Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 23:08, курсовая работа
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
І КІРІСПЕ....................................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Меншік түсінігі мен түрлері.................................................................................5
2.2 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы меншіктің құқықтық реттелу ерекшелігі.....................................................................................................17
2.3 Жер қатынастарын құқықтық реттеу.................................................................27
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................32
ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................38
ЖОСПАР
І КІРІСПЕ.......................
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Меншіктің құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануға және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз.
Меншік әр қоғамның негізгі және маңызды мәселесі болып табылады. Сондықтан оны қорғау, сақтау және иелену құқығы әр тараптың басты мәселесі. Қай елді алып қарасақ та, меншік мәселесін шешу барысында, оның пайда болуы, әрекет етуі, қорғалуы және иеленуі өз құқық салаларында көрініс тапқан. Сол сияқты Қазақстан Республикасында өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы мәселеге тиісінше көңіл аударыла бастады. Әрине, ең бірінші бізге белгілі жай тиісті аумақта әрекет етіп отырған кеңес кезеңіндегі социалистік тәртіпте әрекет еткен заңдарға өзгерістер енгізілуі керек.
Қазіргі таңда елімізде көптеген ғалымдар меншік құқығы туралы өз пікірлерін білдіріп, оның республика төңірегінде әрекет етуіне ат салысуда. Әрине, бұл меншік мәселесін шешудегі оң пікірлер мен көзқарастар. Алайда бұнымен шектеліп қоюға болмайды. Себебі, меншік мәселесі Қазақстан Республикасының мәселесі ғана емес, жер бетіндегі барлық мемлекеттердің маңызды мәселесі, сондықтан меншік құқығын қарастыру барысында елімізде, жақын және алыс шетелдерде әрекет етіп отырған меншік институтын қарастырып, оның бізге келетін пайдасы немесе өзара байланысы мен айырмашылығын салыстыру арқылы тақырыпты ашып көрсету маңызды болып саналады. Осыны ескере отырып, курстық жұмысымызды меншік институты, оның ішінде жеке меншік құқығы, оны құқықтық реттеу проблемалары екенін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы төңірегінде және алыс жақын шетелдердегі меншік институтының өзара байланысы, айырмашылықтары және оның (шетелдегі меншік институты) біздің елімізге келетін пайдасы бар ма, әлде жоқ па деген сияқты әр түрлі өзекті мәселелерді қарастырамыз.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Меншік түсінігі мен түрлері
Меншік құқығы дегеніміз
субъектінің заң құжаттары
Үстемдік ету меншік иесінің мүлікті өзіне ұстау, одан әр түрлі нәрсе шығару, оған әрекет ету, алмастыру және оны басқа түрде жұмсау немесе ауыстыру, иелік ету, шектеу немесе оны құрту мағынасын білдіреді. Мүлікке үстемдік ету заңды танылғандай тоқтаусыз көрсетілген. Ол заңда негізделгендей үстемдік ету мағынасын шектейді. Себебі тұлғаның мүлікке билік етуі шексіз болуы мүмкін емес, АК 188-бабында көрсетілгендей меншік құқығы шектейді деген мағынаны түсіндіреді. Ол Құқыққа байланысты ол шексіз болуы мүмкін емес, яғни тұлға белгілі заңды қатынасқа сәйкес мүлікті иеленуі, пайдалануы және билік етуі керек. Меншіктің еріктілігінің шектелуі мынаған байланысты, ол өзінің меншік өкілеттілігін жүзеге асыруда басқа тұлғаларға, мемлекетке заңда танылған және қорғалатын құқықты сақтауы керек. Бұл құқық заңды түрде сақталмағанда құқық бұзушылықтың әр түрлі көрініс табуы мүмкін. Мысалы АК 11-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар, яғни заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, кәсіпкер бәсекелестікті шектеу мақсатында азаматтық құқықтарды пайдалану, соның ішінде:
Билік ету, пайдалану, иелену белгілерінен басқа АК 188-бабында көрсетілгендей заңды актілермен қорғау меншік құқықтың бір бөлігі болып табылады. Бұл құқықтың басқа құқыққа қатысы жоқ.
Меншік иесі басқа тұлғалардың өзінің мүлкіне әрекет етуіне тыйым салуға құқығы бар – оны сақтау және қорғау, кез келген жағдайда мүлікке келген зардап үшін қалпына келтіру немесе оны қайтарып алу, сондай-ақ келген зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы бар. АК 188-бабының 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша ғана мүлікке меншік құқығы тоқтатылуы мүмкін. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады. Осы әрбір элемент құқығы, меншік құқығының ерекше элементі және олар өзара ерекше мазмұнға ие. Меншік иесі жоғарыда айтылған элементті үшінші тұлғаға бере алады, тіпті үш элементті қоса қалдыруы мүмкін, бірақ меншік иесіне қалады. Мысалы аэропорт, темір жол, қонақ үй және т.б. мүлікті бере отырып, меншік иесінің билік етуі сақтаушыға өтеді. Несие беруші жақ өз табысын қанағаттандыру үшін күштеу негізінде меншік иесіне шектеу қояды және сонда меншік иесі үш құқығынан айырылады. Алайда, ол меншік иесі болып қалуы мүмкін, яғни өзінің берешегін толық жабудан кейін барлық үш элемент бұрынғы меншік иесіне толығымен қайтады.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Заң билік етуді былайша бөледі: заңды, заңсыз, әділетті, әділетсіз. Заңды билік ету дегеніміз заңмен рұқсат етілген жағдайда пайда болады, яғни құқық негізі арқылы меншіктік құқықтың пайда болуы. Заңсыз билік ету дегеніміз мүлікке күштеу, жасырын талап ету арқылы алынған мүлік. Әділетті билік ету дегеніміз егер мүлік оның еріктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса, мүліктің меншік иесі немесе меншік иесімүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуіне де ұрланған, не олардың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы. Әділетсіз билік ету бұл жерде оған қарама-қарсы, яғни билік етуші оған заңсыз билік еткенін біліп тұрып оны пайдаланғанын айтады.
АК 188 бабында басқа билік түрлері айтылмаған тек 3-тармақта өндірістік және басқа біреудің мүлкіне билік ету жағдайы көрсетілген.
АК 240-бабының нормаларына сәйкес меншік құқығының пайда болуы қолында бар мүлікке билік етуге шақырады. Сондықтан билік ету, иелену келесі белгілерге ие болады:
а) мүлікке деректі үстемдік ету, яғни оның билік етуі;
ә) тұлғаның тиісті мүлікке әділетті, шынайы және үздіксіз деректі үстемдік етуі.
Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның табиғи қасиеттерін алу, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс және өзге де нысандары болуы мүмкін. Құқық пайдаланушылықтың жай пайдаланудан айырмашылығына келетін болсақ, құқық пайдаланушылық меншік құқығының субъективті заңдылығы, яғни мүлік пайдаланудағы субъективтілік заңдылық құқығының қамтамасыз етілуі. Ал пайдалану
дегеніміз мүлікті шынай пайдалану немесе оны шегіне шейін тұтыну, шынайы кіріс табудағы құқықты жүзеге асыру болып табылады. Пайдалану
құқығын жүзеге асыруды
меншік иесі өзі шешеді. Бірақ меншік
иесі мүлікті пайдалануда
▪ Біреу арқылы, яғни өз меншігін жалға бере отырып пайда табуы;
▪ Мүлікті біреуге беріп жұмыс істете отырып пайыз арқылы пайда табу. Бұны заңда жанама түрде пайда табу деп атайды.
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Иелену құқықтағы меншік құқығы объектісіне қатысты құқықтың заңды мәміле болуы. Мысалы: меншік иесі мүлкін жалдау жолымен кепілге беру арқылы құқық меншігін береді. Осының жүзеге асыуы құқықты иеленуі деп аталады. Құқық иеленудегі оны пайдалану заңды мәміле арқылы құқықтық меншікті толығымен немесе бір бөлігін бере алады (мысалы, жалға беруші мүлкіне билік ету және пайдалану құқығын береді).
Меншік иесі мүлкін сату барысында өзінің иелігін біреу арқылы жүргізе алмайды. Тауар бізге белгілі өндірістің бір айналымы, сондықтан меншік құқығы тауар айналымы барысында сатушы мен сатып алушы арасында өз иелігі болады. Құқық иеленуде мұның мақсаты жүзеге асыуы әр түрлі жолдармен көрсетіледі. Ереже бойынша меншік иесі құқық иеленуді жүзеге асыруға міндетті емес. Тек қана заңды бұзбауы тиіс. Әрине кей уақытта меншік иесі құқық иеленуге міндетті, яғни жалпы қоғамға маңызды болса, онда заң міндеттейді. Кей кездерде құқық иеленуді алып қояды немесе тиісті дәрежеде шектейді. Мысалы, құқық иеленуді жүзеге асыру барысында әрекет ету қабілеттілігі жоқ тұлғаға құқық иеленуді шектейді, тек заңға сәйкес өкілдік арқылы әрекет етуге рұқсат етілген.
Меншік иесі өзінің мүлкін игеру барысында тиісті игіліктерге ие болады. Сондай-ақ оның ауыртпалық жақтары көрсетіледі (қайта жаңартып жөдеу). Шарттарда басқа жақтары көрсетілуі мүмкін. Оған АК 263-баптың 1-тармағында көрсетілген негіздерді айтуға болады. Ал егер де мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шарттарда өзгеше көзделмесе сатып алушыда меншік құқығы пайда болуы мен бір мезгілде ауысады (АК 190 бап). Ал егер иеліктен айырушы адам заттарды беру мерзімін өткізіп жіберуіне кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупін өткізіп жіберген тарап жауапкершілік көтереді (Ак 190 б. 2-т.).
ҚР Конституциясының 6бабына сәйкес
екі меншіктің саны көрсетілген.
Олар бірдей дәрежеде мемлекетпен қорғалады.
АК меншіктің екі нысанын
негізінде иеленудің екі нысаны: жеке және ұжымдық болып бөлінеді. Азаматтық иеленудің жеке нысаны екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады. Олар:
Жеке иеленудің екінші түрі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты екі түрге бөлінеді: а) заңды тұлға құрамай-ақ қызмет ету; б) заңды тұлға құрып қызмет ету.
Иеленудің ұжымдық нысаны екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:
Жалдамалы жұмысшы күшін
тартуға негізделген
Азаматтың құқығы осы қарастырып жатқан қатынастарды, яғни мүліктің азаматтың меншігіне өтуі, азаматтың өз мүлкін иелену, пайдалануы және билік ету бойынша өкілеттіліктерін, мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Осы қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығы институтын құрайды. Субъективті мағынадағы азаматтардың меншік құқығы бұл заң шығарушы белгілеген шеңберде азаматтың өз іс-әрекетерімен өз игілігіндегі мүлікті иеленуі, пайдаланылуы, билік етуі бойынша өкілеттілігін жүзеге асырудың заңмен көзделген мүмкіндігі [11.107-108-б]. Бірақ та кейбір жағдайларда мүлікті мақсатына және мүдделеріне байланысты пайдалануда меншік иесінің бұл құқықтары шектелуі мүмкін. Мысалы, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, меншік иесіне, өндіріс жұмыстарына байланысты жалпы мүлікке қауіп төндіретін және оны нашарлататын, бөлмені өзгертуге, соның ішінде қайта жобалау және қайта жабдықтауға тыйым салады. АК 34-бабына сәйкес коммерциялық заңды тұлғалардың құқықтық нысаны болып тек қана шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғам, өндірістік және тұтыну кооперативтері, қоғамдық және діни бірлестіктер, ассоциациялар және одақтар, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа да ұйымдар саналады. Белгілі бір ұжымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларға мүліктің пайда болуы және тоқтатылуы, пайдалануы және билік ету ерекшеліктері тән. Сонымен қатар заңды тұлғалардың меншік құқығына лайық жалпы заңдылықтар бар.