Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 16:49, курсовая работа
Краткое описание
Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады. Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді.
АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА- РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.......................................................................................... 5 Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің ұғымы....................................................................... 5 Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау.............................................. 9
АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ КЕПІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ......... 14 ҚР Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі............................. 14 Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан- дықтарына қол сұғатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік.... 18
Қазақстан өзге мемлекеттер сияқты адам
құқықтарын тану, қорғау бойынша халықаралық
құжаттар мен келісім-шарттарға қол қойды,
біздің елімізде де адам құқықтары мен
бостандықтары Конституциямен танылады
жəне кепілдендіріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының
12-бабында: «Адам құқықтары мен бостандықтары
əркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті
деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды,
заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған
қарай анықталады».
Мемлекеттік
органдардың тиісті заңды тіркелген жағдайлардан
басқа жағдайларда әрбір азаматтың ажырамас
әрі мызғымас құқықтар мен бостандықтарға
ие болатындығы мемлекет тарапынан ескерілуі
тиіс. Бұл құқықтар қоғаммен де, мемлекетпен
де берілмеген, ол әрбір адамның тумысында
адамзат табиғатымен және ерекшелік орнына
қарай берілген. Әрине, бұл жерде өмір
қоғамда оның жекелеген мүшелеріне бостандықты
шектеп беретінін де ескермей кетпеуге
болмайды. Дегенмен мұндай жағдайда қоғамның
әрбір мүшесі өмірдегі өз орнын біліп,
нені
істеуге болатынын
немесе істеуге болмайтынын айыра білуі
тиіс.
Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде
жариялай отырып адамның құқықтары мен
бостандықтарына кепілдік береді. Яғни,
мемлекет пен адам қарым-қатынасы мәселесінде
адам мен оның құқығы пайдасына шешілуі
тиіс. Себебі, Қазақстан Республикасының
Конституциясында адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары ең қымбат
қазына деп жарияланған.
Азаматтық құқық жеке тұлғаның азаматтық
қоғам мүшесі ретінде оның бостандығы
мен дербестігін қамтамасыз етуді білдіреді.
Конституцияға сәйкес мойындалып, әрі
оған кепілдік беріледі.
Әркімнің өмір сүруге құқығы басқадай
құқықтар мен бостандықтардың негізін
құрайды. Әлемдік өркениеттегі ең басты
құндылық деуімізге негіз бар, себебі
адам қаза болған жағдайда басқадай құқықтар
өздерінің мәні мен мағынасын жояды. Сондықтан
мақсатымыз құқықтық мемлекет құру болғандықтан
2003 ж. 17 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан
Республикасында өлім жазасына мораторий
енгізу туралы» Президент Жарлығының
маңызы зор. Бұл жарлық еліміздегі құқықтық
саясат тұжырымында қарастырылған қылмыстық
заңнаманы гуманизациялауды жүзеге асыруға
бағытталған.
Дегенмен, Конституция бойынша адам және
азамат құқықтары мен бостандықтары мойындалғанмен,
олар кейбір жағдайларда іс-жүзінде орындалмай
отыр. Мәселен, Конституцияның 21-бабына
сәйкес әрбір адам еркін-жүріп тұруға
және тұрғылықты мекенді өз қалауынша
таңдауға құқылы. Бірақ, заңдық шектеудің
болмауына қарамастан, тәжірибеде ішкі
істер органдарының қызметкерлерімен
азаматтардың еркін-жүріп тұру құқығын
шектеу жиі кездеседі.
Мысалға, кәмелетке толмаған У.-ды жазықсыз
соққыға жыққаны үшін Атырау қаласы сотының
2004 жылғы 25 маусымдағы үкімі бойынша полиция
бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі
жөніндегі учаскелік инспекторы Б. сотталған
[10].
Қазіргі уақытта қорғаудың қылмыстық
құқықтық құралымен бірге (адам құқықтары
мен бостандықтарын бұзудың ең ауыр түрі
қылмыс болып табылады) азаматтық құқықтық
құралы да белгіленген. Егер азамат, кез
келген дәрежедегі лауазымды адамның
іс-қимылы өзінің конституциялық құқығына
қысым жасап отыр деп санаса, Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына
сәйкес шағым жасауға құқылы.
Азаматтарды заңсыз ұстау мен тұтқындау
және оларды ішкі істер органдарына жеткізу,
оларды қызметтік кабинеттер мен басқа
да орын-жайларда ұстау фактілері кең
тараған. Мысалға, Қазақстан әлеуметтанушыларының
ассоциациясы 261 респондент арасында «Сіздің
құқықтарыңыз нақты немен бұзылды?» деген
сұрақ бойынша жүргізген сауалдама көрсеткеніндей,
құқықтары бұзылды деп санаған респонденттердің
үштен бір бөлігінен астамы - 35,2% нақты
қалай бұзылды деген сұраққа жауап беруге
қиналған. Бұл сұраққа алынған жауаптардан
шығатын қорытынды, азаматтар көбінесе
олардың құқықтары: полицияның заңсыз
ұстауымен, құжаттарды тексеруімен - 8,0%,
жалақының, өтемақының өз уақытында төленбеуімен
- 7,7%, жұмыс алу құқықтарына қысым жасалуымен
- 6,5%, зейнетақыны ең төменгі көрсеткіштермен
тағайындаумен - 4,6%, еңбек заңнамасының
бұзылуымен - 3,8%, сайлауда адамның сайлаушылар
тізімінде болмауымен - 3,1% бұзылды деп
есептейді[11].
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы
адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар
жасауда. Біздің республикамыз келешекте
де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық,
экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге
қосылуға бет бұрып, үнемі басты назарда
ұстауға кепілдік береді.
АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ,
БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ
КЕПІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ
ҚР Конституциясы - адамдар
мен азаматтардың конституциялық құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделерінің
кепілдігі
Құқықтар мен бостандықтар көп жағдайларда
адамның қоғамдағы орнын, оның мемлекетпен
өзара байланысын анықтайды. ҚР Конститутциясының
1-бабында адам, оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары ең қымбат қазына деп бекітілген.
Бұл конституциялық норма-мақсатта мемлекеттің
құқықтық дамуының ұзақ мерзімдік міндеті
- мемлекеттің құқықтық сипатын қалыптасты-
ру
жарияланған.
ҚР Конституциясының негізгі идеясы
адам мүдделерінің жалпыға бірдей презумпциясы
болып табылады. «Адам мүдделерінің презумпциясы,
- дейді профессор Г.Мальцев, - заң аясындағы
барлық қарама-қайшылықтар, барлық дау-дамайлар
адам үшін не тиімді деген көзқарас тұрғысынан
шешіледі, барлық шешімдер осы тұрғыдан
қабылданады, ал ол адам қайдағы бір қиялдағы,
қандай да болмасын демократиялық сұлбаға
сәйкес әсіреленген адам емес, нақтылы
мақсаттары мен қажеттіліктері бар өмірде
бар тірі адам[12,с.142].
Адамның құқықтары - бүкіл адамзаттың
ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде
қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын
алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар
ашылмасын, олар адамның жағдайына, құқықтары
мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге
тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
адамның ең асыл қасиеті-қадір мен қасиетін
жоғары қояды. Гуманизмге негізделген
қоғамда қадір - қасиет заңмен қорғалады.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының
Конституциясын-
да:
«Адамның қадір - қасиетіне қол сұғылмайды»
- деп жарияланған.
Бұл ереже қылмыстық және азаматтық заңдарда
нақтылана түседі. Егер біреу адамның
қадір-қасиетіне кір келтіретін мәліметтер
таратып, оның растығын дәлелдей алмаса,
онда қылмыстық, материалдық жауапкершілікке
тартылады. Жәбірленуші мұндай мәліметтерді
жалған деп есептесе, сот арқылы өзінің
жақсы атын қалпына келтіріп, сондай-ақ
өзіне келтірілген моральдық зиян үшін
материалдық шығынын өндіріп ала алады.
Адамның қадір-қасиетін аяққа таптайтын
іс ретінде балағаттауға заңмен тыйым
салынған. Адамның қадір-қасиетімен бірге
Конституция қандай да бір жақтардың жеке
өмірге заңсыз қол сұғуынан қорғайды.
Мысалы, ҚР Конституциясының 18-бабына
сәйкес, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына,
өзінің жеке отбасының құпиясы болуға,
абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы
бар.
Жеке өмірге араласпаушылық тұрғын үйге
қол сұғылмауды да білдіреді. Ешкім басқа
біреудің үйі немесе пәтеріне үй иесінің
келісімінсіз басып кіруге болмайды. Басып
кіру деп тұрғын үйге өз еркімен кірудің
барлық түрлерін: ашықтан-ашық тұрғын
үй иесінің өз еркінен тыс немесе олар
жоқ кезде құпия түрде кіруін түсінеміз.
Бұл үшін заң тіптен қылмыстық жауапкершілікте
белгіленген.
Мұндай жауапкершілік басқа біреудің
үйіне билікті шектен шығып пайдаланып
кіргенде, екі немесе одан да көп адам
кіргенде, түнгі уақытта кірсе, заңсыз
тінту жасағанда (прокурордың санкциясынсыз)
тартылады.
Полиция қызметкері тұрғын үйге тек қылмыскерді
қудалап және бұл қылмыскер тарапынан
қоғамдық тәртіп пен адамдардың өміріне
қауіп төнгенде ғана кіре алады.
Адамды тұрғын үйінен айыруға тыйым салынады.
Егер тұрғын үй адамның меншік құқығында
болса, мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану
және оған билiк ету құқығы бар.
Меншік құқығына кепілдік беру де бұрыңғы
заманнан бері табиғи құқықтардың қатарына
жатады. Меншік құқығы адамға материалдық
өндіріс пен бөлініс аясындағы мүмкіндіктерін
жүзеге асыру үшін қажетті.
Меншік иесі өзінің мүлкіне заңға сәйкес
билік ете алады. Ол өзінің мүлкін жеке
адамға, қоғамға қарсы пайдалануға құқығы
жоқ, яғни басқа адамның, бірлестіктің,
мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі
тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
жеке меншікті мемлекеттік органдар мен
лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз
қол сұғудан қорғайды. Мемлекеттік орган
азаматтың мүлкін алу туралы шешім қабылдаса,
азамат келтірген зиянын өндіріп беруге
немесе мүлкін қайтарып беруді талап етіп
сотқа жүгінуге құқығы бар.
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың
субъективті құқықтары мен бостандықтарының
маңызды бөлігі. Олар тек азаматтарға
қатысты айтылады, яғни саяси құқықтарға
ие болу адамның нақты бір мемлекет азаматы
болуына байланысты. Қазақстан Республикасы
азаматтарының саяси құқықтарын мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардың орындап
отыруына Қазақстан Конституциясында
және басқа заң актілерінде кепілдік берілген.
Енді Қазақстан азаматтарының саяси
құқықтары мен бостандықтарына келетін
болсақ, онда олардың қатарында азаматтардың
бірлесу бостандығын, бейбіт әрі қарусыз
жиналуға, жиналыстар, митингілер мен
шерулер өткізуге құқығын, сайлауға және
сайлануға құқығын, жеке және ұжымдық
өтініштер жолдау құқығын айтуымызға
болады.
Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асырудың тағы бір жолы бейбіт
жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер
мен демон- страциялар бостандығына кепілдіктің
берілуі.
Ереуілдің неғұрлым қысқа болса да, соғұрлым
жалпы анықтамасын американдық социолог
М. Уотерс берді. Ол ереуілді тұлғаға, топқа
немесе басқа ұйымға қысым көрсету талабымен
бір топ жұмысшылардың ұжымының жұмыстан
толық бас тартуы ретінде анықтама берген.
Ал К.Керр мен А. Зигель ереуілді «әлеуметтік
- оңашаланған топтар» өмірінің ажырамас
қалпы деп санайды[13,с.365].
Қазіргі таңдағы ереуілдер туралы В.Ш.Шеленко
былай дейді: «қазіргі ереуілдер - бұл
алдын-ала дайындалған, халықтың, бұқаралық
ақпарат құралдарының, жергілікті басқару
органдарының қолдауымен болатын ұжыммен
жобаланған акция»[14,с.458].
Конституциядағы сайлау құқығы ел азаматтарының
сайлауларға өз еркімен және ашық қатынасуына
кепілдік береді. ҚР «Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» Конституциялық Заңына
сәйкес, жалпыға бірдей, тең және төте
сайлау негізінде Президент, Мәжіліс және
Мәслихат депутаттары сайланады. Сенат
депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде
жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Азаматтардың сайлау құқығы Конституциямен,
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық Заңымен қамтамасыз
етіледі. Қазақстан азаматтары тегіне,
әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан
сайлауда дауыс беруге құқығы бар. Бұл
сайлау құқығын жүзеге асыруда барлық
азаматтардың теңдігін қамтамасыз етеді.
Он сегізге толған әрбір азамат Республика
Президентін, Парламент Мәжілісі мен Мәслихат
депутаттарын сайлауға қатынасуға құқылы.
Сонымен бірге, Қазақстан азаматтарының
сайлауға қатынасу құқығымен қатар сайлану,
яғни өз кандидатурасын Республика Президенттігіне,
Қазақстан Республикасы Парламентінің,
соның ішінде партиялық тізімдер бойынша,
мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне
кандидат ретінде ұсынуға құқылы.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 12-бабы
біздің елімізде адам құқықтары мен бостандықтары
танылады және соған кепілдік беріледі
деп анықтайды. 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан
Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі
туралы» Заңының 4-бабының 1-тармағы ұлттың
мүдделердің бірі «адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
ету» деп жариялайды.
Конституциялық
құқықтар мен бостандықтарды шын мәнінде
пайдалану үшін маңызды орын берілетін
заңдық кепілдіктермен қамтамасыз ету
жүйесі ерекше саналады. Заңдық кепілдіктер
мемлекеттік-құқықтық, азаматтық-құқықтық,
әкімшілік-құқықтық деген салаларға бөлінеді.
Олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
бұзылуының алдын алуға, сол сияқты бұзылған
құқықтар мен бостандықтарды қалпына
келтіруге бағытталған құралдар мен әдіс-тәсілдерге
ие болады.
Жеке адамның
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асыруда елеулі орын қылмыстық-құқықтық
кепілдіктерге беріледі. Ол кепілдіктерге
азаматтарды неғұрлым қауіпті қылмыстың
қол сұғушылықтан қорғауға байланысты
құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ
міндеттерді орындамағаны үшін жауаптылықтарды
қарастыратын заң нормалары жатады. Нақтырақ
айтқанда, қылмыстық-құқықтық нормалар
тәртіп бойынша басқа сала заңнамаларының
нормалары тиімсіз болған және конституциялық
құқықтар мен бостандықтардың бұзылуына
шара қабылдай алмаған жағдайда қолданылады.
ҚР ҚК 2-бабы
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
бірінші орынға қояды. ҚР ҚК 3-тарауындағы
141-155-баптарында (барлығы 14 құрам) қандай
қоғамдық қауіпті әрекеттерден адамның
және азаматтың конституциялық құқықтары
мен бостандықтары қорғалатыны айтылған.
Сөйтіп,
адамдардың және азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстар деп, Қазақстан Республикасының
Конституциясымен жария етілген азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары-на қол сұғатын
қылмыстық заңмен көзделген қоғамдық
қауіпті әрекеттер таныла-
ды.
Сонымен, азаматтық құқық пен бостандыққа,
саяси құқықтар мен бостандықтарға, экономикалық
және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан
Республикасы Конституциясында ерекше
мән беріледі. ҚР Конституциясында жария
етілген азаматтардың осындай құқықтары
мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық
заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп
санайды.
Қылмыстық заң нормалары
азаматтардың конституциялық осы
құқықтары мен бостандықтарын
қорғауда аса маңызды рөл атқарады.
Айтылып отырған қылмыстың
топтық объектісі болып азаматтардың
конституциялық құқықтары мен
бостандықтары саналады.
Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тікелей
объектісіне сәйкес және азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының мәніне
қарай, мынадай негізгі топтарға бөлінеді: