Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.docx

— 67.87 Кб (Скачать документ)

П.А. Варул  мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік  тұрғысынан келгенде жауапкершілікті  арттыру қажеттігі «өз міндеттерін  түбегейлі орындамаған немесе орындамаған  кінәлі адамдарды қатаң жазалау  қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық  нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің  өз міндеттерін жақсы орындауда  мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр». Мұндай қорытынды тарихи практикамен  әрдайым сәйкес келе бермейді.

Мысалы, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі 1940 жылғы заңдарды, нақты айтқанда 1940 жылғы 26 маусымдағы КСРО Жоғарғы  Кеңес президиумының «Сегіз сағаттық жұмыс күнімен, жеті күндік жұмыс  аптасына көшу туралы жұмысшылармен  қызметкерлердің кәсіпорындар мен  мекемелерден өз беттерінше кетуіне тиым салу туралы» жарлығын қолдану тәжірибиесі қатаң жазалау жүйесінің еңбекшілердің  инициативасы мен дербестігінің тиімді жұмыс істеуін әлсірететін жауапсыздыққа әкеліп соғатын, жазаланғандардың өшігі түсетінін, бұрынғыдан да үлкен тәртіпсіздіктерге жол берілетіндігін көрсетті. Кәсіпорындар басшылары өздеріне артық жауапкершілік алмауы үшін мәселерді өз бетінше шешуден қашқақтайды.

Көріп отырғанымыздай адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан келтірген жазалау жауапсыздыққа  әкеліп соғады. Азаматтардың жауапкершілігі олдардың еркін мінез-құлықтан тыс  жауапкершілік те жоқ.

Осыған  байланысты Е.В.Черныхтың «адамдардың  жауапкершілігі мен жауапсыздығы соңынан  келетін зардаптардан емес, олардың  іс-әрекеттерінен көрінеді» деген  пікірмен толық келісуге болады. Іс-әрекеті  сипаты қандай болса, оның зардаптары да сондай. Егер адамның мінез-құлқы  қалыпты болса, жазалау жөнінде  мәселе қойылмайды, себебі ол жауапты  әрі жағымды мағынаға ие. Позитивті  жауапкершіліктің салдары жазалауға  ұшырайды. Жауапкершіліктің теріс аспектісі  тәртіптің бұзылуынан көрінеді.

Бұл жерде  оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке  тарту, тәртіп бұзушыға шара қолдану  болып табылады. Заң шығарушының  бірінші орынға жазалауды  жауапкершілік  ктегориясын қоятыны сондықтан.[4,159б.]

Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі  мәселені қорытындылай келе қызіргі  жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы  құқықтық сипатқа ие және заңдылықтың  маңызды принциптерінің бірі болып  табылады. Жауапкершіліктің заңдылығы  бірде-бір құқық бұзушылықтың   табылмай  қалуғы тиіс емес екендігін  және олардың әрқайсысы үшін жауапты  адамдардан есеп талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде  жауапты адамның мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын  қолдануға лайықтылығы көрінеді.

Оның  үстіне өз іс-әрекуеттеріне есеп беру міндеттілігі кейбір жағдайда тікелей  заңда қарастырылады. (Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексі,272 бап), кейбір ретте құқықтық негізгі  принциптерінен туындайды.

Сонымен, заңдық жауаптылық - өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға келеді.

 О.Э.  Лейст жауапшылықтың мұндай ұғымымен  келіспейтіндігін білдіреді.Ол міндеттілігі  арқылы жауап беру, есептеу мүліктік  жауапкершіліктің мазмұнын аша  алмайды, себебі келісім-шарт  міндеттемелерін бұзушы немесе  мүлікті ұғым зиян келтіруші   жәбірлеуші алдында жасаған зиянды  әрекеттері үщін есеп беріп  қана қоймай шығынның орнын  толтыруға, айып төлеуге  заң  алдында жауапты.Істің шын мәнінде   келгенде негізделген айып тағылып   отырғанда келісім-шарт бұзушының  немесе зиян келтірушінің жәбірленушіге  жауап ретінде өзінің қызыметі, жеткен жетістіктері, қиыншылықтары,  кемшіліктері жіберілгендігі, құқық  бұзушылықтың жай күйі жөнінде   құлаш-құлаш есеп беріп отырып, ал жәбірленушінің шығынды   қайтарып алу үшін сотқа немесе арбитражға  берудің орнына қарсы  жақты есебін оқып, отырумен шектеліп қалуы дұрыс па? - дейді.

О.Э.Лейст  жауаптылық жөніндегі біздің ұғымызды түбірімен әжуалдауға тырысады: есеп жазылды жауапкершілікті мойындадың, сонымен іс бітті. Бұл жөнінде  не деуге болады.

Алайда, біріншіден біз кең ауқымды жауапкершілікті  теріске шығармаймыз, олай етсек  кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде ұғым қалыптасады. Жауапкершілікті проблемасындағы  негізгі кемшілік оның құқық бұзушыларға  қолданылытын іс-әрекет шаралары болып  табылады.Айталық шығын мен айыпты өндіру азаматтық құқықтық жауапкершілік  шарасы. Ықпал ету шарасын қолдану  көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне  есеп беруіне тікелей байланысты әрі міндетті. Үшіншіден, жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік маңызы жөнінде  ұмытпау керек.

Жауапкершіліктің  тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның  есеп беру отыру мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға  болады. Есепті талап-жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін жазалау  немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ  па бұл басқа мәселе. Біздің қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап етілмейтіндігі. Бұл  жауапсыздыққа әкеліп соғады.

  Осы  ретте «кімге есеп беру керек»  деген мәселе төңірегінде ойланып  көрейік. Бұған жауап ретінде  әрбір саналы азамат  ең алдымен  мінез-құлқы туралы өз-өзіне есеп  беріп отыруы тиіс деген В.А.  Тарховтың тұжырымымен толық  келісеміз. Бұл жеке адамдардың  іске жауапкершілік қатынастарының  даму процесін таңдау кезінде  принципті маңызды мәнге ие  болады.

   Бұл  жерде жауапкершіліктің  екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам  (мемлекет) алдындағы жауапкершілік  және үлкен рухани құндылыққа  ие адамның өз-өзіне жуапкершілігі.  Бірінші жағдайда жауапкершіліктің  мақсаттары, реформалары мен шаралары  мемлекетпен бекітіліп қолданылады  (сырттай бақылау). Екіншіден, жауапкершілік  жеке адамның  өз-өзін ұстап  жүру қабілетіне, өзінің өмірдегі  орны мен ролін терең сезінуіне,  нақтылап айтқанда индивидтің  өзінің мінез-құлқын іштей реттеп  отыру механизміне тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері  бір қатар жағдайда дербес  болса да өзара диалектикалық  тығыз бірлікте.

Оның  үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған  адамдар қазіргі жағдайда бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті  мінез-құлқы тұрақты. Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда  құқықтық белсенділік  пен жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы аңғарылады. Міне, сондықтан  құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды  күшейтуге қол жеткізу қажет. Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке адамдардың бірінші кезекте  өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін  орындап отыруынсыз мүмкін емес.

Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей  байланысты. Оның алдында жауапты адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы, жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі заңды жауапқа жатпайды.

Кез-келген құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен негізделіп отыруы тиіс екендігін естеріңізге  саламыз.Онсыз міндеттілек белгісі  - бір мінез-құлық қажеттігі сипатын  жоғалтады.Осыдан келіп мынадай  қорытынды шығаруғы болады: құқықтық міндеттілік және оны нығайтатын жауапкершілік – бұл бірдей емес. Жауапкершілік – бұл да міндеттілік, алайда әрдайым өзге міндеттіліктермен  жалғастырылып отырады. Мысалы, заңдарды сақтау міндеттілігі оларды сақтауына  есеп беріп отыру міндеттілігімен  нығайтылып жатады.[5,2.б.]

Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылықты  жою     шарасы  ретінде  қолданылады. Азамматтық құқықтық қатынастың  дұрыс   қалыптасуы үшін тараптар міндеттерін орындап отырады. Егер де    міндеттеме  орындалмаса,  немесе  тиісінше орындалмаса,  онда міндеттеме      бұзылады   деп    келтіріп   қоймай,   сонымен  ақша-тауар    қатынасына   әсер    етеді. Құқық  бұзушылықтың алдын  алу  және  зиянды нәтиже   болмау    үшін азаматтық  құқықта  міндеттемені бұзғаны үшін  санкция  ретінде  азаматтық   құқықтық  жауапкершілік    қолданаылады.

Алайда  кейбір санкция түрлерінде азаматтық  құқықтық     жауапкершілік  туындай бермейді. Егер    де   міндеттеменің       орындалмауы       салдарынан мүлік қайтарылмаса, онда мәжбүрлеу шараларын  қолдану      арқылы борышқордан мүлік алынып қойылып несие берушіге  айтарылады. Іс-әрекеттің орындалуы үшін, қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін     мәжбүрлеу жүзеге асырылса  да  бұндай  санкцияны  азаматтық    құқықтық      жауапкершілік     ретінде     қарастыруға   болмайды.

Азаматтық     құқықтық  жауапкершілік   ретінде   құқық     бұзушыға      қосымша  міндет  жүктеумен  байланысқан  санкцияларды  түсіну керек.  Яғни, құқық бұзушыға жауапкершілік жүктелінеді. Бұл міндеттер құқық      бұзушыға қосымша  азаматтық құқықтық міндеттеме  жүктеуі мүмкін    немесе  оған тиісті  азаматтық   субъективті құқығынан   айырылады.  Егер   де  тараптар  мәміле жасасқан кезде мәміле алдау жолымен  жасалған болса, онда алданған тарап  әміле жасау құқығынан айырылады. Мәміле  азаматтық заңдылықты бұзу жолымен жасалынбаған болса, бұндай шаралар      қолданылмас   еді. Құқық    бұзушыға  қосымша  міндет  жүктейтін санкция     түрі азаматттық қатынастағы қатысушыларға  әсер етеді және құқық    бұзушылықтың  алдын алуға  көмектеседі.

Сонымен, азаматтық  құқықтың  жауапкершілік  ретінде құқық бұзушыға қосымша  азаматтық құқықтың міндет жүктейтін  немесе оған      тиесілі  азаматтық  құқығынан   айыратын  санкция  түрлерін  түсіну  қажет.    Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі заң ғылымындағы дау      тудыратын сұрақтың бірі. Кейбір автордар позитивті жауапкершілікті       бөліп қатыстырады. Бұндай жауапкершілік  міндеттеменің орындалуымен        сәйкес  келіп жатады. Әзірге міндеттеменің  орындалуы көп кездеседі,   алайда       жауапкершілікке  шектеулі немесе керісінше, жауапкершіліктің туынды    міндеттемені   орындаудан    босатады.

С.Н. Братусь  жауапкершілік деп мемлекеттік  немесе қоғамдық      мәжбүрлеу  шараларын,  сонымен қатар  борышқордың  өзіне жүктелген      міндеттемені  орындауын    түсіндіреді.

Қорғау  шаралары ретінде құқық бұзушылықтың  алдын алу және     тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды  қалпына  келтіру санкция түрлерін       жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау:      міндеттемені орындауға  мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені  жарамсыз   деп  тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады.    Азаматтық құқықтың жауапкершілікте  осындай тұжырымға келу құқық     бұзушының   кінәсінен     тәуелсіз    жүзеге  асырылуы    мүмкін.

 

 

1.2 Азаматтық –құқықтық    жауапкершілік    түсінігі    туралы   пікірлер.

 

 

«Жауапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық    жауапкершілікті  кездестіруге   болады.

«Әлеуметтік  жауапкершілік»  түсінігі жалпылама  ұқсас. Онымен     қоғамдағы  болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі  қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда  рухани, экономикалық юридистикалық  жауапкершілік  - тек  әлеуметтік  жауапкершіліктің түрі  ғана.

Алайда  әлеуметтік   жауапкершілік  ерекше  мағынаға ие  болып,       әлеуметтік психологиялық сипатта  болады. Әдебиеттерде осы       жауапкершілік    түсінігіне    ұқсастыруға  тырысады. В.А. Тархованың  пікірі  бойынша: «өзінің  істеген  әрекетіне  жауап  бере  отырып  міндеттеменің  реттелу құқығы- юридистикалық  жауапкершілік », -дейді. Юридистикалық  жауапкершіліктің   осындай   түсінігі  жауапкершілік  түсінігін  шектен  тыс  үлкейтіп,   оның  тәжірибелік  мағынасынан  айырады.[5,31б.]

Қоғамдық  өмірде «рухани жауапкершілік» категориясы  үлкен маңызға ие. Ол  ұнамдылықты  бұзу   нормасымен   байланысқан   және  қоғамға  жат  қылықты  қоғамдық  айыптау  түрімен  ерекшеленеді. Әдебиеттерде  және  заңдылықтарда  «экономкалық  жауапкершілік» түсінігі   екі  түрлі   мағынада  қолданылады. Барлығынан  бұрын  ол  «Мүлікті  жауапкершілік»  түсінігімен  астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық  экономикаға өтуімізге және әкімшілік  халықтық әдістің экономикалық  әдіске  өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп  көрсетеді. Яғни нарықтық  қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен  экономикалық әдістердің заңмен бекітілуі «экономикалық жауапкершілікті» құқық  бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде  экономикалық  жауапкершілікті  юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түріне  айналдырады.

Заң әдебиеттерінде «экономикалық жауапкершілік» түсінігіне  юридистикалық  жауапкершіліктің  ерекше  бір  түрі  ретінде  қатыстыруға  тырысады.

Бұл  жағдайда  әкімшілік-құқықтық  шара  туралы  сөз  болып,   ал  азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  түсінігі  қарастырылмады. Алайда, нарықтық  экономика   жағдайында  «экономикалық  жауапкершілік  »  түсінігі   мағынасын  жоғалтады.Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  юридистикалық   жауапкершілікті құрайтын,  өзіне  тиісті   барлық  белгісімен   юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түрін  құрайды.

Информация о работе Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары