Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 13:42, курсовая работа

Краткое описание

Аталып отырған курстық жұмысым «Әлеуметтік нормалар» болып табылады. Жоғарыда аталған курстық жұмысты яғни «Әлеуметтік нормалар» ретіндегі курстық жұмысты толық актуалдық тақырып деп ойлаймын. Оның себебі: ҚР-ның әлеуметтік құқығы ең бір басты құқытың саласы болып табылады. Яғни осы актуалдық тақырыбым, мемлекеттің күнделікті өмірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының құқық салаларының айтарлықтай ең бір үлкен саласы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі 5
1.1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі 5
1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері 8
ІІ тарау Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы 16
2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны 16
2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері 24
2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі 30
Қортынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер: 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны КУРС КУКЫК.doc

— 286.50 Кб (Скачать документ)

Құқықтық норманың негізгі сипаттары:

Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әлеуметтікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конститутцияда және заңдарда көрсетілген.

Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісін» жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.

Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация  деп аталады. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.

Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.

Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруын толық түсінуге болады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Салық туралы» заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482 бабы. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады: жалпылама түрі-нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген; толық-айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі; сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралыбасқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің – 7 бабы). Гипотезаның үш түрі болады: егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды; егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды; егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса – мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады: абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу тағы басқа; салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар); альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркінде-құзырында.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар: 1) қоғамдық маңызы бар іс-әректтерге ынталанудан шығады мақсат, ой-арман, рухани құндылық т.б. 2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін,міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді; 3) қоғамдық ұйғарымның  санкцияның негізі болуы керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы 2004 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2011.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
  3. Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы  2003 жыл.
  4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері».  Алматы «Жеті Жарғы» 2003жыл.
  5. Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
  6. Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
  7. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1300 Қаулысы (2013.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  8. Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004.
  9. Матузов Н.И., Малько А.В. «Теория государства и право. Москва. Юристь 2005
  10. Богданова Н.А. Конституционное право (общия часть). Учебное пособие в двух частях. М.: Юрид. колледж. МГУ. 2006.
  11. Ағдарбеков Т. Құқық негіздері «Нұр-пресс» Алматы 2006

 


 



Информация о работе Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы