Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 16:49, курсовая работа
Краткое описание
Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады. Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді.
АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА- РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.......................................................................................... 5 Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің ұғымы....................................................................... 5 Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау.............................................. 9
АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ КЕПІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ......... 14 ҚР Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі............................. 14 Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан- дықтарына қол сұғатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік.... 18
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы
қылмыстар: азаматтардың тең құқықтылығын
бұзу (141-бап); сайлау құқығын жүзеге асыруға
немесе сайлау комиссияларының жұмысына
кедергі жасау (146-бап); сайлау құжаттарын,
референдум құжаттарын бұрмалау немесе
дауыстарды қате есептеу (147-бап); журналистің
заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру
(155-бап); жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру
өткізуге, пикет жасауға немесе оларға
қатысуға кедергі жасау (151-бап); ереуілге
қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас
тартуға мәжбүрлеу (153-бап); қызметкерлер
өкілдерінің заңды қызметіне кедергі
келтіру
(150-1бап).
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық
құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстар: ҚР еңбек заңнамасын бұзу (148-бап);
еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап).
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы
қылмыстар: жеке өмірге қол сұғылмаушылықты
және Қазақстан Республикасының дербес
деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын
бұзу (142-бап); хат жазысу, телефонмен сөйлесу,
почта, телеграф хабарларының немесе өзге
хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап);
дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап);
тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу
(145-бап); қинау(141-1-бап).
ҚР ҚК 10-бабына сәйкес, адамдар мен азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарына
қарсы қылмыстардың көбі қылмыстық заңнамамен
онша ауыр емес қылмыс түріне жатқызылған,
тек кейбір қылмыстар ғана ауырлығы орташа
қылмыстарға жатады. Себебі, негізгі
қылмыс құрамының көбі заңмен формальды
құрамда құрастырылған, яғни қоғамдық
қауіпті зардап
болмайды
дегенді білдіреді.
Қорытындылай келе, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары
мен бостандықтарын жүзеге асыруда елеулі
орын қылмыстық-құқықтық кепілдіктерге
беріледі. Ол кепілдіктерге азаматтарды
неғұрлым қауіпті қылмыстың қол сұғушылықтан
қорғауға байланысты құқықтары мен бостандықтарын,
сондай-ақ міндеттерді орындамағаны үшін
жауаптылықтарды қарастыратын заң нормалары
жатады. Яғни, қылмыстық-құқықтық нормалар
тәртіп бойынша басқа сала заңнамаларының
нормалары тиімсіз болған және конституциялық
құқықтар мен бостандықтардың бұзылуына
шара қабылдай алмаған жағдайда қолданылуы
болып табылады.
2.2
Адамдар мен азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостан-
дықтарына
қол сұғатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық
жауапкершілік
Қазіргі
заманғы халықаралық құқықта адам құқықтарына
қатысты құқықтық актілердің бүтіндей
бір кешені қалыптасқан.
Адам құқықтары
бойынша мемлекеттердің ынтымақтастығының
негізін салған алғашқы көпжақты халықаралық
келісім-шарт Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысы (1945 ж.) болды. БҰҰ Жарғысының қабылдануына
орай кейбір жағдайлардың анықталғанына
қарамастан, мемлекеттердің үкіметтері
адамның негізгі құқықтарын сақтауды
қамтамасыз ету үшін бірқатар институттар
құрды[15,б.175-180].
БҰҰ қамқорлығының
аясында адам «құқықтары мен бостандықтары»
ұғымын ашатын, олардың тізімін кеңейтетін
және олардың жүзеге асырылу мәселелерін
реттейтін бірқатар маңызды құжаттар
жасалды.
1946 және
БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік
Кеңесі өзінің көмекші органы
ретінде Адам құқықтары жөніндегі
комиссия құрып және оған адам құқығы
жөніндегі Халықаралық Биллге қатысты
өз ойларын ұсынуды тапсырылды (1946 жылғы
16-ақпандағы 5(1) қарары). Осылайша адам
құқығы туралы Халықаралық Билл құру идеясы
Адам құқықтары туралы екі Халықаралық
Пактіде және Азаматтық және саяси құқықтар
туралы Пактінің екі факультативті хаттамасында
жүзеге асырылды(Екінші факультативті
хаттама өлім жазасын алып тастауға бағытталды).
Біріккен
ұлттар ұйымымен жарияланған Адам құқықтарының
жалпыға бірдей Декларациясы (1948ж.) азаматтық
және саяси, сол сияқты әлеуметтік-экономикалық
және мәдени құқықтарының кең тізімі берілген,
нормативтік сипаты бар алғашқы жанжақты
халықаралық құжат болып табылады. Адам
құқығының табиғи сипатын тани келе, осы
құжат өзінің бірінші бабында «барлық
адам бостандықпен және өзінің абыройымен
тең және өзінің құқығымен туылады», деп
жариялаған.
Жалпыға
бірдей декларациялық бірқатар ережелер
қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе
қылмыс жасауда кінәлі деп танылған және
жазасын өтеуші адамдардың құқықтарын
да реттейді. Әсіресе, оның 3, 5, 7, 12 және
14-баптарында әрқайсысының құқықтарын
заңсыз қамауға алу мен ұстаудан, сондай-ақ,
заңсыз соттаудан, зорлық-зомбылық көрсету,
адамның ар-намысын қорлау, заңсыз жеке
басы мен отбасының ісіне араласу, үй-жайына
қол сұғушылықтан қорғау ережелері қарастырылған.
Декларацияда
сонымен бірге, баяғыдан бері қалыптасып
келе жатқан кінә-
сіздік презумпциясы
мен бұрын жасалған қылмысы үшін, егер
жауапқа тартылған адамның жағдайын нашарлататын
болса, жаңа қылмыстық заңды қолданбау
деген сияқты қылмыстық іс жүргізу мен
қылмыстық құқықтың демократиялық прнциптері
орын алған. Ол сонымен бірге қылмыстық
істер бойынша сот әділдігін жүргізу кезінде
кез-келген кемсітушілікке тыйым салды.
Бұл жөнінде осы құжаттың 2, 7-баптарындағы
ережелерде айтылған.
Адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясының қылмыстық
жауаптылыққа тартылған адамның кейбір
құқықтарына жалпы мағына берген осы және
басқа да ережелер келесі халықаралық
және ұлттық норма шығарушылық қызметінің
негізі бола білді.
Жалпыға
бірдей декларацияның идеясы, соның ішінде
қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам
құқығына қатыстысы идеяны тура дамып-қалыптасуы
1966 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен
мақұлданып 1976 жылы күшіне енген «Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы»
Халықаралық Пакті және «Азаматтық және
саяси құқықтар туралы» Халықаралық Пактіден
көрінеді.
Бұл пактілердің
құндылығы олардың жоғары деңгейі, нақтылығы
мен дұрыстығы дәрежесінің жоғарылығымен
ғана емес, сонымен бірге оларды жүзеге
асырудың нақты жолдарын көрсетуінде.
Қылмыстық
сот әділдігі саласындағы құқықтар мен
оларға тиісті міндеттер ең бастысы «Азаматтық
және саяси құқықтар туралы» Халықаралық
Пактіде бекітілген. Осы Пактінің 2-бабында
былай делінген: осы Пактіге қатысушы
мемлекеттер мыналарға міндеттенеді:
а) осы Пактімен
танылған құқықты қорғаудың әсерлі құралдары
бұзылған болса, тіпті бұл бұзушылықтар
ресми сипатта әрекет еткен адаммен жасалған
болса да кез келген адамның құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз етуге;
б) қорғауды
қажет ететін кез келген адамның құқығы
кұзыретті соттық, әкімшілік немесе заң
шығарушылық биліктермен немесе мемлекеттік
құқықтық жүйесінде қарастырылған кез
келген құзыретті орган қорғалуын қамтамасыз
етуге және соттық қорғау мүмкіндігін
дамыта түсуге;
в) құзыретті
органдардың құқықтық қорғау құралдары
берілген кезде қолдануын қамтамасыз
етуге.
Осы Пактінің
нақты бір ережелерін талдау кезінде,
әсіресе оның өмір сүруге деген құқық
әрбір адамның ажырап алынбас құқығы деп
айтылған 6-бабы ерекше назар аудартады.
Өлімі жазасы
сол кездегі қолданыстағы заңға сәйкес
келгенде ғана және осы Пактінің қаулыларына
қайшы келмеген жағдайларда ғана ең ауыр
қылмыс үшін шығарылуы мүмкін. Осы бапта
өлім жазасына кесілген адамның рақымшылық
жасау немесе үкімді жеңілдету жайында
өтініш жасауға құқығы бар екендігі де
айтылған. Өлім жазасы 18 жасқа толмағандарға
және жүкті әйелдерге шығарылмайды.
Пактінің
бірқатар ережелерінде қамаудағы үкімді
күтіп отырған немесе сотталған мен жазасын
өтеп жатқан күдікті адамдарға қарау жөніндегі
қаулылар бар. Мысалы, 7-бап былай дейді:
«Ешкім де жан азабын тартуға немесе адамгершілікке
жатпайтын қаталдыққа немесе ар-намысы
қорланатындай қараушылыққа немесе жазаға
ұрынбауы тиіс». Әсіресе, бірде бір адам
өз еркінің келісімінсіз медициналық
немесе ғылыми сынақ тәжірибелеріне тартылмауы
тиіс[16].
Мемлекеттік заң ережелері адам құқықтарын
бұзбауы қажет. Адамның құқықтары мен
бостандықтары жалпы мәні бар қажеттіліктер
ретінде мемлекет, оның институттарымен
қамтамасыз етілуі тиіс. Ал азаматтар
өз кезегінде билікке саяси партиялар,
қозғалыстар мен қысым көрсетуші топтарды
құру арқылы өз мүдделері мен қажеттіліктерін
білдіріп отырады.
Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде
жариялай отырып адамның құқықтары мен
бостандықтарына кепілдік береді. Яғни,
мемлекет пен адам қарым-қатынасы мәселесінде
адам мен оның құқығы пайдасына шешілуі
тиіс. Себебі, ҚР Конституциясында адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
ең қымбат қазына деп жарияланған.
Азаматтық құқық жеке тұлғаның азаматтық
қоғам мүшесі ретінде оның бостандығы
мен дербестігін қамтамасыз етуді білдіреді.
Конституцияға сәйкес мойындалып, әрі
оған кепілдік беріледі. Кеңестік жүйемен
салыстырғанда тәуелсіз Қазақстан Конституциясында
адамның құқығы мен бостандығы орталық
ұғымдарға айналды. Біздің Ата заңымыздың
екінші бөлімі толығымен адам мен азаматтың
құқықтар мен бостандықтарына арналған.
Қазақстан Конституциясында адам құқығы
тұжырымының негізі қаланған.
Адамдар мен азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарына қол
сұғатын қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік
ҚР ҚК 3-тарауы 141-155 баптармен қарастырылған.
Осы тараудағы
қылмыстардың барлығы да, егер құрамы
формальды болса тура ниетпен, және құрамы
материалдық болғанда тура немесе жанама
ниетпен сипатталады. Тек бір ғана абайсыздықта
жасалатын қылмыс - еңбекті қорғау ережелерін
бұзу (ҚР ҚК 152-бабы) менмендікпен немесе
салақтықпен жасалады.
Осы
тарауға қарастырылған жазаның
түрі әртүрлі айыппұлдан басталып
бас бостандығынан айыруға дейін
жаза қарастырылған. Қандай жаза
қолданылатын сот шешеді, яғни
істелінген қылмыстық әрекеттің
қаншалықты ауыр, қандай зардап
шеккенің анықтап, заңда көрсетілген
жазаның біреуін қолданады.
Қазіргі кезеңде заңдылық пен құқықтық
тәртіпті оң жолға бағыттау мемлекеттің
басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы бойынша азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарының
бірі сайлау құқығына қарсы қол сұғу үшін қылмыстық
жауапкершілікті бекіту де сұрақтардың
қатарында.
Қазақстан Республикасының қонституциялық
құқығында бекітілген азаматтардың сайлау
құқығын жүзеге асыру үрдісіне қолсұғү
үшін қылмыстық жауапкершілік институтының
жалпы теориясы мен қылмыс істеп кінәлі
деп танылған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке
тарту бойынша туындайтын құқықтық қатынастардың
қылмыстық құқықтық, қылмыстық іс жүргізу
құқығы заңнамаларымен реттелуі ережелерін
ары қарай зерттеу қажеттілігі туындап
отырғанын мойындау қажет.
