Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 23:08, курсовая работа
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
І КІРІСПЕ....................................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Меншік түсінігі мен түрлері.................................................................................5
2.2 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы меншіктің құқықтық реттелу ерекшелігі.....................................................................................................17
2.3 Жер қатынастарын құқықтық реттеу.................................................................27
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................32
ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................38
Бұл тұрғыда еліміздің Президенті азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке деген құқығын қорғауға бағытталған жарлықтары мен ҚР Заңдары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына «Стратегия –
2030» жолдауы кәсіпкелік
қызметтің құқықтық негізін
Нарықтық экономикалық орнығуы заңнаманың белсенді дамуымен сипатталады. Жаңа заңдар заңға қосымша актілер бірінен соң бірі қабылданып, заман талабына сай ескілері өзгертіледі немесе қолданыстан шығарылады. Әсіресе кәсіпкерлік қызмет туралы заңнама белсенді түрде жаңартылып, бұрынғыдан да дами түсті. Кейінгі жылдары бұл мәселе бойынша жаңа нормативтік актілер қабылданып, ескілері елеулі өзгерістерге түсті.
Кез келген кәсіпкердің негізгі экономикалық заңдарды білуі қажеттілікке айналды.
Қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселесіне арналған нормативтік-құқықтық актілер пакеті қабылданып, жұмыс істеп жатыр. Мұнда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нормативтік-құқықтық актілердің негізін қалаушы болып табылады. Өйткені онда кәсіпкерлік мәселесін реттейтін ережелер бар. Ал, негізінен алғанда олар «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет бостандығын қорғау құқығы туралы» және басқа ондаған Заңдар мен Қаулылар. Со сияқты кәсіпкерлік қызметтің тіркеу, салық салу, лицензиялау сияқты жақтары ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», «Лицензиялау туралы» Заңдарымен реттеледі.
ҚР Конституциясының 26-бабына сәйкес
кәсіпкерлік қызметтің
Республикамызда қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес кәсіпкерлер өзінің бастамашылығымен шешім қабылдап, өзінің қалауы бойынша қолында бар мүлікті заңды негізде пайдалануды жүзеге асырады. Кәсіпкерлер өзінің қызметін заңда көзделген кез келген ұжымдық-құқықтық нысанда жүргізе алады. Бұл кезде оның құрылуына, сол сияқты қайта құрылуына бір нысаннан екінші нысанға өзгеруіне, заңда көзделген жекелеген жағдайлардан басқасында рұқсат талап етілмейді. [20,93-б]
Мемлекет кәсіпкерлік
Осылардың барлығы ҚР Президенті мен Үкіметінің қолдауы арқасында кәсіпкерлікті қорғау, қолдау және дамыту еліміздегі мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласына айналғандығын көрсетеді. Өйткені кәсіпкерлік келешекке кең жол ашады.
Жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретіндегі жерге және айнала қоршаған ортаның басқа да объектілеріне, сондай-ақ өзге жер пайдаланушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне залал келтірмеуі тиіс. Ол үшін алдымен жерді пайдаланбас бұрын жерді қорғау құқықтық институтын нақты түсініп алуымыз қажет. Жерді қорғау жерді қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде бір қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға ауылшаруашылығымен орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақты құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды. Жерді қорғаудың міндеттері Қазақстан Республикасы «жер туралы» заңының 107-бабында қарастырылған. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар:
Азып-тозған шаруашылық алқаптарының топырақ құнарлылығын, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен жол беруге болатын жекті шоғырлану және жол беруге болатын шекті радиоакциялық әсер деңгейі нормативтерінен тыс ластанған, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған жерді, сондай-ақ карантинді зиянкестермен өсімдік аурулары жұққан жерді қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда үкімет белгілеген тәртіпте жер консервацияланады.
Жер заңында жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою немесе сатып алудың негіздері қарастырылған.
Олар: халықаралық міндеттемелер мен қорғаныс мұқтажына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреакциялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру сонымен қатар учаскенің астынан пайдалы қазба кеніші табылғанда;
Үкімет белгілеген мемлекеттік маңызы бар объектілер салу; қалалар мен өзге де елді мекендердің жерге орналастыру құжаттамасы
негіз болғанда. Сонымен қатар мемлекеттік қажеттіктер үшін жер пайдаланушыдан жер учаскесі алынуы мүмкін, яғни ол мынадай жағдайларда жүзеге асады.
меншік немесе жер
пайдалану құқығы тоқтатылған кезде
жер учаскесін бағалау
Меншік иелеріне немесе
жер пайдаланушыларға келтірілген
залалды өтеу негіздері жер заңында
көрсетілген. Яғни меншік иелеріне немесе
жер пайдаланушыларға келтірілген
залал мынадай жағдайларда
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде жер учаскесін уақытша алып қою жағдайында, яғни дүлей залалдар, авариялар, эпидемиялар, эпизотиялар жағдайында және өзге де төтенше жағдайлар негізінде жер учаскесі атқарушы органдардың шешімімен меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан олардың шеккен залалын өтей отырып, қоғам мүдделері үшін уақытша алып қойылуы мүмкін болғанда, меншік иесінің немесе жер пайдаланушының шеккен залалы өтелінеді. Ол осы келтірілген залалдың өтелетін бағасы жөнінде сот тәртібімен дауласуға болады деген сипатта орын алады.
Жердің залалын өтеу жаңа құқықтық құбылыс ретінде қарастырылған болатын. Бұл туралы мемлекет, халық, қоғам қызметінде және өмірдің экологизациясын күшейтумен байланысты жағдайда әңгіме қозғалған болатын. Бұл көбінде құқық қолданумен біздің мемлекетіміздің заң шығарушылығының жаңа арнайы тармағы пайда болған кезде көп пікір таластар туғызған, бірақ ғалымдар цивилистер және арбитраждық органмен сот органдарының
тәжірибешілері жақтамай жүрді. Алғаш рет қоршаған табиғи ортаның залалын өтеу туралы арнай бұйрық «Табиғи қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР-ның Заңында орын алды. Ол заң 1991 жылы 18 шілдеде жарық көрген болатын. Бұл жерде табиғи қоршаған ортаның объектісі ретінде және де қажетті элементі ретінде жер танылады деген түсініктен шығады.
Шындығына келгенде заң ғылымында жер залалын ететтіру механизмі кем сипатта орын алады. Ол үшін теоретикалық тұрғыдан қарастырғанда жер залалы түсінігін дұрыс ашу керек. Жер залалы көп аспектілі және түрлі жоспарлық сипатта құқықтық категория ретінде түсіндіріледі, яғни жер залалы бәрінен бұрын физикалық және биологиялық ерекшеліктердің нашарлауын оның ішінде, оның жеміс беруін, өнімділігін (топырақ құнарлылығы) оны тиімсіз пайдаланудың нәтижеснің төмендеуіне алып келеді. Көбінде бұл залал адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде көп кездесе бермейді, бірақ кейбір жағдайда табиғаттың стихиялық дүлей апаттарының және экологиялық катастрофаларының (жер сілкіну, топан су басу) салдарынан туындауы ммкін.
Біз жерге келтірілген залалдың өзімен алып келетін құқықтық салдарын байқаймыз. Ол мемлекет пен азаматқа және қоғамның материалдық мүддесіне келтірілетін зиянмен бірдей бағаланады. Себебі, жер қоғамның материалдық негізі және байлықтың негізгі көзі болып танылғандықтан қорғалуды талап етеді және де келтірілген зияндардың өтелуін қажет етеді. Жерге зиян құқықтық негізде ғана емес, сонымен қатар республика азаматтары және заңды тұлғаларымен жүзеге асырылатын құқықтық емес қызметтерінің салдарынан келтірілуі мүмкін. Кейбір жағдайда мұндай залал уақытша пайдалануға жер берілген басқа мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларының шаруашылық және басқа да қызметтерінің саладарынан туындауы мүмкін. Осыған байланысты өзіміздің мемлекетіміздің жерге деген меншік иелері мен жер пайдаланушыларына және де шетелдік азаматтар мен заңды тұлғаларға жердің құнарлылығын арттыруды белгілі бір міндеттерді жүктеп, жерді тиімді пайдалануда, және оны қорғауда құқыққа қарсы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға міндеттерді жүктеуіміз қажет. Келесі бір жер залалының мәселесі ретінде азаматтық құқықтық және экологиялық, құқықтық ғылымдар бойынша жұмыс жасайтын осы саладағы ғалым мамандардың ғылыми зеттеу жұмыстарын талқылап осы мамандарды жер залалын өтеттіруге байланысты дауларды шешуде тарту қажеттілігі байқалады.
Жер туралы залал болғаннан кейін әрине, ол жер меншік иелерімен жер пайдаланушыларға қатысты болып келеді. Бұл жерде келтірілген залалды қалай өтеледі деген мәселе туындауы мүмкін. Жаңа жер туралы заңда бұл мәселе де арнайы бапта қарастырылған, яғни меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген залал сол залалды келтірген тұлғаның есебінен өтеледі. Бұл жерде азаматтық-құқықтық тұрғыда қарастыратын болсақ, келтірілген зиянды өтеу негіздерінің басшылыққа алынатындығы байқалады. Ол бойынша тұлғаның кінәлі іс-әрекеті есепке алынып, оның өзінің іс әрекетіне жауап беру міндеттілігі туындайды, осыған байланысты жерге зиянды кім келтірсе, сол
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорытындылай келе, меншік құқығына қатысты сұрақтарды шешу барысында мынадай мәселелерге тоқталдық. Меншік институтын зерттегенде оның дұрыс және бұрыс жақтары бар екенінен көз жеткіздік. Енді осыларға тоқталатын болсақ қазіргі таңда жер мәселесіне көп көңіл бөлінуде оны, яғни жерді меншікке беруге басты назар аударуда. Әрине, бұл сұрақ өте күрделі мәселе.
Осы тұрғыда жерді меншікке беруге, сатуға болмайды деген мәселелердің басын ашып алу үшін Қазақстан азаматтарының жерге құқығының тарихи мәселелерінде қозғадық. Қазақ әдеп-ғұрып құқығында жер қоғамның барлық мүшелеріне билік ету құқығына берілген. Ол кезде меншіктің ежелгі түрінің бірі болып қозғалатын мүлікке меншік болған. Жер жеке меншік туралы ұғымда иелік етудің негізгі пәні болып табылады. Сондықтан, қазақ қоғамында жерге жеке меншік сипаты туралы сұрақ даусыз болып келген. Тек кеңес уақытында бұл терминдер және меншік құқығы жер қатынастарына таралған, жер меншіктің айрықша меншігі болып азаматтық айналымнан алынған болатын. Нарықтық қатынастарға өтуімізбен байланысты жер қайра азаматтық айналымға кірді.
2003 жылдың 25-шы маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының «Жер» кодексі адамның негізгі құқықтарының бірі жерге жеке меншік құқығы туралы аса маңызды ережелерді қамтиды.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы сияқты негізгі халықаралық құжаттарды кез келген адамның мүлікті, соның ішінде жерді де иелену құқығы айтылады [33.4-б].
Әлеуметтік прогресс және даму туралы Біріккен Ұлттар Ұйымның Декларациясы бұл құқықты жер иелену және жер пайдалану жүйесінде әлеуметтік әділеттік пен экономикалық даму мақсаттарына неғұрлым жақсы орайда қызмет ететін, аграрлық реформаны қамтамасыз ететін негізгі шарт деп атайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың басқа да құқықтары арасында жерге жеке меншік құқығын бекітті.