Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.docx

— 67.87 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы  және     субсолидарлы деп  бөлудің өзіндік  себептері  бар. Несие  берушінің құқығын      қорғауда жан-жақты қарастырылып отырған  жауапкершілік түрлерінің     маңызы артады. Яғни несие берушінің  құқығы бұзылған кезде       борышқордың кез   келгенімен өндіріп  алу  артықшылығы     туындайды.  

Қылмыстық  заңда  көрсетілгендей кінәсіз адамды жауапкершілікке      тартуға  болмайды.  Қашан  соттың  үкімі   шықпағанынша  ол кінәсіз  деп    танылады. Осыны кінәсіздік презумпциясы дейді. Ал азаматтық      заңдылықта кінәсіздік презумпциясы қолданылмады. Борышқордың      кінәсін  бар-жоғына  қарамастан  келтірілген  зиян  үшін  несие берушінің  алдында  жауап  береді. Бұл  да азаматтық құқықтық  жауапкершіліктің  артықшылығын көрсетеді. Азаматтық  Кодексте көрсетілгендей      материалдық және материалдық емес игіліктер заңмен қорғалады.     Материалдық  емес  игіліктерге  азаматтың рухани залалын айтуға  болады.   

Ал несие  берушінің  жеке   басына, денсаулығына  зиян   келсе, онда    рухани      залал     орын    алады.    Онда     екі   залал   да     өтелуі  тиіс.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік шартты және шарттан тыс      жауапкершілікті  белгілейді. Шарттан тыс жауапкершілік  шартты      жауапкершілік  көзделмеген   кезде  туындайды.   

Азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  құқық  бұзушылық  алдын  алу    шарасы. Жауапкершілікке тартылатынын білген борышқор құқық    бұзушылыққа  жол бермейді. Тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік      қызметті жүзеге асыруға кеңінен  жол ашады. Бұл ретте Президент      тарапынан бірнеше игі  шаралар  жасалды. Атап айтқанда,  «Кәсіпкерлік    қызмет» туралы  Президент Жарлығы. Көбіне  кәсіпкерлік жүзеге асырғанда   азаматтардың құқығына  нұқсан  келеді. Кәсіпкердің жаупкершілігі ол    кәсіпкерлік  қызметті  орындауда  тәуекелге буған кезде пайда  болады.

Азамматтық  құқықтық жауапкершілікке тарту  үшін оның     шарттарына  сүйенеміз. Жауапкершілікке  тарту  үшін  осы шарттардың  бар  болуы  жеткілікті. Бұл шарттар туралы жоғарыда біз айтып өттік.   Азамматтық  құқықтық   жауапкершілік   мағынасы   жылдан  -  жылға   арта береді. Осы  түсінік  туралы пікірлер тәжірибеде және теорияда  ғалымдардың     жаңа    түсініктерін   қалыптастыруға    бастау   болады.

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

 

 

  1. “Қазақстан Республикасының Конституциясы” 1995 жылғы 30 тамызда     қабылданған, соңғы өзгерістер 02.02.2011ж ҚР заңымен енгізілді.

 

  1. Қазақстан   Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың қазақ  халқына    «Қазақстан-2030» Жолдауы.
  2. Қазақстан   Республикасы Азаматтық Кодексі. 1995 дейінгі  өзгерістер мен  толықтырулар енгізілген.06.03.2013.
  3. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В.,  и  Овчиников И.Н.. 1998 г.
  4. Заң  терминдерінің  түсіндірме   сөздігі.  Ғ. Сапарғалиев. 2006 ж.
  5. ҚР азаматтық   құқығы.  Ғ.Төлеуғалиев,  І том. Алматы 2001 ж.
  1. Ынтымақов С.А. Азаматтық құкық. Практикум. (Жалпы жэне Ерекше бөлімдер). Алматы: ҚазМЗА, 2006ж.
  1. ҚР Азаматтық  Кодексі (Жалпы  бөлім  1994 ж. 1 наурыз).
  2. Сүлейменов М.К, Басин Ю.Г. "Азаматтық құқық" І-том - Алматы, 2003.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі.  1995ж.
  4. ҚР  Жоғарғы  Соты   Пленумының  6  қаулысы  «Азамматтардың  және  ұйымдардың  ар-намысын және  абыройын қорғау» 18  желтоқсан  2007 ж.

12.Биекенов  К., Садырова М. Әлеуметтанудың  түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.

13. Батырбаев Н.М. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Түркістан, 2008.

14. Ғ.А. Жайлин. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім: І, ІІ том Оқулық. Алматы 2004ж.

 


Информация о работе Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары