Төрттік кезеңдегі пайдалы қазбалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 15:23, дипломная работа

Краткое описание

Төрттік кезең Жердің дамуында тарихи тұрғыдан қарағанда аз уақыт алғанымен, айрықша бай оқиғалардың өрбуімен сипатталады. Осы уақытта жер бетінің келбеті, климат пен ландшафт жағдайлары бірнеше дүркін өзгерді. Төрттік кезеңді зерттеудің басты мәселелері – таужыныстардың құрамын, құрылысын, жаралу заңдылықтары мен хронологиясын, тектоникалық және физикалық-географиялық жағдайлардың алмасуына байланысты, олардың пайда болуы мен өзгеруін, сонымен қатар органикалық тіршіліктің даму тарихын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ж.Д.К.Ж..doc

— 810.00 Кб (Скачать документ)

Төрттік түзілімдердің генетикалық типшесі, фациялық топқа немесе фацияға жататындығы қосымша әріптік символмен белгіленіп, түзілімдердің генетикалық типін білдіретін символдың оң жагына төмен орналасады. Бүл мақсат үшін генетикалық типшенің (фациялар тобының, фацияның) латынша атының бірінші әрпі пайдаланылады. Мысалы аr, аn, аs - арналық (русло), жайылма үстілік (пойма) және ескі арналвіқ (старица) аллювий фациялар тобы.

Төрттік түзілімдер геологиялық  картасында жергілікті немесе көмекші стратиграфиялық бөліктемелер (свиталар, свиташалар, қатқабаттар, будалар) анықталған жағдайларда, олардың индексі буын мен свитаның (қатқабаттың) символдарынан құралып, оған свиташаның (қатқабатшаның) және буданың реттік нөмірін білдіретін араб цифры қосылады.

Төрттік жаралымдармен  және төрттік кезеңнің палеогеографиялық ерекшеліктерімен генетикалық байланыстағы геоморфологиялық элементтер-текшелер (қабақтар), мұздықтық, сулық, т.б. өзіндік пішіндер мен шекаралар қабылданған легендаға сәйкес белгіленеді.

Аккумуляциялық бедер  пішіндері мен олардың бөліктері тиісті генетикалық типтердің таралу контурларымен көрсетіледі. Контурлар топонегізбен дәл сәйкестікте болуы тиіс. Ең айрықша жерлерде төрттік түзілімдердің барлық қимасының қалыңдығы белгіленеді. Палеонтологиялық және басқа қалдықтар жиналған жерлер тиісті белгілер арқылы көрсетіледі.

Төрттік кезеңге дейінгі  таужыныстар жасы мен құрамына қарамай  төрттік түзілімдер картасы мен  қималарында күлгін түспен көрсетіледі. Стратиграфиялық және генетикалық  бөліктемелердің аныкталған шекаралары - тұтас қара сызықтармен, ал жорамал шекаралары - штрих сызықтармен, бөліктемелер ішіндегі литологиялық әртүрліліктердің шекарасы - нүктелермен көрсетіледі.

Легенданы таблица тәсілімен  тұрғызған дұрыс. Таблицада көлбеу бойынша генетикалық бөліктемелердің белгілері орналасады, ал тік бағытта - жасының белгілері орналасып, белгілі бір шамада олардың өзара қатынасын керсетеді. Егер төрттік түзілімдердің стратиграфиялық бөліктемелері абсолют жас анықтамаларына негізделген болса, бұл мәліметтер легенданың сол (жалпы) бөлігінде көрсетілуі мүмкін.

Төрттік түзілімдер картасына  қоса берілетін геологиялық қималар  қабылданған тәртіпке сәйкес жасалады. Төрттік түзілімдердің стратиграфиялық бөліктемелері калыңдығының шамалы болуына орай қималардың тік масштабын көлбеу масштабта салыстырса, 10-20 есеге арттыруға болады.

Стратиграфиялық бағаналардың орнына төрттік түзілімдер құрылысының сұлбасы түрғызылады. Тертгік түзілімдер қүрылысының сүлбасы жоғарғы жағынан ауданның гипсометриялық кескінімен, ал төменгі жағынан - төрттік кезеңге дейінгі жаралымдар бетімен шектелген жалпыланған қима болып табылады. Қималарда картаның жиегінде қолданылатын тәсілмен барлық ажыратылған стратиграфиялық-генетикалық бөліктемелер мен олардың бір-біріне қатынасы көрсетіледі. Тік масштаб - қалыңдығы ең аз бөліктемелерді көрсетуге мүмкіндік беретіндей етіп таңдап алынады. Сұлбаның сол және оң жақтарынан әр 1 см сайын цифрланған тік масштабты сызықпен шектеледі. Аудан кескінінің үстіне ең маңызды географиялық нұсқаулардың аты жазылады.

Төрттік түзілімдер қүрылысының сұлбасы әдетте төрттік түзілімдердің геологиялық картаға берілген шартты белгілер көрсетілген параққа орналасады шикізаты    болса,    вулкандық    батпақтар    бальнеологиялық   (емдік) мақсатқа пайдаланылады. Өнеркәсіптің минералдық шикізаттың әркелкі түрлеріне (шыны, керамикалық, цементтік, т.б.) және олардың кенорындарын бағалауға койылатын іалаптар арнайы басшылық әзірлемелерде берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Төрттік пайдалы қазбалардың ерекшеліктері.

2.1. Төрттік пайдалы қазбалардың генетикалық жіктемесі.

  Төрттік түзілімдердің пайдалы қазбалары. Төрттік түзілімдермен негізінен бейруда және шашылым пайдалы қазбалар түрлері байланысты. Төрттік түзілімдердің пайдалы қазбалары бейруда, руда және шашылым түрлеріне бөлініп, олардың құрамында рудалы да, бейрудалы да компоненттер болуы мүмкін. Бейруда кендер литологиялық белгілері бойынша дөңбектас, шақпатас, малтатас және т.б. түрлерге бөлінеді, ал рудаларға шектеулі дамыған батпақ кендері жатады.

   Пайдалы қазбалар  төрт класқа бөлінеді: гипергендік, седиментогендік, биогендік және булканогендік.

Седиментогендік класс  сулық жәнеауалық қатарларға бөлінеді.

Сулық қатар аллювий, пролювий, делювий және көлдік типтерден  тұрады. Аллювий типті пайдалы қазбалар. Аллювий өте кең таралған және литологиялық құрамы жағынан әр алуан болғандықтан, онымен пайдалы қазбалардың көптеген түрі байланысты. Аллювий құмы қалыптық шикізат ретінде, төменгі сортты шыны ыдыстарды өндіруге қолданылады. Аллювий малтатастары мен тасдөңбектері жол құрылысында жолға төсейтін балласт ретінде кеңінен қолданылады. Мұздықтан тыс белдемде құм-гравий материал кенорындарының көпшілігі аллювиймен байланысты. Осындай типті жабындардың пішіні қабат және линза тәрізді, ұзындықтары айтарлықтай, қалыңдықтары 2-5 метрден оншақты метрге жетеді.

Пролювий типті пайдалы  қазбалар. Олар континенттік дельталармен, шығарынды конустармен және тау етегіндегі аридтік және семиаридтік алқаптарда дамыған шлейф жолақтармен байланысты болғандықтан, біршама шектеулі аумаққа таралған. Кеңінен таралып, практикалық қажетті өтейтіні-континенттік дельталар, әсіресе олардың төбелік белдемдері. Бұл бөліктерде тасдөңбек-тасмалта-тасшақпа түзілімдердің қалың қатқабаттары жаралатындықтан, оларда балласттық шикізаттың елеулі қоры шоғырланады. Мұндай дельталардың шеткі бөліктерінде кірпіш жасауға жарамды лëсс саздақтар дамиды.

Делювий типті пайдалы  қазбалар. Олар беткейлердің делювийлік шлейфтерімен байланысты. Әдетте олар жергілікті қажетті өтейтін кірпіш және ыдыстар жасауға қолданылатын шағын саз шоғырлары.

Көлдік типті пайдалы қазбалар түптік және жалғаулық белдемдерде дамыған. Түптік белдемде сапропельдер (гиттиялар), диатомит пен көлдік темір рудалары болады. Олардың ішінде топырақты тыңайтатын және химиялық өнеркәсіпте пайдаланылатын сапропельдер жатынының маңызы зор. Сульфатты және хлорлы көлдерде тұнған тұздар да маңызды. Қазіргі және көне көлдердің жағалаулық белдемдерінде түзілген малтатастар, гравий, қалыптық құмдар мен саздар практикалық мәнге ие болуы мүмкін. Көл саздары кенорындарының қуаты аз болғандықтан, олар әдетте жергілікті кірпіш жасау өндірісіне ғана жеткілікті.

Ауалық қатарға эолдық, мұздықтық және седиментогендік  типті пайдалы қазбалар жатады.

Эолдық типті пайдалы  қазбаларға эолдық құмдар,лëсс және лëсс тәрізді саздақтар кіреді. Эолдық құмдар өздерінің литологиялық көрсеткіштері бойынша құрылыс-жол жұмыстары мен бетон өнеркәсібіне пайдаланылады. Кейде олар формалық шикізат ретінде, шыны өндірісінде (әркелкі түйірлі кварц құмдары), силикат кірпіштерді жасауға, т.б. пайдаланылады.

Лёсс және лёсс тәрізді таужыныстар Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ тау бөктерлік және тауаралық ойпаңдарда таралған. Олар қызыл кірпіш пен сабанды кірпіш жасауға жарамды. Лёсстер ірі кенорындар жасауы мүмкін.

Мұздықтық тип пайдалы  қазбалар мореналық тасдөңбекті саздардан, тасдөңбекті мергель (әксаз) мен құмдардан тұрады. Механикалық құрамы өзгермелі болғандықтан, олардың практикада қолданылуы шектеулі. Моренаның кейбір түрлерін құрылыста , кірпіш жасауға пайдаланады.

Седиментогендік типке гравитациялық қатардың пайдалы қазбалары да кіреді. Кеңінен таралуы мен литологиялық түрлестерінің көптігі- олардың кейбіреулерімен әртүрлі бейрудалық шикізат кенорындары байланысты болуы мүмкін. Ірі коллювий шоғырлары-құрылыс материалдары кенорындары ретінде қарастырылуы мүмкін. Солифлюкций түзілімдері арасында негізінен сазды түрлестері байқалады. Олар кірпіш жасаудың жергілікті қажетін өтеуге пайдаланылуы мүмкін. Седименттікке жататын техногендік түзілімдер құрылыс өнеркәсібінің шикізаты немесе балласт материал (террикондар түзілімі, үйінділер, т.б.) ретінде жиі пайдаланылады.

Гипергендік класс. Төрттік кезеңдегі гипергенез процестері әртүрлі ландшафт-географиялық белдемдерде әркелкі білінген. Бұлар элювийдің механогендік, гипергендік және хемогендік түрлерге жіктелуінде көрініс табады. Моруға төзімді таужыныстардың қирауы нәтижесінде пайда болған механогендік элювий – құрылыс тасы немесе тасшақпа жасаудың шикізаты ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Вулканогендік класс. Бірқатар пайдалы қазбалар батпақты вулкандар түзілімдерінен байланысты. Төбелік саздар керамзит өндірісініңшикізаты болса, вулкандық батпақтар бальнеологиялық (емдік) мақсатқа пайдаланылады (6-кесте).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 6 кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Төрттік пайдалы қазбаларды іздеу ерекшеліктері. Төрттік түзілімдермен байланысты пайдалы қазбаларды іздеу әдістемесі көп жағдайда олардың ерекшеліктерімен анықталады. Төрттік түзілімдердің өзіндік көлбеу жатысы мен қазіргі бедерде жақсы білінетіндігі - іздеу жүмыстарын жүргізуді жеңілдетеді.

Аумақтың пайдалы қазбаларға қатысты мүмкіндігін дүрыс болжап, бағалау үшін, төрттік түзілімдер жиналуының палеогеографиялық ерекшеліктері туралы түсініктің маңызы зор. Палеогеографиялык себептерге байланысты белдемділік мұздықтық жаралымдарға ғана емес, сонымен бірге төрттік түзілімдердің көптеген басқа типтеріне, мысалы, лёсстерге және көл-аллювий түзілімдеріне де тән.

Аудандардың төрттік  пайдалы қазбалардың сан килы түрлеріне мүмкіндігін болжап бағалау, міндетті түрде төрттік түзілімдерді геологиялық түсіру материалдарын пайдалану арқылы жүргізілуі тиіс. Стратиграфиялық-генетикалық легенда бойынша жасалған терттік түзілім карталары саз, қүм, қүмды-гравийлі түзілімдердің, әртүрлі генезисті тасдөңбек-тасмалта материал шоғырларының, шымтезек пен пайдалы қазбалардың басқа түрлерінің таралуы мен қуаты туралы күнды ақпарат көзі болып табылады.

Кенорындарды алдын  ала бағалау үшін мынадай деректер минимумі қажет: жатынның пішіні (линза, кабат), оның жаралуы, калыңдыгы, кеңістікте орналасуы (еңістігі, созылуы), біркелкілік дәрежесі, аршылымның калыңдыгы мен оны күрайтын таужыныстардың сипаты, сулы горизонттың болуы мен тереңдігі, кенорынның планы. Үлкен аймақтарды алдын ала болжау үшін жиынтық үсақ масштабты терттік түзілім карталары пайдаланылса, жергілікті болжау үшін, орта және ірі масштабты геологиялык түсірім материалдары пайдаланылады. Әдетте іздеу жүмыстарын геологиялық карта түсірумен бір мезгілде жүргізеді. Қазақстанның текті металдар шашылымының жіктемесі  көрсетілген.

Сонымен, алтын шашылым  кенорындары сегіз геологиялық-өнеркәсіптік типке бөлінеді: аллювийлік (қайырлық, арналық, аңғарлық, соның ішінде көмілген көне арналарда), террасалық, аллювий-делювийлік, аллювий-пролювийлік (шығарынды конустар), элювий-делювийлік (беткейлік, желек тәрізді), жағалаулық-көлдік, жағалаулық-теңіздік, карст >кәне техногендік.

Алтынды шашылымдар Қазақстанның барлык аймактарында кездеседі, бірақ  олардың таралуы мен қуаты  әр аймақта әртүрлі.

 

2.3. Шашылымдарда пайдаланылатын негізгі терминдер.

Шашылымдар - жер бетінде жиналған таужыныстар мен минералдардың үсақ сынықтарының жиынтығы. Олар түпкілікті кенорындардың немесе байырғы таужыныстардың қирауы нәтижесінде пайда болады. Шашылымдардың типтері көп, солардың бастылары төменде келтіріледі.

Аллювийлік шашылымдар - сыныкты материалды су ағындарының шайып, түзуі нәтижесінде пайда болып, аллювий түзілімдерінде орналасады. Олар эллювийлік, делювийлік және көне шашылымдардың,     байырғы     таужыныстар     мен     кенорындардың шайылуы кезінде пайда болады.

Жағалық - теңіз бен үлкен келдердің жағалық белдемінде сокпа толқынның, жағалық ағыстардың ықпалынан пайда болады.

Делювнйлік - түпкілікті кенордардың мору процесі қиратқан пайдалы компоненттері сусыма таужыныстармен бірге, беткейден төмен қарай салмақ күші (гравитация) әсерінен жыжып түсуі нәтижесінде пайда болады.

Аңғарлық - өзен аңғарларының түпкі жағында түзіледі. Бүл шашылымдар үзыншақ жолақтар түрінде қалыптасып, аңғар бойымен, ал кейде аңғарларға әртүрлі бүрыш жасай орналасады.

Қайырлық - шашылымдар қүмды-малтатасты аралдарда, қайырлар мен саяз сулы бөліктерде шоғырланады.

Мұздық шашылымдары - мүздықтар әрекеттілігі нәтнжесінде пайда болады. Олар түпкілікті кенорындарын немесе басқа жаралымды бүрынғы шашылымдарды мүздықтардың қиратуы арқылы түзіледі.

Сай шашылымдары (салалық шашылымдардың синонимі) өзен салаларының копсық түзілімдерінде және түрақты ағысы жоқ шағын сайларда кездеседі. Олар байырғы немесе шашылымдық кенорындардың шайылуынан пайда болады.

Теңіздік шашылымдар теңіз түзілімдерінде орналасады. Олардың ішінде террасалық, жағалық және суасты шашылымдары ажыратылады. Бұл түзілімдер жағалау бойымен созылған жолақтар түрінде кездеседі.

Көлдік шашылымдар көл түзілімдерімен байланысты. Олар көлдердің жағалық бөліктерінде орналасады. Көмілген шашылымдар -өздерінің қалыптасу процесіне байланысы жоқ кейінгі жастау шөгінді немесе вулканогендік таужыстармен жабылып қалған жаралымдар.

Жағалық теңіздік шашылымдар жаға белдемдерінде орналасады. Олар жаға-теңіз түзілімдерін толқындар мен жағалық ағыстардың табиғи түпшаймалану (шлихталу), ауыр минералдармен баю нәтижесінде пайда болады.

Арналық - тікелей су ағындарының арналарына орналасқан аллювийлік шашылымдар.

Террасалық шашылымдар - терраса түзілімдерінде орналасады.

Техногендік - адам әрекеттілігіне тікелей қатысты жаңадан пайда болған шашылымдар. Олар кенорындардан пайдалы қазбалар өндіру процесінде жер қойнауында немесе кеніш маңында міндетті түрде калып қоятын түзілімдер. Бүл жаралымдар үйінділердегі және кентіректердегі техногендік шашылымдар болып бөлінеді.

Информация о работе Төрттік кезеңдегі пайдалы қазбалар