Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 13:42, курсовая работа

Краткое описание

Аталып отырған курстық жұмысым «Әлеуметтік нормалар» болып табылады. Жоғарыда аталған курстық жұмысты яғни «Әлеуметтік нормалар» ретіндегі курстық жұмысты толық актуалдық тақырып деп ойлаймын. Оның себебі: ҚР-ның әлеуметтік құқығы ең бір басты құқытың саласы болып табылады. Яғни осы актуалдық тақырыбым, мемлекеттің күнделікті өмірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының құқық салаларының айтарлықтай ең бір үлкен саласы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі 5
1.1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі 5
1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері 8
ІІ тарау Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы 16
2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны 16
2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері 24
2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі 30
Қортынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер: 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны КУРС КУКЫК.doc

— 286.50 Кб (Скачать документ)
  1. Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады, бірақ бәріне бірдей міндетті емес. Мысалы, әдетғұрып нормаларындағы қалыңмал төлеу, кит кигізу, автобуста қарт адамдарға орын беру.
  2. Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады. Мысалы, жасы үлкенді сыйлауды қазақ қоғамында ең жоғарғы құлықтылықты қасиеттеріне жатқызған болса, қазір дағдарысқа ұшырауда.
  3. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларын реттейтін нормалардан қалыптасады.

Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін,олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып,моральдық және құқықтық нормалар,саяси,діни,эстетикалық қағидалар және ұйымдастрыу-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста. Жеке адамдардың  әлеуметтік нормаларды қабылдап,ішкі сенім-ниетіне айналдыруы-қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы.

Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі-нормаларды саналы түрде меңгеру,бұл процестің екінші практикалық жағы- сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына,дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып нығаюына сан-қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады. Оларды үш топқа бөлуге болады:

  • табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;
  • нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
  • адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы.

Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әр түрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады. Норма дегеніміз-бір қатынасты реттеп,басқаратын ереже.

 Қоғамдағы қатынастарды реттеп басқаратын нормаларды төрт топқа бөлуге болады:

  • табиғи нормалар-ғылыми тұрғыдан зерттеліп,тәжірибеден өткен  ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми норамлар деп те атайды;
  • ғылыми зерттеуден өткен,тексерілген техникалық және табиғи ережелер,инструкциялар;
  • әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;
  • құқықтық нормалар. [9, 36 б.]

 Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды  реттеп басқарып отыратын негізгі  құрал-әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай,біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп,диалектикалық процесс арқылы дамып,нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп,жаңарып,дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі,жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.

Әлеуметтік нормалар – қоғадық қатынастарды реттеуде  қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол қоғамдық қатынастар; ә субъектілік құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі  адамдармен ғана байланысты.

Әлеуметтік нормалардың белгі –нышандары:

1. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі. Жеке адамдар ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.

2. Әлеуметтік нормалар-қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың,барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтыңсөгісіне, сынына душар болады,жауапкершілікке тартылады.

3. Әлеуметтік нормалар-жай ғана ереже емес,ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже. Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар.

Міне осы көрсетілген белгі-нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың,қатынастарды реттеудің негізгі құралына айналды. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:

  • құқық нормасы;
  • моральдық нормалар-жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т.б қасиеттер;
  • саяси нормалар;
  • эстетикалық нормалар;
  • қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;
  • адамгершілік нормалары-олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, әділеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді;
  • әдет-ғұрып нормалары-адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
  • салт-дәстүр нормалары-әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасқан дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлен, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
  • діни, имандылық, инабаттылық нормалар.

Осы әлеуметтік нормалар біріге келе-адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады. Әлеуметтік норма-қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез-тәртібінің ережесі. Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде-мақсатты қорғап, дамытады. Сонымен, әлеуметтік нормаларды әдет-ғұрып, діни нормаларының, қоғамдық, коорпаратвтік ұйымдардың нормаларының, мораль нормаларының, құқық нормаларының жиынтығы құрайды.

Әлеуметтік нормалар-бұл адамдардың арасындағы қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережесі болса, техникалық нормалар адамдардың табиғатқа,техникаға,өндірістік құрал-жабдықтарға қатыстығын сипттайтын ереже. Ал, техникалық-юридикалық нормалар заңдарда бекітілген техникалық нормалар болып табылады. Әлеуметтік нормалардың белгілері болып табылатындар:

  1. бұл мінез-құлық ережелері,
  2. ортақ және жалпы міндеттілік мәнділігі,
  3. адамдардыңсаналы-ерікті қызметі нәтижесінде пайда болуы,
  4. адамдардың бірлестігі мен және тиісті құралдар мен қамтамасыз етілуі;
  5. қоғамның даму деңгейі мен шарттасуы;6.қоғамдық қатынастарды реттеуі.

Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек: біріншісі-қоғамдық мүдде-мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі-жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты. Бұл объективтік бірлестік. Өмірде бір жақты әлеуметтік норма болмайды. Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптасады. Бұл объективтік процесс. Сол арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективтік процесс. Әлеуметтік норма көп және әр түрлі. Бұл оның реттеу объектісі қоғамдық қатынастардың болуымен байланысты. Әлеуметтануда олар әртүрлі негіздер бойынша түрлерге,топтарға (жай және күрделі,интенсивті және экстенсивті, «тірі» және «өлі») деп бөледі. Ал заң ғылымдары бұл норманы қалыптасу тәсілі,қызмет ету сферасы, әлеуметтік бағыты бойынша бөледі.

 Өмірде адамдар әр түрлі  қатынастарда болып тұратыны  бәрімізге мәлім, айталық, отбасылық, тұрмыстық, еңбек, экономикалық. Осындай сан алуан қатынастарды реттеу үшін құқық нормалары жеткіліксіз. Сондықтан, құқық нормаларымен қатар қоғамда басқада әлеуметтік нормалар жұмыс істейді, олар: адамгершілік, салт-дәстүр нормалары, қоғамдық ұйымдар нормалары, діни рәсімдер, өсиеттер мен нұсқамалар. Олар да қоғамдық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқарады. Олардың негізінде моральдық, діни құқықтар және адамдардың міндеттері пайда болады. Алайда құқық нормалары қоғамдық қатынастардың жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік реттеуші ретінде көріне отырп, өзге әлеуметтік нормалардан (әдет-ғұрып,діни нормалары, адамгершілік, қоғамдық ұйымдар нормалары) айтарлықтай ерекшеленеді. Заң әдебиеттерінде құқықтың заңдық нормасы жалпы сипатта болады деп дұрыс айтылады. Ол қандайда бір нақтылы оқиғаға немесе жағдайға емес, оқиғалардың, жағдайлардың белгілі бір түріне  және сол арқылы қоғамдық қатынастардың белгілі бір санатына (некеге тұру, шарт жасасу ережесі, сайлау рәсімі, жұмысқа қабылдау не одан шығару тәртібі) есептелген. Онда адамдар мінез-құлқының ортақ, типтік нұсқалары беріледі, олар қоғамда басшылықты жүзеге асыратын әлеуметтік топтардың мүделеріне толық және дәйекті түрде сай келеді.

Сонымен, әлеуметтік норма-қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелерімен оларды реттеп-басқару нормалардың жиынтығы. Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғи заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы; техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мелекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) субъектілік құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.

Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланысты қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан  адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің ең  күрделісі.

Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық – заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы; қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді. Техникалық нормалардың түрлері мен бағыттары:

1. Техникалық нормативтік актілер, оның өзі бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, ауыл-шаруашылық, әскери, техникалық нормалар.

2. Технологиялық нормативтік актілер,мұның да бірнеше түрі бар.

3. Экологиялық техникалық нормалар.

4. Табиғат, адамды қоршаған ортаны қорғайтын техникалық нормалар.

5. Халықтың денсулығын сақтау бағытындағы техникалық нормалар.

