Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 13:42, курсовая работа

Краткое описание

Аталып отырған курстық жұмысым «Әлеуметтік нормалар» болып табылады. Жоғарыда аталған курстық жұмысты яғни «Әлеуметтік нормалар» ретіндегі курстық жұмысты толық актуалдық тақырып деп ойлаймын. Оның себебі: ҚР-ның әлеуметтік құқығы ең бір басты құқытың саласы болып табылады. Яғни осы актуалдық тақырыбым, мемлекеттің күнделікті өмірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының құқық салаларының айтарлықтай ең бір үлкен саласы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі 5
1.1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі 5
1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері 8
ІІ тарау Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы 16
2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны 16
2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері 24
2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі 30
Қортынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер: 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны КУРС КУКЫК.doc

— 286.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан мемлекетінің құқығының объективтік және субъективтік қалыптасу жолдары осындай. Бұл жолмен әлемдегі барлық мемлекеттерде өтті. Құқықтың даму негіздері де, нысаны да ұқсас деуге болады. Тек аздап ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің құқығының даму процесінде діни нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды өте аз пайдаланады. Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түолері: құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр; құқықтық прецедент; нормативтік шарттар; нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан мемлекетінің нормативтік актілерінің түрлері, жүйелері Конститутцияда толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзіретіне, өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Конститутцияға нұқсан келтірмеуге міндетті. Конститутцияның талаптарының дұрыс орындалуын Президенттің аппараты мен Конститутциялық Кеңес бақылап отырады.

Республика Конститутциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар және жай жарлықтар шығарады. Республика Президентінің жарлықтары Конститутция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен:

  1. Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің конститутциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.
  2. Конститутцияда және өкімет органдарының халқының алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі.
  3. Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкәмет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады.
  4. Республиканың экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы жөніндегі стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Республика парламентінің актілері: Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Конститутциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды.

Парламент пен Палаталар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.

Үкімет актілері – заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілері және жеке қаулылары. Үкімет актілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-министр қол қояды. Премьер-министр өз құзіреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер-министрдің өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премьер-министр жоя алады. [7]

Жоғары сот актілері – Республика сот билігінің жоғарғы органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл жоғарғы соттың Президимуы, Пленумдары мен Төралқасының қаулылары мен өзге де актілері. Сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республикасының жоғарғы сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Министрлік – ведомстволар өз құзіреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын өздері бақылап отырады.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері – Кеңестер, Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Конститутцияға сәйкес мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қортындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.

Парламеттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп шыққан саяси партия өкілдерінен Үкімет құрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді. Парламент конститутциялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды, бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.

Мемлекеттің басқа органдарының нормативтік актілер шығару, қабылдау, бекіту құзіреттері Президенттік Республиканың көп айырмашылығы жоқ. Қазақстан 1993 жылғы Конститутция бойынша Парламенттік Республика, 1995 жылғы екінші Конститутцияға сәйкес – Президенттік Республика болды.

 

ІІ тарау. Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы

 

2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны

 

 

Өркенитте адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда бола бастады.

Соның ішінде моральдық, құқықтық,саяси, эстетикалық, корпоративтік, адамгершілік, діни, дәстүрлі, әдет-ғұрып. Норма-бұл белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі. Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды  зерттейді. Барлық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан,олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:

1) қоғамдық маңызы бар іс-әректтерге ынталанудан шығады мақсат, ой-арман, рухани құндылық т.б.

2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін,міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;

3) қоғамдық ұйғарымның  санкцияның негізі болуы керек.

Заң ғылымында қоғамдағы нормаларды 2 үлкен топқа бөледі:әлеуметтік және техникалық. Бұл жалпы бөлудің өзіндік мәні бар. Екі топтыңда өздеріне тән ерекшеліктері, негіздері болады. Құқықтанушылар техникалық нормаларды зерттеумен көп шұғылданбайды-бұл олардың қызметі емес. Олар тек өздерінің мамандықтарына қажет жағдайда ғана айналысады және  техникалық норманы  әлеуметтік нормадан ажыратулары қажет. Бір-бірінің объективтік критерилары мен ерекшеліктерін бөліп көрсету өте маңызды. Техникалық норма мен әлеуметтік норма өздерінің зерттеу объектісі бойынша ерекшеленеді.

Әлеуметтік норма-адамдардың бір-бірінің, адамдардың бірлестіктермен қарым-қатынасын, басқаша айтқанда әлеуметтік өмірді реттесе, ал техникалық нормалар адамдардың ішкі ортамен, табиғатпен, техникамен қарым-қатынастарын реттейді. Бұл қарым-қатынас ״адам және машина», «адам және еңбек құралы», «адам және өнекәсіп »типінде болады. Көрсетілген қарым-қатынастың ерекшелігі - екінші бір жағында жансыз заттар болады. [8, 95 б.]

Сондықтан оларды жартылай әлеуметтік маңызға ие деп айтуға болады. Техникалық нормалар ғылыми әдістерді, техникалық операциялар мен процестердің тәсілдерін анықтап отырады. Әрине, техникалық нормаларды табиғат құбылыстарымен.заңдарымен салыстыруға болмайды. Біріншісі адамдар қолымен құрылса, екіншісі адамадардың еркіне байланысты емес. Әлеуметтік және техникалық нормалар мазмұны, құрылымы жағынанда бір-бірінен ерекшеленеді. Техникалық норма мен әлеуметтік норманың ұқсастығы екеуіде адамдардың қызметімен тығыз байланысты, ал ерекшелігі олардың зертте объектісі мен тәсілдерінің  әртүрлілігі.

Техникалық нормалардың арасында құқықтық актілермен бекітілетін,осының арқасында заңды күшке ие болатын нормаларда бар. Оларды техникалық құқық деп атауға болады. Бұл материалдық, өндірістік және басқару сферасында (өрт қауіпсіздігінде, құрылыс жұмыстарында болатын ережелер, қаруды пайдалануда) болатын ережелер. Кейде оны әлеуметтік норманың негізі депте атайды. Мұндай нормалар өздерінің ұйымдастырушылық-техникалық маңызын жоймай құқықтық норманың сапалы белгілерін алады. Олар мемлекетпен шығарылады, оның еркіндігін білдіреді,мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі, арнайы нормативтік актілермен бекітіледі, реттеледі. Өздерінің реттеуші қызметін басқа құқық нормаларымен бірлесе отырып жүзеге асырады. Әсіресе, бланкеттік нормамен тығыз байланысты. Басқа тұрмыстық салада болатын техникалық нормалар құқық пен байланысты емес және бұзған жағдайда жауаптылыққа тартылмайды (мысалы әртүрлі тұрмыстық заттармен теледидармен, тоңазтқышпен, могнитафонмен жұмыс жасағанда немесе дәрі ішу ережесі).

Экологиялық жағдайларды және теңдікті бұзған кезде жауаптылық шаралары қолданылады. Табиғи балансқа жасанды араласу, эволюциялық өсу адам өміріне өте қауіпті. Ғылыми техникалық прогресс кезеңінде техникалық нормалардың рөлі арта түсуде. Бұл нормаларды сақтау, сақтамаудың нәтижесі адам денсаулығы мен тағдырына зор әсерін тигізеді. Осындай ережелерді сақтамау салдарынан әртүрлі апаттар, авариялар, басқада жағдайлар болуы мүмкін. Жай ғана бір қателік, немқұрйлылық, техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбау орны толмас өкінішке әкеледі. Бұл азаматтық саладада, әскери саладада болады. Техника күрделенген сайын оны басқаруда күрделене түспек.

Енді адамадардың жануарларға:жабайы, үй жануарларына,жалпы жануарлар әлеміне деген қарым-қатынасын реттейтін нормаларға тоқталып кетейік. Бұл нормалардың көбі сәйкесінше актілерде бекітілген. Мысалы;итті,жылқыны ұстау ережелерінде ,аңға шығуға рұқсат ету және етпеу, асырау жағдайындағы санитарлық ережелерінде көрініс табады. Бұл ережелер сақталмаған кезде жауаптылық белгіленген. Бұл нормаларды қалай бөлуге болады? Техникалық сиқтыма? Бірақ бұл жерде техника туралы сөз болып отырған жоқ қой Әлеуметтік сиқтыма? Алайда жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас қоғамдық маңызға ие болсада,әлеуметтік емес. Мүмкін оларды типі бойынша, табиғи – құқықтық норма деген жөн шығар.

Жоғарыда айтылғандай,әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің ережелерін және олардың қарым-қатынастарын реттейтін кеңінен таралған құрал болып табылады. Олар қоғамдық өмірді қатерден қорғап, қажетті бағытқа бағыттайды. Әрине әлеуметтік нормалар құрамына құқықтық нормалар да кіреді.

