Төрттік кезеңдегі пайдалы қазбалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 15:23, дипломная работа

Краткое описание

Төрттік кезең Жердің дамуында тарихи тұрғыдан қарағанда аз уақыт алғанымен, айрықша бай оқиғалардың өрбуімен сипатталады. Осы уақытта жер бетінің келбеті, климат пен ландшафт жағдайлары бірнеше дүркін өзгерді. Төрттік кезеңді зерттеудің басты мәселелері – таужыныстардың құрамын, құрылысын, жаралу заңдылықтары мен хронологиясын, тектоникалық және физикалық-географиялық жағдайлардың алмасуына байланысты, олардың пайда болуы мен өзгеруін, сонымен қатар органикалық тіршіліктің даму тарихын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ж.Д.К.Ж..doc

— 810.00 Кб (Скачать документ)

Жалпы стратиграфиялық бөліктемелер. Жалпы стратиграфиялык бөліктемелер екі санатқа бөлінеді: био-стратиграфиялық және климатостратиграфиялық    негіздемелер - бірқатар таксондар (белдем, тарау, буын) аталған eкі критерий негізгі - анықталады.

Биостратиграфиялық негіздеменің жалпы бөліктемелері фанеройдың басқа жүйелері сияқты анықталады. Оларға теңіз түзілімдерін жіктеуге қолданылатың планктондық фораминиферлер мен наноплантондар бойынша анықталатын белдемдер мен белдемшелер (яғни тараулар) жатады. Жалпы биостратиграфиялық беліктемелер - белімдер мен ярустар (жікқабаттар) төрттік жүйеде жіктелмейді.

Белдем (хронобелдем) - рангі бойынша ярусқа (жікқабатқа) бағынышты жалпы стратиграфиялық шкаланын таксондық бірлігі.  Оның шекаралары құрамына жылдам эволюцияланатын және кең геогафиялық таралымға ие болған түрлердің тобы кіретін фауналық коплекс бойынша анықталады. Белдемнің жетекші фауналық топтардың» біpі бойынша анықталған стратотипі болуы керек. Белдемін геогонологиялық эквиваленті-фаза (хрон).

Плейстоцен мен эоплейстоцен көлеміндегі, яғни ұзақтығы 1,80 млн жыл болатын төрттік жүйе планктондық Globorotalia truncatuli-noides фораминиферлерді бip белдеміне эквивалент.

Климатостратиграфиялык  негіздеменің жалпы бөліктемелері. Жалпы климатостратиграфиялық бөліктемелердің таксондық қатары ұзақтығы әр түрлі климат өзгеруі – жалпы планеталық ритмдерінің табиғи бағыныштылығын және олардың бөліктеріңің (фазаларының) айқындылығын немесе бірнеше фаза мен ритмдердін заңды астасуын биіндреді. Жалпы климатостратиграфиялық бөліктемелердің (климаттын жалпыпланеталық салқындау және жылыну фазаларының) белдемнен кіші 6 негізгі таксоны бөлінеді: тарау, буын, сатылар бірлестігі, саты, стадиал, қабаттар бірлестігі (2-кесте).

Әртүрлі ландшафт бел-деулері мен бөлдемдерінде олар жергілікті климат терминалық режимнің өзгеруінде ғана емес, оның құрғауы мен ылғалдануында, сипатында (олар аридтер жене плювиалдар деп аталады) білінеді, мысалы тропик белдемі.

Тарау (белдемше) – төрттік жүйенің рангі бойынша ең үлкен беліктемесі

(VIII таксон), ол белдем құрамына кіреді және жалпы стратиграфиялық шкаланың беліктемесіне сәйкес келеді. Бip мезгілді био және климатостратиграфиялық сипатқа ие. Құрамында құрлық суткорекплері фаунасының қалдықтары, сондай-ақ планктон фораминиферлері бойынша континент пен теңыз тузілімдерінде анықталады. Бір тарауға бipнеше провинциялық фауна комплекстері кіреді. Тараулар климат дамуынын ұзақ және күpдeлi этаптарына (0,5-1,0 млн жыл) сәйкес келеді. Олар ең ipi муздықаралық замандарға (ваал, кромер типті) сәйкес кeлiп, ұзақтығы жұздеген мың жылдық бірнеше үлкен климаттық ритмдерді қамтиды.

Тарауларда өздерінің  жеке стратотиптеpi болмайды. Олардың  стратиграфиялық ауқымы құрамында  кішірек климатостратиграфиялық бөліктемер paнгтері бар стратотиптер жиынтығы бойынша анықталады.

Төрттік жүйенің жалпы  стратиграфиялық сұлбасында екі  тарау бөлінеді, оларға төрттік кезеңнің екі ipi бөлігі: жылылау эоплейстоцен (ашперон) мен салқындау мұздықтық  плейстоцен кіреді. Тараудың  геохронологиялық эквиваленті - этап.

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Буын (тарауша) - тараудың құрамына кіретін таксондық жалпы бөліктеме

(IX таксон), ол  бipдeй мөлшерде био- және климатострати-графиялық негіздемеге ие. Буын күрделі климаттық әтапқа сәйкес келіп   peті бойынша кiшiлey бірнеше ырғақтардан - климат жылынуы мен салқындауы (құрғақшылық пен   ылғалдылық)   ырғақтарынан тұрады. Стратиграфиялық ауқымы бойынша буындар провинциялық “белдемшелерге” (құрлықтық сүтқоректілер бойынша) жақын. Олардың    көпшілігі биостратиграфиялық сипаттамаға ие (мысалы, сүтқоректілер    фаунасының кoмплeкcтepi - тирасполь, тамань, қосқорған, т.б.). Буынның хроностратиграфиялық ауқымы 200-500 мың   жыл төнірегінде. Тараудың құрамына кіретін жалпы буындар оның стратиграфиялық ауқымын толығымен толтыруы тиіс, біpaқ өзінің жеке стратоптері болмайды. Олардың стратиграфиялық ауқымы өздерінің құрамынакіретін жалпы климатостратиграфиялық бөліктемелер странитотиптері көлемінің жиынтығы ретінде анықталады. Буындардың атауы құрамына кіретін тарауларға төменгі, ортанғы, жоғарғы деген анықтамаларды қосу арқылы (мысалы, ортаңғы плейстоңен) жасалады. Бунның геохронологиялық эквиваленті – шақ.

Баспалдақтар  бірлестігі (шеңбер, буынша) - буынның құрамына кіретін климатостратиграфиялық бөліктеме (X таксон), салқындау мен жылынудың ipi    ритмдеріне    сәйкес    келетін    кішілеу    paнгтері бөліктемелердің   бірнешеуін  бipiктipeдi.  Стратиграфиялық шкалада баспалдықтар бipлecтiгiн жіктеу міндет емес. Баспалдақтар бірлестігінің хроностратиграфиялық ауқымы плейстоценде – 80-150 мың жылға, ал эоплейстогенде - 500-600 мың жылға сәйкес кeлeдi. Баспалдақтар бірлестігінің аймақтық прототиптері ретінде климатострати-графиялық горизонттар бірлестігі, ал олардың бірінің географиялық атауы - оның этолоны болып кабылданады. Баспалдақтар бipлecтiгiнiң геохронологиялық эквиваленті - қарқын.

Баспалдақ (климатолит) - баспалдақтар бipлecтiгiнe немесе тікелий буынға жалпы климатостратиграфиялық бөліктеме (XI таксон). Ол климат жылынуының немесе салқьшдауының бір жаһандық ірі фазасына, ал тропик белдемде ірі плювиалдарға немесе аридтерге сәйкес келеді. Ритм ағымында қысқа мерзімді кері таңбалы климат ауытқулары (стадиалдар мен стадиаларалықтар) білінуі мүмкін.

Негізінен климатостратиграфиялық критерийлер бойынша бөлінетін  баспалдақтар, сондай-ақ тар көлемде  мамандандырылған экологиялық-стратиграфиялық, фауналық, споралық-тозандық ком-плекстер (кемірушілер, құрлықтық және тұщы сулық моллюскілер, көмілген топырақтар) бойынша біршама жеке биостратиграфиялық сипатқа ие болады.

Баспалдақтардың аймақтық прототиптері - горизонттар (мұздықтық және мұздықаралық), олардың біреуі эталон ретінде қабылданып, оның географиялық атауы тиісті баспалдаққа беріледі. Баспалдақтың хроностратиграфиялық ауқымы плейстоценде - 20-30, ал эоплейстоценде - 100-300 мың жылды құрайды.

Баспалдақтардың өзіндік стратотиптері болады. Плейстоценде 13, ал эоплейстоценде 5 баспалдақ бөлінеді. Төрттік түзілімдер страти-графиясын қазіргі деңдейдегі зерттеуде баспалдақтар (климатолиттер) геологиялық карталаудың ең маңызды нысандары болып табылады.

Стадиал - баспалдақтарға (климатолиттерге) бағынышты жалпы климатостратиграфиялық бөліктеме (XII таксон). Ол біршама климаттың қысқа мерзімді, бірақ жаһандық таралымды салқындау немесс жылыну фазына сәйкес келіп, белгілі бір баспалдақтың қысқа уақьп кесіндісін қамтиды. Стадиалға ландшафт белдемдерінің айтарлықтай физикалық-географиялық өзгеріске түспеген, тек шектеулі жылжуы сәйкес келеді. Стадиалдар климатострати-графиялық негізде бөлінеді, белгілі бір биостратиграфиялық сипатқа ие болмайды.

Стадиалдардың хроностратиграфиялық көлёмі жоғарғы және сш таңғы плейстоцен ауқымында, 5-10 мың жыл шамасында. Олардып аймақтық баламалары мен стратотиптері ретінде стадиалдық ;(стадии-ларлық) қабаттар қабылданады.

Қабаттар  бірлестігі (деңгей, осцилляторлық  қабат) - климаттыц шағын және қысқа мерзімді өзгерісіне сәйкес келетін (мысалы, голо-ценнің Блитт-Сернандер сұлбасы бойынша бореал немесе атлант тиіггі уақыты) жалпы климатостратиграфиялық бөліктемесі (XIII таксоп) Климаттың бұл ұсақ фазалары бүкіл жер шарында тұрақты екендіп анықталады.

Қабаттар  бірлестігі қималарда литологиялық белгілері, таужыш.і стар генетикалық  типтерінің алмасуы, палеоэкологиялық (негізіноц палинологиялық) деректер бойынша анықталады. Олардың жоғаріы плейстоцен мен голоцендегі хроностратиграфиялық ауқымы 1-5 мың жыл төңірегінде. Қабаттар бірлестігінің атауы рангілік терминен анықтауға мүмкіндік беретін табиғи іздеу-барлау ұңғымалары болып табылады. Төбелік саздар керамзит шикізаты мен құрылыс материалы рітінде  пайдаланылады. Вулкан  батпағы  бальнеологиялық  (емдік) мақсат үшін құнды шикізат.

Батпақты вулкандар мезгіл-мезгіл, ал кейбіреуі шамамен 60-70 жылдан кейін атқылайды.

Онтүстік Каспий  алабының  шығыс  жағалауында, меридиан бағытында Иран шекарасынан Шелекен түбегіне дейінгі аралықта Гайнық, Ақпатлаук, Геокпатлук, Боядаг, Порсыгель, Қызғылт Порсыгель, Олигүл ясәне басқа батпақты жанартаулар сызыла орналасқан.

Зерттеулер нәтижесі (К.Н.Аманниязов, 1999) Оңтүстік Каспий алабының шығыс жағалауында соңғы 10-15 жылда Чикишляр ауданындағы Гайнақ балшықты жанартауларының белсенділігі артқаны байқалады. Атқылаудың белсенді әрекеті Кеймир ауданындағы мппіук вулканының солтустік және батыс бөлігінде білінеді. Осыған байланысты Кеймир кенішіндегі мұнай өндіретін ұнғымаларынада мұнайдың шығымы артуы мүмкін.

Челекен құрылымында Батыс және Қызғылт Порсыгель вужанін   әрекет   етеді.    1978 жылы Қызғылт Порсыгельде шағын сорғамалар байқалып, үш жерде грифон пайда болған. 1991-1994 жылдары басты  Орталық Гейзер белсенді атқылаған.  Ол   қатты гүрілдеп, көптеген грифон пайда болған. Олардың саны орталығында оннан асса, ал барлық вулкан бойынша жүздеген қайнаған ұсақ грифондар» әрекет етеді.

1992-1993 жылдары  Батыс Порсыгельде белсенді атқылау  болған. Бірнеше күн ішінде батпақ тасқындар Азизбеков кентінен Қарагел кентіне дейынгі аралықтағы жаңа тас жолмен қатар, бірнеше басқа да нысандарды басып қалған.

Балшықты  вулкандар - табиғи ластану көзі. Оларға  барған адамдардың ұзақ уақыт бастары ауырып, құлақтары бітіп жүреді. Осыған орай батпақты вулкандар Челекен мен Чикишляр кенттері тұрғындарының денсаулығына теріс экологиялық ықпал етуі мүмкін.

Олар өткен замандарда миллиондан жылдар бойы әрекет етіп, жалғасып   келеді. Біреулері   сөнсе,   басқалары   адамның қатысуынсыз-ақ, пайда бола береді. Барлық балшықты вулкандарда, грифондарда (олардың құрлықта немесе су астында орналасуына қарамай), атқылау басталған кезде әртүрлі дәрежеде мұнай мен газдың бөлінуі байқалады. Бұл кұбылыс - қоршаған орта мен экологияға теріс әсер етіп, аумақтағы жер қыртысының ұдайы қозғалыста екендігін көретеді.

Аймақтык стратиграфиялық  бөліктемелер. Бұл бөліктемелерді аймақтық корреляциялау стратиграфиялық сұлбаларды жасау үшін қолданады. Аймақтық бөліктемелердің жалпыға: эртак әмбебап сүлбадан өзгешелігі, олар міндетті иерархиялық таксондар емес, олардың шекаралары бір-бірімен сәйкес келебермейді.

Төрттік түзілімдердің  кабаттары мен қаткабаттарына жергілікті рангілік - "комплекс", "серия", "свита", "подсвита" терминдері қолданылады.

Белгілі бір жердің жалпы қимасында бұл стратиграфиялық  бөліктемелерді анықтаудың жалғыз жолы - ірілеу таксондарды ұсақтау таксоидарға жіктеу мүмкіндігі. Мәселен, құрамында кездесетін көмілген топырақ қабаттары бойынша бірнеше үсак бөліктемелерге жіктеу мүмкін болғанда, қалындығы шамалы лёсс қатқабатына серия рангі берілуі мүмкін. Регламенттілігі міндетті емес көмекші терминдерге "фауналы қабат", "географиялық атауы бар қабат", "қатқабат" және "кабаттар" жатады.

Төрттік түзілімдердің  жергілікті, аймақтық, корреляциялық 
және әмбебап стратиграфиялық сұлбаларын жасау әдістемесі. Стратиграфиялық зерттеулер нәтижелерін қорытындылаудын ең ыңғайлы және көрнекті формасы - әр түрлі типті стратиграфиялық сұлбалар. "Стратиграфиялық кодексте" жергілікті, аймақтық және жалпы сұлбаларды жасау қарастырылған. Олар әртүрлі масштабты геологиялық карталарға легенда (шартты белгілер) әзірлеуге негіз болады. Стратиграфиялық бөліктемелердің жергілікті және аймақтық сұлбасы төрттік   жуйенің жалпы шкаласымен салыстырылуы тиіс.

  Стратиграфиялық   сұлбалалар   стратиграфиялық   зерттеулердің қазіргі      жағдайын көрсетуі міндетті екенін ескерсек, аймақтык ғылыми кенесулер әрбір 5 жыл сайын өткізіліп тұрғаны жөн. Халықаралық стартиграфиялық комитет (ХСК) аймақтық сұлбаны сынамалаудың мұнадай процедурасын (ретін) ұсынған.    Аймактык    кеңестерде әзірленген сұлбалар төрттік жүйе бойынша ХСК номенклатуралық тұрақты комиссиясына қорытындылауға беріледі. Бұл материалды қарап шыққан комиссия сүлбаның негізделу дәрежесіне байланысты оған әмбебап, корреляциялық немесе жүмыстық (алғашқы) ранг тағайындайды. Осыдан кейін аймақтық сүлбалар аймақтық, орта және ірі масштабты геологиялық карталарға легенда әзірлеуге негіз болуы мүмкін.

Жергілікті  сұлбалар. Бұл сұлбалар төрттік жабынының құрылысы белгілі бір типті шағын аумақтары үшін күрастырылады. Әрбір жергілікті сұлбада ауданның төрттік қатқабаттары құрылысының негізгі ерекшеліктері мен шөгінділерінің стратиграфиялық қарымкатынсы көрініс табуы тиіс. Жергілікті сұлбаларда жергілікті және көмеім стратиграфиялық бөліктемелер: свиталар, сериялар, қатқабаттар, будалар, қабаттар пайдаланылады.

Төрттік және жоғарғы  плиоцен түзілімдері үшін жергілікті сұлбаларда "террасалық комплекс" пен "педокомплекс" (олар свитаға және. серияға сәйкес келеді) терминдерін қолдану козделеді. Свитап атауына шөгінділердің генезисін қосуға болады (мысалы, колдік свита). Генетикалық негізде бөлінетін қатқабаттар синонимі ретінде гео графиялық атаулармен бірге қыскаша генетикалық анықтауларды қолданған дүрыс (мысалы, аллювий, мариний, лимний, флювиогляциал, т.б.). Төрттік және плиоцен шөгінділерінін жергілікті сұлбалары үшін арнайы таксон ретінде "палинозона" (палинобелдем) термині енгізілген.

Жергілікті  сұлбалар тұрғызуга  негізінен тіректік  кималардың түбегейлі, жан-жакты сипаттамасы жатуы тиіс. Жергілікті сүлбаны әзірлегенде жергілікті терминологияны да қолданған жөн. Мәселен, Қазақстан өзендері террасаларын   белгілегенде жәие даталағанда үксастығы мен реттілігі бойынша Альпіде пайдаланылатын терміндерді қолдануға болмайды. Жергілікті стратиграфиялық зерттеу мен жергілікті сүлбалар жасаған кезде, көрші аудандар мен тиісті жалпыланған стратиграфиялық шкалалар мәліметтерімен байланыстыру мен корреляциялау, міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Информация о работе Төрттік кезеңдегі пайдалы қазбалар