Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 12:43, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамдағы көптеген негізгі құрал құқықтық нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Құқықтық нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Құқықтық нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады [1].
Кіріспе .....................................................................................................................3
1.Құқық нормалардың ұғымы және аспектілері
1.1Құқықтық нормалардың ұғымы және белгілері...........................................5
1.2 Құқық нормаларының түрлері................................................................... 8
1.3 Құқық нормаларының құрылымы.............................................................. 14
1.4 Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы .................. 17
2. Нормативтік – құқықтық актілердің мәні мен ұғымы
2.1 Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері........ 19
2.2 Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі............................................................ 23
Қорытынды................................................................................................... 29
Пайдалаған әдебиеттер тізімі................... ......................................................
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1.Құқық нормалардың ұғымы және аспектілері
1.1Құқықтық нормалардың
ұғымы және белгілері..........
1.2 Құқық нормаларының
түрлері.......................
1.3 Құқық нормаларының
құрылымы......................
1.4 Құқық нормасы мен
нормативтік акт бабының
2. Нормативтік – құқықтық актілердің мәні мен ұғымы
2.1 Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері........ 19
2.2 Құқық жүйесі мен
заңнама жүйесі................
Қорытынды.....................
Пайдалаған әдебиеттер тізімі................... ....
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамдағы көптеген негізгі құрал құқықтық нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Құқықтық нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Құқықтық нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады [1].
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы [2].
Қоғамдағы көптеген негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады [3].
Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланды [4].
Курстық жұмыстың пәні: Нормативтік құқықтық актінің ұғымын, белгілерін және қайнар көздерін, түрлерін және құрлымы мен мәнінің құрылымдық қатынастарды реттейді.
Курстық жұмыстың объектісі: Нормативтік құқықтық актілеріндегі қатынасының ұғымы мен түрлері.
Курстық жұмыстың міндеті :
» Құқықтық норма ұғымына және белгілеріне тоқталу;
» Құқық норма түрлерін қарастыру;
» Құқықтық норма құрлымын ажырату;
» Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлерін рәсімдеу;
» Құқық жүйесі мен заңнама жүйесіне тоқталу:
Курстық жұмыстың зерттеу деңгейі: Құқық нормаларының ұғымын Ғ.С. Сапарғалиев, А.С. Ибраева «мемлекет және құқық теориясы» [5] және Булгакова Д.А. «мемлекет және құқық теориясы» [6] еңбектерінен қарастырылды.Құқық нормаларының белгілерін Т.Ағдарбеков « құқық және мемлекет теориясы» [7]еңбектерінен алыңды. Құқық нормаларының түрлерін Қ.Д Жоламан, А.Қ Мұхтарова, А.Н. Тғукелев «мемлекет және құқық теориясы»[8]еңбектерінен алынды. Әлеуметтік норма ұғымын http://kk.wikipedia.org [9]алынды . Гипотиза түсінігін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстан [10] қарастырылды. Диспозиция түсінігін http://magister.kz алынды [11]. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасын Ағдарбеков А. Әлайдыр А. Алайдаров « құқық негіздері» [12] еңбегінен алынды. Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлерін Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Туралаев А.В. «мемлекет және құқық теориясы»[13] және СәбитовТ. «Мемлкет және құқық теориясы» [14] еңбектерінен қарастырылды. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі http://kontrosha.net [15] алынды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Құқық нормаларының ұғымын Ғ.С. Сапарғалиев, А.С. Ибраева «мемлекет және құқық теориясы» және Булгакова Д.А. «мемлекет және құқық теориясы» еңбектерінен салыстыру әдісі қарастырады.Құқық нормаларының түрлерін Қ.Д Жоламан, А.Қ Мұхтарова, А.Н. Тғукелев «мемлекет және құқық теориясы» еңбектерінен баяндау әдісі жүргізіледі.
Курстық жұмыстың құрлымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қортынды бөлімі, сондай – ақ пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Құқық нормалардың ұғымы және аспектілері
1.1Құқық нормаларының түсінігі және белгілері
Құқық – күрделі құбылыс.Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз- құқықтың бір ғана ереже, қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықытық норма осы үйдің бір кірпіші, бір торшасы.
Құқықтық норма мемлекет
таныған және оны өз қамтамасыз ететін,
қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің
құқықтары мен міндеттерін
Құқықтық норма заңға сәйкес келетін міңез-құлықтың ,іс-әрекеттің айырмашылығын білдіреді.Осыдан құқықтық норма жария айқындылық,нақтылық мәңге ие болады.Оның өзі заңның көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Құқықтық норма – қоғамдық
қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік
ережелердің бір түрі. Ол бүкіл
халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің
билігін, саясатын іс жүзіне асырудың
құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің
мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен
реттейді. Жеке дара норма немесе нормалардың
бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық
деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін
іс жүзіне асыруды толық қамтыған
нормативтік актілердің жиынтығын
айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық
норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте
күрделі мәселелерді
Заң нормаларында анықтамалар
берілуі мүмкін. Қазақстан Конституциясында
құқыққа мынадай анықтама берілген:
Республикада қолданылатын құқық Констетуцияның,
соған сай келетін заңдардың,
өзгеде нормативтік – құқықтық актілердің,
Республиканың халықаралық
Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді.Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамдық
құрылыс жүйені қорғаудағы ең
сапалы құрал, нормативтік
- құқықтың нормалар қоғамның
дамуына пайдалы қатынастарды
қолдап, қолайсыздарын қысқартып,
эканомиканың әлеуметтік
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты және тағы басқа демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудығ құралы;
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым – қатынасын реттеп, басқарып отырады. Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
Біріншісі – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау – жоспарлауы (ішкі бостандық);
Екіншісі - өз мүдде – мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық) [5].
Қоғамдағы барлық процесс, барлық
қарым – қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік
актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік
ықпал ету қасиеттерін
Құқықтық норманың кұндылығы:
құқықтық нормалар қоғамды реттеп басқарудың
құралы, сол арқылы адамдардың, заңды
тұлғалардың қарым-
Ол қатынастардың басым
көпшілігі бостандықты, әділеттікті,
теңдікті, адамгершілікті және қоғамның
экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани,
мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп,
басқарады. Бұл басқарудың негізгі
бағыттары, қағидалары Конституцияда
және заңдарда көрсетілген. Норма –
көп қатынастардың мазмұнын, орындалу
бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын-ала
анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ
қатынастың, оны реттеудің, орындалуының
“үлгісін” жасайды. Міне, осы “үлгілерді”
зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің
өткен тарихымен танысып
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. норма мемлекеттік органның
қабылдаған бекіткен актісі, оның
заңды күші бар. Мұндай
2. Нормада субъектілердің
құқығы мен міндеттері, орындалу
жолдары толық көрсетіледі.
Информация о работе Нормативтік – құқықтық актілердің мәні мен ұғымы