Меншік түсінігі және түрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 23:08, курсовая работа

Краткое описание

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Содержание

І КІРІСПЕ....................................................................................................................3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Меншік түсінігі мен түрлері.................................................................................5
2.2 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы меншіктің құқықтық реттелу ерекшелігі.....................................................................................................17
2.3 Жер қатынастарын құқықтық реттеу.................................................................27

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................32

ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

menshik_tusinigi_men_turleri.doc

— 186.50 Кб (Скачать документ)

 ▪ Тек заңды тұлға ғана оған тиесілі мүліктің бірден бір иесі болып табылады (шаруашылық серіктестігі, қоғамдар, тұтыну және өндірістік кооперативтері).

▪ Заңды тұлғаның меншігінде, оның құрылтайшылары салым ретінде берген мүлік, сондай-ақ заңды тұлғаның өзінің қызметі процесінде алған мүліктер болады.

▪ Заңды тұлға басқа меншік иелері секілді өз мүлкіне қатысты кез келген іс-әректтерді жасай алады, тек қана рұқсат етілген жағдайда.

       ▪  Заңды тұлғаға меншік құқығы бойынша тиесілі мүліктің құқықтық тәртібін анықтайды, сондай-ақ меншік иесінің иелену, пайдалану және билік

түріне «батыстық» меншік түсінігі сәйкес келеді. Аталған меншіктің  екінші түріне маркстік сипаттағы «азиаттық» меншік түсініктері сәйкес келеді.

Меншік құрылымының аталған түрлерге бөлнуі өркениеттік көзқарастарға негізделген.

Қоғамдағы меншік құрылымы тарихи тұрғыдан ежелгі болып келеді. Ең алдымен, әдетте, сол қоғамға сай келеді, кейіннен қоғамдық, мемлекеттік немесе мемлекеттік меншік нысандары азиялық, үнді және кейбір антикалық мемлекеттерде көрініс тапты. Меншік нысандары аталған типтер шеңберінде қоғам қол жеткізген тарихтың әрбір сатысында қызмет атқарып және дамыды. Бірақ та қандай тартыс болғанымен де меншіктің осы екі нысаны бірін-бірі жоққа шығара алмады. Пугинский айтқанда «Жеке меншіктің жоқ болуы мүліктің теңдік кепілі болып табылмайтынын дәлелдейді». [10.50-б.].

1862 жылы К.Д.Кавелин, А.И.Кавелин жазғандай «Мен жерді иеленудің жалғыз түрі ретінде жеке меншікке қарсымын. Мен оның көзқарасына қарсы емеспін, бірақ та сонымен қатар ол туғызатын бәсекеге қарсы тежеме ретінде қоғамдық жер иеленуді көргім келеді. Мен қазір солай ойлаймын. Жеке меншіктің болмауы, оны алып тастау аса ақымақтық болар еді. Жеке бостандықты құрбандыққа шалудың басы болар еді. Екі меншік нысанын сақтау керек, өйткені олар бір-бірімен толықтырылып отырады.» Сондықтан ҚР екі меншік нысанын бекітті. Конституцияда меншіктің екі нысанының бөлінуі олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретінде қарау белгісі бойынша жүргізіледі. Бұған байланысты жеке меншіктің мемлекеттік емес тәртібін түсіндіреді. Егер де меншік құқығының субъектісі болып мемлекет шықса, онда сөз мемлекеттік меншік жайлы. Мемлекеттік меншік құқығы объективті мағынады, халыққа тиесілі материалдық игіліктерді бекітетін және қорғалатын, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып келеді. Субъективті мағынада, мемлекеттік меншік құқығы мемлекетке тиесілі, жалпы халықтың мүддесін ескере отырып, мемлекет өз қалауы бойынша жүзеге асыратын мүлікті иелену, пайдалану және билік ету бойынша өкілеттіліктерімен сипатталады. Жеке және заңды тұлғаларға қарағанда олар мемлекеттік меншікті мақсаттарға сәйкес пайдалануға тиісті.

Заң нормаларында меншік келесі түрлерге бөлінеді: республикалық және коммуналдық.

Конституцияның 87-бабында  көрсетілгендей, коммуналдық меншік атқарушы органдардың басқарылуына жатады. Мемлекет өз меншігіндегі мүлікке  қатысты өкілеттіктерін өзінің органдары  жүзеге асырады. Заңда қарастырылған жағдайларда және ҚР арнайы тапсырмасы бойынша және оның атынан басқа да мемлекеттік органда заңды тұлғалар және азаматтар өкілеттілік ете алады. (АК 111 бап. 1-2 тармақ).

Ак-ке сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Осындай түрлердегі ұжымдық меншік және азаматтардың меншігі заң нормаларында ортақ терминмен аталады. Азаматтардың жеке меншігінің пайда болуы

жөніндегі өкілеттілігін бекіткенде құрылтайшы құжатының ролі зор. Онда заңды тұлғаның мүлкін қалыптастырудың қайнар көздері, қозғалатын және қозғалмайтын мүлікпен билік ету тәртібі, қатысушылар арасындағы кірісті және шығынды бөлу тәртібі туралы және т.б. жағдайлар анықталады. [12. 31-б.]

мемлекеттік меншік Конституцияда (6-бап) және  Ак (192-бап) көрсетілгендей меншік түрі болып табылады. Азаматтық кодекстің 111-114 баптарына сәйкес мемлекет азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда өзінің егемендік иммунитетін көрсетпейді, керісінше жалпы ережеге сәйкес «Мемлекетке және әкімшілік аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын қалыптар, егер заң құжаттарынан өзгеше қалып туындамайтын болса, қолданылады». Мемлекеттік меншік қатынасы мынадай белгілі ерекшеліктерге ие болады:

а) мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеп отыру үшін белгілі  бір билік күшпен, яғни заңмен негізделеді  және әкімшілік акт шығарады.

ә) Мемлекет заңды тарап  болып табылмайды. Сондықтан оның атынан мемлекеттік билік және басқару органдарына белгілі шеңберде билік ету міндеттеледі, яғни заңды актілер, ережелер және оның органдарының мәртебесіне сәйкес міндеттер атқарылады.

б) мемлекеттік меншік құқығы жалпы көлемдегі сипатқа ие болады. Соның ішінде айналымнан қысқартылған немесе айналымнан алынып тасталған мүлікке кепілдік етеді.

в) меншік мүлкінің пайда  болуында ерекшелікті әдісті иеленеді, жекелеген кезде салық, жинақ  және сол сияқты мемлекеттік меншік әлеуметтік функцияны жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншік құқығының объективті мағынадағы түсінігі бойынша құқықтық норма жиынтығы, ҚР тарапынан мемлекеттік материалдық құндылыққа жататын онымен бекітілетін, қорғалатын және қабылданған тәртіпте мемлекеттік мүлікке билік ету, пайдалану және иеленуі. Ммелекеттік меншіктің субъективтік мағынадағы түсінігі мемлекетке жататын мүлікке заңды билік ету, пайдалану және иелену. Мемлекеттік меншік құқығының субъектісі ретінде ҚР қатысады, мемлекеттік меншік басқармасы және мемлекеттік билікті басқару органдары меншік заңдылығын іске асырады. Кей жағдайда заңдылықта көрсетілген негіздерге сәйкес ҚР-ның арнайы тапсырмасы бойыеша оның мемлекеттік органдары, заңды тұлғалар және азаматтар қатыса алады. Мемлекеттік орталық органдары жүйесінде мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру жөніндегі оның аумақтақ органдары, меншік заңдылықтарын жүзеге асыруда ерекше маңызды орын алады. Жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару департаменті және оның аумақтық органдары жекешелендіру барысында республика және коммуналдық мемлекеттік меншігін сату барысында оның заңды иелену барысында бір тарабы болып табылады. Сол сияқты жекешелендіру және

мемлекеттік мүлікті  басқару департаменті жергілікті атқару органы болып табылады.

Мемлекеттік меншік түріне сәйкес «Ммелекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың бір бабы бойынша мемлекеттік кәсіпорын келесі түрлерге бөлінеді.

 

    • Республиканың меншігі болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
    • Коммуналдық меншік болып табылатын коммуналды мемлекеттік кәсіпорын.

Үкіметтің 1996 жылы 25 шілдеде  шыққан Қаулысында бекітілгендей Республика мемлекеттік кәсіпорындарының санын, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың санын «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қаулының 2-бабы негізінде жергілікті әкімшілік бекітіледі.

Мемлекеттік меншік құқығының объектілері  қатарына заттар, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, ақша және шетел валюталары, бағалы қағаздар, міндеттеме және оның мүліктік құқығы және міндеттері жатады.

Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі заңда әрекет еткендей бұрынғыдай қорларда топтастырылған. Қазіргі кезде, мүлікті нақты қорларда топтастыру бұл экономикалық құндылық және кәсіпорын мүлкінің есебі мен бухгалтерлік есеп жүргізуде ыңғайлы. Әрине, қорға мүлікті топтастыру негізгі қор айналымындағы қаражат, шикізат, дайын өнім және тағы сол сияқты белгілі практикалық мағыналарды білдіреді. Бұлар жалпы азаматтық заңдылықта белгіленгендей, қандай қор, қандай көлемде және қандай мақсатқа қаржы алу есебін құру көзделуі мүмкін екенін заңды тұлғаның өзі шешеді.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік меншік түрлеріне республикалық мемлекеттік меншік және коммуналдық меншік жатады. Осы жерде республикалық мемлекеттік меншік объектісі ретінде Азаматтық кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік танылады.

Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар, республика қазынасының қатарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады. [13.414-б.].

«Бюджет жүйесі туралы»  заңға сәйкес, республиканың бюджеті  орталықтандырылған ақша қоры Республикалық  бюджеттің бағдарламаларын жасау, қаржыларын қалыптастыру, әр түрлі  функцияларды жүзеге асыру Конституция және басқа заңдылықтарға сәйкес ҚР Үкіметіне жүктеледі. [14. 20-б]. Республикалық бюджет мынадай есептен толтырылады: кеден және салық түсімдері, яғни ҚР салық және кеден заңдылықтарында көрсетілген, соған қоса жалпы мемлекеттік салық және жинақта көрсетілген мөлшерде, соған қоса жергілікті бюджеттен түсетін түсімдер; Мемлекет капиталымен операциялар жасау барысындағы кірістер. ҚР заңына сәйкес мемлекеттік мекемедегі ақылы қызметтен түсетін қаражаттар; Ресми трансферт (грант) алуда олар мынадай түрлерден тұрады: ішкі және сыртқы ресми трансферт .

АК 192-бабының 2-тармағына  сәйкес қазынаға алтын валюта қоры мен алмас қорлары жатады. ҚР Президентінің  заң күші бар «ҚР Ұлттық банк туралы»  Жарлығы қаулыға өзгеріс еңгізіп, қор «алтын валюта активі» болып атанады.

Қазынаға, мемлекеттік меншік объектісіне жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады (Азаматтық кодекстің 193-бабы). Бұл жерде түсінетін мәселе жай мемлекеттік емес, республикалық меншік (ҚР Конституциясының 6 бабының 3-тармағы). Заңдылықтар тек мемлекеттік мүлік болып табыдатын меншіктің нақты санын көрсетпеген және ол туралы қарастырмаған.

Табиғи ресурстарды  жүзеге асырудағы құқықтық меншіктің  ерекшеліктері:

а) табиғи ресурстарды  пайдалануда басқа мүлік түрлерінен оның айырмашылығының мәнін түсіне білуіміз керек, сондай-ақ көзделген мақсатта пайдалану, яғни табиғи заңдылыққа сәйкес объективті қарау;

ә) Ресурстарды  үздіксіз бақылап, оны арнайы мониторинг жүйемен  қарау;

б) Бақылау жүйесін  толық жүргізу;

в) Зардап, белгілі табиғи объектіге келеді, ережеге сәйкес белгілі бір уақыт өткенене кейін  пайда болады.

Азаматтық кодекстің 192-бабының 3-тармағына сәйкес коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коииуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғалары бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды. Коммуналдық меншіктің ерекше белгісі, оның объектілері мақсатты сипатқа және жергілікті мәселелерді шешуге бағыттылған. Коммуналдық меншіктің бір бөлігі жергілікті қазына, ал басқасы шаруашылық жүргізуге арналған және жедел басқарудағы құқықтары коммуналдық заңды тұлғаның мүлкі.

  Азаматтық кодекстің 192-бабына сәйкес мемлекеттің меншік мүлкінің иесі мемлекет болады, оның билік ету, пайдалану және иелену құқығын ешкім шектей алмайды, сол сияқты мемлекет заңды өзі белгілейді және мемлекеттік меншікті пайдалану тәртібін анықтаушы болып табылады.

ҚР Азаматтық құқықты  субъектісі, яғни жоғарыда көрсетілгендей мемлекеттік меншікті өзінің органдары арқылы, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлға арқылы басқарады.

Мемлекеттік билік ету  түсінігі бойынша оны заңмен қорғау арқылы, мемлекет мүлікке иелік етеді. Мемлекеттік басқару органы, мекемеге және ұйымға шаруашылық жүргізудің бір бөлігін немесе оралымды басқаруға құқық беруге қарамастан, билік құқығын жүргізеді.

        

          2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы меншіктің құқықтық

реттелу ерекшелігі.

 

Шетелде меншік құқығының  пайда болу негіздері меншік құқығының кез келген азаматтық қатынасында, негізгі құқықтық норма және белгілі заңды дерек барысында пайда болады. Буржуазиялық құқықтар барлық жеке меншікті дәлелдеп және шаруашылық айналымындағы, жеке меншік жөніндегі мәселеге көп көңіл аударып оны ұзақ мерзімде деректі тұрғыда иеленуге немесе жерді табиғи және экономикалық мазмұнда меншік негізінде ұлттық мүлік ретінде қорғап, кепілденуі тиіс. Доктрина және сот практикасында алғашқы және өндірістік әдістер пайда болды. Ол меншік құқығы заңының пайда болуы негізінде кең ауқымда талқыға түсіп белгіленіп және реттеледі.

Алғашқы әдісі негізінде  меншік құқығы бірінші пайда болады. Ол объект ешкімнің меншігінде емес немесе өзінен-өзі пайда болып оның құқыққа  ешқандай қатысы болмайды. Сондықтан пайда болу тәртібін заң реттейді.

Өндірістік әдіске меншік құқығының пайда болуы, яғни құқық  қабылдаушы тәртіпте мүліктің басқа  иеленушіге өтуі. Меншік құқығының пайда болуының алғашқы және басқа да әдістері барысында материалдық өндіріс үлкен мағынаға ие болды. Материалды өндірістік – жаңа мүліктер-заттарды пайдалану өндірісшіге немесе басқа тұлғаларға қатысты болады. Алғашқы әдісті меншік құқығы арнайы заң актілерімен реттейді. Мысалы, қайта өңдеу, бөтеннің мүлкін өңдеу барысында, ондағы жұмыста қателесу немесе меншік иесінің келісімінсіз тиісті тапсырманы орындау. Бұл жердегі меншік құқығын реттеу тәртібін шешу әдісі мүліктің барлық өлшемін қарайды, яғни жұмыс және материалды. Бұл жерде егер жұмысты қызметі материал құнынан асып түссе, мүліктің меншік иесі болу дайындаушыға ауысады. Бұл үшін мүліктің меншік иесі материалды немесе жұмыс күшін төлеуі тиіс (Француз АК 570-571-б.; Германия АК 950-б.; Швецария АК 726-бап; Ағылшын-американдық тәжірибе) [16.165-б].

Барлық буржуазиялық құқық жүйесіне сәйкес егер мүлік жұмысты меншік иесі жеріне тиісті ғимарат сала, ал бір-бірімен жер арқылы тығыз байланысты қатысы болса, яғни алдағы уақытқа дейін меншік иесі болып табылады. (ФАК 553-555-баптар; Германия АК 946-б; Ағылшын-америкалық тәжірибе). Германия құқығында бекітілгендей меншік иесі қозғалатын мүлік қозғалмайтын мүлікке тығыз байланысты болғандықтан оны меншіктенуі мүмкін. Мысалы, жерге құрылыс салу барысында ол жер иесіне ауысуы мүмкін.

Қозғалатын мүлік ең көп салымшы, сондықтан да ол басты  меншік иесі болып табылады. Яғни біріккен меншік (ФАК 566-569; ГФР АК 997; ШАК 727-б. 2 т). Ерекше көңіл аударатын мәселе, біріккен мүлік араласқан зат болып табылады. Олар: индивидуализирды және бөліністе болмайды. Мұндай немесе дәнді-дақылды сақтауда көпшілік меншік иесі болу. Егер аралас объектілер біреуінде басты меншік иесі болмаса, онда меншік иесі ретінде барлығы жатады (ФАК 573; ГФР 948; ШАК 727-б. 1т. Ағылшын-американдық тәжірибе).

Информация о работе Меншік түсінігі және түрі