Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 13:42, курсовая работа
Аталып отырған курстық жұмысым «Әлеуметтік нормалар» болып табылады. Жоғарыда аталған курстық жұмысты яғни «Әлеуметтік нормалар» ретіндегі курстық жұмысты толық актуалдық тақырып деп ойлаймын. Оның себебі: ҚР-ның әлеуметтік құқығы ең бір басты құқытың саласы болып табылады. Яғни осы актуалдық тақырыбым, мемлекеттің күнделікті өмірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының құқық салаларының айтарлықтай ең бір үлкен саласы болып табылады.
Кіріспе 3
І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі 5
1.1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі 5
1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері 8
ІІ тарау Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы 16
2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны 16
2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері 24
2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі 30
Қортынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер: 38
Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ бір
қатар дәуірлерде діни нормалар заңды
сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азаматтық-құқықтық, отбасы-некелік
және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі
кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде
Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің
барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық
және моральдық нормалардың негізі болып
табылады.Діни нормалардың адамдарды,
әсіресе жастарды инабаттылыққа,парасаттылыққа,
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы. Діни нормалар-бұл әлеуметтік нормалардың бір түрі, тиісті діни нанымдар жөніндегі қасетті қазықта бекітілген мінез-құлық ережесі. Бұл нормалардың орындалуы әр-адамның сана-сезіміне байланысты, бұл дүниедегі күнәһар адамдар о дүниеге барғанда құдай жазасына ұшырап, тозаққа түсулері мүмкін деген діни адамдардың уағыздауларының нәтижесі деп білуіміз қажет.
Құқық және корпоративтік нормалар. Корпоративтік нормаларға мүшелікке
негізделген еркін қауымдастықтардың,
кәсіптік одақтардың, партиялардың жарғылары
мен басқа да құжаттарында бекітілген
нормалар, сонымен қатар, кооперативтік
және коммерциялық ұйымдардың жарғыларында
бекітілген нормалар жатады.Ол нормалар
азаматтық қоғамның,мемлекеттің экономикалық,әлеуметтік,
Корпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсастығы олардың екеуінің де белгілі бір ресми тәртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы- олар өздеріне сәйкес ұйымдардың мүшелердің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпоративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көзделген әсер ету шараларды қолданылады. Қоғамдық, кооперативтік ұйымдардың нормалары да әлеуметтік нормаға жатады. Бұл қандайда болмасын жоғарғы ұйымдардың, айталықсаяси партиялардың тағайындаған мінез-құлық ережесі. Партиялардың,кәсіптік одақтардың мүшелікке негізделген ерікті қоғамдардың (әйелдер, жастар, ардагерлер, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, дене шынықтыру-спорт және өзге де ұйымдар) жарғылары мен басқа да құжаттарындағы корпоративтік нормалар деп аталатындар нормалардың ерекше тобын құрайды. Саудалық мақсат көздейтін кооперативтік және өзге де ұйымдардың жарғылары мен басқада актілеріндегі нормалар да соларға жатады. Бұл нормалар осындай ұйымдардың мүшелері арасындағы қатынастарды, сондай-ақ ұйымның өзінің басқа ұйымдармен және мемлекеттік органдармен қатынастарын реттейді. Корпаративтік нормалардың құқық нормаларымен біршама ұқсастығы болады. Мысалы, корпаративтік нормалар да, құқық нормаларыда уәкілдік берілген органдар (мемлекеттік органдар,қоғамдық бірлестіктердің жиналыстары) ресми белгіленген тәртіппен қабылданған жазбаша актілерде баяндалады. Бірақ құқық нормаларының өзгешелігі корпоративтік нормалар тиісті ұйым мүшелерінің ғана еркі мен мүдделлерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті, бондай нормаларды бұзушыларға моральдық және тәртіптік ықпал ету шараларына жеке ұйымның жарғысында кзделген шаралар қолданылады сөгіс, партия қатарынан шығару. Кейбір қоғамдық бірлестіктер мелекеттік-құқықтық қатынастарға қатысушылар ретінде көрінеді. Халық депутаттарының сайлауы кезінде партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге халық депутаттығына кандидаттар ұсыну, сондай-ақ сайлау комиссяларына өз өкілдерін тағайындау құқығы беріледі. Корпоративтік нормаларға, соны мен қатар, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін коммерциялық ұйымдардың,егер заң құжаттарында өзгеше көрсетілмесе, жарғы не құрылтайшарты мен жарғысы, не тек құрылтай шарты да жатады. Бұлар заңды тұлғалар болып табылады. Азаматтық заңдарға сәйкес заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін жүзеге асыру кезінде осыған ұқсас проблемалар пайда болады. Заңды тұлға ретіндегі қоғамдық ұйымның арнайы құқық қабілеттілігі, яғни өзі кіруге құқылы құқықтық қатынастар шеңбері жарғы нормаларымен белгіленеді. Кооперативтік және қоғамдық ұйымдар жарғыларының нормалары заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігін,шарттар жасауға құқылы ұйымдар атынан өкілдікті жүзеге асыратын адамдар мен органдардың тізбесін анықтайды. Бұл нормаларды кооперативтік және қоғамдық ұйымдар аппаратының қызметкерлері ғана емес,ұйыммен іскерлік келіссөздермен келісімдер жасайтын тұлғалардың бәріде басшылыққа алуға тиіс.
Құқық және әдет-ғұрып. Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде оларды сақтау әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады. Әдет-ғұрып көне дәуірден тәжірибеден өткен қоғамға пайдалы нормалар,олардың біразы құқықтың негізіне айналды. Азаматтық, отбасы құқықтарына көптеген нормалар кірді. Азаматтық қоғамның көптеген қарым-қатынастарын әдет-ғұрып нормаларымен реттеп-басқарады. Мемлекет пен құқық әдет-ғұрып нормаларға жан-жақты көмек көрсетіп отырады. Біраз нормаларды қабылдап мемлекеттік күші бар нормаға айналдырып отырады. Әлеуметтік нормалардың тағы бір түрі әдет-ғұрып бұл ерте заманнан қалыптасқан адамның сана-сезімінде сан рет қайталанып ұялаған мінез-құлық ережесі. Оларды орындау- әрбір адамның әдетіне айналған,мысалы,бөгде адамды сыйлау,құрмет көрсету. Әдетте,әдет-ғұрып ұлттық және жергілікті болып келеді.олар ұрпақтан ұрпаққа ауыз-сөз ретінде таралып отырған. Әдет-ғұрыпты орындамау тек қоғамдық шараларды қолданумен ғана шектеледі, айталық, жұрт алдында сөгу, айыптау. Әдет-ғұрып нормаларын қоғамдағы әлеуметтік нормалардың ішіндегі, құрамындағыең кең тарған нормалар жүйесіне жатады. Мемлекетте өмір сүретін ұлттар мен этностар көп болатын болса, әдет-ғұрыптар да көп болады.моно халықтар қалыптасқан елдерде әдет-ғұрыптар бір этностың ғана ғасырлар бойы қалыптасып, қабылдаған нормалардан құралады. Әдет-ғұрып нормалардың пайда болып қалыптасуы мына жағдайларға байлансыты: әр халықтың әдет-ғұрып нормаларының сан түрлі болуы географиялық қоршаған ортаға байланысты болып қалыптасады. Климат, жердің көлемі, ландшафты, жердің орналасуы, табиғи фактор әдет-ғұрыптың мәніне, түрлеріне тікелей әсер етеді. Африка континентінде өмір сүретін этностардың әдет-ғұрыптарымен Еуропаның дәстүрлерін салыстыруға болмайды. Себебі климат, ландшафт адамдардың сол ортаға бейімделуіне байланысты әдет-ғұрыпты қалыптастырады,тәуелде етеді. Мысалы, қазақ халқының қоақжайлық әдет-ғұрпы тікелей географиялық факторларға байланысты қалыптасқан әдет-ғұрып нормалары-деген әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктерге байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығы.
Құқық және салт-дәстүр. Дәстүр қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарын рерттегенде маңызды рөлді иеленеді. Ол құқықпен, моральмен, мәденитпен, саясатпен, дінмен басқада әлеуметтік нормалармен тығыз байланысты. Тарихи құқық норма жүйе ретінде дәстүрден бастау алады. Дәстүр-белгілі сферада кеңінен таралған жүріс-тұрыс ережесі. Ұзақ және бірнеше рет қайталану нәтижесінде өз еркімен орындайтын әдетке айналады. Әдет- тұлғаның қалыптасуындағы ең күшті құрал болып табылады. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа беріліп көптеген ғасырлар бойы өмір сүреді. Олардың көбі діни,жартылай діни маңызға ие. (Мысалы:ораза ұстау). Мұндай әлеуметтік ережелер көптеген халықтарда бар және әртүрлі этностарда әртүрлі болады. Бұл әлеуметтік реттеудің ежелгі формасы. Әртүрлі дәстүрлерді сақтау (рәсімдер,) тұлға үшін заңды орындаумен бірдей. Мұнда ереже бойынша қоғамның қатаң пікірі, достарының, таныстарының сөгісіне қалу қорқынышы, жалпы қабылданған ереже нормаларды сыйламайтын адам ретінде көрініп қалу, (қонақжайлылық,жақсы көрші болу, үлкенді сыйлау) әсер етеді. Дәстүр міндеттейді. Сондықтан әркім басқа адамдардың көзінше абыройын түсірмеуге, қалыптасқан ережелерді басқа адамадар сияқты орындауға тырысады. Мұндайларды орындаудан бас тартқандар айналасындағылардың шеттетуіне ұшырауы мүмкін. Әр ұлттың салт-дәстүрінің дамуына, мемлекет пен құқық барлық жағдайды жасайды.