Қазақстан Республикасында сайлау жүргізілгенде,
оның шарттары мен ұйымдастыру қағидаларын
бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік
ұғымы, құқықтық табиғаты, түрлері, негізі,
қылмыстық жауапкершілікті жіктеу мен
даралаудың теориялық және тәжірибелік
мәселелері, сонымен қатар, осы әрекеттерді
істеген тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке
тарту, жаза тағайындау сұрақтарын реттейтін
нормалардың қызмет етуі танылады.
Сайлаудың бір нысаны қауымдық қоғамда,
Римде құл иеленушілік қоғамында мемлекеттіліктің
қағидасына ие болып, капиталистік қоғамдық
қатынастардың дамуымен республикалық
басқару нысанының пайда болуымен байланысты
сайлау ерекше маңызға ие болады.
Қазіргі көптеген мемлекеттерде сайлау
қоғамдық-саяси өмірдің ажырамас бөлігі
болып табылады. Оның саяси режиміндегі
демократизмнің деңгейін анықтайды. Тәжірибе
жүзінде сайлау саяси процестің жарыссөздігі,
саяси күрестердің рұқсат берілген нысаны,
оны жүзеге асыру кезінде конституциялық
бекітудің шегінде қамтамасыз етілген
құрал.
Заманауи ағымдарды басшылыққа ала отырып,
Орталық Сайлау комиссия-
сы
сайлау процесіне қатысушылардың барлығы
үшін сайлау іс-әрекеттері мен тетіктерінің
барынша ашықтығы мен қол жетімділігін
қамтамасыз етумен, сайлау процесін ұйымдастырудың
жаңа технологияларын, әдістері мен тетіктерін
әзірлеумен және енгізумен, сайлау комиссияларының
өздерінің қызметі туралы, сондай-ақ сайлау
науқанының барысы туралы уақтылы, шынайы
және толық ақпаратты алуға сайлаушылар
құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз
етумен байланысты кешенді жұмыс атқаруда.
Негізгі жұмыстардың қатарында сайлауды
ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығы
мен сайлау процесіне қатысушылардың
құқықтық мәдениет деңгейін сайлаушылардың
қоғамдық белсенділігін арттыруды айта
аламыз. Сайлау құқығы қатынастарына қатысушы
субъектілердің жауапкершілігін қамтамасыз
ету, бұл құқықты қолдану тәжірибесін
жетілдіруді, сайлау науқанының барлық
кезеңдерінде сайлау заңнамасының нормаларын
нақты сақтау жөніндегі сұрақтар әлі де
болса, шешуді талап ететін шарттар ретінде
табылады[17,б.38-39].
Сайлау құқығы конституциялық құқықтың
ең маңызды институты, ал сайлау дамыған
демократиялық елдерде заңды шектелген
күрделі саяси күрес. Сайлау құқығы әдет-ғұрып
тәжірибесінде қалыптасқан, адамзатқа
сайлауға қатысу құқығын беру тәртібін
реттейтін өкілеттік билік органдарын
қалыптастыру тәсілдерінің ережелерін
заңды санкцияландырылған құқық нормаларынан
тұратын конституциялық құқықтың негізгі
институты.
Қылмыстық құқық теориясында азаматтардың
конституциялық құқықтарының бірі сайлау
құқығын жүзеге асыру талабына қарсы қылмыстық
жауапкершілік тақырыбы негізгі және
даулы мәселелердің қатарына жатады.
Біздіңше, азаматтардың сайлау құқығын
жүзеге асыруды ұйымдастыру процесіне
қарсы қылмыстық әрекет істеуден тежеуші
фактор ретінде қылмыстық жауапкершілік
мейлінше анық, ұғынықты болуы тиіс әрі,
қылмыстық жауапкершілік негізі мазмұнынан
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының
алдында тұрған міндеттерді шешуді қамтамасыз
етуге жатпайтын белгілерді алып тастаған
жөн. Қазіргі таңда біздің әрекеттегі Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексі сайлау
заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті
белгілейтін барлығы екі ғана баптан 146
және 147-баптардан тұрады. ҚР ҚК 146 -
бабы, сайлау
құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау
комиссияларының жұмысына кедергi жасағаны
үшін елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз
жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге
қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға
дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жаза-