Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 16:49, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады. Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3


АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА-
РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.......................................................................................... 5
Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің ұғымы....................................................................... 5
Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау.............................................. 9

АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ
МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ КЕПІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ......... 14
ҚР Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық-
тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі............................. 14
Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан-
дықтарына қол сұғатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік.... 18


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 28


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................... 30

Прикрепленные файлы: 1 файл

АДАМ МЕН АЗАМ. КЕПІЛІ.docx

— 60.77 Кб (Скачать документ)

ланады. 

Ал ҚР ҚК 147-бабы, сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын  бұрмалау немесе дауыстарды қате есептегені үшін екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Сайлау құқығының осы кағидаларын бұлжытпай жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің негізгі құралы - сайлау құқығын бұзу үшін жауапкершілік шараларын бекіту.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының осы саладағы қызметінің алдағы кезеңдегі маңызды бағытының бір векторы сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізу мен азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етудің тиімді жолдарын жасақтау болып отыр.

Қылмыстық жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың бірі болып табылады және қылмысы үшін кінәлі адамдарға ғана қатысты таралады.

Біздің қолданыстағы заңымыз 1996 жылы қабылданған ТМД елдері қабылдаған модельді Қылмыстық кодекске сәйкес болса да, сайлау құқығын қамтамасыз ету тұсында өзгертулер мен толықтыруларды қажет етеді. Өйткені біздің зерттеуіміз бойынша, ТМД мемлекеттерінің көптеген мемлекеттерінде сайлау құқығының нормалары кеңірек қамтылған. 

Адам мен азаматқа кепілденген конституциялық құқықтар мен бостандықтар ішінде оның өмірлік маңызына сәйкес тұлғаның еңбек қызметі саласына тиісті құқықтар мен бостандықтар ерекшеленеді. Себебі тек қана еңбек адам қажетті игіліктерін қанағаттандыратын материалдық және рухани игіліктерді өндіруге бағытталады.

Азаматтардың құқықтарының шынайылығы негізінде олардың кепілденгендігі жатады. Тұлға бостандығы, азаматтар құқықтарының құқықтық кепілдіктері ретінде заңдармен, құқық нормаларымен бекітілген, азаматтардың құқықтарын қорғайтын, бұзылған құқытарды қалпына келтіретін, бұзушылықтың алдын алатын құралдар мен әдістерді түсінеміз[18,б.124].

Еңбекке құқықты жүзеге асыру белгілі бір жұмысты атқарумен байланысты болғандықтан азаматтарға заңды кепілдіктердің келесі түрлері беріледі:

    • азаматтардың жұмысты, кәсіпті таңдау және еңбек қатынастарына

түсуін қамтамасыз ететін кепілдіктер;

    • саны мен сапасына сай мемлекетпен белгіленген төменгі шектен кем емес жалақысы берілетін еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін кепілдіктер;
    • заңсыз жұмыстан босатудан азаматтардың еңбекке құқықтарының кепілдіктер.

Азаматтардың еңбекке құқығы қамтамасыз ететін кепілдіктер ұлттық заңнамада бекітілген. Заңнама бойынша еңбек туралы заңдарды бұзғандық үшін жауапкершіліктің бірнеше түрлері көзделген, яғни азаматтардың еңбек құқықтары тәртіптік ,әкімшілік, қылмыстық-құқықтық шаралар арқылы қорғалады.

Соңғы кезеңде азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуы жөнінде көптеген фактілер кездеседі, алайда істегі заңнаманың кемшіліктері, еңбек құқықтарын қорғау механизмінің жетілмегендігі, еңбек заңдарын бұзушылықпен күресуге толық мүмкіндік бермейді.

Еңбек туралы заңдарды бұзғандық үшін материалдық, әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік те ҚР Қылмыстық Кодексінің 148-бабының 1-бөлігі бойынша қызметкердің жұмыстан заңсыз босатқандығы үшін, жұмысқа қайта алу жөніндегі сот шешімін орындамаған үшін және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін өзге де еңбек заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейді. Осы бап бойынша, ҚР ҚК жаза қарастырылған, яғни жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады. 

Құқықтық норма мазмұнынынан туындайтындай, қылмыстық қол сұғушылық объектісі азаматтардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған еңбек құқықтық қатынастарының бөлігі. ҚР ҚК 148- бабының 2-ші,3-ші бөліктерінде қарастырылған әрекеттердің тікелей объектілері ретінде жекелеген санаттағы тұлғалардың еңбек құқықтарын, яғни жүкті немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары, сонымен қатар жұмыскерлердің еңбекақыға құқығы да арнайы қорғалуға жатады. Бұл бап бойынша жазаның түрі екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады. 

Жалпы алғанда, бұл норманы талдау барысында, қылмыстың тікелей объектісі  -  еңбек заңнамасымен қарастырылған азаматтардың еңбек құқықтары

деп белгілеуге болады.

Сонымен қатар, адамдар мен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша ҚР ҚК 152-бап қарастырылған. ҚР ҚК 152-бабы, еңбектi қорғау ережелерiн бұзғаны үшін екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге  немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР ҚК 148-бабымен көзделген жауапкершілік, іс жүзінде, тәжірибе көрсеткендей еңбек туралы заңдарды бұзғандық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жағдайлары өте сирек кездеседі. Біз, әрине, бұл топтағы қылмыстар аз жасалады дей алмаймыз. Тәжірибеде көбіне ҚР ҚК 152-бабы, еңбектi қорғау ережелерiн бұзғаны үшін жауапқа тартылып жатады.

2012 жылдың 1 қаңтарында республика  бойынша еңбек жөніндегі мемлекеттік  инспекторлардың саны 315 адамды құраған.

2012 жылдың басынан бастап еңбек  жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 17505 тексеру жүргізген, бұл өткен  жылдың осындай кезеңіндегіден 4,5% аз (18338). Бұл ретте жоспарлық тексерулер  саны  - 4807, кешенді -130, ал жоспардан  тыс – 12568 болған, олар негізінен  азаматтардың шағымдарын қараумен  байланысты болған және олардың  еңбек құқықтарын сақтаумен байланысты  нақты мәселелерді шешу мақсатында  жүргізілген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек мемлекеттік инспекциясы 2012 жылы жалпы республка бойынша 57 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзушылықты айқындаған, соның ішінде:

-еңбек қатынастары бойынша - 33665;

-еңбек қауіпсіздігі  мен қорғау  бойынша - 23345;

-халықты жұмыспен камту бойынша - 872 бұзушылық[19].

Еңбек туралы заңдарды бұзғандық үшін көбіне материалдық, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Еңбек туралы заңдарды бұзғандық үшін материалдық жауапкершілікке жұмыс беруші де тартылады, әдетте тараптардың материалдық жауапкершілігі жеке еңбек шартымен реттеледі. ҚР ЕК 90-бабына сай қызметкерге жарақаттанудан немесе өзге де денсаулығы зақымдауынан келтірілген зиянды өтеу реттеледі. Яғни, қызметкер өзінің еңбектік міндеттерін атқару кезінде жұмыс берушінің кінәсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбекке қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан болса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды ҚР заңнамасында көзделген тәртіп пен жағдайларда өтеуге тиісті. Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына және ұйымның мүлкіне келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі сақтандырылуға тиіс.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 87-бабы бойынша жұмыс беруші немесе лауазымды адам еңбек туралы заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының кінәсінен жалақыны және өсімпұлды ұжымдық және жеке еңбек шарттарында белгіленген толық көлемінде мерзімінде төлемеуі де әкімшілік жауапкершілікке алып келеді. Әрекеттердің саралаушы белгілері ретінде аталған әрекеттердің заңды тұлға тарапынан жасалуы қарастырылады.

Адамың және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың бәрінің субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады. Кейбір қылмыс құрамдарының субъектісі арнайы, мысалы, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған адам (мысалы ҚР ҚК 141-бабының «Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу» 2-бөлігі).

Қылмыс субъектісі болып, қылмыстық құқық бойынша, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға қабілетті тұлға саналады. 

ҚР  ҚК 15-бабында регламенттелгендей қылмыс субъектісі тек жеке тұлға болуы мүмкін. 

1973 жылы жарық көрген М.Д. Шаргородский  мен Н.А. Беляевтің қылмыстық құқық  оқулығында былай делінген: “Заңды  тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа  тартқан жағдайда қылмыстық жазаның  мақсаттары түзеу және жаңадан  қылмыс істеуден алдын алу  сияқты өзінің алдына қойған  мақсатына жетпейді”. Алайда, теориялық жағынан, қылмыстық құқықта  заңды тұлғаның жауапкершілік мәселесі дау-дамайлы болып табылады[20,с.54-55]. 

Егер әкімшілік және азаматтық құқықта заңды тұлғалардың жауапкершілігі дәйекті болса, оны неге қылмыстық құқыққа қолданбасқа?

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі бұрын да тәжірибеден өткенін еске сала кету қажет мысалы, фашистік қылмыскерлерді айыптау бойынша Нюрнберг процесі кезінде Халықаралық Трибунал тек жеке тұлғаларды ғана емес, бүкіл партияларды, тіпті, елді қылмыскер деп жариялады. Бостандығынан айыру түріндегі Чернобыль трагедиясының бірнеше нақты кінәлілерді жазалау табиғатты қорғау деп айтуға болмайды.

Заңды тұлғаларды адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы кейбір түрлеріне қатысты қылмыстың субъектісі ретінде анықтаудың пайдалылығы жөнінде айтуға мүмкіндік беретін тағы бір жағдай бар. Нарықтық  қатынастарға көшу, меншік нысанының көбеюі, кәсіпкерліктің дамуы қылмыстық жауаптылық нысанының жандандыруын талап етеді. Жекелеген ғалым-заңгерлер және тәжірибелік қызметкерлер заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттілігі туралы қорытындыға келеді.

Бұл мәселені қарастыра келе біз «заңды тұлға қылмыстың субъектісі болып

табылада ма?» деген сұраққа жауап іздейміз. Қай жауаптылықты алып қарасақ та барлығында тұлғаның жауаптылығы басым. Сонымен қатар Кеңес Одағының ғалым-заңгерлерінің көпшілігі «қылмыстың субъектісі тек қана жеке тұлға танылады»,-дейді. Осыны құптаған ғалым Н.И. Загородников «қылмыстық жауаптылық әрқашан нақты тұлғамен байланысты, ол басқа адамдарға, ата-анаға, қамқоршыға, ерлі-зайыптыларға және қоғамдық ұйымдарға, заңды тұлғаларға берілмейді»,-дейді[21,с.45]. 

Сонымен қатар С.Г. Келина және В.Н. Кудрявцев былай деп жазады: «қылмыс - ол қауым немесе ұжыммен жасалатын емес, нақты тұлғамен - индивидпен жасалатын әрекет (әрекетсіздік). Тұлға тек өзінің жеке әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) келтірген зияны шегінде ғана қылмыстық жауап береді. Қылмыс үшін жаза жекелік сипатқа ие, яғни қылмыс жасаған тұлға ғана таралады [22,с.156].

Жалпы құқық елдерінде, яғни Ұлыбритания, АҚШ, т.б. мемлекеттерде заңды тұлға «artificial person» деп аталады. Оны сөзбе сөз аударса «жасанды тұлға» немесе «person at low» - «заң бойынша тұлға». Сондықтан олар тек азаматтық айналымда ғана жауаптылыққа тартылады,-дейді. Қылмыстық жаза бұл жерде жұмыс атқармайды. Сондықтан заңды тұлғаларға қатысты, жазаның құрамдас бөлігі болып табылатын жеке тұлғаның негізгі игіліктерін шектеу немесе айыру сияқты репрессивті қызметі жүзеге асырылмайды (өмір, ар, ұят, бостандық). Бұл контекст бойынша заңды тұлғаларда репутация бар, оны қылмыстық жаза ретінде алып қоюға немесе шектеуге болады. 

Қазіргі кезде мемлекеттік лауазымды тұлғалармен қылмыстылық қатыгезденіп, ұйымдастырылып, қаруланып және сыбайлас жемқорлыққа ұштасып жатыр. Қоғамға қауіпті әрекеттердің көптеген жаңа нысандары шығып, қолданыстағы заң нормаларын айналып өтіп жатыр. Бұған себеп тек қана құқық идеологиясындағы, саясаттағы, экономикадағы дағдарыс емес, құқық қорғау органдарының әлсіреуі, заң нормаларының ескіруі. Әрекет етіп отырған қылмыстық заңнама әдеттегі қылмыстарға бағытталған, яғни осы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыстық құқықтың кейбір теоретиктері заңды тұлғаны қылмыстың субъектісі ретінде ҚК-ке кіргізуге түбегейлі қарсы. Олардың пікірі бойынша заңды тұлғаға кінә концепциясы мен жазаның мақсаттары қолданылмайды.

ҚР ҚК жобасының бірі ретінде заңды тұлғаларға келесідей жазалар түрін бекіткен:

  • қосымша жаза ретінде - белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу және мүлкін тәркілеу болуы мүмкін;
  • негізгі жаза ретінде айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу, заңды тұлғаны жою (ликвидация).

Ұлттық заңнамаға заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы ережені енгізу - бұл заңнамалық техникалық ғана емес, сонымен қатар құқық теориясының да мәселесі. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын заңнамалық рәсімдеуде олармен жасалатын қылмыстың ерекшелігін еске алу керек. Заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жалпы негіз заңда бекітілген қылмысты жасау болып табылады. Қылмыстық заңда заңды тұлға қандай жағдайда, қандай қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылатыны жөнінде жазылуы керек.   

Мәселен, адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына  қол сұғатын қылмыстар үшін, нақтырақ айтатын болсақ, ҚР ҚК 152-бабы, еңбектi қорғау ережелерiн бұзу, яғни қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi қорғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян немесе абайсызда адам өлiмiне әкеп соқса, неге тек жеке тұлға жауап беруі керек.

Информация о работе Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі