Нормативтік – құқықтық актілердің мәні мен ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 12:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамдағы көптеген негізгі құрал құқықтық нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Құқықтық нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Құқықтық нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады [1].

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
1.Құқық нормалардың ұғымы және аспектілері
1.1Құқықтық нормалардың ұғымы және белгілері...........................................5
1.2 Құқық нормаларының түрлері................................................................... 8
1.3 Құқық нормаларының құрылымы.............................................................. 14
1.4 Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы .................. 17
2. Нормативтік – құқықтық актілердің мәні мен ұғымы
2.1 Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері........ 19
2.2 Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі............................................................ 23

Қорытынды................................................................................................... 29
Пайдалаған әдебиеттер тізімі................... ......................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

баха курсавой.docx

— 63.20 Кб (Скачать документ)

3. Норма ерікті түрде  орындалмаса, еріксіз орындатылуы.

4. Құқықтық нормалардың  жүзеге асырылуын, орындалуын  мемлекет қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі  болуы. 

Құқықтық нормасыз қоғамда  ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым – қатынас  болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны  толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны  көрсетіледі, екіншісінде – оны  қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін елементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.

Сонымен, құқықтық норма  – қоғамдағы қатынас субъектілерінің  құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже –  қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға  міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін  билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға  үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді [7].

Біздің қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде  айрықша деп айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатыьастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат  қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бap, ең бір жарқын құбылыс деп  айтуға болады.

Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған  қарамастан бұл тақырып бүгінгі  күнге дейін өзінің өзектілігін  жоғалтқан жоқ деп айтқан болар  едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап  кетудің ешбір артықшылығы бола қоймас деп білемін.

Жалпы құқықты нормалардың  түсінігінде, мазмұнында әліде болса  сан түрлі сыр мен қыр бар  деуге болады. Қазіргі кезде құқықты  нормалар қоғаммен бірге диалектикалық  даму процесінде болғандықтан оның мазмұны  сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде  бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан  бастау алады.

 

 

1.2 Құқық нормаларының  түрлері

 

1. Қоғамның әр саласына  қарай өндірістік, ауыл – шаруашылық  құрылыс, мәдениет, эканомика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы  нормалар.

2. Құқықтың саласына қарай  мемлекеттік, әкімшілік, қаржы,  еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық,  азаматтық – пролцессуалдық, қылмыстық  – процессуалдық тағы басқа  салалардағы нормалар.

3. Атқаратын жұмысына  қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.

4. Мазмұнына қарай нормалар  үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салуша нормалар; ерік беруші  нормалар.

5. Норма элементтерінің  құрылымына қарай нормативтік  актілер үшке бөлінеді: нақты  белгілі нормалар – мазмұны  толық анық жазылған элементтері  түгел; салыстырмалы нормалар  – мазмұны, элементтері түгел  емес, мәселені болған істің жағдайына  қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің орындалуының, норманың жүзеге асыуының бірнеше  бағыты, әдісі болуы. 

6. Субъектілеріне қарай  нормалар екіге бөлінеді: жалпылама  нормалар, арнаулы нормалар.

7. Мамандандырылған құқықтық  нормалар – қоғамның мамандық  салаларының қарым – қатынасын  реттеп, басқратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер,  дәрігерлер, мұғалімдер инженерлер  бағыттағы нормалар [8].

Міне, осы көрсетілген  бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары  заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі  пікеірлер мен көз қарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін  орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып  отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз  орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістері мен қатар әкімшіліә  немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.

Әлеуметтік нормалардың  жүйесі дегеніміз, адамдардың тәртібін, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін реттейтін  белгілі нормалардың жиынтығы.

Әлеуметтік нормалар –  қоғам мүшелерінің әлеуметтік маңызды  тәртібінің жолы. Әлеуметтік нормалар динамикалық жүйенің тұтастығы, қоғам өмірінің қажетті жағдайы, қоғамдық басқару, мемлекттің ұйымдастыруымен  қызмет жасауын, адамдардың бір –  бірімен келісуін және адам құқығын  қамтамасыз ететін құрал. Бұл жүйе, экономикалық, әлеуметтік – саяси  және қоғамның рухани дамуын, адамдардың өмірлік сапасын, тарихын, ел өмірінің ұлттық ерекшелігін және мемлекеттік  биліктің сипатын көрсетеді. Қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар қоғамдық даму тенденциясының объективтік заңдарының әрекетін көрсетеді және нақтылайды. Бұл заңдардың объективтік сипаты, олардың ғылыми танымы мен мақсатқа бағытталған әлеуметтік қимылды  пайдаланудағы органикалық байланыстылық [9].

Әлеуметтік нормалар бір-бірімен  белгілі, өзара байланыста әрекет жасайды. Әлеуметтік нормаларды жіктеуе келгенде, нормалар негізгі және қосымша белгілерімен қолданылуы мүмкін. Нормалардың түрлерін бөлгенде нормалардың әрекет аясы есепке алынады, тәртіп жолының сапасы, нормаларды іске асырудағы ынталандыру мен  кепілдік, сонымен қатар, сезіну жолы және тәртіпті реттеу, нормаларды сақтамағандығы үшін  санкция  нысандары.

Жоғарыдағы көрсетілгендердің  бәрі әлеуметтік нормалар жүйесінен  оның мынандай түрлерін шығаруға мүмкіндік  береді: экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық, діни эстетикалық және басқа  нормаларды.

Қоғамның шаруашылық аясында  базарлық қатынастар қызмет етеді, сонымен  қатар, белгілі мөлшерде, өндірісті  қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік  басқару іске асырылады, онда маңызды  рөл экономикалық нормалар мен нормативтерге  жатады. Бұл нормалар өндірістің дамуын, бөлу мен тұтыну қатынастарын, өндіріс  салаларының өз арасындағы қатынастарды, ауылшаруашылығын, сауданы реттейді. Экономикалық нормалар және нормативтер  ақша-финанс жүйесін, банктердің әрекетін, биржаларды, салық жүйесін реттейді. Базарлық экономика ең алдымен, өзін-өзі  басқаратын базарлық қатынасқа сүйенеді, дегенмен барлық дамыған: АҚШ, ФРГ, Франция, Англия сияқты елдерде мемлекет экономиканың дамуына ықпал етіп, қоғамның әлеуметтік –саяси тұрақтылығын сақтауға ұмтылады. Сондықтан мемлекет тұрақтанған  еркін кәсіпкерлікті қорғайды, ғылыми – техникалық жетістіктердің негізінде  өндірістің төмендеуін болдырмайтын шаралар  қолданады. Соған ықпал ететін, салық, кредит, инвестиция, басқа құралдар пайдаланылады.

Әлеуметтік нормалардың  маңызды тобын саяси нормалар құрайды. Олар әлеуметтік топтардың, таптардың, азаматтардың мемлекеттік билікке  қатынасын, ұлттар мен халықтар арасындағы қатынастарды, мемлекеттің қоғамдағы  саяси жүйесінің басқа ұйымдармен байланысын реттейді. Саяси нормалар өздерінің көлемі мен мазмұнына  байланысты, саяси қатынастарды реттейді және әртүрлі нысандарда көрініс  табады: саяси декларацияларда, мемлекеттің  манифестерінде, саяси партиялардың, қозғалыстардың, мемлекеттердің конституцияларында, саяси париялардың уставтары  мен бағдарламалық құжаттарында. Мемлекеттің заңды актілеріндегі  көрсетілген саяси нормалар, құқық  нормаларының маңыздылығын қабылдайды.

Саяси нормалар азаматтардың мемлекетпен және оның органдарымен қарым-қатынасын реттейді. Сайлау тәртібі, азаматтардың және олардың өкілдерінің  мемлекеттік билік органдарына  және басқа қызмет адамдарының сайлануы саяси нормалармен реттеледі, олар заңды актілерде көрсетілген. Саяси  нормаларға сонымен бірге, белгілейтін, реттейтін нормалар жатады және заң  шығаратын, орындайтын және сот биліктеріне  бақылау жасайтын қатынастар жатады. Әрбір заң мемлекеттік билікпен қабылданса, ол тікелей

саяси қатынастарды көрсетпесе де, экономикалық, әлеуметтік, саяси  негіздеуден өтеді және қоғамның өзіне сай құқықтық және өнегелік сезім бағасына ие болады.

Әлеуметтік нормалардың  көпшілік бөлігін корпоративті нормаларды қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, кәсіпкерлік одақтарда  қабылданған белгілеулер құрайды. Бұл нормалар бірлестіктердің, мекемелердің уставтарында, ережелерінде, басқа  актілерінде көрінісін табады. Мысалы, қандай болмасын университеттердің  өз ережелері болады. Корпоративті нормалардың көпшілік бөлігі – ұйымдастыру  сипатындағы тәртіптер. Олар қоғамдық ұйымдардың қалыптасу, құрылу, қызмет ету тәртібін бекітеді, сонымен бірге, сол ұйымдардың мүшелерінің қарым-қатынасын, құқығын, жауапкершілігін белгілейді.

Әлеуметтік әрекет, қоғамдағы  адамдардың тәртібі әдетпен  де реттеледі. Әдет - қоғамдық тәжірибеде көптеген қайталануының  нәтижесінде бекіген, белгілі қатынастар үлгісі, адамның, адамдар әрекетін бағалау  тәсілі. Әдет дегеніміз қоғам мүшелеріне, адамдар тобына үйреншікті әлеуметтік реттеу нысаны. Өнегелі сипаттағы  әдеттері барлар, мінез деп аталады. Мінезде белгілі әлеуметтік топтардың  психологиясын көруге болады. Қоғам  мәдени, ұйымдастырушылық шараларды  пайдалану арқылы мәдениеттілік  қоғамға сай келмейтін мінездермен  күрес жүргізуде.

Адамдардың өміріне ықпал  жасау үшін, қоғам әдеттік дәстүрге өте жақын - ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, әлеуметтік топтардың, адамдардың қалыптасқан  тәртіп жолы. Әдет пен дәстүрдің  бекітушілік белгілері бар. Дәстүр, әдетке қарағанда кең құрылым. Дәстүр сапасында белгілі идеялар, бағалылықтар, әлеуметтік тұрақтылықтар көрінеді. Дәстүрлердің қоғам үшін тиімділігі, пайдалылығы негізделеді.

Әлеуметтік нормалардың  көп және маңызды бөлігін діни нормалар көрсетеді – адамның  рухани қажеттілігіне сай қалыптасқан  тәртіп жолы, діни сенімдердің және діни сезімдердің ықпалымен орындалады. Олар Құдайға, шіркеуге, бір- біріне, ұйымдарға  сенушілердің қатынасын және діни ұйымдардың қызметін реттейді. Моральдық –  этикалық белгілеу жинағы – діни сенім  ілімінің бір бөлігі. Қоғамда адам баласының ерте кездегі даму кезеңдерінен бері әрекет жасаған діни канондар (ұйғарым, тәртіп жолы), олар реттеуші рөлін  атқарған. Дүниежүзілік діндерге: иудаизм, буддизм, ислам жатады, олар қоғамның өнегелік өміріне ғана өз ықпалын  жасаған жоқ, оған қосымша құқықтың жүйесінің дамуына да әсерін тигізді.

Библияда, Құранда, Талмудта, басқа қайнар көздерде, діни канондар мен қатар жалпы адамдық нормалар өз көріністерін тапты. Мысалы, «Моисеевтер  заңдарында» алты күн жұмыс істеу  міндеттілігі мен жетінші күні демалыс  алу бекітілген, ата –анасын сыйлау талабы көзделген, кісі өлтіру, ұрлау, өтірік куә болуға тыйым салынған. Әлеуметтік нормалар өз көрінісін христиан шіркеуі мен канондық құқықта  тапты. Бұл нормалар шіркеудің ішкі ұйымын, шіркеудің органдарының арасындағы қарым – қатынастарды реттейді. 1917 жылы Рим –католиктік шіркеуі  канон құқығының Кодексін жариялады. Өмір үлгісі, материалдық игілік жағдайының жетілген деңгейі және қоғам мен  адамның мәдениеті өзінің көрінісін  мәдени тәртіпте, әдептілік нормаларында, этикетте көрінеді.  Этикет дегеніміз  адам баласының қарым –қатынасының сыртқы көрінісін реттейтін тәртіптердің жиынтығы: аралау нысаны, қоғамдық орындардағы  тәртіп, манералары мен киімдері. Қоғамдық пікір екіжүзділік тәртіпті, формальды, әрекеттер мен ішкі теріс ниеттерді  кінәлайды.

Мораль нормаларына - жалпыға  бірдей қабылданған жақсылық пен  жамандыққа сай ішкі сенімнің күшімен  орындалатын қоғамда қалыптасқан  тәртіп жолы жатады.

Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әлеуметтік нормалар жүйесіне  құқық нормалары кіреді, яғни мемлекетпен  белгіленген не санкцияланған және оның күшімен қамтамасыз етілетін тәртіп жолдары.

Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, барлық халықаралық қауымдастыққа  қатысты мүдделер мен бағалылықты  көрсететін әлеуметтік нормаларды жалпыадамдық нормалар деп атауға болады.

Құқық қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеудің бөлігі ретінде  әлеуметтік нормалар жүйесінде ерекше орынды алады, Біріншіден, бұл нормалар әруақытта формальды белгілілікте, яғни нормативті – құқықтық құжаттардағы жазбаша мәтінінде көрсетілгендей. Екіншіден – белгіленетін,  санкция  берілетін және мемлекетпен оның күшімен қамтамасыз етілетін бір  ғана әлеуметтік нормалар, үшіншіден, құқық нормаларын бұзғандығы үшін жеке адамның еркіндігін тежемейді және қоғамнан бөлмейді.

Заң ғылымдарының өкілдері үшін маңыздысы, құқық нормаларының діннен, саясаттан, экономикадан, дәстүрден  бөлетін негізгі белгілерін, сипатын  білу.

Құқық пен мораль арасындағы байланыс моральдың нормативтік  реттеу жүйесіндегі рөлімен қамтамасыз етілген. Басқа әлеуметтік нормалармен  салыстырғанда моральдың әрекет аясы кең келеді. Әлеуметтік шындықтың  тек аз ғана бөлігі моральдік бағалаудан еркін, сондықтан құқық пен моральдің  аясы көп жағдайда тоғысады. Дегенмен, бір ортада әрекет жасаса да, мораль мен құқық бір – бірінен  тәуелсіз нормативті – реттеуші ретінде  қалады.

Мораль нормативті реттеудің  ерекше кейпі, нормалар мен принциптердің  жиынтығы, өз ықпалын барлығына және әрқайсысына жаяды, егер олар өздеріне өнегелік бағалылықты сіңірсе. Дұрыс  айтқандай, моральдың жалпыадамдық мазмұны жалпылама түрде «алтын жолда» көрсетілген: («Поступай по отношению  к другим так, как ты хотел бы, чтобы они поступали по отношению  к тебе») «Басқа адамдар, саған қалай  жасасын десең солай жаса, себебі олар да саған солай жасауы үшін». Мораль өзінің нормаларына абсолютті  бағаларды сіңіреді, соған сай  мораль нормалары құрылады және бағалау  құқықтық тәртіптің жоғарғы белгісі  болып табылады.

Мемлекет пен құқық  теориясында құқық пен моральдің  арақатынасы, олардың бірлігі тұрғысынан, өзгешелігі мен қарым – қатынасынан  байқалады.

Құқық пен моральдің бірлігі  былай сипатталады:

- құқық пен моральдің  нормативтігімен қорыта келгенде, адам тәртібін бағалаудағы белгі  мен эталон болатын, белгілі  нормалардың жиынтығы;

Информация о работе Нормативтік – құқықтық актілердің мәні мен ұғымы