6. Отбасында пайдаланатын  техникалық нормалар.

7. Мемлекеттік органдарда,қоғамдық ұйымдарда,ұжымдарда пайдаланатын техникалық нормалар.

8. Адамның еңбегін жеңілдететін техникалық нормалар.

Құқықтың маңызы,рөлі,әсіресе нормативтік актілер арқылы ғылыми-техникалық, технологиялық,экологиялық процестің сапасын көтеріп еліміздің әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту. Бұл үшін мемлекет техникалық, технологиялық, өндірістік, санитарлы-гигиеналық нормаларды, ережелерді қабылдап, оларды жан-жақты тексерістен өркізіп стандарт ты сертификат беруі керек. Стандарт-заттың (техниканың)нормативтік сапасы мен сипаттамасы туралы мемлекет бекіткен заңды акт. Осы стандарт арқылы техникалық норманың сапасы тексеріліп отырады.

Техникалық норманың ең күрделі саласы-табиғатты қорғау нормалары. Адамды қоршаған ортаны таза ұстау,оның табиғи дамуына,зиян келтірмеу,экологияны жақсарту ғаламдық проблема. Сондықтан дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер бұл мәселеге зор көңіл бөліп,осы бағыттағы нормативтік актілерінің сапасын жақсартуда. Біріккен Ұлттар Ұйымы да бұл мәселені қатаң бақылауға алып отыр.

Техникалық норманың екінші маңызды саласы-халықтың денсулығын сақтау. Осы бағытта мемлекеттер көп жұмыс жасауда: адамдарға арналған азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, медицинада қолданылатын техниканың сапасын жақсарту;еңбектің қауіпсіздігін,адамның рухани сана-сезімін, білімін көтеру.

Қазіргі заманда техникалық,технологиялық,экологиялық процестерді жақсарту тек құқықтық норманың ғана міндеті емес,сонымен бірге бұл ғаламдық проблемаға әлеуметтік нормалардың барлық саласы және қоғамдағы барлық ғалымдар үлес қосуы керек.

 

2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері

 

 

Құқықтық нормалар. Мемлекет бекіткен және қабылдаған бәріне міндетті және орындалуы, сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы. Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде ең маңызды және реттеу, қорғау функциялары қоғамдық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.

Құқық және діни нормалар. Азамат тарихында жаратқан иемізден жер бетіне төрт кітап, өсиет түскен. Мұса пайғамбарға-Тауарт, Дәуіт пайғамбарға-Забур, Исаға-Інжіл жәнеи ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке-Құранды жіберді. Діни нормалар осы кітаптарда және діни ілімдерде көрсетілген талаптар мен ережелердің жиынтығы. Діни нормалардың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:

а)Орындау жеке адамның өз еркімен болады. «Дінде зорлық жоқ», -деп көрсетілген қасиетті Құранда.

б)Діни нормалар зайырлы мемлекеттерде адам және азаматтардың бәріне бірдей міндетті емес. Дін мемлекеттен,мешіт мектептен бөлінген. Діни нормаларды қабылдау әркімнің жеке  басының ісі. Ал мұсылман мемлекеттерінде, әсіресе ислам діні мемлекеттік дәреже санатындағы Сауд Арабиясы, Иран, Пәкістан, Марокко, Йемен, Біріккен Араб Эмираттары сияқты 28-ге жуық елдерде діни нормаларды орындау өздерінің барлық азаматтарына міндеттелінген

в)Мемлект діни нормаларын уағыздайтын қоғам, ұйымдардың қызметтерінің антиконституциялық насихатқа жол бермеуін қадағалайды,қажет болған жағдайға сот арқылы тиым салады.

г)Діни нормаларын насихаттау арқылы гуманизм,адамгершілік сияқты қағидаларды іс жүзіне асыру қажеттігі бүкіл қоғамға пайдалы жемістерін бермек. Діни нормалар құдайға құлшылық етуге шақырып,құқық бұзушылықты ең ауыр күнә деп таниды.

Информация о работе Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы