Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 19:36, курсовая работа
Краткое описание
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді. Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық. Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
Содержание
Кіріспе ..................................................................................................................................2 1 бөлім 1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері...................3 1.2 Дене тәрбиесіндегі ойын әдісі......................................................................................6 1.3 Спорттың адам өмірінде алатын орны........................................................................8 Волейболдың дамуы және пайда болуы................................................................10 2 бөлім 2.1 Сабақ уақытында волейбол ойын тәсілдерін үйрету және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................12 Тұрғын жайдары волейбол.....................................................................................17 2.3 Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту............................................................18 2.4 Доп беруге оқыту методикасы...................................................................................21 2.5 Допты ойынға қосу......................................................................................................23 2.6 Шабуылдағы соққылар...............................................................................................26 3 бөлім 3.1 Қорғаныстағы ойын техникасы..................................................................................28 3.2 Қорғаныста ойнауға оқыту методикасы....................................................................30 3.3 Жарысты ұйымдастыру..............................................................................................32 3.4 Төрешілердің міндеті..................................................................................................34 3.5 Жарыс алаңы және керекті заттар........................................................................35 3.6 Воллейбол ойынының Қазақстанда дамуы...............................................................37 Қорытынды.........................................................................................................................38 Қолданылған әдебиеттер......................................
Қос қолмен жоғарыдан беру.
Бұл негізгі тұрыс қалпында атқарылады.
Бір аяқ алда,жауырын тік ұсталады.
Шынтақтан бүгілген қол беттің
алдыңғы жағында ұсталады. Қолдың саусақтары
доптың үлкендігіндей аумақта бүгіле
ұстап ширыға түседі.
Қимыл тізенің жауырынан басталып,
сонан кейін жауырын мен қол іске кіріседі.
Қимыл қолдың саусақтары мен білек буынының
серпіліп, доптың артынан сілтеуімен аяқталады.
Бағытына қарай доп алға, төбеге, кері
бір бүйірге бекітілуі мүмкін. Топты тқбеге
, немесе артқа беру үшін ойыншы доптың
дәл астына орын ауыстырып, саусақтарын
төбесіне көтеріп, белін сәл бүгіу және
иығын кері серпіу арқылы жүзеге асыруы
қажет. Қол жоғары сермеледі де, саусақтар
білек буынына қозғалмайды. Допты төбеге
бергенде жауырын тік ұстап, қол жоғарыға
тік серпіледі.
Қашықтығына және біиіктігіне
қарай доп беру әртүрлі болады. Қашықтығы
жөнінен ол қысқа және ұзын, биіктігі жағынан
төмен, орта, жоғары болып бөлінеді. Допты
алысқа және биік беру кезінде ойыншының
иығы допты беретін бағытқа перпендикуляр
орналасуына ерекше көңіл бөлген жөн.
Жоғарыдан берудың бір түрі
допты секіріп беру болып табылады. Ол
ешбір тірексіз атқарылатын болған соң
тым күрделі. Доптың астына орын ауыстырған
соң ойыншы жоғары секіріп , бүгілген қолын
жоғары шығарады. Допты беру секірудің
ең жоғары нүктесінде қолды шынтақ және
білек буындарында жазу арқылы жүзеге
асырылды. Шабуылдай соғу ишарасын жасай
отырып жоғарыдан беру «кері серпәлу»
деп аталады. Кей жағдайда жоғарыдан беру
бір қолмен атқарылады.
Допты бір-біріне
беру
Доп беруге оқыту бастапқы қалыпты
дұрыс игеруден басталады. Ойыншы негізгі
тұрыс қалпын қабылдап, орнықты күйде
тұрып, кез келген бағытқа орын ауыстыруға
даяр болуы керек. Негізгі тұрыс қалпында
аяқты дұрыс қойып, оның бүгілуіне, жауырын
мен қолдың жағдайына басқа көңіл бөлген
жөн.
Доп беруге оқытудағы алғашқы
жаттығу негізгң тұрыс қалпын қабылдап,
доп беру ишарасын жасау болып табылады.
Доп беру ишарасын жасаған кезде қимылдардың
ретіне ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл жаттығуды
әрі қарай орын ауыстырған соң жасаған
жөн. Мұнан кейін саусақтардың доптың
бетіне орналасуын қадағалау керек.
Ойыншы негізгі тұрыс қалпынан
допты әріптесіне лақтырады.
Допты төбеге лақтырып барып,
әріптеске беру.
Әріптесі допты лақтырған соң
кері қайтару.
Екі адам болып әртүрлі қашықтықта
бір-бірінен доп беру.
Доп беру кезінде
болатын түрлі негізгі қателіктер
Ойыншы негізгі тұрысты қабылдамай,
аяқты тік ұстап доп береді.
Доптың омыраудан, іштен берілуі
– қолдың төменгі жағдайда болуы.
Доптың алақанда тиюі – саусақтардың
бос ұсталуы.
Доптың бір бүйірден немесе бастан асырыла берілуі – доптың астына дәл шықпау.
Жоғарыдан доп беруді
жетілдіруге арналған жаттығулар
Допты төбеге, содан соң әріптеске беру
Допты жерге соғып, оның астына
шығып барып әріптеске беру
Алаңның бүйір сызықтарын жағалай отырып, допты екі адам болып бір-біріне беру.
Үш және тқрт адам болып бір-біріне доп беру.
Колоннаға тұрып бір-біріне доп беріп, содан соң саптың
артына барып тұр.
5-ші жаттығудағыны, бырақ қарсы саптың соңына барып тұру.
Колоннаға болып тұрып, тор
арқылы бір-біріне доп беру.
Допты 6-шыдан 3-ші, сонан соң
4-ші аймаққа және 4-шіден 6-шы аймаққа
беру. Доптың бағытымен орын алмастыру.
Тордың бойымен 2-шіден 4-ші аймаққа
ұзаққа өарсы доп беру.
8-ші жаттығуды қайталау, допты 6-3-2-6 аймақтарға беріп доптың бағытымен орын ауыстыру.
Екі-үш адам болып допты отырып
беру.
Допты екі адам болып секіріп беру.
2.5 Допты ойынға қосу
Допты қарсы жаққа беру – бұл
допты ойынға қосудың әдісі. Осы заманғы
волейболда допты ойынға қосу тек ойынды
бастау үшін ғана емес, сондай-ақ шабуылдың
қуатты құралы ретінде де пайдаланады.
Допты ойынға қосу төменнен тік, жоғарыдан
тік және жоғарыдан бір бүйірлей болады.
Допты ойынға қосу ережеде көрсетілген
талаптарға сай атқарылады. Допты ойынға
қосатын ойыншы алаңнан тыс беретін жерде
тұып, міндетті түрде допты көтере лақтырып
барып, бір қолмен соғып, допты тор арқылы
қарсыластар жағына береді.
Допты ойынға қосу үшін төменднгілер талап
етіледі:
Бастапқы қалыпта дұрыс тұру
Допты дұрыс көтере лақтыру
Допты тиісті жеріне белгілі күшпен соғу
Соққы білек тұсында бекітілген
саусақтардың күшімен атқарылуы керек
Соққаннан кейін қол доптың
артынан ілесе өозғалады.
Допты ойынға төменнен
тік қосу
Төменнен тік беру деген сөз
доптың астынан соғылуына байланысты
берілген. Мұнда ойыншы бетін торға беріп
тұрады.
Допты ойынға қосу үшін ойыншы
допты беретін жерге орналасады. Аяқ иықтың
тұсында, сол аяқ алда, оң аяқ артта болады.
Соғатын қолға қарсы аяқ алға шығарылады.
Допты соғатын оң қол артқа сермеліп, доп
белдің тұсында бүгілген сол қолда тұрады.
Содан допты көтере лақтырған ойыншы допты
оң қолда сермей алға қарай көтере соғады.
Соққан кезде саусақтар ширыға түседі.
Доп соғылғаннан кейін оң қол доптың артынан
қозғалып, сол қол жаймен төмен түсіріледі
де, оң аяқ алға бір қадам жасайды.
Допты ойынға қосудың бұл түрінде
допты дұрыс көтере лақтырудың маңызы
зор. Доп ойыншының алдына, оң иықтың тұсына
лақтырылып, оны соққан кезде оң қол тіктелуі
керек. Допты лақтырғанда және соққанда
ойыншы оған қарап тұруы керек.
Допты ойынға төменнен тік қосу
аса қауіпті емес, бірақ барынша дәл. Бұл
тәсіл ойынның кәзіргі дәрежесінде аса
тиімді болмағандықтан спорттық разряды
жоғары командаларда жиі қолданылмайды.
Аталған әдіс алдын ала жүгірмей-ақ бір
орыннан атқарылады.
Допты ойынға төменнен
бір бүйірлей қосу
Ойыншы допты бергенде торға
бүйірмен тұратын болғандықтан осылай
аталған. Доп берілген жерге тұрған ойыншы
аяғын алаңның беткі сызығына паралель
қояды. Сондай-ақ аяқ иықтың тұсында, тізеден
бүгіліп тұрады. Доп ойыншының алдында
белдің тұсында бүгілген қолда ұсталады.
Доп ойыншының алдына созылған қолдың
ұзындығындай жерге лақтыру керек. Мұнан
кейін жауырын оңға бұрылады. Доп жинақы
саусақтармен белдің тұсынан астынғы
жағынан созылады. Қол алға қарай ілесе
қозғалып, оң аяқ солға қарай алға қадам
жасайды.
Бұл тәсіл ойынды үйренудің
алғашқы кезінде пайдалануға аса қолайлы.
Допты ойынға жоғарыдан
тік қосу
Мұнда ойыншы бетін торға берңп
тұрады да,доп жоғарыдан соғылады. Допты
берерде сол аяқ алға қойылады. Доп сол
қолда жатады да оның үстіне оң қол қойылады.
Допты жоғары лақтырған кезде жауырын
артқа қарай серпіледі. Сөйтіп дененің
салмағы оң аяққа түседі. Допты көтере
лақтырған кезде оң қол сермеу үшін төменнен
жоғары көтеріледі. Доп ойыншының алдына,
оң иықтық тұсына лақтырылуы керек. Доп
жоғары көтерілген қолдың тұсыне түскен
кезде ойыншы кеудесімен алға серпіліп,
жинақы саусақтарымен допты алға қарай
көтере соғады. Допты соққан соң алдынғы
аяғымен алға бір аттап, қол доптың артына
қозғала береді.
Допты ойынға қосудың бұл түрі
кез келген спорттық разядтағы командаларда
пайдалана береді.
Допты ойынға жоғарыдан
бір бүйірлей қосу
Бұл тәсіл төменнен бір бүйірлей
қосу сияқты жүзеге асырылады, яғни ойыншы
торға сол жақ бүйірін беріп тұрады. Доп
жоғарыдан соғылады . Бстапқы қалпына
аяқ тізеден сәл бүгіліп тұрады. Допты
екі қолмен алда ұстап тұру керек. Доп
сол иықтың алдыңғы жағынан 1-1 метр биікке
лақтырылады. Допты лақтырған кезде дененің
саоғу салмағы оң аяққа түсіп, жауырынын
оңға қарай иіледі. Оң қол жиналмай төмен
түседі. Допты соққан кезде оң аяқ жауырынмен
бірге түзеледі. Оң қол жиналмай жоғары
көтеріледі. Допты жинақы саусақпен соғу
керек.Допты соққан соң оң аяқ алға бір
аттайды.
Қолды артқа қарай сермеу соғу
қимылына қарағанда едәуір жаяу атқарылатын
атап өткен жөн, допты соғу күші жауырынды
екпіндей бұру және соғатын қолдың жылдамдығына
сай арта түседі. Допты ойынға қосудың
бұл түрі өте күшті. Сондықтан кез-келген
разрядтағы командада қолданылады.
Жоғарыда аталған допты ойынға
қосудың тқрт түрінен басқа да тәсілдері
бар. Төменнен бір бүйрлей берудің тағы
бір түрі қалықтаса беру әдістері соған
дәлел.
Оң қолмен төменнен шира беру
кезінде ойыншы торға оң бүйрмен тұрады.
Аяқ иықтың тұсына қойылып, доп сол қолда
белдің тұсында жатады. Допты көтере лақтырған
кезде оң төмен түсіп, артқа қарай көтереді.
Сонан соң оң қол төменнен жоғары қарай
сермеліп, допты кеуде тұсында саусақтардың
сыртқы қырымен соғады. Соққан соң қол
жоғары қарай қозғалысын жалғастырады.
Допты ойынға қалықтата қосу-өзінің тәсілі
жағынан жоғарыдан тік, немесе жоғарыдан
бір бүйірлей болуы керек. Лақтырар алдында
ойыншы допты қос қолымен әдеттегіден
жоғарырақ ұстап тұрады. Доп қатты саусақтарымен
дәл ортасынан соғылып, қол оның артынан
ілеспейді. Доп ойынға қалықтата қосу
соңғы кездері жоғары спорттық разяды
бар командаларда кезеңнен қолданылып
жүр.
Допты ойынға қосуға
үйреті методикасы
Оның әр түрін оқытып , үйретуде
төмендегідей реттік сақталады. Алдымен
төменнен беру үйретіледі. Өйткені ол
бастапқы кезде ойынды ойдағыдай өткізуге
мүмкіндік береді. Кейіннен жоғарыдан
беру үйретіледі. Ең алдымен дененің желкеленген
бөлектерінің қимыл реті допсыз үйретіліп,
бастапқы қалыпты дұрыс игеруге көңіл
бөлінеді сонан кейін допты көтере лақтыру,
одан әрі допты соғу әдістері оқытылады.
Бұл кезде тор арқылы беруге әлі ертелеу.
Жоғарыдағы сәттерді үйренген
соң допты ойынға қосуды тұтастай жүзеге
асруға болады. Оның реті төмендегідей:
Бастапқы қалыпты игеріп, допты ойынға қосу ишарасын жасау.
Допты лақтырып, соғуға ыңғайланып қолды кері сермеу.
Екі адам болып алаңға көлденең бағытта допты
ойынға қосу.
Допты қабырғаға беру.
5. Допты қысқа қашықтықтан тор арқылы
беру.
6. Допты алаңның белгілі бір жерлеріне
беріп , ойынға қосу.
7. Допты ойынға белгіленген жерден қосу.
Допты ойынға қосқанда
кездесетін негізгі қателіктер
1.Бастапқы қалыпты дұрыс
қабылдамау ( аяқтың тік болуы, кеуденің
алға еңкеюі. Соғатын қол жақтағы аяқтың
алға қойылуы).
2. Допты дұрыс лақтыру
(бастан асыра, бір бүйірге немесе өзінен
алысқа).
3. Допты боссаусақтармен соғу.
4. Допқа қолдың дәл
тимеуі ( ойыншы допты бақылап
тұрмаған).
Допты ойынға қосу
тәсілдерін жетілдіруге арналған жаттығулар
Алаңның сыртқы сызығына қарай
доп беру
Алаңның алдынғы жағына доп
беру
Алаңның белгілі аймағына доп беру.
Допты ойынға қатесіз қосу санына жарыс.
Допты ойынға қосудың түрлі
тәсілдерін кезектеттірк атқару.
Допты ойынға күрделі жағдайларда
қосу ( доп ойынға бірнеше техникалық әдістер
ишарасы жасаған соң барып қосылады).