Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 15:23, дипломная работа
Төрттік кезең Жердің дамуында тарихи тұрғыдан қарағанда аз уақыт алғанымен, айрықша бай оқиғалардың өрбуімен сипатталады. Осы уақытта жер бетінің келбеті, климат пен ландшафт жағдайлары бірнеше дүркін өзгерді. Төрттік кезеңді зерттеудің басты мәселелері – таужыныстардың құрамын, құрылысын, жаралу заңдылықтары мен хронологиясын, тектоникалық және физикалық-географиялық жағдайлардың алмасуына байланысты, олардың пайда болуы мен өзгеруін, сонымен қатар органикалық тіршіліктің даму тарихын анықтау.
Жергілікті сұлбадағы әрбір бөліктемеде белгілі бір қабатқа, будаға, т.б. сәйкес шөгінділердің максимал ақпаратты сипаттамасы берілуі тиіс. Түзілімдерді сипаттағанда жергілікті сүлбада заттык құрамы генезисі, фауна мен флораның типтік өкілдері, жалпы палинологиялық сипаты, шөгінділердің қалыңдығы, геоморфологиялық позициясы терраса нөмірі мен олардың салыстырмалы және абсолют биіктіктері абсолют жасының датировкасы мен палеомагниттік деректер, стратотиптер мен олардың негізгі қималары көрсетіледі. Сонымен қатар сүлбаларда шөгінділердін аракатынасының сипаты, шөгінді жиналудағы үзілістер, стратиграфиялык шекаралардың анықтылык дәрежесіI шөгінділердің берілген аудан аумағында фациялық алмасулары, т.б. көрсетіледі. Төрттік түзілімдер үшін жалпы жергілікті бағанадан басқа анғарлар мен суайрық немесе ауданның мүздықтық және мүздыктан тыс бөліктерінің жекелеген сүлбалары жасалады.
Аймақтық сұлбалар. Бұл сұлбаларда аумақтың (аймақтардың) ірі бөліктерінің геологиялық қүрылысы көрініс табады. Олар екі бөліктен тұрады: әмбебап (аймақтың қорытынды қимасын сипаттайтын аймақтық стратиграфиялық боліктемелер мен олардың негіздемесі) және корреляциялық (бір-бірімен салыстырылған жалпылама жергілікті сұлбалар). Аймақтық сүлбаның әмбебап бөлігіндегі стратиграфиялық бірліктер үшін "горизонт", "горизонттар бірлестігі", "горизонтша", терминдерін пайдалану үсынылады. Горизонт деп - климатострати- графиялық горизонтты айтады (3-кесте).
Әмбебап сұлбада түзілімдердің сипатынсыз, горизонпардың тек аты ғана беріледі. Горизонтгың аты стратотиптің (ареалдық стратотиптің атымен бірдей болуы тиіс. Әрбір аймактық сүлбаның әмбебап мииіпде стратиграфиялық бөліктемелердің оң жағына – аймақтық фауналық комплекстерді, аймақтық магнитостратиграфиялық және геохронологиялық шкала мен аймақтық горизонттардың әріитік индекстері беріледі.
Сонымен, төрттік түзілімдердің аймақтык стратиграфиялық сұлбасы мына тараулардан түрады:
1) жалпы стратиграфиялык шкала;
2) геохронологиялық шкала;
3) палеомагниттік шкала;
4) әмбебап бөлігі;
5) корреляциялық бөлігі.
Жергілікті сұлбалар батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасуы тиіс. Аймақтық стратиграфиялык сүлбалар ведомствоаралық аймақтық стратиграфикалық кеңестерде қабылданып, Халықаралык стратиграфиялық комитет пленумында бекітіледі. Стратиграфиялық сұлбаларға жазба тсініктеме мен оған қосымша аймақтың аудандау сүлбасы беріледі.
Қазақстан аумағының стратяграфиялық сұлбалары. Бұл сұлбалар Қазақстанның аймақтық сүлбаларын сәйкестендіру негізінде жасалады Олар үш тараудан тұрады; жалпы шкала; әмбебап сұлбалардан және ең толық жергілікті сүлбалардан түратын корреляциялык бөлік; көршілес аймақтардың стратиграфиялық үлбалары. Қазақстан схемасына қосымша, аудандау сүлбалары да берілуі Тиіс. Қазақстан аумағының қазіргі қолданыстағы стратиграфиялық сұлбасы 1986 жылы үшінші Қазакстандық стратиграфиялық кеңесте бекітілген.
