МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................
3
- АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА-
РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ..........................................................................................
5
- Адамдар мен азаматтардың
конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің
ұғымы.......................................................................
5
- Адам мен азаматтардың конституциялық
құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз
ету және қорғау..............................................
9
- АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ,
БОСТАНДЫҚТАРЫ
МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ КЕПІЛІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ......... 14
- ҚР Конституциясы - адамдар
мен азаматтардың конституциялық құқық-
тары, бостандықтары мен заңды
мүдделерінің кепілдігі.............................
14
- Адамдар мен азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостан-
дықтарына қол сұғатын
іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік....
18
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
30
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам
құқықтары - маңызды ұлттық жəне жалпы
адамзаттық құндылық, ал оның жүзеге асырылу
деңгейі - мемлекеттегі қоғамдық құрылыстың
алға басуы мен жариялығының негізгі көрсеткіші.
Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары[1,б.6].
Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі
құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы
мен кепілдендірілуін белгілеп отырады.
Осылайша, нақты саяси институт ретінде
адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар
мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды
жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің,
конституциялық жəне заң нормаларының
бар екендігіне куəлік етеді.
Қазіргі кезде адам құқықтарын айқындайтын,
бекітетін, реттейтін елуден астам халықаралық
саяси құжаттарға қол қойылды жəне олар
əрекет етуде. Осы жəне өзге де саяси-құқықтық
нормаларда айқындалатын адам құқықтары
мен бостандықтары əртүрлі деңгейде мемлекеттердің
Конституциялары мен өзге де заңдарында
көрініс табады.
Сөйтіп,
адамның негізгі құқығы конституцияларда
бекітілген, жеке адамның (азаматтың),
саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар
мен бостандықтар енетін түбегейлі құқықты
құрайды.
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың
субъективті құқықтары мен бостандықтарының
маңызды бөлігі. Олар тек азаматтарға
қатысты айтылады, яғни саяси құқықтарға
ие болу адамның нақты бір мемлекет
азаматы болуына
байланысты.
Экономикалық құқық пен бостандық адамға
өзінің материалдық өндіріс және бөлініс
саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге
асыру үшін қажет. әлеуметтік құқық пен
бостандық адамның рухани және басқа да
қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет
етеді.
Адам мен адамзаттың жеке құқықтық жағдайы
(құқықтық мәртебесі) дегеніміз, әдеттегінше
оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Шын мәнінде, бұл адам мен азаматтың құқықтық
мәртебесінің басты мазмұны болып табылады.
Бірақ та оған өзге де құқықтық факторлар
әсер ететінін әрдайым естен шығармауымыз
керек. Олар - азаматтық қағидалар, құқық
пен бостандық кепілдіктері.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР
Конституциясы, Халықаралық нормативтік
құқықтық актілер, ҚР Жоғарғы Сот Бюллетені,
ғылыми диссертациялар және қазіргі
қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық
актілер, Қазақстан және Ресей ғалымдарының
еңбектері және басқа да бірқатар
материалдар қолданылды. Адамдар мен
азаматтардың конституцияциялық құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделерін зерттеуде
өз үлестерін қосып жүргендердің қатарында:
Ғ.С. Сапарғалиев, А.К. Котов, С.С. Сартаев, Қ.Д.
Жоламан, Е.І. Қайыржанов, Т. Ағдарбеков,
И.И. Рогов, Н.М. Әбдіров, Б.С.Бейсенов, Б.Сырттанов,
Ә. Тоқтыбеков, И.Тоқболатов, М.Әбсаттаров,
Е.Бопабаев, Тоқболатов, Г.В. Мальцев, А.Ю.Сунгуров,
Р.А. Мюллерсон, Е. А. Шахунянц, Б.Грушин, А.Г.Мучник, К.Б.Толкачев, Я.Н.Уманский,
Т.Бюргенталь, И.В.Ростовщикова, Е.А.
Лукашев. А.К. Зайцев, В.В.Дружинин, Д.С.Конторов,
М.Д.Конторов, Н.А.Беляев және басқа да ресейлік
ғалымдар мен авторлар оқулықтар мен
оқу құралдарының тиісті бөлімдері шегінде,
докторлық және кандидаттық диссертациялар
деңгейінде және пәнінің зерттелуіне
арнайы монографиялық еңбектерін арнаған.
Зерттеу объектісі болып, ҚР Коституциясы,
халықаралық заңдар, адамдар мен азаматтардың
конституцияциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің кепілі болып
табылады.
