Екінші төреші
Екінші төрешінің тұатын орны
бірінші төрешімен қарама – қарсы жақта
тұрады. Екінші төреші ойын барысында
допты қабылдаушы жақтың растановкасын,
орталық сызықтан өтіп кетсе, сеткаға
тисе, т.б. кателіктерді көрсетіп, ойынды
тоқтата алады. Бірақ екінші төреші ойындағы
барлық техникалық қабылдауды көрсете
алмайды.
Хатшы, сызықтағы
төрешілер
Жарыс кезінде хатшы төреші
бірінші төрешінің қарама-қарсы жағында
отыруы мүмкін. Хатшының атқаратын міндеті,
хатшы технически отчет, бастапқы ойнайтын
ойыншылады алмастыру, үзіліс алу, есеп
жүргізу, шешуші партияда сегіз очко алған
т.б. жағдайларды хабарлап отырады. Хатшы
залда табло болса есепті қабарлауға құқылы
ма? деген сұраққа ондай кезде құқылы
деп жауап беруге болады.Хатшы ойын кезінде
жаттықтырушыға алынған үзіліс, ойыншыларды
алмастыру жайында айтып, хабарлап отыруы
міндетті.
Сызықтағы төреші – алаңның жанындағы екі жақтағы
алаңда тұрады. Доптың алаңға түсуі, түспеуі
жайында бірнші төрешіге жалау арқылы
көрсетіледі.
Сызықтағы
төреші жалаушасын тізе деңгейінде
ұстауы керек. Доп алаңға түссе жалаушаны
төмен, ал доп алаңнан сыртқа түссе жалаушаны
жоғары көтеруі тиіс.
3.6 Воллейбол ойынының Қазақстанда
дамуы
Воллейбол ойыны қазақ жеріне 1929 жылдан
бері белгілі. Бірақ сол кездегі ойын қазіргі
бізге үйреншікті воллейболдан қатты
ерекшеленетін, ойыншылар әйтеуір допты
бір-біріне беріп, қарсыластың алаң бөлігіне
жеткізсе болды, ойын мәресіне жететін. 1929
жылы қыркүйек айында республикалық дене
тәрбиесінің ұйғарымы бойынша спорт ойындарынан
жарыс өткізілген. Воллейбол да назардан
тыс қалмады.Сол уақытта Бішкек пен Алматы
қалаларының арасында жолдастық кездесулер
ұйымдастырылып, еліміздегі воллейболдың
дамуы жаңа қадам басты. Мұндай кездесулер
мемлекеттің қолдауымен қатарынан бірнеше
рет ұйымдастырылған. Қалааралық кездесулердің
бірінде Шымкент пен Алматының командалары
жарыс алаңына шығып, өнерлерін көрсетті.
Нәтижесінде 15:17 және 15:6 есебімен біздің
ОҚО воллейболшылары жеңіске жеткен.
1933 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан
аралығында елімізде 2 республикалық
спартакиада ұйымдастырылып, бұл
жарыстың бағдарламасына да воллейбол
ойыны кірді. Бұл дүбірлі додада
«СКИФ» чемпиондық тұғырдан көрінсе,
алматылық «Авангард» екінші
орынды қанағат тұтты. Қола медаль
«Медик» командасының қоржынына
салынды. 1954 жылдан бастап республикада
ведомствоаралық жарыстар өткізіліп,
бұл додаларда «Б» ерікті спорт қоғамының
командасы үздік өнер көрсетіп, қарсыластарын
тізе бүктірген. Кейін келе бұл команда
«А» класстағы топқа өткен. Осы команда
1963 жылы елімізде өткен 3 спартакиадаға
қатысып, Әзірбайжан, Эстония, Беларуссия
құрамаларын тізе бүктірсе, Украина тобынан
жеңіліс тапты. Ақтық сында құрамамыз
Ленинград құрамасын 3-1 есебімен жеңсе,
грузин командасы мен мәскеулік воллейболшылардан
жеңіліс тапты. Осы жолы командамыздың
бағы жанбай, тек 5 орынды қанағат тұтты.
1969 жылы Алматының «Б» командасы еліміздің
кәсіподақтарының біріншілігінде жеңімпаз
атанды. Екі жылдан кейін біздің команда
Еуропа кубогінде керемет ойын көрсетіп,
чемпион атанды.Осы табыстардан кейін
алматылық воллейболшылар Кравченко мен
Антропов КСРО-ның құрама командасына
қабылданып, Мехикодағы олимпиада ойындарынан
алтын медальмен елге оралған. Біздің
әйелдер құрамасында өнер көрсеткен Смолеева
алтыннан алқа таққан.
Тәуелсіздік алған соң, воллейбол клубтары
құрылып, ҚР чемпионаттары мен түрлі жарыстар
ұйымдастырыла бастады. Бұған қоса, елімізде
жыл сайын Президент жүлдесі үшін турнирлер
өткізіліп келеді. Осы жарыстар воллейболшыларымыздың
шеберліктерін шыңдауға үлес қосуда.
Қортынды
Ойынның техникасы мен тактикасын
оқыту бір-бірімен тығыз байланысты жүреді.
Техникалық дайындықтың негізгі міндеті
оның әртүрлі жағдайларында жоғары дәлдікке
жету үшін барлық техникалық тәсілдерді
игеріп, оларды одан әрі жетілдіре түсу
болмақ. Волейболда төрт техникалық тәсіл
бар: допты бір-біріне беру, ойынға қосу,
шабуылдай соғу, тосқауыл қою. Техникалық
даярлықтың басты міндеті - жарыс барысында
қорғаушыларды ойынды дұрыс жүргізуге
үйрету. Бұл міндетті шешу үшін жекелей
топтық және командалық әрекеттерді үйреніп,
кездесудің тактикалық жоспарын дұрыс
жасап, оны жүзеге асыра білуді қалыптастыру
керек. Шынығудың, техникалық және тактикалық
даярлықтың өзара байланысы және тәуелділігі
ойыншылар техникасының негізгі тәсілдерін
меңгере бастаған алғашқы сабақтардан-ақ
жүзеге асыруы қажет.
Волейбол еңбекші бұқараны
дене шынықтыру және спортпен тиянақты
айналысуға, белсенді демалуға дайындаудың
күшті құралдарының бірі.
Спорттық тартымдылығы – бәсекеде.
Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті
жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы.
Ол әркімге күрес қуанышын сыйлайп, әсіресе
жасөспірімдерді қызықтырады.
Жарысты ширақ ұйымдастыру,
салтанатты түрде өткізу, жеңімпаз командаларды
наградтау, құрыметті жүлдегерлерді сарапқа
салу-осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге
көмектеседі.
Волейболмен айналысу-тек дене
тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды
пайдалы, қызғылықты іске тартудың да
тимді түрі. Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды
күнделікті жұмысына А.С.Макаренконың
ойынға жетекшілік ету және ойын коллективін
тәрбиелеу жөніндегі бағалы педагогканың
ұсыныстарды тимді пайдалана белген жөн.
1.Спортпен айналысу бәрін
ұмыттратын әуестікке айналмасуын
мұқият қадағалау қажет.
2.Оқушы өзінің жеке
табысына ғана масаттанып қоймай,
команданың табысын мақтан ететіндей
қалыптастырудың маңызы зор.
3.Даңдайсуға жол бермей,
қарсыластардың күшіне де сыйлау сезімімен
қарауды тәрбиелеген жөн.
4.Командадағы жаттығу,ұйымшылдық
пен тәртіп тағы үнемі назарда болуы
керек.
5.Ойыншылардың табыстар
мен сәтсіздіктерге деген салқын
қанды қатынасын қалыптастыру шарт.
Қазақстанда алғашқы жарыс
1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан
волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы
дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек
сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың
есіміне тікелей байланысты. Оның құрған
«Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы
КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының
кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген
Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда
Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық
ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев
Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа
1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда
Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна
Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер
волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы
атанды. Волейболшылардың халықаралық
одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы
одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол
федерациясы мүше.
1933 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан
аралығында елімізде 2 республикалық
спартакиада ұйымдастырылып, бұл
жарыстың бағдарламасына да воллейбол
ойыны кірді. Бұл дүбірлі додада
«СКИФ» чемпиондық тұғырдан көрінсе,
алматылық «Авангард» екінші
орынды қанағат тұтты. Қола медаль
«Медик» командасының қоржынына
салынды. 1954 жылдан бастап республикада
ведомствоаралық жарыстар өткізіліп,
бұл додаларда «Б» ерікті спорт қоғамының
командасы үздік өнер көрсетіп, қарсыластарын
тізе бүктірген. Кейін келе бұл команда
«А» класстағы топқа өткен. Осы команда
1963 жылы елімізде өткен 3 спартакиадаға
қатысып, Әзірбайжан, Эстония, Беларуссия
құрамаларын тізе бүктірсе, Украина тобынан
жеңіліс тапты. Ақтық сында құрамамыз
Ленинград құрамасын 3-1 есебімен жеңсе,
грузин командасы мен мәскеулік воллейболшылардан
жеңіліс тапты. Осы жолы командамыздың
бағы жанбай, тек 5 орынды қанағат тұтты.
1969 жылы Алматының «Б» командасы еліміздің
кәсіподақтарының біріншілігінде жеңімпаз
атанды. Екі жылдан кейін біздің команда
Еуропа кубогінде керемет ойын көрсетіп,
чемпион атанды.Осы табыстардан кейін
алматылық воллейболшылар Кравченко мен
Антропов КСРО-ның құрама командасына
қабылданып, Мехикодағы олимпиада ойындарынан
алтын медальмен елге оралған. Біздің
әйелдер құрамасында өнер көрсеткен Смолеева
алтыннан алқа таққан.
Волейболмен айналысу-тек дене
тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды
пайдалы, қызғылықты іске тартудың да
тимді түрі. Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды
күнделікті жұмысына А.С.Макаренконың
ойынға жетекшілік ету және ойын коллективін
тәрбиелеу жөніндегі бағалы педагогканың
ұсыныстарды тимді пайдалана белген жөн.
Қолданылған әдебиеттер:
1.И.Ф.Андрущишин,К.В.Ильющенко.Волейбол.
Алматы, 1999
2.Волейбол. Правила соревнований. Алматы,
2001
3.Асарбаев А.Қ. Волейбол-баршаға. Алматы,1992
4.Ильющенко К.В.Волейбол в Қазахстане.
Алматы, 1979
5. Ахмеров Э.К. О техника волейболиста
к мячу при нападающем ураде. Теория и
практика физической культуры 1979
6. Железняк Ю.Д. Техника волейбола, подача
мяча-физическая культура в школе, 1970
7.Поричев М.Чтобы выше пригать: Секреты
тренировки в волейболе. Тренер.-1992.