№ 3 кесте
1.3. Төрттік түзілімдердің геологиялық картасы.
Қазақстан аумағы масштабы 1:200 000 геологиялык түсіру жұмыстарымен 95,7%-ке жабылған (Б.Ужкенов, 2000). Алдағы кезеңдегі жұмыстардың негізгі бағыты 1:50 000 масштабты геологиялық карта түсіру.
Жалпы ережелер. Масштабы 1:50 000 (1:25 000) геологиялық түсіру жұмыстары (кысқаша ГТЖ-50) жалпы іздеу жұмыстарымен қоса алғанда геологиялык барлау процесінің өзіндік жеке стадиясы болып табылады. Бұл жұмыстар масштабы 1:200 000 геологиялык түсіруден кейін және іздеу жұмыстарының алдында жүргізіледі. ГТЖ-50-дің мақсаты халық шаруашылығының барлық салаларын жүйеленген, соның ішінде картографиялық геологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету. ГТЖ-50 барлық геологиялық жаралымдар мен олармен байланысты пайдалы қазбаларды міндетті түрде зерттеп, геологиялық зерттеулердің қазіргі әдістерін, әдістемелердің оңтайлы жиынтығын қолданып, комплексті жүргізеді. ГТЖ-50-дің барлық түрлерінің нәтижесі - өзінің мазмұны мен ресімделуі бойынша Инструкцияның талаптарына сәйкес келетін тиісті масштабты геологиялык карта (аэрофотогеологиялық карталау - АФГК жұмысының нәтижесінде аэрофотогеологнялық карта).
Топтық геологиялық түсіру (ТГТ), парактық геологиялық түсіру (ГТ) және бұрын түсірілген аумақтарды геологиялық жете зерттеу (БГЖ) негізінде Мемгеолкарта - 50 баспаға даярланады және басып шығарылады. Бұл геологиялық мазмұнды жазба түсініктемесі бар геологиялық карталар жиынтығы Инструкция талаптарына сай құрылып және ресімделіп, бірегей легенда (шартты белгілер) бойынша номенклатуралық парақтар тобымен басып шығарылады.
ГТЖ-50-ді жүргізу аудандарын, белгілі
бір типтері тікелей зерттеу
тереңдігі ауқымында
- астында жатқан комплекстердегі геологиялық денелердің құрамы мен шекаралары қажетті дәлдікпен және түбегейлі түрде түпкі таужыныстар шығуымен элювий-делювий шашылымдары мен кен казбаларын, карталау ұңғымаларын, аэро - ғарыштық түсірімдер;
- көліктерді каналмен, басқа да құрылыстар аркылы бұл мақсатқа арналмаған жерлермен өткізбеуге;
- жануарлар мен өсімдік әлемін қорғауды, соның ішінде аң, балық аулау мен орманды пайдалануды қамтамасыз ететін талаптарды сақтауға;
- жұмыстар жүргізгенде жануарлардың (өсімдіктің) кырылуына немесе олардың санының азаюына және тіршілік ортасының тарылуына әкелетін әрекеттерге (сушаралардағы қопарылыс жұмыстары, жарылғыш және уландырғыш заттар қолдану, оқ ататын қару, балықты жаракаттау, т.б.) жол бермеуге;
- ғылым мен мәдениет үшін қажет сирек және тіректік геологиялық ашылымдардың, минерал жаралымдарының меториттердің, палеонтологиялық, археологиялық және басқа нысандардың сакталуын қамтамасыз етуге; мұндай нысандарды тиісті мемлекет органдарына хабарлауға;
- асылтас шикізаттарын, минералдарды, палеонтологиялық үлгілерді жинау жұмысын белпленген тәртіппен жүргізуге.
Геологиялық түсіру жұмыстарына қойылатын талаптар. Стратиграфиялық жаралымдар (шөгінді, вулканогендік, вулканогендік - шөгінді) "Стратиграфиялық кодексте" айқындалған жергілікті (комплекс, серия, свита, свиташа) және көмекші (қатқабат, буда, қабат, маркалаушы горизонт, фауналы және флоралы қабат) стратиграфиялык бөліктемелерді бөлу аркылы жіктелуі тиіс. Олар кимада белгілі бір жағдайда орналасып, ГТЖ-50 жұмыстарын жүргізгенде анықталып және қадағалануы тиіс. Бұл жұмыста карталаудың ең кіші стратиграфиялық бөліктемесі ретінде (маркалаушы горизонтты қоспағанда) литологиялық, фациялық және басқа белгілері бойынша ұқсас кабаттар будасы қабылданады.
Будалар жергілікті бөліктемелерге - свиташаларға, ал олар - свиталарға біріктіріледі. Егер карталанатын бөліктемелерді тіректік (жұмыстык) легендада бар свиталармен (свиташалармен) салыстыру мүмкін болмаса, олар көмекші бөліктемелерге - қатқабаттарға (қатқабатшаларға) жіктеледі. Олар ГТЖ-50-дің соңына қарай легендадағы жергілікті көмекші бөліктемелерге ауыстырылады. Ал бұл бөліктемелерді корреляциялау мүмкін болмаған жағдайда, жақсы зерттелген стратотип болса, олар жаңа жергілікті бөліктемелер рангіне өзіндік аты бар свиталарға (свиташаларға) ауыстырылады. Егер стратотиптерді түбегейлі зерттеу мүмкін болмаса, қатқабаттар негізгі карталанушы бөліктемелер ретінде сақталады.
Жабындық шөгінді түзілімдер карталарында бейнеленетін литологиялык-стратиграфиялық бөліктемелердің максимал қалыңдығы 50 метрден аспауы керек. Барлық бөліктемелердің жалпы стратиграфиялық реттіліктегі жағдайы анықталып, типтік қимасы (түпкі жатысында) зерттеледі және сипатталады. Ең болмағанда әр геологиялык дененің бір қиындысында астындағы және үстіндегі түзілімдермен арақатынасы табиғи және жасанды ашылымдарда анықталып, сипатталуы керек.
ГТЖ-50 жүргізілетін барлық аудандарға жасалатын карталарда төрттік түзілімдер генезисі, жасы және литологиялык құрамы бойынша жіктеледі. Төрттік түзілімдердің генезисі сыныкты материалдың жасалуы, оның тасымалдаушы агенті мен шөгінді түзілу жағдайлары бойынша анықталады. Генезисті анықтау - шөгінді түзілімдердің құрамы мен жатыс жағдайларын және геоморологиялық айқындығын тікелей байқау арқылы, палеонтологиялық және палинологиялық деректерді, түйірөлшемдік (гранулометриялық), минералогиялык, т.б. талдауларды пайдалануға негізделеді.
Төрттік түзілімдердің жасы стратиграфиялық және геоморфологиялық арақатынасы, палеонтологиялық және археологиялық деректер бойынша радиологиялық аныктаулар мен палеомагниттік зерттеулер нәтижесін пайдалана отырып анықталады.
Төрттік түзілімдерді стратиграфиялық жіктеу плейстоцен мен голоцендегі климат езгеруі этаптарының ретіне сай әртүрлі генезисті және қүрамды қабатталуларды анықтауға негізделуі тиіс.
Әр түрлі рангті таксондардың барлық стратиграфиялық бөліктемелері белгілер комплексі бойынша бөлінеді. Негізгі беліктемелерді - буындарды (QІ, QІІ, QІІІ, QІҮ,) бөлуді негіздеу үшін, қазба фауна мен сүткоректілерді зерттеудің биостратиграфиялық мәліметтері шешуші рөл атқарады. Жекелеген мұздықтық және мұздықаралық замандарға, климаттың аридтену және ылғалдану кезеңдеріне сәйкес келетін ұсақтау бөліктемелерді (климатос-тратиграфиялық горизонттар, климатолиттер) айыру басым түрде палеоботаникалық (карпологиялық, палинологиялық, т.б.) және литологиялық (мореналар, флювиогляциялық малтатастар, лёсстер және т.б) негізге сүйенеді. Бір мұздық немесе мұздықаралық уақыт ағымындағы қысқа мерзімді климат өзгеруіне сәйкес келетін өте ұсақ бөліктемелерді ажырату таспа саздар қималарын түбегейлі палинологиялық зерттеу, вулканды алқаптардағы ефрохронологиялық талдау, т.б. мәліметтерге негізделеді.
Төрттік түзілімдердің геологиялық картасы. Төрттік түзілімдер картасында түспен (бояумен) түзілімдердің негізгі және күрделі генетикалық типтері көрсетіледі. Түзілімдер жасы бояу рендерімен беріледі. Стратиграфиялық жіктеуге сәйкес әр генетикалық бөлімдер үшін өзіндік рең қабылданады. Олардың түсі беліктеме жасы кенеленген сайын қанықтау болады.
Белгілі бір фациялар тобына немесе фацияға жататындығын білдіретін төрттік түзілімдердің литологиялық құрамы қара түсті шартты белгілермен (краппен) керсетіледі. Түзілімдер құрамының ауытқуы - белгілер мен олардың өлшемдерінің комбинациясы арқылы беріледі (4-кесте).
Стратиграфиялық-генетикалық бөліктемелердің толық индексі буын, горизонт немесе горизонтша және түзілімдер генетикалық типінің символдарынан тұрады (5-кесте).
Буындар үлкен рим цифрларымен: төменгі буын - I, ортаңғы - II, жоғарғы - III, қазіргі - IV түріңде белгіленеді. Төртгік жүйенің әріптік символы (Q) терттік жүйе мен терттікке дейінгі түзілімдердің аралас бөліктерін қамтитын жағдайларда пайдаланылады. Мысалы: N2-Q1-плиоцен мен терттік жүйенің теменгі буынын қамтитын түзілімдер.
Горизонттар (горизонттар бірлестігі, горизонтшалар) символы латынның бір немесе екі кіші әрпінен қүралады - горизонт атының бірінші және оған ең жақын екінші дауысты әріптен. Горизонтар (горизонттар бірлестігі, горизонтшалар) символы буындар символының оң жағына орналасады.
Горизонтшалар аты - горизонттар атынан жасалып, араб цифрларымен белгіленіп, горизонттар символының оң және теменгі жағына орналасады. Мысалы: ІІІр+1 Шр+2, Шр+з - петров горизонтының төменгі, ортаңғы және жоғаргы горизонтшалары.
№ 4 кесте
Төрттік түзілімдер заттық құрамының шартты белгілері
(көп түсті карталар үшін)
Ескертпелер: 1. Түптік түзілімдер құрамы көп түсті белгілермен көрсетіледі;
2. Құрамы күрделі түзілімдер
жиынтығымен көрсетіледі;
3. Түйірөлшемдік құрамы бойынша өзгешеленетін түзілімдерді
бейнелеу үшін шартты
қосылады
(мысалы: әркелкі түйірлі құм, ұсақ түйірлі құм, т.б.)
№ 5 кесте
Егер стратиграфиялық-генетикалық беліктеме келемі жағынан екі немесе одан артық сыбайлас горизонттарға сәйкес келсе, горизонттар (горизонттар бірлестігі, горизонтшалар) символдары плюс белгісімен біріктіріледі, ал егер аймақтық стратиграфиялық шкаланың екі сыбайлас бөліктемесі толық қамтылмаған болса, онда горизонттар символының арасына дефис қойылады. Бұл екі жағдайда да бірінші орында кенелеу беліктеменің индексі қойылады. Мысалы: ІІod+m - одинцов және москва горизонттарын толық қамтитын жіктелмеген түзілімдер.
Төрттік түзілімдердің генетикалық типі кіші латын әрпімен белгіленіп, буын символының сол жағына орналасады. Мысалы: gШm - москва горизонтының мұздықтық түзілімдері.
Жасы бойынша жіктелмеген төрттік түзілімдерді индекстегенде, түзілімдер генетикалық типінің тек қана әріптік белгісі қолданылады. Мысалы: е - жіктелмеген төрттік элювий жаралымдары (еІІ-ІІІ -ортаңғы-жоғарғы төрттік элювий жаралымдардан өзгешелігі).
Егер аллювий, көл және
теңіз түзілімдері бірнеше