушыны   қылмыстық   жазаға   тарту  міндет  емес.

     Қорқыту  -  тұлғаға  мәміле   жасамаған   жағдайда   оның   өзіне   немесе  жақын  адамдарына  дене  жарақатын  салумен   немесе  моральдық   зиян  келтіретіндігін   ескертіп,  қоқан  -   лоққы   жасау.  Қорқыту  зорлықтан  мынадай  белгілер  бойынша   ерекшеленеді:   а)  қорқыту  –  зииян   келтірмекші   болғанымен   әлі  жүзеге   аса  қоймаған   әрекет;   ә)  қорқыту   құқыққа   сай   келетін   уәдемен    (мысалы,  мүлікке  тыйым   салуды   қолданамын,   жасаған   қылмысын   хабарлаймын   деген   тәрізді)   көрінуі  мүмкін,   сондай  –  ақ    құқыққа   сай  емес  әрекетпен    (мүлікті   жою,   адамның   өмірі  мен   денсаулығына   зиян   келтіру)    жасалады.     

    Қорқытудың   салдарынан   мәмілені   жарамсыз  деп   тану  үшін  қорқыту құр сөзбен  емес, шын мәнінде   болуы керек. Аталған жағдайлардың  бәрі  сот істі  қарағанда    есепке алынады.       Бір таптың  екіншісімен зұлымдық  ниетте  келісімге    келуі   ерік  білдіруде  айтқанға  көне  салмаушылықтан   туындайды.  «Зұлымдық   ниеттегі»  мәмілеге  мынадай    мысал  келтіруге  болады,  саяжайды   сатушы  сатып  алушының өкіліне  саяжайдың   болашақ  иесіне  саяжайға     байланысты  кемшілікті  айтып   қоймауын   өтініп,    келісімге келеді.  Алдау арқылы  және  жаңылысу  немесе    кіріптарлықпен   жасалатын   мәмілелермен  келісушілерге тән нәрсе (АК-тің 159  -  бабының 8,9  - тармақтары),   жеме  – жемге келгенде   жағдайдың   шылауында кетіп,  өзіндік    бағытынан   айрылып   қалуы дер едік.  Алдау   дегеніміз    мәмілеге   қатысушыны    көрер   көзге адастырып,    қатысушы   жақтың  бірі   екінші   жаққа мәміленің    тиімділігін   асыра   мақтап   немесе   тиімсіз жағын бүгіп    қалып (мәселен, сатылғалы тұрған   заттың   кемшілігін    жасыру  немесе   сатылмақ   үйдің   көшесінде   трамвай    жолы  салынғалы   жатыр   деп)  мәміле  жағдайлары     жөнінде   жалған   айтса, бұл алдау болады.    

        Алдаудың   жаңылысудан  айырмасына  келетін болсақ, алдауда  мәміле  туралы   теріс ұғым саналы түрде болады.  Азаматтық  кодекістің   159 - бабының   8 - тармағына     сәйкес  елеулі   мәні   бар   жаңылысу   салдарынан   жасалған      мәмілені    сот   жаңылысу   әсерімен   әрект   еткен     тараптың   талабы   бойынша   жарамсыз   деп   тануы     мүмкүн.  Мәміленің   табиғатына,   ұқсастығына    немесе     оның   өз   мақсатына    пайдалану   мүмкіндігін        айтарлықтай    төмендететін    мәнінің   сапасына   қатысты       жаңылысудың    елеулі    мәні   болады. 

     Дәлелдердегі    жаңылысу   кейінге   қалдыру   немесе   күшін   жою   шарты      ретінде,   мәміленің    мазмұнына    осындай   дәлелді      енгізген    кезде   ғана    мәміле    жарамсыздығының   негізгі бола   алады  (АК–тың 150–бабы).  Егер   жаңылысу  мәмілеге   қатысушының     өрескел  бейқамдығының      салдарынан    болса  не  оны   кәсіпкерлік   тәуекел   билеген    болса,  сот  нақты   жағдайларды   және   мәмілеге    қатысушы   екінші   жақтың    мүделлерін   ескере  отырып,    мәмілені   жарамсыз  деп тану   туралы  талаптан   бас    тартуға құқылы.  

        Жарамсыз   мәміленің   тағы  бір   түрі   кіріптарлық     мәміле  (АК–тің  159 - бабының  9–тармағы ).  Кіріптарлық     мәміленің   үш  белгісі  болады:  а)  мүлде  тиімсіз   ауыр    мән  - жайларда  жасалуы;  ә)  өзі   үшін  тиімсіз   ауыр   мән - жайлардың   орын   алуы   салдарынан   жасалуы;  б)  мәжбүрлік,  яғни   тұлғаның   еркінен  тыс   жасалуы. Мұндайда   сот  жәбірленушінің   алабы    бойынша   ондай      мәмілені   жарамсыз  деп   тануы   мүмкін.

      Жарамсыз   мәміленің  келесі  түрі   нысананың    ақауы      бар   мәмілелер.  Азаматтық   кодекстің  153  - бабына   орай     мәміленің   жай   жазбаша    түрін   сақтамау   оның      жарамсыз    болып   қалуына   әкеліп   соқтырмайды,   бірақ    дау   туған   жағдайда    тараптарды   мәміленің   жасалғанын,    мазмұнын   немесе   орындалуын    куәгерлік   айғақтармен       растау   құқығынан   айырады.  Алайда,   тараптар      мәміленің  жасалғанын   немесе   орындалғанын    жазбаша     немесе  өзге,   куәгерлік   айғақтардан  басқа дәлелдермен растауға  құқылы.

     Азаматтық   кодекстің   153  -  бабының  2–тармағында      заң құжаттарында   немесе  тараптардың   келісімінде      тікелей   көрсетілген   реттерде  мәміленің   жай жазбаша      түрін   сақтамау   оның   жарамсыз   болып қалуына әкеліп     соқтыратыны   көрсетілген.  Егер  мәміленің    жай   жазбаша      түрі  сақталмаса   сыртқы   эканомикалық   мәміле (АК–тың    153–бабының  3–тармағы), айып  төлеу  келісімі  (294–бап),     кепілдік  немесе  кепіл   болушылық   шарты  (331–баптың  2  –  тармағы),   кепіл   туралы   шарт  (307–баптың  2 және  3  –  тармақтары)   жарамсыз   болып   қалатыны   Азаматтық    кодексте  анық  айтылған.    

      Азаматтық   кодекстің  154 –  бабына    сәйкес   мәміле     нотариатпен    куәландыру   тәртібін   сақтамай    жасалса,    онда   жарамсыз    деп    есептеледі.   Дейтұрғанмен    мұндай      мәмілелердің    бәрін   бірдей    заң   жарамсыз   дей     бермейді.    Айталық,   нотариаттың    куәландыруын     талап    ететін    мәмілені    тараптар   немесе   тараптардың     бірі   іс    жүзінде   орындаған    болса,    ол   өзінің     мазмұны    жағынан    зандарға   қайшы    келмесе   және    үшінші    жақтардың    құқықтарын    бұзбаса,   сот   мүдделі     тараптың    арызы   бойынша   мәмілені    жарамды   деп      тануға   құқылы.  Бұл   ретте    мәмілені   кейіннен      нотариаттың    куәландыруы   талап    етілмейді. 

      Енді   мазмұнында    ақауы   бар    мәмілеге   келейік,     мазмұны   заң   талаптарына    сәйкес   келмейтін,  сондай  –  ақ   құқықтық   тәртіп    негіздеріне    не   адамгершілікке     көрінеу    қайшы    келетін    мақсатпен     жасалған     мәміле     жарамсыз   болады  (АК–тің  158–бабы).   Демек   заңдарға    оның     немесе   басқа   да   құқықтық    құжаттарға    сәйкес     келмеуі    белгіленген    талаптарды    бұзу    деп    есептеледі.     Бұл  орайда   азаматтық   құқық   пен   міндет    заңға    сәйкес     жасалған   мәміледен    ғана   туындап   қоймайды ,  сонымен     бірге   заңда   қаралмаған,   бірақ   оған   қайшы      келмейтін       мәмілелерде    туындайтындығын    есепке   алу   қажет.   Ал     мазмұны    заңға   қайшы    мәміленің    екі   түрі  болады:   а)    құқықтық    тәртіп   негіздеріне    немесе   адамгершілікке       көрінеу    қайшы    келетін   мәміле  (АК–тің  158-бабы),   ә)  сондай  –ақ   жалған    немесе   қулықпен   жасалған  мәмілелер (АК-тің 160-бабы).  Мұндай  мәмілелерге мемілекеттің  белгілі  бір  қызмет  түрін  монополиялық   құқықты  бұзатын,  азаматтардың  құқық   қабілеттілігін   шектейтін  немесе   мүліктің   жекелеген   түріне   меншік   құқығын   шектейтін   мәмілелер  жатады.   

       Азаматтық  кодекстің   160-бабында   жалған  немесе   қулықпен  жасалған  мәмілелердің  қандай  болатыны   келтірілген.  Сондықтан  да  заңдық  салдар   туғызу   ниетін   көздемей,  тек   көз  алдау  үшін  ғана   жасалған    жалған  мәміле   жарамсыз   болады.  Азаматтық  кодекстің  аталған  бабының  2- тармағына    сәйкес  егер  мәміле  екінші  бір  мәмілені  (қулықпен)  бүркемелеу   мақсатымен   жасалса,    тараптар  шын  мәнінде   ойлаған  мәмілеге  қатысты   ережелерді  қолданады.  Мысалы,  автомашинаны  сату-сатып  алу   мәмілесін   әлгі   көлікті уақытша   ақысыз   пайдалану немесе   «сенімхат беру»   жолымен рәсімдеу  мейлінше  кеңінен тараған.

     Мәмілелердің  жарамсыздығының  салдары   Азаматтық  кодекстің  157-бабында   қарастырылған.  Мәміле  жарамсыз  деп  танылған  жағдайда  тараптардың  әрқайсысы  екінші  тарапқа  мәміле  бойынша  алынғанның  бәрін   қайтарып  беруге,  ал   заттай  қайтарып  беру  мүмкін   болмаған  жағдайда  оның  құнын  ақшалай  өтеуге  міндетті.  Мұндай  жақтардың  қайтаруы  бастапқы  ережеде  екі жақты   реституция  деп аталады.  Егер  мәміле  қылмыстық мақсатқа  жетуге  бағытталып,  екі тарап та  жымысқы ниет  болған  жағдайда олардың мәміле  бойынша алғандарының  немесе  алуға тиісті   болғандардың  бәрі  соттың  шешімі  немесе  үкімі бойынша  тәркіленуге   жатады.  Мұндай  мәмілені  бір  тарап   орындаған  ретте,  екінші  тараптан  алғандардың  бәрі  және  одан  мәміле  бойынша  бірінші  тарапқа  тиесілінің  бәрі  тәркіленуге  тиіс.  Егер  тараптардың  ешқайсысы  да орындауға  кіріспеген  болса,  мәміледе  орындалуы  көзделгеннің  бәрі  тәркіленуі  тиіс.

      Қылмыстық  мақсатқа  жету  жөніндегі  жымысқы  ниет  тараптардың  бірінде  ғана  болған  жағдайда  оның  мәміле  бойынша   алғандарының  бәрі  екінші  тарапқа  қайтарылуы  тиіс,  ал  соңғысының  алғаны  не  оған  мәміле  бойынша тиесілісі   тәркіленуге  тиіс. Нақты  мән-жайларды  ескере  отырып,  сот  осы  баптың  4  және  5  тармағындағы  көзделген  салдарды,  жарамсыз  мәміле  бойынша   алынған,  не  алынуға  тиісті  мүлікті  тәркілеуге  қатысты  бөлігінде  ішінара  не  толық  қолданбауға  құқылы.  Бұл  бөлікте осы  баптың  3-тармағында  көзделген  салдар  басталады. Сотқа   әрекетті  жасаған  кінәлі  жақтардан  залалды  өндіріп  алу  құқығы  берілген,  нәтижесінде  мәміленің  жарамсыздығы  залал  көрген  келесі  жақтың  пайдасына  шешіледі.

      Азаматтық  кодекстің  161-бабында   мәміленің  бір   бөлігінің   жарамсыздығы  белгіленеді.   Сонымен   қатар  мәміленің  бір   бөлігінің  жарамсыздығы  оның  басқа  бөліктерінің  жарамсыз  болуына   әкеліп   соқтырады. 

     Мәмiленiң  нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру  бостандығына қойылатын талаптар  бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не  прокурордың талабы бойынша мәмiле  жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар

адамдардың  тiзбесi осы Кодексте не өзге де заң  құжаттарында белгiленедi. Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың  әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге мiндеттi. 

      Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа  жетуге бағытталып, екi тарапта да  жымысқы ниет болған жағдайда  олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс. 

     Қылмыстық  мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы  ниет тараптардың бiрiнде ғана  болған жағдайда оның мәмiле  бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы  тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге тиiс. Нақты мән-жайларды ескере отырып, жарамсыз мәмiле бойынша алынған, не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеуге қатысты бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. 

      Сот мәмiленiң жарамсыз болуын  туғызған әрекеттердi жасауға кiнәлi  тараптан мәмiленi жарамсыз деп  тануға байланысты екiншi тараптың  залалын оның пайдасына өндiрiп  беруi мүмкiн.  Жарамсыз мәмiле  заңдық салдарға әкелiп соқтырмайды,  бұған мәмiленiң жарамсыздығына байланысты және  ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмiлелер кiрмейдi. Мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрi орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы. 

     Мазмұны  заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады. Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.  Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемесiн орындаудан немесе үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтару ниетiмен жасаған ретте,  ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi жақ (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. 

Информация о работе Мәміленің ұғымы