Зерттеу пәні адамдар мен азаматтардың
конституцияциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің кепіліне байланысты
құқық нормалары, теориялық көзқарастар,
сот тәжірибесі қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты болып кешенді түрде
ҚР Конституциясыны, Халықаралық актілерді,
заңдарды, ғылыми әдебиеттерді, құқықтық
тәжірибелерді қолдана отырып, адамдар
мен азаматтардың конституцияциялық құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделерін құқықтық
реттелуін және оны қорғау мәселесін,
адамдар мен азаматтардың конституцияциялық
жауапкершіліктерін жан-жақты зерттеу
мақсаты көзделіп отыр.
Сол мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер
қойылды:
- адамдар мен азаматтардың конституцияциялық
құқықтары, бостандық-тары мен заңды мүделерінің
кепілдігінің ұғымы мен құқықтық реттелуін
жүйесін қарастыру;
- адамдар мен азаматтардың конституцияциялық
құқықтары мен бостан-дықтарының жіктелу
өлшемдерін белгілеп, оларға құқықтық
сипаттама беру;
- адамдар мен азаматтардың конституцияциялық
құқықтары, бостандық-тары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз ету және қорғау ерекшеліктерін
анықтау;
- ҚР Конституциясы адам мен азаматтардың
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің
кепілдігіне құқықтық сипаттама беру
олардың құқықтық нормаларының мазмұндық
және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;
Зерттеу әдісі. Осы жұмыста
қолданыстағы ҚР Конституциясына, заңдарға
талдау және саралау әдістері, теория
мен тәжірбені ұштастыру, салыстыру, тарихи-құқықтық,
статистикалық және логика-құқықтық
әдістемелері арқылы адамдар мен азаматтардың
конституцияциялық құқықтары мен бостандықтарына
жалпы құқықтық зерттеулер жүргізуге,
оны ресми түрде түсіндіруге және кәсіби
тұрғыда әдістеме жасауға талпыныс жасалады.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден,
2 тараудан, 4 параграфтан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА-
РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
- Адамдар мен азаматтардың
конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің ұғымы
Қазіргі кезде адамдардың өздеріне қатысты
құқықтары мен бостандықтарын сыйлау
қажет толыққанды адам ретінде бағалануға
байланысты
қатынастары
жалпы əлемдік үрдіске айналып отырғандығы
жөнінде тұжырым жасауға болады. Бұған
жоғарыда аталған мемлекеттердегі адамдардың
бостандыққа деген қажеттілігінің, адамның
қадір-қасиетін жəне өзіндік дамуын сыйлауды
талап етуінің артуы мен күшеюуі, демократиялық
көңіл-күйдің жəне қозғалыстардың деңгейінің
өсуі куəлік ете алады. Мұның барлығы ұлттық
ерекшеліктердің адам құқықтарын
жүзеге асыруға бөгет бола алмайтындығын
көрсетеді.
Сонымен бірге адам құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделері нақты мемлекеттегі
құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы
мен кепілдендірілуін белгілеп отырады.
Осылайша, нақты саяси институт ретінде
адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар
мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды
жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің,
конституциялық жəне заң нормаларының
бар екендігіне куəлік етеді.
Ең алғаш рет адам құқықтары өзінің саяси-құқықтық
сипатына 1776 жылы қабылданған Адам құқықтары
жөніндегі Биллге жəне АҚШ-тың Конституциясына,
1789 жылғы «Адам
және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
туралы» Француз Декларациясына негіз
болған 1776 жылғы Вирджиния Декларациясында
ие болған еді. Сонымен қатар, 1948 жылғы Адам құқықтарының
жалпыға бірдей Декларациясында, 1966 жылғы
«Азаматтық және саяси құқықтар туралы»
Халықаралық Пактіде, 1966 жылғы «Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы»
Халықаралық Пактіде бекітілген адам
құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың
негізін құрайды.
Қазіргі кезде адам құқықтарын айқындайтын,
бекітетін, реттейтін елуден астам халықаралық
саяси құжаттарға қол қойылды жəне олар
əрекет етуде. Осы жəне өзге де саяси-құқықтық
нормаларда айқындалатын адам құқықтары
мен бостандықтары əртүрлі деңгейде мемлекеттердің
Конституциялары мен өзге де заңдарында
көрініс табады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясында
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
еліміздегі ең басты құндылықтар ретінде,
ал оларды қорғау мен сақтау мемлекеттің
басты міндеті ретінде жарияланды.
Қоғам
мен мемлекеттің даму тарихы азаматтық,
саяси және өзге де құқықтар мен бостандықтарды
жүзеге асырудың әсерлі механизмінің
болмауы, басқарудың тоталитарлық және
авторитарлық әдістері, саяси және идеологиялық
бірлікті тіпті өткір әлеуметтік - экономикалық
проблемаларды шешудің өзін де
ыдыратады.
1789 жылы
бекіткен «Адам және азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары
туралы» Француз Декларациясы
авторларының «білімсіздік, адам
құқықтарын естен шығарып алу
және оларға немқұрайлықпен қарау
қоғамның бейшаралығының және
үкіметтің дәрменсіздігінің бірден-бір
көрінісі болып табылады» деген
сөздері орынды айтылған[2,б.45].
Қазақстан Республикасының Конституциясы
- демократиялық, адамзаттық даму жолына
орныққан қоғамның және мемлекеттің негізгі,
басты құжаты.
Қазақстан
Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында
республикалық референдумда қабылданған
Конституциясының 1-бабында «Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы
- адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары», деп айқындалған.
Адам құндылықтары
мен бостандықтарын асқақтату, оларды
ең жоғарғы құндылық деп мойындау демократияны
дамытудың үлгісі болып табылады. Сондықтан
жеке адамның құқықтық мәртебесі демократияның
институттарымен тікелей байланысты.
Бұл қағида
негізінен 7-8 ғасырларда Орта ғасырлық
саясиқұқықтық жүйеге, әсіресе Еуропада
кең етек жайған инквизицияға қарсылық
білдіруден туындады. Буржуазиялық қатынастар
қалыптасып келе жатқан Еуропа ел дерінде
жаңа күш-буржуазия табы билікке ұмтылу
барысында адам құқықтарының аяққа тапталмай,
олардың мызғымас болып, ең жоғарғы құндылықтар
екенін саясиқұқықтық ой-пікірде асқан
мақтанышпен паш етті.
Атап айтқанда,
өмір сүру құқығы, меншікке ие болу, жеке
адамның құқықтарына қол сұқпау, дін, сөз
бостандықтары, тең құқылық сияқты адамдардың
құқықтарын табиғи деп жариялады, оларды
қорғау, қамтамасыз ету адамның шыққан
әлеуметтік тегіне байланысты емес, адам
болғандығынан қам- тамасыз етілуі тиіс
делінді.
Қазақстанның
саяси құқықтық ой-пікірінде адам құқықтарының
мыз- ғымастығы, тиімді қорғалуы туралы
идеялар 20-ғасырдың басында тұңғыш рет
«Қарқаралы петициясында» (1905 ж.) өзінің
шешімін тапты. Адам құқықтарының табиғи
екені және олардың ең жоғарғы құндылық
болуы қажеттігі жөнінде 1911 жылы ірі реформатор,
қоғам қайраткері, демократ Барлыбек Сыртанов
(1866-1914 ж.ж.) өзінің «Қазақ елінің уставында»
нақтылы, концептуалдық мағынада жариялады.
Мұнда: «Қазақ елінде адам баласының бәрі
тең құқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне
қарап адамдарды қорлауға жол жоқ.Адам
тек закон,һәм құдай алдында жауап береді.Қазақ
елінде адам балалары бостандықта, теңдікте
һәм бақытты өмір сүруге құқығы бар», делінген[3].
Адам құқығы
табиғи құқықтан туындайды және ол барлық
адам баласына туа біткен қасиет ретінде
танылады. Олар өмір сүру, бостандық, езгіге
қарсы тұру, бақытты болуға ұмтылу. Бұл
қасиеттер бүкіл адамзаттың ажырамайтын
құқықтары деп танылады.
Сонымен
қатар, «азамат құқығы» деген де ұғым бар.
«Азамат» сөзі адамның арнайы бір мемлекетпен
құқық пен міндет арқылы тікелей байланыста
екенін аңғартады. Кейбір мемлекеттің
Конституциялары табиғи құқықтан туындайтын
адам құқықтарының барлық талаптарын
мойындамаулары мүмкін.
Белгілі
заңгер ғалым А.К.Котов былай деп атап
көрсеткен: «Жалпы социологиялық категория
«адам құқығы» мен мемлекеттік құқықтық
ұғым «азамат құқығының» байланыста болуы
- табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық
- адам құқығы мемлекеттің мойын дауынан
тыс бола береді. Олар дүниежүзілік қауымдастықпен
гуманистік құндылық ретінде мойындалған.
Негізінде, адам құқығын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін
өз Конституцияларында бекітеді, сонымен
қатар күнделікті заңнамаларда тәптіштейді»
[4,с.59-60].