Заң ғылымдарында дәстүр құқықтық (жай құқық) және құқықтық емес немесе жалпы азаматтық болып бөлінеді. Құқықтық не заңды дәстүр ол заңмен қорғалады және заңдық күшке ие болады. Рірі заңмен бекітіледі, басқалары жай көрініс табады, үшіншілері құқықтан ауытқып кетеді. Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпшіліктің әдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау әдеті). Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады
Саяси норма. Құқық пен саясат дәстүрлі түрде тығыз байланысты құбылыс ретінде қаралады. Кез-келген мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаты заңмен реттеледі және осы саясаттың жетекшісі ретінде үлкен рөл атқарады. Егер маңызды құқықтық акті Конституцияны алсақ, онда ол мемлекеттік саясаттың қағидаларын, мақсатын, бағытын бекітеді.
Сонымен қатар, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына олардың мемлекеттік қоғамдықасяси өмірге араласуына кепілдік береді. Конститутция-заңды саяси құжат болып табылады.
Аристотель өз заманында саясат адамдарды,қоғамды,мелекетті басқару өнері деп санаған. Басқарудың өзі құқықтың,заңды құрал мен институттар арқылы жүзеге асады. Әсіресе бұл демокртиясы дамыған,құқықтық мәдениеті бар құқықтық мемлекетке тән. Тіпті тоталитарлық полициясы бар мемлекетте құқықсыз болмайды. Келесі бір мәселе ол қандай мақсатқа қолданылады. Ғылымда ең қатаң, ерекше мағынада саясат партиялардың, ұлттардың, халықтардың мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың, билік пен тұрғындардың, азаматтар мен олардың бірлестіктерінің арасындағы қарым-қатынастары.
Саяси норма - бұл көптеген саяси процестің субъектілерінің ережелері. Бұл нормалар әртүрлі саяси бағдарламаларда,шешімдерде, арыздарда, декларацияда қолданылады. Егер саяси норма заңда, Конститутцияда көрініс тапса, онда ол құқықтық маңызға ие болады. Саяси норма мен құқықтық норманы бөлу өте қиын. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты, көбіне араласып жатады. Мысалы; конститутция баптарында. Бұл заңи қызмет және атқарушы билік ретінде де бақыланып отырады. Заңдар, басқада нормативтік актілер экономикалық қана емес саяси мағынадада болады. Алайда құқық пен саяси нормалар арасында қарама-қайшылықтар болуы мүмкін. Саяси жағдайда өздернің жалпы қабылданған ереже,талаптары, қағидалары болады. Саясаткерлердің ұстанатын саяси этикасы болады.ең маңыздысы-бұл заңды, моральдық тәртіпті сақтау. Саяси норма құқықтық норма сияқты қатаң сақталуы керек.
Заңдық нормалар, әдетте, адамдардың санасында бекіп қалған мінез-құлықтың жалпы принциптері, оның негізгі бастаулары ретінде көрінетін моральдық нормалардан өзгеше. Мәселен, мораль өзгенің мүлкін ұрламауды талап етсе, заңдық нормалар ұрлықтың түрлерін және олар үшін жауаптылық шараларын нақты белгілейді. Демек құқық нормаларын орындау қажет болған жағдайда күштеу шаралары (әкімшілік, қылмыстық, тәртіптік, экономикалық санкцияларды қолдану) арқылы сот әділдігінің арнаулы аппаратының (соттың, прокуратураның) көмегімен қамтамасыз етіледі. Ал мораль талаптары дәстүр мен әдет-ғұрыптың, қоғамдық пікірдің күшімен немесе жеке адамның өз басының нанымымен іске асып отырады. Дәләрек айтқанда, морльдық санкция рухани әрекет шаралары арқылы қолында билігі бар жеке адам арқылы емес, ұжымдық, әлеуметтіктоп, бүкіл қоғам арқылы жүзеге асырылады.
Мораль нормалары- қоғам өміріндегі процестерде табиғи жолдармен қалыптасқан адамдардың қайырырымдылық пен зұлымдықтар, әділеттілік пен әділетсіздіктер, ар-ожданы жөніндегі талаптардың жиынтық ережесі.
Осы жоғарыда көрсетілген нормалардың барлығына Қазақстан Республикасының Конституциясы Заңды түрде мемлекетпен бірге тәуелсіз, демократиялық,егеменді қоғам құруды-негізгі міндетіміз деп жариялап отыр.
Егер құқықпен басқа әлеуметтік нормалардың арақатынасында келіспеушілік немесе қайшылықтар болса, өзара келісімге келіп, бір-біріне зиян келтірмей реттеулері керек. Екі жақты бақылауға алып дұрыс, әділ шешімін табуға міндетті. Қатынастардың барлық түрлерінде бірінші орында жеке адамның бостандығы мен қоғамның мүдде-мақсаты болуға тиісті.
Көне заманнан ғалымдар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып оған сан-қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш пікірін айтуға болады: 1 нормативті тұрғыдан қарау бойынша-құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2 социологиялық тұрғыдан қарау бойынша-құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3 философиялық тұрғыдан қарау бойынша-құқықты бостандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.
Құқыққа социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастарда жатады. Құқықтың үш тірегі бар:қоғамның материалдық деңгейі, мемлекет және имандылық. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске,қоғамның экономикалық жағдайына байланысты. Өндіріс-экономика тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай жасау керек. Бұл мүдде-мақсатты шешуде құқық өте зор жұмыс атқарады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды іске асыру үшін, талаптарын орындау үшін мемлекет түрлі әдістермен сан-алуан қызмет атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі жеке және заңды тұлғаларға тиісті шаралар қолдана алады. Сөйтіп,құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі,оның күш-қуаты,абыройы мемлекет.
Құқықтың тағы бір тірегі-имандылық. Имандылықтың өзіде адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш,бірақ оның талаптары заң емес. Имандылықтың ең күшті құралы-жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс қылықтарға тиым салады,кінәлі адамдарды жауапқа тартады. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық талаптарға сәйкес келсе, соғұрлым олардың, сапасы да, абыройы да жоғары болады.
Сонымен, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқық құзіретінің шеңбері имандылықтың шеңберінен анағұрлым кең. Құқықтың белгі нышандары;
1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Құқықтық норманы мемлекеттік органдар қабылдайды, бекітеді, басқа нормаларды қоғамдық ұйымдар қабылдайды. Нормативтік дегеніміз-адамдардың ой-жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіптеп, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Бостандық-адамннан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады. Әділеттік ерте заманнан келе жатқан әлеуметтік, моральдық принцип және норма.
3. Құқықтың бейнелейтін обьектілері болады. Олар-билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Әділдік, бостандық, демократия солар арқылы жүзеге асырылады.
4. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады,
5. Құқықтық нормалар қоғамдағы қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқарады. Басқа нормалардың үлесі аз.
6. Құқықтық нормалардың орындалуы ерікті және еріксіз түрде жүргізіледі. Басқа нормалар тек ерікті түрде орындалады.
Әлеуметтік нормалар құқықтық норманың дамуына,орындалуына ,нығаюына өте зор әсер етеді,ықпал жасайды. Жаңа заңнын жобасы алдымен көп жылдар тексеріліп, содан кейін мемлекеттік заңға айналады. Заңды,жаңа норманың жобасы дұрыс талқылап,бекітуге қабылдауға да өмірлік тәжірибе көп әсер етеді. Заң қабылданып,оны орындау процесіндеде көп жылдық әлеуметтік нормалардың тәжірибесі көмек береді.
Сонымен әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста дамып, өзгеріп, нығайып жаңарып отырады. Әсіресе бұл байланыс құқықтық нормалар арасында тығыз түрде дамиды.
Оқу тәжірибе мақсатында барлық әлеуметтік норма түрлерінің қарым-қатынасын және қызметін бөліп көрсету өте маңызды. Әсіресе бұл заң ғылымдарының қызығушылығын тудырып отырған құқық пен моральға қатысты ежелгі философтар Платон, Демокрит, Аристотель, Цицероннің өздері екі маңызды қоғамдық тәртіпті анықтаушылардың ұқсастықтар мен айырмашылық тарын көрсетіп кеткен. Құқықты моральдан айыра отырып, біздер оны басқа әлеуметтік нормалардан айырмашылығын, жалпы құқықтық реттеу жүйесіндегі орны мен рөлін көрсете аламыз. Заңгерлер ең алдымен құқықтық норманы оқиды, талдайды, қолданады бұл олардың мамандығы. Бірақта олар құқықтық қатынастардың субъектілерінің тәртібін бағалау үшін және туындаған мәселелерді шешу мақсатында үнемі этикалық жағдайларға сүйенеді орыс құқықтанушылары В.С.Соловьев, И.А.Ильин құқық кішкентай адамгершілік немесе заңмен әшекейлеген мораль деп көрсетті. Құқық қоғамның адамгершілік-гуманистік қатынастарын реттейтін құрал. Мораль, адамгершілік, этика жайлы сабақ болмай құқық мәнсіз.В.С.Соловьев мысалы құқықты былай деп түсіндірді «Белгілі жамандықтың таралуына жол бермейтін кішкентай жақсылық пен тәртіпті мәжбүрлеп талап ету».