Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 16:49, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады. Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3


АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА-
РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.......................................................................................... 5
Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің ұғымы....................................................................... 5
Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау.............................................. 9

АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ
МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ КЕПІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ......... 14
ҚР Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық-
тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі............................. 14
Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан-
дықтарына қол сұғатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік.... 18


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 28


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................... 30

Прикрепленные файлы: 1 файл

АДАМ МЕН АЗАМ. КЕПІЛІ.docx

— 60.77 Кб (Скачать документ)

Біздің ойымызша, бұл жерде заңды тұлға жауап беруі керек. Егер кәсіпорын өз қызметкерлерінің өмірін қорғай алмаса, еңбек етуге заңға сәйкес, қолайлы жағдай жасамаса, ондай кәсіпорынның керегі жоқ деп ойлаймыз. Егер заңды тұлға қылмыстық заң бойынша жауап беретін болса, онда ол заңға сәйкес еңбек заңнамасы талап ететін нормалардың барлығын сақтайды. Сонда ғана, соңғы уақытта кең өріс алған, кәсіпорындағы адам өлімі және адам жарақаты аз болар еді.

 Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда, еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса, жауаптылыққа тартылады.

Осы тарауға қарастырылған жазаның түрі әртүрлі айыппұлдан басталып бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Қандай жаза қолданылатын сот шешеді, яғни істелінген қылмыстық әрекеттің қаншалықты ауыр, қандай  зардап  шеккенің  анықтап,  заңда  көрсетілген  жазаның  біреуін

қолданады. 

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықтан қорғау жөнінде заңдар жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс. Біз қоғамдық қатынастарды заңды тұрғыда толық реттеу, заңдылық қағидатын дәйекті түрде жүзеге асыру қажет деген пайымдауда толық бөлісеміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Конституция бойынша адам және азамат құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мойындалғанмен, олар кейбір жағдайларда іс-жүзінде орындалмай отыр. Мәселен, Конституцияның 21-бабына сәйкес әрбір адам еркін-жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдауға құқылы. Бірақ, заңдық шектеудің болмауына қарамастан, тәжірибеде ішкі істер органдарының қызметкерлерімен азаматтардың еркін-жүріп тұру құқығын шектеу жиі кездеседі.

Азаматтарды заңсыз ұстау және оларды ішкі істер органдарына алып келу фактілері жиі кездеседі. Полиция қызметкерлері мұны тергеу істеріне дәлелдер табу мақсатында қолданады. Сонымен бірге азаматтардың конституциялық құқықтары тергеу барысында да бұзылуы жиі кездеседі. Тіптен, тергеудің рұқсат етілмеген азаптау құралдарын қолдану да жиі кездесетін жәйт.

Егер мемлекетте адамға қажет заңдар жұмыс істемесе, егер заңдардың өзі адамның табиғи құқықтарын аяққа басса, онда не істеу керек? Мұндай жағдайда адам құқығы қорғалмақ түгіл, оларды бұзу әдеттегі көрініске айналады. Сондықтан соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де норматитік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де номативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның жеке азаматтық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.

Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын іс-жүзіне асы-

руда белгілі бір шектеушіліктер де жоқ емес. Біздің ойымызша, Конституциялық бостандықтарға мемлекеттік лауазымды қызметкерлер рұқсатының қажеті жоқ.

Азаматтың бостандыққа құқығы оның лауазымды қызметкер көрсетуімен емес, өзінің ерікті мінез-құлқын білдіруі тиіс. Ал біздің елімізде саяси құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруда әзірге рұқсат ету тәртібі сақталып отыр. Сондықтан заңдарды жетілдірумен қатар олардың барлық деңгейде орындалуы қамтамасыз етілуі керек. Біздің ойымызша, басты принцип «заңмен тыйым салынбағанның барлығын жасауға болады» емес, заң алдында бәрі тең, заңды сыйлау, оны орындау болуы тиіс.

Шеру, демонстрациялар, митингілерді өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу процедурасы, біздің ойымызша, оны ұйымдастырушылар үшін белгілі бір деңгейде кедергілер туындатады. Заңдағы митингілер мен жиналыстар өткізуге рұқсат алу азаматтарға өз құқықтарын еркін жүзеге асыруға кедергі келтіреді.

Қазіргі жағдайда еңбекті қорғауды қамтамасыз ету ұлттық және халқаралық көлемдегі маңызды проблема болып қалып отыр. Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтері бойынша бүкіл әлемде өндірісте жыл сайын жүз жиырма миллион жазатайым оқиғалар орын алады. Оның ішінде екі жүз он мыңы - адам өліміне алып келеді. Күн сайын бес жүзден астам ерлер мен әйелдер үйлеріне қайтпай қалады, жазатайым оқиға нәтижесінде өлімге душар болады. ХЕҰ мәліметтері бойынша жыл сайын жазатайым оқиғалар мен еңбек қызметімен байланысты аурулар салдарынан мемлекет ұлттық ішкі өнімнің 4% жоғалтады.

