Төрттік кезеңдегі пайдалы қазбалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 15:23, дипломная работа

Краткое описание

Төрттік кезең Жердің дамуында тарихи тұрғыдан қарағанда аз уақыт алғанымен, айрықша бай оқиғалардың өрбуімен сипатталады. Осы уақытта жер бетінің келбеті, климат пен ландшафт жағдайлары бірнеше дүркін өзгерді. Төрттік кезеңді зерттеудің басты мәселелері – таужыныстардың құрамын, құрылысын, жаралу заңдылықтары мен хронологиясын, тектоникалық және физикалық-географиялық жағдайлардың алмасуына байланысты, олардың пайда болуы мен өзгеруін, сонымен қатар органикалық тіршіліктің даму тарихын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ж.Д.К.Ж..doc

— 810.00 Кб (Скачать документ)

Элювийлік шашылымдар - құрамында әртүрлі мелшерде кен минералдары бар қопсык жаралымдар,

Шашылымдарды барлағанда колданылатын терминдер.

    Құмдар (синонимдері: алтынды құм немесе алтынды қабат) -сазбен байланысқан қопсық таужыныстар. Олар малтатастан, арналық сынықтар мен құмдардан тұрады, құрамында шашылымды алтын кездеседі.

Плотик - түпкілікті арна табаны, бұл жерде қопсық түзілімдер (тасындылар) орналасады. Олардың арасында белінетіндер: қазіргі плотик - қазіргі өзендер арнасында орналасады; көне плотик - көне аңғарлардың террасаларында.

Жалған плотик - қопсық таужыныстар арасындағы құрамында пайдалы компоненттер жоқ сазды-ұйықты немесе саз түзілімдер. Олардың астында алтынды қабат орналасуы мүмкін.

Шымдар - алтынды қабатты (құмды) жауып жатқан түзілімдердің жоғарғы қабаттары. Шымның құрамында әдетте алтын кездеспейді, ал болса, өте мардымсыз мөлшерде ғана.

Шашылымдар қалыптасуының ерекшеліктері. Шашылымдар белгілі бір жағдайларға байланысты ғана қалыптасады. Ол үшін түпкілікті көздер, қолайлы климаттык, тектоникалық және геоморфологиялық жағдайлар болу керек.

Шашылым жаралу үшін түпкілікті көздерде табиғи таза алтын бастапқы ірі күйде және шашылым жасауға  қабілетті болу керек. Н.А.Шилоның деректері бойынша, өнеркәсіптік кенорындарда шашылымдық алтынның 60-80%-і өлшемі 1 мм-ден асатын бөлшектерден түратын көрінеді. Өлшемі 0,25 мм-ден кіші алтын, өте сирек шашылым жасайды.

Қазақстанның шашылым  кенорындарын зерттеу - өнеркәсіптік шашылымдар тектоникалық қозғалыстары бәсең алкаптарда білінетінін көрсетті. Қазақстан шашылымдарының негізгі бөлігі Алтай мен Тарбағатайдың аласа таулы белдемдерінде, Күнгей және Іле Алатауында, Кетмен және Қаратау жоталарында, Сарыарқа үсақ шоқыларының ІҮ-тен ҮІ-ға дейінгі жоғары ретті аңғарларында орналасқан.

 

2.4. Төрттік түзілімнің негізгі пайдалы қазбалары – мұнай, шымтезек, көмір.

   Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері Көміртектермен қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно - және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N - 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған аайтуға болады.

Пайдасы мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді. Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғары молекулалықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен, ацетилен жатады.

 Білікті мамандар мен сарапшылардың пікірінше, еліміздің мұнай-химия саласын дамыту дегеніміз – экономиканың екінші тынысын ашу деген сөз. Бұған дейін Қазақстан экономикасы нақ осы қуатты мұнай-газ секторының арқасында жедел көтерілгені белгілі. Біз соның нәтижесінде басқа салаларды да едәуір дамыта алдық. Демек Қазақстанға осы жеделділікті одан әрі ұстап тұруы үшін аталған сектордың өнімдерін одан әрі тереңдетіп өңдеу мәселесін қолға алатын уақыт жетті. Мұнайдың пайдасы адамзатқа мыңдаған жылдар бұрын белгілі болды десек те, оның өнеркәсіптік тұрғыдан игеріле бастаған жоқ. Қазыналы Каспийдің екінші жағында орналасқан өзімізбен ағайындас Әзірбайжан елі өткен ғасырдың басында бүкіл әлем бойынша өндірілетін мұнайдың тең жарымын өндіріп, жаңа оянып келе жатқан қуатты өнеркәсіп түрінің жаһандық көшін бастаған екен. Одан беріде мәшине жасау саласының аса шапшаң қарқынмен дамуы қара алтынның қадірін тіптен арттырып жіберді де, мұнай өндіру марафонына қосылған елдер қатары жылдан жылға артта түсті. Дүниенің төрт бұрышынан көмірсутегінің жаңа қорлары іздестірілді. Жер шарындағы алты құрлықтың байлығы мен болашағын бағалауда олардағы мұнай мен газ қорларының көлемі негізгі өлшемдердің біріне айналады. Осы тұста мұнайлы елдердің дәурені басталды. Америкада АҚШ, Канада, Мексика, Венесуэла, Еуропада Дания, Норвегия, Таяу Шығыстағы араб мемлекеттері қара мұнайдың арқасында үлкен табыстарға кеңелді.Еліміздің энергетика саласындағы білікті мамандардың бірі Кенжемұрат Дүкенбаевтың “Қазақстан энергетикасы” атты кітабында келтірген деректері бойынша дүниежүзіндегі органикалық отынның (оған көмір мен мұнай және газ кіреді) барланған қоры 6,3 триллион тонна шартты отынды құрайды да, мұның 19 пайызы мұнай, 5 пайызы газдың үлесіне тиеді. Ал Таяу Шығыс пен Парсы шығанағының бес елі Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Ирак және Иран мұнайдың дәлелденген қорының 60 пайызына иелік етуде. Міне, осы бір ғана цифрдың өзі Таяу Шығыс пен Парсы шығанағындағы оқиғалар неліктен шиеленісті жағдайда өріс алып барады, бұл елдерге БАҚ-тар неліктен жиі назар аударады деген сұрақтарға елеулі дәрежеде жауап беретін болса керек. Жер шарының бұл нүктесі ірі мемлекеттердің текетірес аренасына, бүкіләлемдік мүдделердің тоқайласар тұсына айналып отырғаны баршаға белгілі ақиқат.Қара алтынның қызығы барынша күшейген осындай шақта осы өндіріс түрінің бастапқы көшін бастап, Кеңес Одағы тұсында 1,4 миллиард тонна мұнай берген әзірбайжандардың әлемдік өндірістегі үлестік қатынасы 0,3 пайызға дейін төмендеп кеткені көңілге алаң туғызарлық жай. Сондықтан ел өз тәуелсіздігіне қол жеткізген шақта оның Үкіметі мұнай мен газдың болжамды қорының мөлшерін 6-7 миллиард тонна шартты отын көлемінде есептеп, осы болжанған байлықты игеруге сырттан қуатты инвесторлар тартып байқағанымен үміт оты оншама маздап кете алмады. Шетелдік ірі-ірі компаниялардың қатысуымен жүргізілген іздестіру-барлау жұмыстарының көпшілігі нәтиже бермей бастапқы болжам сол болжам күйінде ғана қалып келеді. Сөйтіп, мұндағы мұнайдың нақты дәлелденген қорының мөлшері 1,2 миллиард тонна шамасында болып отыр. Әрине, ұқсата білген жағдайда бұл да аз байлық емес.

   Қазақстан Республикасы да әлемдегі ежелден мұнай өндіруші елдер қатарына жатады. Оның тарихы 1899 жылы Атырау облысының Қарашұңғыл елді мекеніндегі С. Леман экспедициясы қазған №7 ұңғыдағы (барлығы 21 ұңғы бұрғыланған) 40 метр тереңдіктен жеңіл мұнай атқылауынан бастау алғаны белгілі. Сөйтіп 1997 жылға дейін Қазақстан қойнауынан 617 миллион тонна мұнай, 110,969 миллиард текше метр жаңғыш газ өндірілді. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүргізілген барлау жұмыстары оның алынбаған қорлары әлі де мол екендігін анықтап берді. Барлау жұмыстарының алғашқы кезеңінің өзінде 5,3 миллиард тонна қара алтын қорының барлығы айқындалып, мұның өзі елімізді мұнайдың дәлелденген қоры жөнінен әлемдегі он екінші орынға шығарды. Сонымен қатар 2015 жылға таман мұнай өндірудің көлемі бойынша әлемдегі алғашқы ондық елдерінің қатарына қосыламыз деген болжам да бар. Ал Қазақстан мұнайына шетелдік инвесторлардың келуі 1993 жылы “Шеврон” корпорациясымен Теңіз кен орны бойынша келісім жасаудан бастау алғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “Эксон Мобил”, “Шелл”, “Эни”, “Шеврон Тексако”, “Тоталь”, “Бритиш петролеум”, “Лукойл”, Қытай ұлттық мұнай корпорациясы секілді әлемге танымал аса ірі компаниялар жұмыс істеуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бастап Қазақстанның мұнайы мен газын тасымалдау және сыртқы рыноктарға шығару мәселесі де республиканың өзіндік мүддесіне сәйкес жаңаша шешімін табуда және барынша жедел дамып келеді. Мәселен, мұнай және газ құбырларының жалпы ұзындығы 1990 жылы 3,5 мың шақырымды құраса, 1997 жылы ол 10,8 мың шақырымға жеткізілді. Мұнан кейінгі жылдардың өзінде мұнайды құбыр арқылы тасымалдаудың жаңа бағыттары ашылды. КТҚ желісі іске қосылып, Батыс елдері нарығына шығу мүмкіндігі қамтамасыз етілсе, Қазақстан мұнайын өте шапшаң қарқынмен дамып келе жатқан жаңа рынок Қытай Халық Республикасына жеткізетін мың шақырымдық Атасу – Алашаңқай мұнай құбырының салынуы әлем назарын аударған үлкен оқиға болды.. Қазақстан тәуелсіздігіне 16 жыл – мұнай саласындағы жетістіктер www.khabar.kz Ел егемендігін алған алғашқы жылдары Қазақстан тарихында алғаш рет аса ірі шетелдік инвестор Атырау өңіріне келген болатын. Бүгінде облыста 300-ден аса шетелдік және бірлескен компаниялар еңбек етуде. Осы жылдар ішінде мұнай-газ өндірісі дамып, тек ТМД көлемінде ғана емес, алыс шетелдерге танымал ірі жобалар жүзеге асырылды. Мұнайлы өңірдегі мол көмірсутегі шикізаты облыс тұрғындарының әлеуметтік ахуалының жақсаруына да ықпал етуде. Ендігі міндет мұнай-газ өнімдерін тереңірек өңдеп әлемдік нарықта бәсекеге төтеп бере алатындай өнім шығару. Арыстанбек Кенже, тілші: - Теңіз кен алаңында екінші буын жобаның алғашқы кезеңі сынақтан өткізілді. Мұнайды тереңірек өңдеуге арналған бұл жаңа технология толығымен іске қосылағанда, мұндағы өндіріс көлемі артып, тәулігіне 320 млн. баррель немесе жылына 14-нан 25 млн тоннаға дейін жетеді. Сондай-ақ жаңа технология қоршаған ортаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайтып, леспе газды жер қойнауына кері айдауға мүмкіндік береді. Яғни жылдар бойы ауда текке жанып жатқан газ алаулары ауыздақталатын болады. Аталған жобаны жүзеге асыруға 5 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс көлемінің артуы мемлекет қазынасына қомақты табыс әкелері даусыз. Сондай-ақ мұнай-газ саласымен сабақтас темір жол, құбыр тарту құрылысы да қатар қырқын алады. Шетелдік және бірлескен кәсіпорындарда жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, мамандардың біліктілігін арттыру да жақсы жолға қойылып келеді. Егемен еліміздің нарығында 14 жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан ТШО компаниясында қазір мамандарға деген мұқтаждық жоқ,- дейді компанияның бас директоры Тодд Леви мырза. Тодд Леви, «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының бас директоры: - Осы жылдар ішінде біз тек орта буынды мамандар ғана емес, өндіріс жетекшілерін, жоғарғы санаттағы инженер механиктерді де дайындап шығардық. Бүгінде ТШО-да 3200 адам еңбек етсе, оның 80 пайызы қазақстандықтар. Олар әлемнің кез келген компаниясында жұмыс жасай алады. Бұл Қазақстанның бәсекеге қабілетті маман дайындауына қосқан біздің үлесіміз деп білемін. Біз егемен елдің құрдасымыз. Осы елде болған барлық оқиғаларға куә болып келеміз. 2010 жылы ОБСЕ ұйымына төрағалық ету құрметіне ие болған Қазақстанға келешекте тек жаңа биіктер тілейміз. Атырау аймағында бұдан басқа Солтүстік Каспий жобасы жүзеге асырылуда. Каспий қайраңынан табылған мол мұнай қоры жалпы әлем бойынша соңғы 30 жылда ашылған аса ірі кеніш,- дейді мамандар. Ондағы мұнай қоры 9 млрд, тоннаға жуық екені баршаға абелгілі. Жандос Әкімжанов, Атырау облысы әкімінің орынбасары: - Күкірт сутегінің аса бай қоры бар Атырау облысы қашанда шетел инвесторларының назарында. Елбасының сара саясатының арқасында бүгінде көптеген шетелдік компаниялар аймақта жемісті еңбек етіп жатыр. Қазір жалпы елге тартылған инвестицияның 30 пайызы осы Атырауда. Ол мұнай өндірісінің артуына игі ықпал етіп отыр. Тек 2006 жылы бізде 17 млн. 200 мың тонна мұнай мен 7 млрд. текше метр газ өндірілді. Бұл бір жылдың көрсеткіші. Аймақтағы мұнай-газ өнеркәсібінің қарыштап дамуы Қазақстан мұнайының әлемдік нарыққа шығуына жол ашты. Кеңестік жүйе кезінде салынған еліміздегі жалғыз Атырау-Самара мұнай құбырына қосымша Каспий құбыр консорциумы құрылды. Бұрынғы құбырдың қуаты бар болғаны жылына 12 млн тонна болса, енді оны екі-үш есеге арттыруға мүмкіндік бар. Жаңа консорциум Қазақстан мұнайын әлемдік тұтынушыларға жеткізетін негізгі күре тамыр. Ол Теңіз кенішіндегі мол мұнайды Новороссийк порты мен Қара теңізге шағара алады. Жаңа мұнай құбырының қуаты жылына 25 млн тонна және қажетіне қарай оны 67 млн тоннаға жеткізуге болады, -дейді мамандар. Егемендіктің арқасында ашылған осындай жаңа көкжиектер облыс халқының әлеуметтік ахуалына игі әсер етіп отыр. Жыл сайын Атырау облысында 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Болашағы жоқ деген ауылдар мен елдімекендер түгелімен жаңа қонысқа көшірілуде. Соның бірі «Отан» орденінің иегері, майталман мұнайшы Нұрлан мен Жаңылсын Сәтбаевтар отбасы. Сәтбаевтар бұған дейін экологиясы нашар Сарқамыс елдімекенінде тұрып келген еді. Енді міне олар күллі ауылдастарымен бірге облыс орталығына көшіп келді. Нұрлан Сәтбаев, «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының операторы: - Мен осы мұнай саласында 40 жылдан бері үзбестен еңбек етіп келемін. Жолдасым да мұнайшы. Қызым мен ұлым да мұнай мамандығына оқып жатыр. Бұл - әкемнен қалған кәсіп. Сондықтан біз үшін қастерлі мамандық. Қазір соңғы 10-15 жылда мұнайшылардың жағдайы жақсарды. Айлығымыз жоғары. Былтыр Үкімет осы үйді тегін берді. Ел аман, заманымыз тыныш болғай! Әке көрген оқ жонар деген, Сәтбаевтардың ұлы Абылай мен қызы Венера да мұнайшы мамандығын таңдапты. Абылай болашақта жаңа ұңғыларды жайғастыру маманы,Венера мұнайшы-геолог болып шығамын дейді. Жас ұрпақтың алдында Қазақстанның кешенді мұнай химиясы секілді жаңа жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Арыстанбек Кенже: - Осы жылдан бастап Елбасының тапсырмасымен Атырауда интеграцияланған мұнай химиясы кешенің құрылысы басталды. Жоба бойынша жаңа өндірістің қуаты жылына 200 мың тонна химия өнімдерін шығаратын болады. Ол шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етпек. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 16 жылда мұнайлы Атырау аймағы осылайша өркендеп келеді. Жерінен табылған көмірсутегінің мол қоры сол елдің күрт дамуына негіз қалағанымен, егер осы мүмкіндік өз уақытында дұрыс пайдаға асырылмаса, сол байлықтың ақыр соңында бақ орнына сорға айналуы да ғажап емес екендігін бірқатар елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Бұған ең әуелі африкалық мемлекеттер мысал бола алады. Бұл құрлықта жер шарындағы мұнайдың барланған қорының 7,2 пайызы сақталынып отырғанымен, одан халықтың шекесі шылқып отырғандығы шамалы. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап қолдарына жаппай тие бастаған тәуелсіздіктің қадір-қасиетін дұрыс бағалауға мүмкіндіктері жетпеді ме (бұл құрлық елдері халықтарының білім деңгейі төмен екені белгілі), жоқ әлде заман ағымына сәйкес лайықты саясат түзей алмай қалды ма (кейбір сарапшылар қара құрлықтың дамуына осында етек алып кеткен сыбайлас жемқорлық пен тәртіптің осалдығы кері әсер етіп отыр дейді), әлде сол тәуелсіздік қолдарына тым кештеу келіп тиді ме (Африка елдеріне жаппай тәуелсіздік берілуінің себебін құрлықтағы маңызды шикізат қорларының таусыла бастауымен байланыстыратындар да бар), әйтеуір Африканың көп халқы кедейлік пен кикілжің шырмауынан шыға алмай-ақ қойды. Мамандардың пікіріне қарағанда, көмірсутегі шикізатын тиімді пайдалана білу мәселесі көп жағдайда сол ел үкіметінің іскерлігіне байланысты болып келеді. Өйткені, жер қойнауынан табылған мұнайдың мол қоры осы саланың шикізаттық бағытының жеделдетіле дамуына мүмкіндік ашады да экономикалық қызметтің басқа салаларының тең дәрежеде дамуын бұзады. Осыдан барып көмірсутегі шикізатына тікелей қатысы жоқ салалар зардап шеге бастайды. Әр сала бойынша еңбек ететін адамдардың алып отырған жалақыларында үлкен айырмашылықтар пайда болады. Демек, Үкімет елдің мұнай-газ саласында игеріліп жатқан үлкен байлық көзіне екінші бір сала адамдарының, мәселен ауыл халқының қол жетімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Мұны қалай жүзеге асыруға болады? Екіншіден, жерінен табылған мол шикізат көзі, халықты жеңіл күнкөріс жолына қарай жетектеп, сапалық тұрғыдан дамуына кері әсер етуі де ғажап емес. Мәселен, араб мемлекеттері шылқыған байлық үстінде отырғанымен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жөнінен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен көп төмен жатыр. Мұндай жағдайда “өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай” дегендей халықты да сын тезіне салып, экономиканы да талап дәрежесінде дамытудың қандай жолдары бар. Үкімет міне, осындай күрделі мәселелерге дер кезінде жауап беріп, соған сай әрекет жасауы тиіс. Шетелдік сарапшылардың деректеріне қарағанда, бірқатар елдердің үкіметтері осындай мәселелермен дер кезінде шұғылданбағандықтан артынан үлкен қиындықтарға ұшыраған екен. Мәселен, әлемдік барланған мұнай қорының 6,3 пайызына иелік еткен Венесуэла елі өз экономикасының жоғарыдағыдай айықпас дертке душар болғандығын 40 жыл бойы ұға алмай келген. Ал Бразилия экономикасы, серпінділік стратегиясы дер кезінде жасалынбағандықтан, дамудың 4 пайыздық қарқынына да төтеп бере алмай, шабандықтың күйін кешкен. Демек пайдалана білмесе, әлдебір уақыттарда таусылуға негізделген мұнай-газ байлығы дегеніміз бір есептен алғанда – алдамшы байлық. Ал мұның ең ауыр зардаптарын шикізат сатуды ғана алданыш етіп, сонымен жан сақтап келген елдер көбірек тартып отыр. Сондықтан Үкімет шикізаттық экономиканың шылауынан ертерек шығуға қам жасай отырып, халықты өзінің білімі, кәсіптік шеберлігі арқылы өмір сүріп кететіндей жағдайға жеткізудің жолдарын күні бұрын қарастыруы керек. Бір жақсысы, Қазақстан Үкіметі мұнайлы елдер тәжірибесін жан-жақты зерттеу нәтижесінде оларда орын алған кемшіліктер мен қателіктерді күні бұрын көре біліп, голланд дертінің алдын алу шараларын ерте бастан қолға алды. Экономикада әртараптандыру бағытының ұсталуы, жоғары технологиялы өндіріс түрлерін дамытуға талпыныстар жасалуы, экономиканың екінші қанаты секілді үлкен сала ауыл шаруашылығының әлсіреуіне жол берілмей, мемлекет тарапынан тұрақты түрде қолдау мәселесінің шешім табуы, мемлекеттік қаржылардың жұмсалуы мен игерілуіне деген бақылау мен талаптың нығайтылуы, бірнеше бағыт бойынша кластерлік дамуға басымдықтар берілуі елімізде голланд дертінен сақтануға қатысты күрестің күшейтіле түскендігін білдірсе керек.

     Жасыл тыңайтқыш. Топырақты органикалық зат, азот және басқа қоректік элементтермен байытуда жасыл тыңайтқыштың маңызы. Құнардығы төмен құмдақ топырақтарға жасыл тыңайтқыш қолданудың маңызы. Сидераттың негізгітүрлері. Жасыл тыңайтқы ш ретінде пайдаланылатын өсімдіктер және оларды өсіру агротехникасы. Сидератты тыңайту.

Топырақта сидераттың жасыл  массасының ыдырауы. Қазақстанда жасыл  тыңайтқышты қолдану және әртүрлі  топырақ-климат жағдайына байланысты оның тиімділігі. Жасыл тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы дақылының өнімі мен топырақ қасиетіне әсері.

Топырақтағы шіріндінің балансын жақсарту үшін сабанды пайдаланудың маңызы. Сабанды тыңайтқыш ретінде  қолдану тәсілдері.

Табиғи органикалық  шикізаттан алынатын тыңайтқыштар (шымтезек, сапропель). Шымтезек түрлері, олардың агрохимиялық сипаттамасы мен ботаникалық құрамы. Шымтезектің күлділігі, қышқылдылығы, ылғал сиымдылығы және сіңіру сиымдылығы. Шымтезек құрамындағы қоректік заттардың мөлшері. Шымтезекті төсеніш ретінде және тыңайтқыш үшін пайдалану. Батпақ пен көл түбіндегі өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтарының, лай қабаттарының (сапропель) агрохимиялық сипаттамасы. Сапропельді тыңайтқыш ретінде пайдалану.

Шымтезек (нем. Torf), жанатын қатты пайдалы кен, каустобиолитовтың бір түрі. Ол жоғары ылғалдылық және ауаның жетіспеу жағдайында микроорганизмдердің әсерінен  олардың толық емес ыдырауы және шіріген өсімдіктердің қалдықтарының нәтижесінен пайда болады. Шымтезек – талшықты (ыдыраудың төмен деңгейі) немесе созылымды формасыз (ыдыраудың жоғарғы деңгейі) қоңыр немесе жертектес қара түсті ашық – сары масса. Шымтезектің – физикалық, химиялық қасиеттеріне және құрылу шарттарына, ботаникалық құрамына байланысты, бас, өтпелі және ойпат деп бөлінеді. Шымтезек – күрделі полидисперісті көп компониентті жүйе. Құрамды бөліктері: жанғыш немесе органикалық масса; дымқыл, ылғал (табиғи күйінде массасы бойынша 86-95%);  миниралды қоспа (кебу күйінде 50% жоғары емес). Органикалық масса: табиғи органикалық зат (1,12-17%), суда ерігіш және жеңілгидролизденетін зат (10-60%) целлюлоза (2-10%)гидролизденбейтін қалдық (лигнин, 3-20%). (массасы бойынша) 48-65 С; 25-45 О; 4,7-7 Н; 0,6-3,8 N; 1,2-2,5 S. Күлді құрайтындар: макроэлементтер (оксидтер түрінде)-SiO2, CaO, А12О3,  Fe2O3, MgO,  K2O, P2O5, SO3; микроэлементтер-Zn, Cu, Co, Mo, Mn. Физикалық қасиеттері: тығыз қатты 0,8-1,08-ден  1,4-1,7-ге дейін г/см3 көлемі бойынша 96-97% уақтесікті кеуек; ылғал тұратын ыдыс 6,4-30 г/кг; жылының жанып кетуін ұстау 10-24 МДЖ/ кг; ұшқыш заттардың шығуы (қыздыру кезінде ауа жетпегенде пайда болады); масса бойынша күлділігі 2-18 %.

Шымтезектің қолданылуы: компостарды дайындау (органикалық  тыңатқыштарды қараңыз); тыңайтқыштар компонентті; гүл шаруашылығы және бақша шаруашылығы (көшеттерді өсіруге арналған ыдыс және брикеттер, парникті грунт ағаш түрлерін отырғызу); жасылдандыру (шымтезекті кілемдер); антисептикалық жерге төселетін материал (жануарлар және құс ферма); газ және сужұтқыш (таза су және мұнаймен былғанған суларды тазалауға арналған адсорбент); құрылымы (жылуды аз жіберетін дыбысты материал ретінде); металургиялық кокусты алу (жартылай кокустенуді қараңыз); белсенді көмір, шымтезектес балауыз (балауызды қараңыз): медицина (мысалы шымтезекті балшықты емдеу); еріту, жандыру комуналдытұрмыстық мақсаттар үшін электростанцияларда пайдалану.

Шымтезек - барлық континенттерде қабатты тыңайтқыш ретінде кездеседі. Шымтезектің максималды концентрациясының аймағы солтүстік жарты шарда, солтүстік Американың батыс сібірдің солтүстік шығыс бөліктерін қамтиды және батысы Атлант мұхитының жағалауына дейін созылып жатыр. Оңтүстік жарты шарда шымтезектің максималды жиналуы оңтүстік шығыс Азияның аралдарынан ғана анықталған. Шымтезектің әлемдік қоры (40% ылғалдық) шетелдік мемлекеттер арасында көбірек қоры 500 млрд тонна. Европа – Финляндия (35,0) және Швеция (11,2); Азия –Индонезия (78,5) және Қытай (27,0); АҚШ-та (36,3) және Канада (35,0); Заир – Африкада (3,5); Австралия (1,0); жаңа Зеландия (1,3). Кеңес одағының қоры (200 млрд тонна 1987), табысы 19,5 млн тонна (1986)

Шымтезек дегеніміз  не? Шымтезек - бұл көмір емес. Оны көмірді алу процесіндегі саты деп атауға болады. Көмір бұл 100 миллиондаған жыл бұрынғы жылы, ылғалды климаттағы қалың жунглилерде өскен ескі өсімдіктердің және ағаштардың қалдықтары. Бұл ағаштар мен өсімдіктер уақыт өте келе батпақты суға тап болады. Ағаш бактерияларының ыдырау процесінен газдар және негізгі бөлігін углерод құрайтын қара қоспа пайда болады.  Уақыт өте келе батпақ пен құмның қысымынан қоспадан сұйықтық кетеді, ал жабысқақ масса көмірге айнала отырып қатаяды. Бұл процесс басталып аяқталғанға дейін мың жылдарды қамтиды, процестің 1 сатысы көмірдің пайда болуын қазір де көруге болады. Солтүстік Каролиниде және Вирджиниде ұлы күңгірт батпақта және АҚШ-тың солтүстік штаттарының мыңдаған батпақтарында, Канадада шымтезек пайда болды. Бұл батпақты өсімдіктер углеродты көп бөле отырып ыдырау процесінде болады. Бірнеше жылдардан кейін мұндай процестерден қоңыр аралас жапырақ бұтақ массасы пайда болады. Міне шымтезек дегеніміз осы. Мұндай батпақтан суды шығарғанда шымтезекті бөлшектеуге болады, кептіру және жағу үшін орналастырамыз. Шымтезектің ¾ бөлігі судан тұрады, сондықтан кептіру қажет. Ирландияда шымтезектің көптігінен сонымен қатар көмірдің қымбаттығына байланысты фермерлердің  көбісі шымтезекті отын  ретінде пайдаланады. Көмірдің қалған түрлері бұл шымтезектен шығатын өнім. Егер шымтезекті пайда болған жерінде қалдырсақ ол біртіндеп лигнитке айналады. Ол шымтезек қаттырақ бірақ жеткілікті түрде жұмсақ және ұсақ  көмір. Ол лигниттің химиялық өзгерісі кезінде жерде пайда болады және мыңдаған жылдар бойы қысымда жатады. Бұл көмір отбасының маңызды мүшесі. Ол жеңіл жанады және көлемде кездеседі. Егер битумды уголь жерде болса жеткілікті қысымға ұшырайды. Ол біртіндеп қатты көмірге немесе антрацитке айналады. Ол битумды көмірге қарағанда ұзақ және түтінсіз жанады.

Информация о работе Төрттік кезеңдегі пайдалы қазбалар