Әлеуметтік норма – бұл адамдарға қажетті және қажетті емес шекараны көрсететін объективті маңызды ереже. Әлеуметтік норма қоғамдық дамуда әртүрлі заңдылықта көрініс табады. Тарих дамуындағы объективтік заңдар норма болып табылмайды. Мұның соңғылары өмірге адамдар қоғамымен,әлеуметтік тәжірибе арқылы келеді. Біреулері уақыты келгенде жойылады,басқалары пайда болып, өзгереді үшіншілері белгілі топ немесе билік деп аталады. Басқаша айтқанда әлеуметтік норманың пайда болуы, қалыптасуы субъективті фактор болып табылады. Олар адамдармен жасалады және объективті қажеттілік деп түсіндіріледі. Мысалы: құқықтық норманың пайда болуы туралы Энгельс былай деді: Қоғамның алғашқы даму кезеңінде күн сайын қайталанатын өнеркәсіп актісі, азық-түлікті бөлу немесе айырбастау, өнеркәсіп, туралы жалпы ережелерге әрбір жеке тұлғаның бағыну қажеттілігі туындайды. Бұл ереже ең алдымен салт-дәстүрде көрініс табады. Содан соң заң болып қалыптасады.

Құқық басқа нормативтік жүйелерден кейін және солардың негізінде қалыптасады. Ол экономикалық ,басқада қатынастарды қатаң және мақсатты бағытта реттей бастады. Бұрынғы қоғамдық билік пен қатар ерекше бір аппаратқа сүйенетін, белгіленген заңдарға бағынбаған кезде мәжбүрлеу шараларын қолданатын көпшілік билік пайда болды. Әлеуметтік нормалардың пайда болуы қарым-қатынастың әлеуметтену ппроцесімен,адамадардың ерекше табиғи-биологиялық  және қоғамдық тұлға ретінде танылуымен байланысты болды. «Норма», «ереже» ұғымдары тең және ауыспалы мағынада қолданылды.

Әдетте олар әдебиеттерде, анықтамалық баспаларда бірінен соң бірі анықталады: норма-бұл ереже, ереже-бұл норма. Алайда мұқият зерделеп қараса, «норма» ұғымына қарағанда, «ереже» өте тар термин. Соған байланысты бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Құқықтық нормалар өзінің құрылымы жағынан өте күрделі. Мұнда ереже тек оның диспозициясында ғана көрініс табады. Ал, нормалардың көбі маңызды өте бай келеді.

Әлеуметтік норма- жай ерікті іс-әрекеттің абслютті ережесі емес. Ол сонымен қатар өмірде тәжірибеде дәлелденген нағыз іс-әрекеттерді білдіреді. Бұл жағдайда нағыз іс-әрекеттер ереже болып қалыптасады.

Норма-бұл белгілі бір нәтижеге,мақсатқа бағытталған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің өлшемі. Әлеуметтік норма кез-келген нәрсені емес, кеңінен таралған қарым-қатынастарды реттейді. Кездейсоқ байланыстар, әрекеттер нормада көрініс таппайды. «Норма» үнемі сыртқы және ішкі қарым-қатынастарды реттеуге бағыталған.

 Әлеуметтік нормалардың мәнін  ғылыми жолмен түсіну үшін,ең алдымен,оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек. Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әреуметтік нормалары қалыптасады да, олардың құрамы мен элнменттерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап, болашақ іс-әрекетінің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.

Қоғамдағы индивидтердің, адамдардың мінез-құлықтары арнайы нормалар шеңберімен шектелген. Қоғамда қабылданған тәртіп пен өмірдің қатынастары адамды бір қалыпта, тәртіп, талаптар көлемінде,өзінің мінез-құлқын қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид, қоғамның мүшесі қоғам қабылдаған нормаларға өзінің қимыл әрекетін бейімдейді. Керісінше, қоғамның санасына, оның тыныс-тіршілігіне жат талаптар мен ережелерді индивид қоғамның мүшесі ретінде қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін.

Жеке адамның мінез-құлықтары қоғамдық қатынастарда пайда болып, қалыптасқан нормаларға сай қалыптасуы қажет.

Сондықтан қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлықтарының жиынтығы ережелері әлеуметтік нормалардың өмірі мен қызметі сан алуан әрекеттерді қалыптастырады. Әрекеттер құлық тарапына сай немесе қарсы болуы мүмкін. Ал, әлеуметтік нормалар адам санасына жат ,оның табиғаты қабылдамайтын әрекеттерді жасауға тыйым салады,айыптайды. Жеке адамның санасы қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде сол орта қабылдаған тәртіп пен нормаларға тәуелді. Қоғамдық сана әрбір индивидтің Әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы. Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекшеліктері бар:

Информация о работе Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы