Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 10:13, курсовая работа
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.
Кіріспе................................................................................................2
І Бөлім. МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ..........................3
1.1 Мәміленің ұғымы.....................................................................3-7
1.2 Мәміленің түрлері мен жарамдылық шарттары...................8-10
1.3 Мәміленің нысаны................................................................ .11-13
1.4 Жарамсыз мәмілелер..............................................................14-23
Қорытынды.....................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер............................................................25
Кіріспе.......................
І Бөлім. МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ......................
1.1 Мәміленің ұғымы.........................
1.2 Мәміленің түрлері мен жарамдылық
шарттары...................8-
1.3 Мәміленің нысаны........................
1.4 Жарамсыз
мәмілелер.....................
Қорытынды....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Қазақстан Республикасының
қалыптасу, елде экономикалық реформаларды
жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту
кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша
күшейеді. Тауарлық- ақшалық (мүліктік)
және басқару қарым- қатынастарын құқықтық
тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да
нормативтік актілердің маңызы одан әрі
нығая түспек.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы
Конституциясын, оның жаңа қырлары мен
ерекшеліктерін және басқа да заңдардың
жоғары принциптерін, олардың мағынасы
мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай
шаруа емес.
Осыған байланысты жас егемен республиканың
мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық
негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды
екндігі сөзсіз.
Мәміле дегеніміз – азаматық
құқықтар мен міндеттердің белгіленуіне,
өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған
әрекет.
Мәміленің, мейлінше, көп тараған түрі
шарт (яни екі жақты немесе көп жақты мәміле).
Бір адамның еркін білдіретін бір жақты
мәмілелер де болады ( мысалы, өсиет).
Азаматтар мен заңды тұлғалардың, делінген
АҚ – тің 147 бабында, азаматтық құқықтары
мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге
немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері
мәмілелер деп танылады
Қазіргі уақытта кейбір шарттар
үшін, мысалы, жеке меншік иелігіндегі
құрылысты немесе басқа қозғалмайтын
мүлікті құқығын беруге байланысты, нотариалдық
куәландырудан басқа заң олардың тиісті
мемлекеттік органдарда тіркелуін көздейді.
Мұндай шарт тіркелген сәттен бастап жасалды
деп саналады Мәмілеге қатысушылардың
ерік білдіру әдісін міміленің нысаны
деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар
өздерінің еркін ауызша айтқан болса,
онда бұл ауызша жасалған мәміле болады.
Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша
жасалған болып есептеледі.
Бір жақты жасалған мәміле
тек бір тараптың ғана еркін білдіреді.
Алайда, кейбір жекелеген жағдайларда
бір жақты мәмілені екі немесе одан да
көп адамдар жасайды. Мысалы, жалпы сенімхат
беру, мұрадан бірнеше адамның бас таруты
және т.б. Екі жақты мәміле, мейлінше, көп
тараған, екі жақты келіскен, қарсы ерік
білдірудің нәтижесінде жүзеге асады.
Мәселен, дың, жалдаудың, мүліктік жалдаудың
және т.б. шарттары.
Көп жақты мәмілеге үш және
одан да көп тараптар қатысады.
Бұл курстық жұмыс азаматтық- құқықтық
мәмілелерді, мәміле ұғымы және оның мәнін
қарастырады. [1]
МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Мәміленің ұғымы
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге,өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген.Мәмілеге мынадай белгілер тән:
5) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіру;
6) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
7) қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық- құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы);
8) мәміле әрқашанда құқықтық салдарды туғызады.
Мәміленің маңызды жақтарының еркі мен ерік (ниет, тілек)білдіруінен тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекетіарқылы жазбаша (жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіруі әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындалғанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар, чекі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т.б.), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ.
Конклюденттік әрекет (латынша concludere - жасау) – сол арқылытұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-нің 151-бабының 4-тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай- ақ пайдалана беруіне болады.
Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары көзделуге тиіс. Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қоюға құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп-жазба, факс немесе субъектілерді және олардың еркін білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған ьсебептерін көрсете отырып, куәландыруға тиіс.
Мәміленің жазбаша жасалуда тиіс түрлері АК-тің 152-ші бабында көрсетілген. АК-тің 155-бабына сәйкес тиісті кейбір мәмілелер мемлекеттік ьтіркеуге жатады. Ол тиісінше тіркеуден өткеннен кейін ғана жасалған болып саналады.
Мәміленің
басқа да мінез-құлық
Мәміле
– бұл Заңның аясына сәйкес
келетін, заңмен рұқсат
Мәміле
– саналы және ерікті түрде
жасалған әрекет, оны саналы әрі
ерікті түрде жасаған
Мәміледе азаматтық құқықтар мен міндеттер оны жасаған тараптарда пайда болса, ал әкімшілік актілерден азаматтық құқықтар мен міндеттер сол органда бағынышты тараптарда пайда болады.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмілелерді
жасау кезінің өзінде орындалатындарынан
басқа, ауызша кәсіпкерлік
мәмілені орындаған тараптың
да осындай құқығы бар
(АК-тің 152-бабы). Заң құжаттарында
немесе тараптардың келісімімен белг
Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады. Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасағанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Мәмілелердің мынадай түрлері бар:
1) бір жақты және екі жақты немесе көп жақты (шарттар);
2) ақылы және ақысыз;
3) нақты және консенсуалды;
4) казуалды және абстрактылы;
5) шартпен жасалған;
6) биржалық.
Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі - өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасау үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш
немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ері білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus - келісім) - келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res - зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті ) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негізбен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақ та бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық).
Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere - қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру).
Шартпен жасалған мәмілелер қандайда бір нәрсеге тәуекелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу - басталмауы белгісіз мән – жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі (АК – тің 150 – бабы 1-тармағы. Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтар менміндеттемелердің тоқтатылуын басталу – басталмауы белгісіз мән – жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.