Қауіпсіз еңбек жағдайлары тек экономикалық, техникалық, ұйымдық шаралармен қамтамасыз етіліп қана қоймайды, сонымен қатар құқықтық сипаттағы әдістермен де, атап айтқанда: барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың әкімшіліктерінің олардың техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария бойынша шараларды орындауына қатаң бақылауды жүзеге асырудың қажетті кепілдіктерін заң арқылы белгілеу. Сонымен қатар, соңғы уақыттағы адамдар мен азаматтардың еңбекке қатысты конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жиі бұзылуына байланысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек. Бұл жерде тек жеке тұлға ғана емес, заңды тұлғада жауап беруі керек деп ойлаймыз.

Қазіргі кезде мемлекеттік лауазымды тұлғалармен қылмыстылық қатыгезденіп, ұйымдастырылып, қаруланып және сыбайлас жемқорлыққа ұштасып жатыр. Қоғамға қауіпті әрекеттердің көптеген жаңа нысандары шығып, қолданыстағы заң нормаларын айналып өтіп жатыр. Бұған себеп тек қана құқық идеологиясындағы, саясаттағы, экономикадағы дағдарыс емес, құқық қорғау органдарының әлсіреуі, заң нормаларының ескіруі. 

Өкінішке орай, біздің елімізде шынайы құқықтық кеңістік қалыптасты деп айту қиын. Себебі, бізде заң адамның мінез-құлқын, олардың іс-әрекетінің шекарасын, мүдделерін реттеп отырған жоқ. Яғни пара, туыстық байланыстар, қоғамдағы билікке жақын болу сияқты және т.б. механизмдерге басымдық беріледі. Тіптен кейбір жағдайларда адамның қоғамдағы жоғарғы лауазымы немесе жеке байланыстары оны заңдық шешімдерден қорғай алуға дейін барады. Шенеуніктердің заңсыздық және жемқорлықпен күресі негізінен тиімсіз. Бұл іс-әрекеттер қағаз жүзінде ғана қалуда. Сонда адамның құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық деп жариялау жәй бос сөзге айналады. Сондықтан еліміздегі құқық қорғау жүйесін нығайтып, адам құқығын қамтамасыз ету жүйесін халықаралық қалыптарға сәйкестендіру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Сапарғалиев Ғ.С. (ауд. С.Бақтыгерейұлы) Қазақстан Респбликасының Конституциясы. Түсініктеме. - Алматы: Жеті Жарғы, 1999, б.6

  1. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.-Алматы: Жеті Жарғы, 1999, б.45

  1. Сырттанов Б. Қазақ елінің уставы http://thenews.kz/2011/08/29/902571.html

  1. Котов А.К. Конституционное становление Казахстана как нового независи-

мого государства. - Алматы: Әділет, 1997, с.59-60

  1. Грушин Б. Философские аспекты свободы. - М.: Республика, 1993, с.15

  1. Аскеров А.А., Дурманов Н.Д. Советское государственное право. - М.: Юридическое издательство МЮ СССР, 1948, с.147-150

  1. Ростовщикова И.В. Обеспечение и защита прав и свобод личности: вопросы теории и практики ОВД. Автореф. дис. докт. юрид. наук. - М.: Норма, 1997, с.16
  1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» //Егемен Қазақстан, 2012, 15 желтоқсан

  1. Əбсаттаров М.Р. Европалық сот-адам құқығының қорғаушысы //Ақиқат, 2006, б.26-31

  1. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы http://www.unesco.kz/cgi-bin/librarye

  1. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы http://www.unesco.kz/cgi-bin/librar

  1. Мальцев Г.В. Соцалистическое правовое государство: концепция и пути реализаций. - М.: Юридическая литература, 1990, с.142

  1. Зайцев А.К. Социальный конфликт на предприятии. - М.: Калуга, 1993, с. 365

  1. Дружинин В.В., Конторов Д.С., Конторов М.Д. Введение в теорию конфликта. - М.: Радио и Связь, 1989, с.458

  1. Ағдарбеков. Т. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009, б.175-180
  1. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактi (Нью-Йорк,  
    1966ж. 16 желтоқсан) //Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, № 4, 2006, 30-құжат

  1. Бопабаев Е. Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері //Заң және заман, №5, 2009, б.38-39

  1. Айымханова, Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: оқу құралы.   
    - Алматы: Жеті Жарғы, 2003, б.124

  1. Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2012 жылдың жұмыс қорытындыларын талқылады http://www.enbek.gov.kz/kk/node/277486

  1. Беляев Н.А., Шаргородский М.Д. Курс советского уголовного права. Часть особенная. – Ленинград: Ленинградский университет, 1973, с.54-55

  1. Загородников Н.И. Принципы уголовного права //Советское государство и право, № 5, 1966, с.45

  1. Келина С.Г., Кудрявцев В.Н. Принципы советского уголовного права. - М.:

Наука, 1988, с.156

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі