Меншік түсінігі және түрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 23:08, курсовая работа

Краткое описание

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Содержание

І КІРІСПЕ....................................................................................................................3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Меншік түсінігі мен түрлері.................................................................................5
2.2 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы меншіктің құқықтық реттелу ерекшелігі.....................................................................................................17
2.3 Жер қатынастарын құқықтық реттеу.................................................................27

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................32

ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

menshik_tusinigi_men_turleri.doc

— 186.50 Кб (Скачать документ)

Иесі жоқ мүлікті  иелену мүлік иесі жоқ немесе өз еркімен бас тарту жағдайында болады. жеке тұлғалар бұл ретте Германия АК 958-бабына және Франция сот тәжірибесіне сәйкес субъект ретінде тек қана қозғалмайтын мүлікке иелік ете алады. Ал мемлекет болса, ол тек қана қозғалатын мүлік қана емес, сонымен қатар жекелеген реттерде қозғалмайтын мүлік ретінде бола алады.

ШАК 657 және 718-баптарына  сәйкес, қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті иелену орнына заң негізі бойынша иесі жоқ затқа билік  ету көрсетіледі. Оларға пайдалы  қазбалар, балық аулау және аңшылық, жабайы дәрі өсімдіктерін жинау жатады. Осы иелену тәсілдері арнайы заң актілерінде бекітілген – тау, ауылшаруашылық, орман, су, айналаны қорғау және т.б. Швецария АК 657 және 718-баптарында көрініс тапқан негіздеріне қайшы көзқарас білдіремін. Олар төмендегі негіздермен ерекшеленеді:

    • Жер және оның қазба байлығы мемлекет меншігінде болуы тиіс жер белгіленген заңдармен берілуі қажет;
    • Жер қойнауы, су, тау, орман меншігі жеке меншік болмауы тиіс.
    • Одан түскен пайда қазба байлығы мемлекет қазынасына түсуі қажет.
    • Оны пайдалану және алу әдістері тиісті заң арқылы шешілуі тиіс.

 Меншік құқығы пайда  болғаннан бастап мүлікке билік  ету мерзімі тиісті заңда көрсетіледі. Мүлікке иелік ету меншік құқығы мерзімі әр заңда әр түрлі әрекет етеді. Сондай-ақ қозғалатын және қозғалмайтын мүліктің ескіру мерзімі де әр түрлі. Француз заң актісінде ескіру мерзімі тек қана қозғалмайтын мүлікке қатысты көрсетілген. Оның мерзімі – 30 жыл билік еткен уақыттан бастап, осы мерзім ішінде иеленуші тіпті әділетсіз мүліктің пайда болу негізін көрсетуге міндетті емес және бұл мүлікке меншік иесі болып табылады (АК 262-бап). Егер иелену заң актісіне сүйену негізінде меншік ауыстыру болса, бұл әділетті болып табылады. Пайдалану мерзімі 10-20жылға қысқарады (Бұл нақты меншік иесінің тұрақты жеріне байланысты).

Қозғалатын мүлікке ескіру мерзімі тек бір жағдайда ғана берілетіндігіне рұқсат етілген. Егер тұлға әділетті түрде меншікті иеленсе. Яғни, әділетті иелену АК 2279-бабына сәйкес жүргізілген жағдайда. Германия және Швецария ғана қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын иеленудің ескіру мерзімін қарастырған, ол 10жыл.

Шетелде меншік құқығын  қорғау азаматтық құқық нормаларымен тең көлемде көрсетілген. Бұнда  арнайы азаматтық-құқықтық әдәс және тәсілдермен  қамтамасыз етілген, яғни бір жағы меншік қатынасының бастапқы қалпын қорғаса, екінші жағы бұзылған меншік қатынасын қалпына келтіру, яғни меншік иесінің мүлкіне заңсыз билік ету, пайдалануға қол сұғудан қорғайды немесе үшінші тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті барысында мүліктің зиянға ұшырауына байланысты мүліктің орнын толтыруды қорғайды. Бұл мақсат міндет құқығының және зат құқығының әдіс-тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылады.Міндетті-құқық әдіс арқылы меншік құқығын қорғау азаматтық мәміле немесе меншік иесінің мүлкін сақтаудан сол тұлғамен шарқа отырмау барысында келген зиян-зардаптық тұлғаның көтеруі болып табылады.

Континенталды құқық жүйесі меншік құқығын арнайы қорғаудың екі  заттық құқықтық талабын көрсеткен:

  • Виндикациялық талап-бөтеннің мүлкіне заңсыз билік етугеменшік иесінің талабы немесе басқаша айтқанда мүлікті иеленбейтін меншік иесіне меншік иесі болып табылатын мүлікті қайтару.
  • Негаторлық талап – меншік иесіне пайдалану және иелену мүлік заңдылығын жүзеге асыруға кедергі жасаса, тіпті билік ету құқығына қатысы болмаса да заңсыз әрекетін тоқтату туралы талап.

Осы екі талап арқылы меншік иесінің мүлкін бастапқы қалпына келтіруге және бір мезгілде талап етуіне болатынын шектемеген.

Францияда ерекше ереже  бойынша кодексте виндикация және некаторлық талап көрсетілмеген, бірақ сот тәжірибесінде және доктринада азаматтық және азаматтық іс жүргізу кодексінде әділетті және әділетсіз билік ету, талап ету және пайда болу негіздері бойынша ерекшеленіп көрсетілген. Меншік иесінің өзінің мүлкі континенталды құқық виндикациялық талап негізі призумпция заңымен тығыз байланысты, яғни қозғалатын мүлікке иелік ету оны меншігіне алуды болжайды.и Франция АК-ның 2279-бабына сәйкес «қозғалатын мүлікке билік қатынасының заңдағы маңызы бірдей», ал Германия 1006-бабына сәйкес «қозғалатын мүлік иесінің меншік иесін шешу мүліктің негізі» бұл призумпцияда иеленудің пайда болған негізі дәлелденбеген, бұл уақытта меншік иесі – талапкерге ауыртпалық түседі. Себебі, оның жауапкерге дәлелдемелік заттары болуы қажет. Бұндай жағдайда, бірнеше міндет, ешқандай қиындықтан жалтармай, оның заңға сәйкессіз иеленіп отырғанын дәлелдеуге мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда жауапкер заңды негізде меншік құқығының берілгенін дәлелдеуі қажет. Бұдан кейін меншік иесі позитивті дәлелдемелерді көрсетеді, сондай-ақ бұрынғы дәлелдемені көрсетуі тиіс.

Соңында, меншік иесі заңсыз иесінің  затты әділетсіз иеленгені жөнінде  айғақтар береді. Мысалы, заттың ұрлық  немесе жоғалған тәрізді әдіспен  алынғанын көрсетеді. Бұл жөнінде  ереже Германияның АК 1006-бабына сәйкес жалпы призумпция және француз сот тәжірибесінде көрсетіледі. Виндикациялық талапта меншік иесі тек қана заттың ұрланғанын немесе жоғалғанын дәлелдеумен бірге, оның затты әділетсіз иеленуші екенін жауапкерге дәлелдеуі қажет.

Менің ойымша, бұл талап дұрыс  қойылған. Алайда оның дұрыс және бұрыс жақтары көрсетілген. Сонымен оның дұрыс жақтарын айтсақ: дәлелдеме толық болады және оның нақты иесі табылады. Екі жақтың дәлелді айғақтарын тыңдай отырып, заттың нақты иесін сот анықтайды.

Ал бұрыс жағына келетін  болсақ: нақты иесі әділетті иеленгенін дәлелдей алмаса; нақты нәрсені дәлелдей алмаса, оның пайдасы шамалы, кей жағдайда заттың ұрланғанын немесе жоғалғанын көрсетіп, оның әділетті немесе әділетсіз жолдарын көрсете алмаса, дәлелдеме қанағатандырылмайды, егер затты басқа

түрге немесе басқа формаға  өзгертсе нақты тұрғыда иесі біле алмауы ғажап емес.

Көптеген елдерде қазіргі  уақытта бөтеннің мүлкіне құқық  туралы мәселе көп көтерілуде. Мүлік  құқығында бөтеннің мүлкіне ерекше кепіл құқығы немесе кепіл орын алады. Бұл негізгі әдіс, қамтамасыз етуді атқаратын міндеттеме, яғни несие алушы мен оған қызмет етуші тұлға. Несие беруші кепіл құқығын ұстаушы ретінде, ал қарыз алушы затты кепілге ұсынушы, яғни мүліктің меншік иесі. Кепіл операциясы шаруашылық айналымында өте кең тарау алған. Сондықтан кепіл азаматтық құқықта толығырақ терең көрсетілген. Бұған ФАК 2071-2091; Германия 1113-1191, 1204-1273; ШАК 793-915-баптарында және арнайы мемлекеттердің кепіл туралы актілерінде, Англияның меншік туралы 1925 жылғы және АҚШ-тың арнайы актілерінде (7-209-7-210), сот тәжірибесінде көрініс тапқан.

Ал ҚР-да меншік қатынасы тәуелсіздік  алғаннан кейін біртіндеп дамыды. Кепіл мәселесін бізде банк және жеке заңды тұлғалар ұсақ пайыз негізінде  пайда табу мақсатында жүзеге асыруда. Мысалы, ұлттық ақша және шетел валюта негіздерінде тиісті мерзімдер беріледі. Және одан процент мөлшерінде пайда табуда. Сол сияқты ломбардты айтуға болады. Мұнда өзінің тиесілі бағалы (алтын, алмас, аудио, видео және басқа техникаларды тиісті мерзімге кепілге қалдыруға байланысты) заттарын тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Кепіл әрқашан мүлікке  қойылатын талап ретінде оның негізгі болуы қажет, яғни егер мүлікке  зиян келген жағдайда оған тиісті жауапкершілік  болады. Мысалы, сынған, бүлінген жағдайда заңды тұлға бұны бастапқы түрінде немесе ақшалай түрінде қайтаруы тиіс. Сондай-ақ азаматтық құқықта қозғалатын мүлік қатынасына кепіл немесе зат және қозғалмайтын мүлікке ипотека болады. Ипотека тек материалды куәланғаннан кейін әрекет етеді (ФАК 2127 бап) және арнайы жер туралы тіркеуге алынады. Алайда ипотека шартқа отырғаннан кейін жүзеге аса береді. Германия заңында екі түрі қалыптасқан:

  • Айналым ипотекасы;
  • Қамтамасыз ету ипотекасы.

         Айналыс ипотекасы дегеніміз  – мекеме, яғни оның кепілге  бергені жөнінде жер тіркелгені куәландырылады. Ал қамтамасыз ипотекасы куәлармен бірге беріледі.

Қозғалмайтын мүлікті  иеленуге Германия құқығы АК 1205-бабына сәйкес беруі мүмкін. Тек арнайы мәміле арқылы жүзеге асырылады (1260-1265 АК) [18. 110-б.].

Ал АҚШ яғни Ағылшын-америка құқығының жүйесінде қозғалмайтын мүлікке кепілдің екі формасы қалыптасқан.

▪ Мүлікті кепілге  ұстаушыға ұсыну;

▪ Фидуциарды мәміле ұсыну, яғни несие беруші мүліктің меншік иесі болып табылады және оған пайдалану  құқығын алады, бірақ кепіл келісімдегі  барлық міндетті және заңдылықты сақтау қажет.

    Мүлік құқығында узфрукты ереже орын алады, яғни мүлікті тиісті қалпына ұстай отырып, келісім негізі бойынша біреудің мүлкін пайдаланып одан түсім алу (ФАК 578-624; ГФР 1030-1089; ШАК 749-775-баптары).

Узфрукт мүлкін ғұмыр бойы тиісті мерзімге белгілеуі мүмкін немесе оның жағдайы, яғни узфрукт тоқтаған мерзімге дейін жүзеге асуы мүмкін.

Сенімдік меншік ағылшын-америка  құқығында өте кең тараған  институт. Бұның негізгі мазмұны – бір тұлға мүліктің меншік иесі болып табылады, яғни бір адам меншік иесі екінші тұлғаға мүлікті меншік иесі ретінде береді. Бұндай алушы тиімді меншік иесі деп аталады. Бірақ бұнда толық емес, яғни тиісті мақсатқа ғана көзделген меншік. Оның құқығын басқа тұлға пайда табушы жүзеге асырады. Пайда табушы ретінде құрылтайда көзделгендей, өзі және басқалар да қатыса алады. Осының нәтижесінде бір жақ басқарма өкілеттігін, екіншісі мүлікті иеленеді, ал үшіншісі содан пайда табады. [19. 409-б.]

Жалпы сенімдік меншік ХІІ-ХІІІ ғасырда Англияда пайда болған. Бұл жерге қатысты негізінде жүзеге асырылған, яғни қозғалмайтын мүлікті пайдалану феодалдық жүйені қысқарту және орта ғасырдағы діни шіркеулерді салуды шектеуге бағытталған негізде жүргізілген. Бірқатар сол кезде заңдылық өз мазмұнын толық орындаған жоқ, яғни сот пайда табушылардың құқығын қорғаған жоқ. Бірақ ол өзінің әрекетін одан әрі жалғастыра береді, тек қана ХІІІ-ХV ғасырларда бұл институтқа көңіл аудара бастады. Кейін келе сенімдік меншіктің мақсаты кеңейе түсті. Меншік қатынастары 1925 жылдан бастап Англия заңдылығында толық көрініс тапты.

АҚШ-ғы сенімділік меншік институтының өзіндік мазмұны бойыеша Англиядан  айырмашылығы болмады. Объектісі кез  келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлік болып табылды. Тек заңда ерекше көзделген заттардан басқа бұл институтқа қатысатын тұлғалар мыналар болды: ұйымдастырушы-сенімділік меншікті қалыптастырушы тұлға, мүлік бөлінісіне түсуші тұлға және сенімділік меншігін ұйымдастыру процесіне қатысы жоқ пайда табушы тұлға.

Сенімділік меншіктің қатынасына тек қана екі тарап түседі. Сенімділік меншіктің тоқтатылу тәртібі  ол тиісті мақсатқа жеткеннен кейін, яғни оның құрылған бастапқы немесе тиісті мерзіміне байланысты, сондай-ақ құрылтай құжатқа сәйкес жүзеге асуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған сенімділік меншік институты тұлғаларға үлкен мүмкіндік  бреді. Оның мүлікті басқаруға және жүзеге асыруға әрекет қабілеті жоқ  тұлғаға көмегі үлкен және оны (мүлікті) қорғауға, сақтауға, басқаруға, ірі  монополия құруға және т.б. маңызы зор.

Сенімділік меншік институты көрсетілген  екі жағдайын қарастырсақ бірі қайырымдық трест немесе қорлар, екіншісі монополиялық бірлестік құрылымы.

Сенімділік меншік бойынша  қайырымдылық трест құруда оның қызметі  континенталды еуропалық құқықта көрініс тапқан заңды тұлғалар сияқты әрекет етеді. Екі жағдайда белгілі мақсатқа сай белгілі бір мүлік бөледі. Мұндай елдерде осындай базасы бар континенталды жүйеде жаңа субъект қалыптасады, ал ағылшын-саксон құқығында сенімділік меншік иесі біреу ғана болады және

 

 

белгілі мақсатты көздеп жеке басқарады. Мұндай қайырымдылық мақсаттағы іс-әрекеттер қазіргі уақытта  Англияда және АҚШ –та өте кең  тарау алған.

Қайырымдылық трест қағидасы барлық талапты сақтауы қажет. Бұл тек  сол көзделген мақсатқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жерде басқа пайда табу көздерін көздеу негізсіз. Мұның ішінде барлық тұлғалар өзінің пайда табу мақсатында әрекет еткен субъектілер (сырқат адамдар, бала, студент) болады.

Қайырымдылық қызмет мекемеге материалдық тұрғыда үлкен  табыс әкеледі. Соның ішінде салық жеңілдігі және соңында әр түрлі текте қайырымдылық мақсатта тікелей экономикаға пайда тиеді.

АҚШ-та қайырымдылық қызмет сенімділік меншіктің нақты жалғыз формасы  болып табылмайды. Оның пайдасы көп  болғаны соншалық Англияда қолданылуда.

Келесі сенімділік меншік институт түрі ірі монополиялық бірлестіктің құрылуы. Бұл көпнесе АҚШ-та өте  кең етек алған. АҚШ-та әлем бойынша  монополиялық ірі жерлер шоғырланған. Оған дәлел ХІХ ғасырдың 80 жылдарындағы «Стандарт-ойл» компаниясының басқарушы Рокфеллердің басқаруымен жүргізілген қызмет. Жеке тұлға- 1882 жылы өз штатында әрекет еткен заңды тұлғалар ең ірі 40 компаниямен келісімге келді (мұнай жөнінде). Сенімділік меншік иесі 9 адам болды. Айырбас ретінде акция берілді. Ол ерекше сертификатқа ие болды. Оны әрбір сенім иелері алды. Компания ісін жүргізу үшін және пайда табу мақсатында ( сертификат иеленушілер) сенімді меншік иесі барлық міндеттемені өзіне алады.

Сенімділік меншік институтының пайдасы  зор болғаны соншалық шағын акционерлер  де оған қатысады. Ол ешқандай компания ісін жүргізуіне әсерін тигізбесе де өзінің акциясын беріп, одан пайда табады, тек дауыс беру барысында. Мұндай трест дауыс беру акциясын алу үшін өзінің сетификатын береді. Бұған көпнесе банк немесе компанияға сай басшылар түседі. Бұл банк үшін қосымша шығыннан босайды.

Сонымен, шетелдегі меншік құқығын  реттеу тәртібінің ҚР заңдылықтарынан  айырмашылықтары бар екендігіне көз жеткідік. Оларды елімізде заң  нормасы ретінде қолдануға да болады. Әсіресе сенімділік меншіктің (Англия, АҚШ-та әрекет ететін институт) біздің қоғамымызда субъектілер үшін пайдасы зор. Мысалы, әрекет қабілеттігі жоқ тұлғалар, сырқат адамдар, студенттер, өз билігін жүргізу кезінде мүлкін сақтай отырып, қорғай алады және оның пайдасы, табысы өз алдына. Сондай-ақ салық жеңілдігі, қаржы үнемдеу заңды тұлғаның өсуіне үлкен мүмкіншілік тигізеді. Бірақ өкімет органдары үшін бұл зиян. Себебі, салық мемлекетке түсетін қаржының қайнар көзі. Бірақ та, қазіргі нарықтық заманда өмір сүріп отырған Қазақстан халқы үшін ең бірінші кезекте орта және шағын кәсіпкерлікті көтерген жөн. Себебі, қазіргі уақытта салықтан мемлекеттегі кіріс көздерін (капитал) төлеп отырған көбінесе осы заңды тұлғалар.

Информация о работе Меншік түсінігі және түрі