Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 12:43, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамдағы көптеген негізгі құрал құқықтық нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Құқықтық нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Құқықтық нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады [1].
Кіріспе .....................................................................................................................3
1.Құқық нормалардың ұғымы және аспектілері
1.1Құқықтық нормалардың ұғымы және белгілері...........................................5
1.2 Құқық нормаларының түрлері................................................................... 8
1.3 Құқық нормаларының құрылымы.............................................................. 14
1.4 Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы .................. 17
2. Нормативтік – құқықтық актілердің мәні мен ұғымы
2.1 Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері........ 19
2.2 Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі............................................................ 23
Қорытынды................................................................................................... 29
Пайдалаған әдебиеттер тізімі................... ......................................................
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан, құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп-басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші – құқық, қоғамның
объективтік – диалектикалық
даму процесіне сәйкес қалыптасқан
нормативтік актілердің бірлігі
және құқықтың, қоғамның даму процесін
реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік
жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл
жүйелер бір-бірімен
1. Мемлекеттік (конституциялық)
құқық – бұл сала әр елдің
қоғамдық және мемлекеттік
2. Әкімшілік құқық –
бұл сала қоғамды, мемлекетті
басқару қарым-қатынастарын
3. Қаржы (қаражат) құқығы
– бұл сала әр елдің
4. Жер құқығы – бұл
сала жер, су, өсімдік, табиғат,
экологиялық бағыттағы
Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып, елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп-басқарып жатады. Сондықтан, мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады…
Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп-басқаруды бірте-бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.
Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.
Жоғарыда көрсетілген
құқық жүйесінің келешекте
Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың нормативтік актілеріне, т.б.), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға, т.б.) бөлінеді. Заңнама жүйесінде мемлекеттің Конституциясы Негізгі Заң немесе Ата Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын қамтиды. Олар мемлекеттегі қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге арналғанына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Заңнама түрлері:
Азаматтық заңнама – әр түрлі заң күші бар құқықтық-нормативтік актілердің жиынтығы. Азаматтық заңнама жүйесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, соған сәйкес қабылданған өзге де заңдарды, тең құқықты қатысушылардың ақша-тауар, мүліктік қатынастарын және мүлікпен байланысты өзіндік беймүліктік қатынастарын, сондай-ақ, мүлікпен байланысы жоқ өзге де қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарын, Парламент қаулыларын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларын (заңнамалық актілерін) қамтиды. Азаматтық заңнаманың нормалары заңдарда, нормативтік-құқықтық актілерде, заңнан туындаған нормативтік актілерде және халықар. шарттарда (келісімдерде) тұжырымдалған.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасы
– азаматтық істер бойынша
соттардың сот төрелігін
Еңбек заңнамасы – азаматтардың
еңбек ету, қызмет пен кәсіп түрін
таңдау бостандығына қатысты конституциялық
құқығын іске асыру барысында
туындайтын еңбек қатынастарын реттейтін
құқықтық-нормативтік актілер
Отбасы-неке заңнамасы –
азаматтардың отбасы-неке қатынастарын
реттейтін құқықтық-
Әкімшіліктік заңнама
– мемлекетті басқару саласындағы
қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық-
Қылмыстық заңнама – қылмыстық
құқық нормаларын реттейтін құқықтық-
Салық заңнамасы – мемлекетте
қолданылатын салық түрлерін, салық
ставкаларын, салық өндіріп алу
тәртібін, салық жеңілдіктерін
Бюджеттік заңнама – Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, “Бюджет жүйесі туралы” Заңды, әр жылға арналған респ. бюджет туралы заңдарды, мәслихаттардың тиісті жылдарға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін, бюджет рәсімдемелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды.
Жер заңнамасы – жер
және табиғат ресурстары қатынастарын
реттейтін құқықтық ин-тар мен
нормаларды қамтитын Заңнама саласы.
Елдің жер қорын қорғау, оны
орынды пайдалану мемлекет қызметіндегі
басым бағыт болып табылады, ол
Қазақстан Республикасының
Кеден заңнамасы – барлық
тұлғалардың тең құқықты
Заңнамада құқықтағы сияқты, оның ішкі құрылымы болып табылатын өз жүйесі бар. Алайда , бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:
Қорытынды
Құқықтық норманың ұғымын бастамастан бұрын құқық ұғымын ашу керек екен. Ал құқық ұғымы – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.
Құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида.
Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ деп айтқан болар едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап кетудің ешбір артықшылығы бола қоймас деп білемін.
Информация о работе Нормативтік – құқықтық актілердің мәні мен ұғымы