Төрттік кезеңдегі пайдалы қазбалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 15:23, дипломная работа

Краткое описание

Төрттік кезең Жердің дамуында тарихи тұрғыдан қарағанда аз уақыт алғанымен, айрықша бай оқиғалардың өрбуімен сипатталады. Осы уақытта жер бетінің келбеті, климат пен ландшафт жағдайлары бірнеше дүркін өзгерді. Төрттік кезеңді зерттеудің басты мәселелері – таужыныстардың құрамын, құрылысын, жаралу заңдылықтары мен хронологиясын, тектоникалық және физикалық-географиялық жағдайлардың алмасуына байланысты, олардың пайда болуы мен өзгеруін, сонымен қатар органикалық тіршіліктің даму тарихын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ж.Д.К.Ж..doc

— 810.00 Кб (Скачать документ)

      Көмір-өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш қатты шөгінді  кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшарде миниралдық қосполар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Күлділігі жоғары түзілімдерді көмірлі кен жыныстар деп атайды. Көмірдің генетик. Жіктелімі көмір түзілудің алғашқы сатысындағы органикалық заттар түрленуінің бастапқы процестерін ескере отырып жасалады. Жіктелімде көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер сапрогумолиттер. Олардың біріншісі - тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі - негізінен, төмен сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады. Химия құрамының физика және технология қасиеттерінің өзгешіліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, тас көмір, антраситтік көмірдің қасиеттері оның петрогрифия құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92-1,7 г/см аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттысты моос шкаласы бойынша 1-3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антратцитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%дейін) және сутек (6-дан 1% дейін) мөлшерімен сипатталады. Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері - ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі күлділігі. Көмір-бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады. Көмірдің бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы бір текті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтарайды. Көмір әлемнің барлық жерінде кең таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды көмір алабында, Екібастұз көмір алабында орналасқан.

Көмір кені – көмір  қоры өндірістік пайдалануға жарамды әрі тиімді дәрежеде шоғырланған кен орны. Үлкен ауданды қамтитын (мыңдаған км2) көмір кендері көмір алаптарын (бассейндерін) құрайды. Мысалы: Тунгус көмір алабы (1 мил. км2), Кузнецк көмір алабы (260 000 км2), Қарағанды көмір алабы (3000 км2), көмір кені көмірлі өлкелер (провинциялар) мен облыстарды құрайды. Алаптар көмірлі аудандарға, ал көмірлі аудандар телімдер мен шахта өрістеріне жіктеледі. Іргетас (платфарма) жағдайында түзілген алаптарда (мысалы: Мәскеу қоңыр көмір алабы) көмір қабаттарының саны 1-7, ал бөктерлік және ішкі ойпаңдардағы алаптарда (мысалы: Донецк көмір алабы, Қарағанды көмір алабы) ондап, жүздеп есептеледі. Көмір қабаттарының қалыңдығы бірнеше см-ден ондаған м-ге дейін, әдетте, 1-2 м шамасында болады. Қарағандыда көмір қабатының қалыңдығы 8 м-ге, ал Екібастұзда (қ. Екібастұз көмір алабы) 160 м-ге дейін жетеді. Көмір кені үш топқа бөлінеді. Көмір қабаттары горизонталь немесе сәл еңіс болса, оларды 1-топқа (Мәскеу, Иркутск, Майкүбі, тағы басқа көмір кендері); қарапайым қатпарлы құрылымдыларын 2-топқа (Донбасс, Қарағандының Промышленная телімі), көмір қабатының құрылымы күрделі қатпарлы әрі шытынап жарылған болса, олар 3-топқа (Қарағанды алабының оңтүстігі, Кузнецк алабының солтүстік бөліктері) жатқызылады. Көмір қабаттарының қалыңдығына қарай көмір кені тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Барлау дәрежесіне қарай көмір кенінің қорлары А, В, С1 және С2   категорияларына бөлінеді.

Көмірлену – шымтезектің  көмірге айналу және ол көмірдің геологиялық  факторлар (жылу мен қысымның артуы) әсерінен одан әрі өзгеру процестерінің  жиынтығы. Көмір түзілу процесі екі  фазаға бөлінеді: гумидтену (шымтезек түзілу) және көмірлену. Көмірлену өз кезегінде диагенез (шымтезектің қоңыр көмірге айналуы) және метаморфизмге (қоңыр көмірдің эволюциясы, яғни оның тас көмірге және одан кейін антрацитке айналуы) жіктеледі. Көмірлену кезінде көмірдің органикалық массасы тығыздалады және төмен молекулалы заттардың бөлініп шығуынан оның массасы азаяды, жылтырлығы, электр өткізгіштігі (әсіресе антрациттерде), шағылыстыру қабілеті, сыну көрсеткіші артады. Көмірлену кезіндегі химиялық өзгерістердің нәтижесінде көміртектің мөлшері артады, оттек пен ұшпа заттардың шығымы азаяды; жылу бөлінгіштігі артады, бірақ одан кейінгі сутектің күрт азаюына байланысты қайта азаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Қорыта келгенде төрттік түзілімдер негізінен бейруда және шашылым пайдалы қазбалар түрлері байланысты. Төрттік түзілімдердің пайдалы қазбалары бейруда, руда және шашылым түрлеріне бөлініп, олардың құрамында рудалы да, бейрудалы да компоненттер болуы мүмкін. Бейруда кендер литологиялық белгілері бойынша дөңбектас, шақпатас, малтатас және т.б. түрлерге бөлінеді, ал рудаларға шектеулі дамыған батпақ кендері жатады.

    Төрттік пайдалы  қазбалар төрт класқа бөлінеді: гипергендік, седиментогендік, биогендік  және вулканогендік. Седиментогендік  класс сулық және ауалық қатарларға бөлінеді. Сулық қатар аллювий, пролювий, делювий және көлдік типтерден тұрады.

Аумақтың пайдалы қазбаларға қатысты мүмкіндігін дүрыс болжап, бағалау үшін, төрттік түзілімдер жиналуының палеогеографиялық ерекшеліктері туралы түсініктің маңызы зор.

Аудандардың төрттік пайдалы қазбалардың сан килы түрлеріне мүмкіндігін болжап бағалау, міндетті түрде төрттік түзілімдерді геологиялық түсіру материалдарын пайдалану арқылы жүргізілуі тиіс.

    Төрттік түзілімдегі  пайдалы қазбалар: Мұай, Шымтезек, Көмір. 

   Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Пайдасы мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Мұнайдың пайдасы адамзатқа мыңдаған жылдар бұрын белгілі болды десек те, оның өнеркәсіптік тұрғыдан игеріле бастаған жоқ. Одан беріде машине жасау саласының аса шапшаң қарқынмен дамуы қара алтынның қадірін тіптен арттырып жіберді де, мұнай өндіру марафонына қосылған елдер қатары жылдан жылға артта түсті. Дүниенің төрт бұрышынан көмірсутегінің жаңа қорлары іздестірілді. Жер шарындағы алты құрлықтың байлығы мен болашағын бағалауда олардағы мұнай мен газ қорларының көлемі негізгі өлшемдердің біріне айналады.

      Қазақстан Республикасы әлемдегі ежелден мұнай өндіруші елдер қатарына жатады. Оның тарихы 1899 жылы Атырау облысының Қарашұңғыл елді мекеніндегі С. Леман экспедициясы қазған №7 ұңғыдағы (барлығы 21 ұңғы бұрғыланған) 40 метр тереңдіктен жеңіл мұнай атқылауынан бастау алғаны белгілі. Сөйтіп 1997 жылға дейін Қазақстан қойнауынан 617 миллион тонна мұнай, 110,969 миллиард текше метр жаңғыш газ өндірілді. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүргізілген барлау жұмыстары оның алынбаған қорлары әлі де мол екендігін анықтап берді. Барлау жұмыстарының алғашқы кезеңінің өзінде 5,3 миллиард тонна қара алтын қорының барлығы айқындалып, мұның өзі елімізді мұнайдың дәлелденген қоры жөнінен әлемдегі он екінші орынға шығарды. Сонымен қатар 2015 жылға таман мұнай өндірудің көлемі бойынша әлемдегі алғашқы ондық елдерінің қатарына қосыламыз деген болжам да бар. Қазақстан тәуелсіздігіне 16 жыл – мұнай саласындағы жетістіктер www.khabar.kz Мұндай жағдайда “өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай” дегендей халықты да сын тезіне салып, экономиканы да талап дәрежесінде дамытудың қандай жолдары бар.

    Табиғи органикалық шикізаттан алынатын тыңайтқыштар (шымтезек, сапропель). Шымтезек түрлері, олардың агрохимиялық сипаттамасы мен ботаникалық құрамы. Шымтезектің күлділігі, қышқылдылығы, ылғал сиымдылығы және сіңіру сиымдылығы. Шымтезек құрамындағы қоректік заттардың мөлшері. Шымтезекті төсеніш ретінде және тыңайтқыш үшін пайдалану. Батпақ пен көл түбіндегі өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтарының, лай қабаттарының (сапропель) агрохимиялық сипаттамасы. Сапропельді тыңайтқыш ретінде пайдалану.

Шымтезек (нем. Torf), жанатын қатты пайдалы кен, каустобиолитовтың бір түрі. Ол жоғары ылғалдылық және ауаның жетіспеу жағдайында микроорганизмдердің әсерінен  олардың толық емес ыдырауы және шіріген өсімдіктердің қалдықтарының нәтижесінен пайда болады. Шымтезек – талшықты (ыдыраудың төмен деңгейі) немесе созылымды формасыз (ыдыраудың жоғарғы деңгейі) қоңыр немесе жертектес қара түсті ашық – сары масса. Шымтезектің – физикалық, химиялық қасиеттеріне және құрылу шарттарына, ботаникалық құрамына байланысты, бас, өтпелі және ойпат деп бөлінеді.

      Көмір-өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшарде миниралдық қосполар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Күлділігі жоғары түзілімдерді көмірлі кен жыныстар деп атайды. Көмірдің генетик. Жіктелімі көмір түзілудің алғашқы сатысындағы органикалық заттар түрленуінің бастапқы процестерін ескере отырып жасалады. Жіктелімде көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер сапрогумолиттер. Олардың біріншісі - тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі - негізінен, төмен сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады. Химия құрамының физика және технология қасиеттерінің өзгешіліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, тас көмір, антраситтік көмірдің қасиеттері оның петрогрифия құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92-1,7 г/см аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттысты моос шкаласы бойынша 1-3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антратцитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%дейін) және сутек (6-дан 1% дейін) мөлшерімен сипатталады. Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері - ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі күлділігі. Көмір-бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады. Көмірдің бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы бір текті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтарайды. Көмір әлемнің барлық жерінде кең таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды көмір алабында, Екібастұз көмір алабында орналасқан. Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін табиғи пайдалы қазбаларымыздың маңызы зор. Әрқашан өзіміздің пайдалы қазбаларымызды тиімді пайдаланған абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     № 1 қосымша

Қазақстанның төррттік геологиясы

 



 

І-криолит белдем; ІІ-біршама  аз өзгерген белдем (Тұран және Каспий маңы шөлдері). Шекаралар: 1-сартан криолит  белдемі; 2-көпжылдық тоң (криогендік кез, А.Величко бойынша [3] ); 3- (Б.А.Федорович бойынша – криогендік алқап). Әртүрлі типті көпжылдық тоң дамыған аудандар: 4-тұтас; 5а-үзік; 5б-аралды; 6-криогендік құрылымдар сипатталған пукттер: а- Б.Аубекеров бойынша; б- әдебиет көздері бойынша; в- жылымықтар (А.Горбунов бойынша). Тоңның жорамал шекаралары: 7-үзік; 8-тұтас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 қосымша

Палеолит заманының  тас бұйымдары

 



 

1-жаңқа (а-соғу беті, ә-соғу томпағы, б-ойығы, в-сынған  беттегі иір омырылым); 2-жаңқаның  жоғарғы беті; 3-радиал жару принципі; 4-призма нуклеус; 5-чоппер типті  тасмалта қару; 6-диск пішінді нуклеус; 7-ашель кескінші; 8-ұштық; 9-бүйірлік қырғыш.

 

 

 

 

№ 3 қосымша

Адам бас сүйегінің  дамуы және соңғы палеолит, мезолит  пен неолит замандарындағы бұйымдардың  пішіндері

 

 

- адамдар бас сүйегінің  дамуы: 1-австралопитек, 2-питекантроп,

3-неандартальдық, 4-қазіргі; 

- соңғы палеолит заманы  бұйымдарының өзіндік пішіндері: 5-граветт типті үшкір, 6-жиегі  доғал тілінім, 7-ара, 8-шательперрон  типті үшкір, 9-қырғыш, 10-шеттік қырғыш, 11-пышақ тәрізді тілінім, 12-бүйірі  ойыс ұштық, 13-кескіш, 14-сүйек ұштық, 15-сүйек ине, 16-тесігі бар түлкінің азуы, 17-сүйек алқа, 18-сүйек тоқпақтың сынығы, 19-сүйектегі өрнек;

- мезолит заманы құралдарының  өзіндік пішіндері: 20-қырғыш тілінім, 21-дөңгелек қырғыш, 22-параллелограмм, 23-трапеция, 25 пен 26-сегменттер, 27-үшбұрыш, 28-свидер типті ұштық;

- неолит заманы құралдарының  өзіндік пішіндері: 28-жапырақ тәрізді  найза ұшы, 29-құйрықты ұштық, 30-түбі  ойыс ұштық, 31-тісті ұштық, 32 мен  33-оюлы ыдыстар, 34-сүйек гарпун, 35-жылтыр  балта.

                                        

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Төрттік кезеңдегі пайдалы қазбалар