Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 13:42, курсовая работа

Краткое описание

Аталып отырған курстық жұмысым «Әлеуметтік нормалар» болып табылады. Жоғарыда аталған курстық жұмысты яғни «Әлеуметтік нормалар» ретіндегі курстық жұмысты толық актуалдық тақырып деп ойлаймын. Оның себебі: ҚР-ның әлеуметтік құқығы ең бір басты құқытың саласы болып табылады. Яғни осы актуалдық тақырыбым, мемлекеттің күнделікті өмірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының құқық салаларының айтарлықтай ең бір үлкен саласы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі 5
1.1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі 5
1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері 8
ІІ тарау Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы 16
2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны 16
2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері 24
2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі 30
Қортынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер: 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны КУРС КУКЫК.doc

— 286.50 Кб (Скачать документ)

 

 

1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері

 

 

Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі, ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп,көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясаттың іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын тағы басқа демократиялық іс-әрекеттерді.

Құқықтық норманың құндылығы:

  • құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс беріп отырады;
  • құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
  • құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
  • құқықтық нормалар халықаралық,мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы. [5, 26 б.]

Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтық бір кпеткасы, қоғадық қатынастарының жақсы дамуының, үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп-басқарып отырады.

Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:

бірінші – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау – жоспарлауы (ішкі бостандық);

екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).

Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.

Құқықтық норманың негізгі сипаттары:

  1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әлеуметтікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конститутцияда және заңдарда көрсетілген.
  2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісін» жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
  3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация  деп аталады. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
  4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.

Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруын толық түсінуге болады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.

Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде-оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде-қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма  болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады. [6, 102 б.]

Сонымен құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасызетілетін ереже-қағида.

Құқықтық нормаларының құрылымы, жүйелері және түрлері.

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Салық туралы» заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482 бабы. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

  • жалпылама түрі-нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
  • толық-айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
  • сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралыбасқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің – 7 бабы). Гипотезаның үш түрі болады:

  • егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
  • егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
  • егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса – мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады:

  • абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу тағы басқа;
  • салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
  • альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркінде-құзырында.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.

Нормативтік актілердің жеке баптарына норманың элементтері толық болмайды. Конститутцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана болады. Қылмыстық кодекста тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып алуға болады.

Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.

  1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
  2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
  3. Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға, қаулыға сілтеме жасау.

Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары бір-біріне ұқсас емес баптарда норманың элементтері түгел болмайды, бірақ оны іздестіріп табуға болады.

Құқықтық нормалар бірнеше түоге бөлінеді:

  1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы нормалар.
  2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық тағы басқа саладағы нормалар.
  3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.
  4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
  5. Норманың элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді; нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің орындалуының, норианың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
  6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.
  7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп-басқаратын нормалар. Мысалы азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы нормалар.

Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікіплер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың иүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.

Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары.

Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.

Құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп-басқару үшін өмірге келді. Бұл – объективтік процесс. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамуда:

  • қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп-басқару үшін құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауда;
  • қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін алдын-ала нормативтік актілерді дайындау;
  • қоғамның өткен дәірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік қорытындылар жасап құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.

Сонымен құқықтық нормалар қоғамның экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктері

Арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын да реттеп-басқарып отырады.

Осы процесте халықтың, ұйымдардың қоғамның дамуы қажеттілігін, тілектерін жақсы дұрыс түсінуін – объективтік құқық дейді. Ал сол объективтік процесті нормативтік актілер арқылы реттеп-басқаруды – субъективтік құқық дейді.

Бұл екі процестің арасында тығыз байланыс, бір-біріне тәуелділік, іс-әрекетінде бірлестік болады. Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс дұрыс, жақсы дамымады. Сондықтан мемлекет бұл процестің біржақты дамуына жол бермеуге тиісті. Субъективтік құқықтың белгі-нышандары:

  • субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы;
  • ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;
  • субъектілердің бостандығын, құқықтарының дұрыс дамуын мемлекеттің бақылауында, қорғауында болуы.

Информация о работе Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы