Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.docx

— 67.87 Кб (Скачать документ)

Юридисдикалық  жауапкершілік  үшін  оған   негізгі  төрт  белгі  тән: юридистикалық  жауапкершілік  құқық  нормасын  бұзушыға қолданылатын  мемлекттік  мәжбүрлеуге  ықпал  ететін  шаралардың  тек  бір  түрі;  екіншіден, ол  құқықтың бұзылуына жол  берген  тарапқа  ғана  қолданылады;  үшіншіден,  құқық  бұзушыға   тек  қана  мемлекеттік  немесе  басқа  құзіретті  орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті  қолдану үшін   юридистикалық  жауапкершілік болып табылатын  құқық бұзушыға  қолданатын  санкция  заңымен  белгіленуі  керек.

Юридистикалық  жауапкершілік  құқық  бұзушыға  қолданатын  мемлекеттік  мәжбүрге  ықпал  ету   шараларының   ерекше  бір  түрі  ретінде  саналады.   Сонымен  қатар  адамдардың  іс-әрекетіне  әсер  етет ін   басқа  да  тәсілдермен  ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік  мәжбүрлеуші  шара  -ретіндегі  реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ  юридистикалық   жауапкершілік  бола  алмайтын  оперативті  ықпал   ету  шаралары  болып  табылады.

Жоғарыда  көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті  азаматтық  құқықта  ерекшеліктері  бар.  Бұл  қасиеттер  қоғамдық  қатынасты  реттеуші  азаматтық  құқықтық пәні  және  әдісі  ретінде,  сонымен  қатар  жалпы  құқық  жүйесі   ретінде   азаматтық  құқықтың   қызметін   атқарады.

Азаматтық  құқықты  реттейтін  ерекше  қатынастар  секілді    мүліктік   сипатқа  ие   болып,   мүліктік   қатынастарды   қүрайды.  Азаматтық   қүқық бойынша   жауапкершілік  қүқық   бұзушыға   қолданылатын  экономикалық  ықпал  ету  қызметін  орындай  отырып,  қоғамдық   қатынастарды   реттейтін  экономикалық   әдістерінің  бірі  болып  табылады.

Бірақ  азаматтық  құқық  жеке  мүліктік  емес  қатынастарды,  сонымен   қатар тікелей  мүліктік  емес  қатынастарды  да  реттейді.Осы  уақытқа   дейін  жеке  мүліктік    емес   қатынастарды  бұзу мүліктік  сипатта    болады    деген      пікір  қалыптасты. Яғни  ол үшін  жауапкершілік мүліктік сипатта   болмауы    тиіс.

Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп  жағдайларда азаматтардың     немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын  бұзу,  тиімсіз     мүліктік   сипаттағы   жауапкершілікке  әкеліп  соғуы  мүмкін.

 Сонымен,  азамат туралы жалған мәлімет   жариялау, оған жұмысқа       тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен  айналысуға қиындық тудыруы   мүмкін.     Сондықтан жаңа  заңдылық бойынша жәбірленушіге  жалған мәлімет     жариялау  арқылы   келтірілген рухани  залалды өтеу құқығына  ие   болады.     Ал азаматтар   үшін құқыққа қарсы іс-әрекет  арқылы  келтірілген  физикалық     кемсітушілікті    өтетуге    құқылы.     

Азаматтық  Кодекстің   1-ші      бабында      былай    деп    көрсетілген:

1. Азаматтық  заңдармен тауар–ақша қатынастары  және     қатысушылардың теңдігіне   негізделген өзгеде мүліктік  қатынастар,    сондай-ақ мүліктік  қатынастарға байланысты мүліктік  емес жеке қатынастар    реттеледі.  Азаматтық заңдармен реттелетін  қатынастардың  қатысушылары      азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық       бөліністер   болып    табылады.

2. Мүліктік  қатынастарға байланысы жоқ мүліктік  емес жеке      қатынастар  азаматтық заңдармен реттеледі,  өйткені оларды бұзу құқық      бұзушыға  мүліктік сипаттағы   жауапкершілікке  әкеп соғады.

Ал заңды  тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексінің    44-бабында көрсетілгендей, меншік иесі  қаржыландыратын мекемелер  мен       қазыналық кәсіпорындардан  басқа  заңды тұлғалар өз міндеттемелері      бойынша  өзіне  тиесілі  барлық мүлікпен жауап  береді.

Меншік  иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын      өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі  ақшалай қаражатпен  жауап береді.  Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері  бойынша  тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты  болады.[4]

Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған  жағдайда  екіншісіне жүктейтін  тең құқылы талаптар  арасында  құрылады. Азаматтық талап  жауапкершілікте  болу  фактісін  көрсетеді.

Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық  бұзушыға  жүктелетін     мүліктік санкциялар  қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда  құқық    бұзушы  зиян  келтіріп  қана   қоймай арам ниетпен жасалса  және  қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықты  тудырса, онда  заңда  белгілегендей  белгілі        мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы     мүмкін.

Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары      эквиваленті өтелетін  сипаттак болады.  Бұдан шығатын  қорытынды,     талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті  түрде    өтейді.  Азаматтық     құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның концепциялық сипатта    болуында. Оның  мақсаты-талапкердің мүліктік сферасын қайта  қалпына    келтіру.

Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің  шегін  анықтайды.  Талапкерге мүліктік сфераны  қалпына  келтіру тек  қана  оған келтірген зиянды немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік     мөлшерінің  сәйкес келуі.

Бұл жалпы  ереженің  кейбір қолданылмайтын  кездері   бар.  Егер  де  жауапкершілік  мөлшері заңмен шектелмеген  болса, берілген жағдайды   түсіндіре  отырып, азаматтық құқық   экономикалық  қатынастарды  реттеумен  қоса тәрбиеленуші және контрагентке   міндеттемені орындату   үшін  ықпал    етуші   сипатқа  ие.

Азаматтық  құқық  қатынастағы  тараптардың  заң  бойынша  бір-біріне  ұқсас  теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал  қолданыла бермеді. Бұл  жерде  негізгі қатысушышаруашылық іс-әрекеттер  жеңілдіктермен артықшылық-тарды пайдалана  білді. Осыған ұқсас  жауапкершілік  мөлшерінің  шектеулі құрылыс,   транспорт,  кәсіпорындарда және  тағы  да  басқа ұйымдарда    етек   алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы   міндеттемені  бұзған  кәсіпорындар және  ұйымдарды  жеңіл өнеркәсіп саласын    мәжбүрлеу шараларын босатып  жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға  өтуге      байланысты  осындай жағдайлар заңның  кейбір  тұстарының   өзгертулеріне  әкеп  соқты.

Жоғарыдағы  мысалдан бір шешімге келетін  болсақ, азаматтық     құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы  санкция қолданумен     байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға    қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда  әсер ететін    мемлекеттік   мәжбүрлеу  түрлерінің   бірі.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҢ  ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ                        ШАРТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ 

 

  2.1.  Құқыққа  қарсы мінез

 

 

Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті  жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы, сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық-құқықтық бұзушылықтың құрамы басқа элементтері толығымен қамтиды.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне  жататындар:

    1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекет не әрекетсіздік)
    2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
    3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс - әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
    4. құқықбұзушының кінәсі.

Нақты тұлғаға  азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша  қажетті келтірілген негіздер жиынтығы – азаматтық - құқық бұзушылықтың құрамы болып табыладын. Көрсетілген  негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта, кейбір жағдайларда заң азаматтық -  құқықтағы құқық бұзушылық құрамынынң бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды; мысалы: жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АҚ-тің -931 бабы). Енді азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.

Құқыққа қарсылық құқылық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсыек ендігін  білген немесе білмегендігіне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа  сөзбен айтсақ, азаматтық айналымға  сәйкес келмейтін мінез жатады.[6,167б.]

Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға  қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерінде сәйкес тараптық құқыққа қарсы мінез  ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық  мүлкіне немесе заңды тұлғаға  келтірілетін залал саналады. Сонымен  қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап  бермеу құқыққа қарсы мінез болып  табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап  бермеу құқыққа қарсы мінез болып  табылады.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға  байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы басқа нормативті актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан  борышқордың құқыққа қарсы мінезінің  белгісі ретінде міндеттеменің  құрылуындағы кейбір негіздер болуы  мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған  міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез  болып, осы әкімшілікактімен борышқордың  іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындаса, онда борышқордың шарт талабын бұзуы  құқыққақарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты болса, борышқордың құқыққа қарсы  мінезіретінде бір жақты мәміленің  талабын бұзуы танылады.

Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы  іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмкін. Егер заңмен немесе нормативті құқықтың актімен  тиым салынған немесе заңға немесе басқа нормативті актіге, шартқа бір  жақты мәмілеге немесе міндеттеме талабының  негізіне қайшы келетін борышқордың  іс-әрекеті құқыққа қарсы сипатқа  ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273-бабы осының дәлелі: Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас  тартуға және оның шарттарын бір  жақты өзгертуге жол берілмейді.

Азаматтық заңдылық негізіне сәйкес бір тараптың басқа бір тараптың есебіне мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады.Шартпен  белгіленген сапаға сай келмейтін  тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы  саналады.

Егер  тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық  міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы  деп танылады. Шартпен бекітілген жағдайларға сәйкес міндеттеме туындауы мүмкін. Тасымалдау шартымен бекітілген тауарды жеткізбеген тасымалдаушының  әрекетсіздігі құқыққақарсы болып  табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік  міндетінен де туындау мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері  суға батып бара жатқан адамды құтқару  үшін барлық қажетті және мүмкін    болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы  міндетті  орындамау  оның   құқыққа қарсы  мінезін  көрсетеді. Жағада демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа  қарсы   сипат  алмайды, оларға  тек  суға  батушыны  құтқару  рухани  міндеттеме жүктеледі. Белгілі  бір міндеттемені орындаудағы іс-әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін.  Азаматтық   кодекстің   188-бабымен  үшінші  бөлігінде  былай  делінген:  «Меншік  иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты  өз қалауы  бойынша кез-келген әрекеттер  жасауға, соның  ішінде  бұл  мүлікті  басқа адамдардың меншігіне  беріп, иелігінен  шығаруға, өзі  меншік  иесі   болып  қала  отырып,  оларға    мүлікті  иелену,  пайдалану  және  оған   билік  ету жөніндегі  өз өкілеттілігін  тапсыруға,  мүлікті  кепілге   беруге    және    оған   басқа   да  әдістермен   ауыртпалық   түсіруге,   оларға    өзгеше   түрде      билік   етуге    құқылы».   Жоғалған   мүлікті   тауып     алған     тарап    егесіне    қайтару   немесе      жоғалтушы  азаматқа қайтаруы   тиіс.[6,257- б] 

2.2.   Себепті    байланыс

 

 

Азаматтық Кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге  тек қана    борышқордың құқыққа  қарсы мінезімен келтірілген  шығындар жатады.  Бұл     борышқордың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген     шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда      міндеттеме бұзылған кездегі себепті  байланыстың бар болуы немесе жоқ   болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда  себепті байланысты     анықтау қиындықтар  туғызуы  мүмкін. Мысалы, шофер өз  машинасын   он үш жасар жасөсмпірімге дұрыс  айдай білмегендігі себепті тыйым  салынған         белгіге  қарамастан  өтіп кетіпті. Колхоздың  төрағалық етушісі қызмет     бабын пайдаланып оқушыларды жүк  машинасында өзінің ауласындағы      жұмысқа жіберді. Жүргізуші  жол  ережесін бұзуы салдарынан бірнеше    оқушы жарақат  алды. Дәрігердің сілтеуімен мейірбике нәрестенің  көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен  көру қабылетінен айырылды.   Анықталғандай      дәрігердің мейірбике қателесіп  кетіп,  басқа  дәріні тамызған. Көрсетілген     мысалдардан кімнің іс-әрекеті құқыққа  қарсы нәтиже себеп болғандығын  нақты  анықтау  қиын.

Информация о работе Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары