Волейбол

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................................2
1 бөлім
1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері...................3
1.2 Дене тәрбиесіндегі ойын әдісі......................................................................................6
1.3 Спорттың адам өмірінде алатын орны........................................................................8
Волейболдың дамуы және пайда болуы................................................................10
2 бөлім
2.1 Сабақ уақытында волейбол ойын тәсілдерін үйрету және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................12
Тұрғын жайдары волейбол.....................................................................................17
2.3 Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту............................................................18
2.4 Доп беруге оқыту методикасы...................................................................................21
2.5 Допты ойынға қосу......................................................................................................23
2.6 Шабуылдағы соққылар...............................................................................................26
3 бөлім
3.1 Қорғаныстағы ойын техникасы..................................................................................28
3.2 Қорғаныста ойнауға оқыту методикасы....................................................................30
3.3 Жарысты ұйымдастыру..............................................................................................32
3.4 Төрешілердің міндеті..................................................................................................34
3.5 Жарыс алаңы және керекті заттар........................................................................35
3.6 Воллейбол ойынының Қазақстанда дамуы...............................................................37
Қорытынды.........................................................................................................................38
Қолданылған әдебиеттер......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

валейбол.docx

— 106.27 Кб (Скачать документ)

Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

Волейбол ойынының техникалық элементтері:

  1. Бастапқы қалып (ойыншының тұрғысы);
  2. Допты ойынға қосу;
  3. Допты командалас серігіне беру;
  4. Шабуылдау соққылары;
  5. Тосқауыл қою; әр түрлі секіру түрлері, допқа қарай ұмтылу, құлау.

І. Волейболшының тұрысы.

Жаңа ойнай бастаған оқушы-волейболшылар үшін дұрыс тұрудың (бастапқы қалыптың) маңызы зор. Бастапқы қалыптың көптеген түрі бар. Дегенмен, ең тиімдісі «орташа тұрыс» болып табылады. Тұрыс немесе тұру – ол ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға мүмкіндік беретін бастапқы қалып.

ІІ. Орын ауыстыру.

Жаңа ойын барысында ойыншы алаң ішінде орын ауыстырып жүруіне тура келеді.

Орын ауыстыруға мынадай қимылдар енеді:

  1. Қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әртүрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға, аттау және екі қадам жасау;
  2. Секіріп қалу (секектету) – бұл екі қадам жасау, қимылдың соңына қарай алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
  3. Жүгіру – басқа қалыпқа көшу үшін, яғни ойын тәсілін орында мақсатымен алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
  4. Құлау – ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте қиын сәтте допқа тез жақындауға көмектесетін тәсіл: құлау доппен тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы жаңа бастапқы қалыпқа келеді;
  5. Секіру – қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл.

ІІІ. Допты ойынға қосу.

  1. Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу.
  2. Допты төменнен бір жақ жанына ойынға қосу.
  3. Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу.
  4. Допты жоғарыдан бір жақ жанына ойынға қосу.
  5. Допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу.

IV. Допты беру әдістері.

  1. Тікелей шабуылдау соққысы – үш қадам жасап барып орындалады, бұл кезде ойыншы доппен секірудің барлық үш кезеңінде де, мысалы: ойыншы денесінің ұша бастау сәтінде, ұшудың жоғары нүктесінде және оның төмен түсу сәтінде кездесе алады.
  2. Бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы оны орындаудың техникасы өте күрделі және ол ерекше шеберлікті талап етеді.

V. Тосқауыл қою.

Тосқауыл қою – қарсыластың шабуылдау соққысынан соң доптың ұшына кедергі жасау мақсатымен тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы тосу. Бұл қорғаныс әрекеті кей жағдайда қарсы шабуыл жасау тәсілі болып табылады. Тосқауыл жасауды бір, екі, кейде үш ойыншы бірігіп жүзеге асыра береді.

Қорыта келгенде: мектептегі дене тәрбиесі қозғалысының бастапқы буыны және оның бір бөлігі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            1. Тұрғын жайдары волейбол

 

Дене шынықтыру мен спортты совет адамдарының күнделікті тұрмысына енгізу міндетті еліміздің дене шынықтыру ұйымдарынан алуан түрлі жұмыс түрлерін іске асыруды талап етеді. Қазір дене шынықтыру мен спорттың қалалық комитеттері, тұрғын үй пайдалану ұйымдары жанындағы дене шынықтыру бойынша қоғамдық уйымдар туралы, тұрғындардың тұрағы бойынша дене шынықтыру сауыктыру және спорттық-көпшілік жұмыстары жүргізгетін нұсқаушы-педагог туралы типтік ережелер бар.

Бұл нұсқаулар халықтың тұрағы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарын жүргізіп, бос уақытты жұрттың белсенді демалыс түрінде өткізуіне қамқор болуы керек. Олар спорт алаңдарын салуға ұйтқы болады, тұрғындарды денсаулық топтарына, спорт үйлеріне таратады, тұрғын үй шоғарлары, көшелер шеңберде денсаулық спартакиадарларын өткізді. Өз жұмыстарына қоғамдық дене шынықтыру активтерін қатыстырады, тұрғындар арасынан қоғамдық нұсқаулар мен спорт бойынша төрешілер даярлап, олардың жұмысын ұйымдастырды, дене шынықтыру мен спортты насихаттайды және т.б. қызыметкерлер атқарды.

Педагог-ұйымдаструшы, тұрғын үй басқармасының шаттағы ұызыметкерлері, ретінде, көпшілік дене шынықтыру-спорт шараларын жүргізеді, денсаулық топтары мен спорт секцияларын құрады.

Волейбол секциялары жұмысын ұйымдастыруды сол ықшамауданмен тұрғын үй басқармасы тұрғындары арасынан осы ойынмен айналысқысы келетіндеріді аныықтаудан бастағаны жөн. Ол үшін топқа адам алу жөнінде хабарландыру ілу қажет. Оның жазылуы анық әрі наөты болу керек. Секцияда айналысқысы келетіндердің бәрі дәрігерлік тексеруден өтіп, нұсқаушыға денсаулығы туралы анықтама әкелуге міндетті.

Қортынды жаттықтыру немесе ойын әдетте адамның өндірісте еңбектену қабілетін денгейіне динамикасына, тіпті 24 сағаттан кейін де әсер ету мүмкін екенін сақтаған жөн.

Жасөспірімдерге арналған волейбол секциясын ұйымдастыру ісі ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл секция өз жұмысын аптасына 3-4 реттен кем жүргізбеу керек. Жаттығудың көлемі және қарқынды ойыншылар жас мөлшері мен дене күші дайындығына орай анықталады. Спорттың тартымдылығы бәсекеде. Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы. Ол әркімге күрес қуанышпен сыйлап, әсіресе жасөспірімдерді қызықтырды.

Жарысты ширақ ұйымдастыру салтанаты түрде өткізу жеңімпаз командаларды нығайту, құріметті жүлдегерлерді сарапқа салу, осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге көмектесті.

Волейболдан көпшілік жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: аула, көше командаларының бәсекесі, ықшамдаудан және қала біріншіліетері. 

 

 

 

 

 

2.3 Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту

 

Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту бір-бірімен тығыз байланысты жүреді. Техникалық дайындықтың негізгі міндеті оның әртүрлі жағдайларында жоғары дәлдікке жету үшін барлық техникалық тәсілдерді игеріп, оларды одан әрі жетілдіре түсу болмақ.

Волейболда төрт техникалық тәсіл бар: допты бір-біріне беру, ойынға қосу, шабуылдай соғу, тосқауыл қою.

Техникалық даярлықтың басты міндеті- жарыс барысында қорғаушыларды ойынды дұрыс жүргізуге үйрету. Бұл міндетті шешу үшін жекелей топтық және командалық әрекеттерді үйреніп, кездесудің тактикалық жоспарын дұрыс жасап, оны жүзеге асыра білуді қалыптастыру керек.

Шынығудың, техникалық және тактикалық даярлықтың өзара байланысы және тәуелділігі ойыншылар техникасының негізгі тәсілдерін менгере бастаған алғашқы сабақтардан-ақ жүзеге асыруы қажет.

Ойын техникасы

Ең алдымен шабуылдағы ойын техникасы мен қорғаныстығы ойын техникасын ажырата білгені жөн.

Волейболды оқытудың техникасы ол педагогикалық процесс.

Волейболдың техникасын, допты  қабылдауды үйренуде  шұғылданушылардың талаптарына, жаттығулардың санына  өз бетінше  шұғылдануына  қызығушылығына, ойынның жоғары сапалығына, жаттықтырушының стилімен ойыншылардың сәйкестігіне  байланысты.

Жаттықтырушы волейбол  ойынының  ілімін  жоғары және сапалы түрде  қолдану үшін, ол: кинофильмдар, бейне таспалар, квалификацияландырылған  спортсмендердің тәжірибесін  даопты жоғары және төменгі  жақтан қабылдағандағы суретке түсірілген сәттерді  өз тәжірибесінқосу, көбірек  допты қалай қабылдауды көрсетіп, бұл әрекеттерді практикада қолдана білу  болып табылады.

Волейбол  ойынының ілімінің қолдану  келесі кезектен тұрады: жаттықтырушы  ойыншыларды  жартылай айналдыра орналастырып  ойынды бастау үшін физикалық жаттығудан бастайды.

Бастапқы кезде  үйретілетін техникалық әрекеттерді көрсету үшін жаттықтырушы немесе тәжірибесі мол спортшы көрсетіледі,одан кейін бастапқы қалып түсіндіріледі.

Жаттығу кезінде жаттықтырушы негізгі әрекеттердіңқалай жасалатынын көрсетеді, одан кейін волейболистер бұл әрекеттерді  қайталап көрсетіп үйренеді  ал, ойыншы қателік  жасайтын  жағдайда бұл әрекеттерде треннирдің  өзі тағыда қайталап көрсетіпберуі тиіс, ойыншы бұл әрекеттерді үйренгенге дейін.

Шабуылдағы ойын техникасы

Ойын техникасында дұрыс тұру және орын алмастыру ерекше маңызға ие болды.

Шабуыл техникасында тұрудың бір ғана түрі-негізгі түрі бар.Осындай тұрыста аяқ иықтың мөлшерінде қойылып,тізеден бүгіледі, жауырын тік, қол шынтақтан бүгіліп, кеуденің алдындағы жағында ұсталады.

Шабуыл техникасы тәсілдерін орындау кезінде ойыншы орын алмастырады. Орын алмастыру кезінде түрлі бағытта жүріп немесе жүгіріп атқарылады.

Шабуылдай соғу кзіндегі екі немесе бір аяқпен секіру, бір орыннан жүгіріп келіп скеіру қолданылады. Ойыншы дер кезінде орын ауыстырып, негізгі тұрыс қалпына енгенде ғана техникалық тәсіл дүрыс орындалуы мумкін.

Допты қабылдау жоғарғы дәрежеде болуы.

Волейболистер  ойын әрекеттерін қалай меңгергендігі  тексеру үшін, ойын кезіндегі қимылдардың  көрсету талап етіледі.  Мысалы: аяқтың қалай тұруын, допты жоғарғы жақтан қабылдауын т.б.

Тағы да үлкен рөл атқаратын ойындағы үрдістің бірі бұлшық  еттердің қимылдары  мен орындалу тәсілдері. Бірақ ең эфектті әдіс ол  жаттығушылардың өз бетінше техникалық әрекеттерді  үйрену болып есептееледі. Соған қарамастан тренердің ақпараттары көрсетпелері жоққа шығарылмайды.  Мысалы, теқникалық әрекеттердің орындалуы  бұлшық еттердің күшіне де байланысты екендігін ойыншыға жеткізу керек.

Мұндай көрсетпелер арқылы тез қимылдау жағдайына дәйектенеді. Бірінші үйрену этабында сатысында жаттығулар жеңіл формада жоспарланады. Спорттық техникалық әрекеттерді үйреткенде жаттығулардың жасалынуы толық және бөлшектелініп көрсетіледі. Жаттығуларды толық немесе бөлшектеп үйрету әдістері спортшының қабылдай алу қабілетіне байланысты. Техникалық қабылдаулардың байланысы әрбір ойында орындалады. Қабылдаулардың тәртібі ойында ауысқан кезде оған байланысты тез қимылдап сол фазаға орнығу қажет. Осындай жолмен яғни техникалық қабылдауларды зерттеген үйренген шақта оны ойын барысында ойынның соңына дейін жүзеге асыру негізгі жұмыс механизімнің техникасы болып табылады. Исключение допты ойынға қосу ал оның орындалуына орнықты және ешқандай өзгеріссіз жағдайда орындалады. Допты жоғарғы немесе төменнен ойынға қосу кезінде оның соған үйреншікті механизімнің пайда болуы, ойынның өзгермеуі орнықты жағдай. Допты жоғарғы немесе төменгі жақтан ойынға қосқан жағдайда сетканың қасында тұрған қарсыластары оны келесі бетке өткізу механизімін қалыптастыру керек. Бұдан кейін допты қабылдауды және допты ойынға қосуда белгісіз жаққа берілмеуін қамтамасыз ету керек.

Үйренер алдында ең бірінші ойыншы өз орнында секірмей допты полға, қабырғаға немесе қарама-қарсы жақтағы ойыншыларға береді. Одан кейін шабуылдаушы бір орында 2 қадам 3 қадам секіреді. Допты ойынға қосудың ең негізгі допты сетканың келесі бетіне түсіру. Ол үшін волейболшы сеткадан немесе қабырғадан 4-7 метр қашықтықта болуы тиіс. Содан соң допты ойынға қосу бір орында тұрыпта жүргізіледі. Екі жақты ойыншылар көп жаттығуы яғни барлық жаттығулардың 30-40%-ін жүргізу керек. Екінші этапта ойыншылар допты қабылдауға, тактикаға байланысты жаттығу жасау керек. Мысалы: сетканың бір бетінде тұрып екінші бетіне қолдың ұзындығын сақтап сеткаға тигізбей секіру. Әрқашан қабылдауда және допты ойынға қосқанда доптың ұшу троекториясы өзгереді және жылдамдана береді.

Допты қабылдаудың жоғарғы дәрежеде болуында оның орындалу әдісі үлкен рөл атқарады. Оны дайындалу ойынында қайталап көрсеткенде оның қателіктерін жаттықтырушы көрсетіп түзулейді.

Ең үлкен рөль атқаратыны жаттықтырушының кең көлемде ақпараттандырылғандығы, соның волейбол ойыншысында орындалып қозғалу процесінде әсерін тигізеді. Практикалық ойындарда техниканың қопталуы 45-55% уақытты алады. Екінші этапта ойыншының миы тынығып жүйке жүйесі орнына келуі, ойынның аяқталу кезеңі. Үшінші этап қабылдауды үйрену кезінде допты ойынға қосу ол қолдың орналасуына қарамай өз ритімінде орындау. Допты қабылдау зерттеу бұл этапта көру жолдастық ойындарда, жаттығуларда жарыстарда қолданылады. Ең қиын орынды алатыны жаттығулардың қиындатылған характері, ауыр нагрузка, ойындағы техникалық қабылдауды ыңғайлы емес жағдайда орындау және т.б.

Дайындық ойындар, техникалық дайындалу бұл этап 50-70% уақытты жаттығудан тұрады. Көп ойындар өткізгенде техникалық қабылдауларды қолдана білетін волейбол ойыншыларда төзімділік пайда болады, сол төзімділіктен олар ойында еркін ойнап қабылдаулардыдер кезінде қиын жағдайларда да қолданып жүзеге асырып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Доп беруге оқыту методикасы

 

Допты бір-бірне беру волейболдағы негізгі техникалық әдістердің бірі. Допты беру кезіндегі қолдың жағдайына байланысты бір және екі қолмен жоғарыдан және төменнен беру әдістері бар. Шабуыл техникасында біз тек жоғарыдан беру тәсілін қарастырамыз. Допты дұрыс берудің негізгі дер кезінде доптың астына қарай орын ауыстырып, негізгі тұрыс қалпына ену.

Информация о работе Волейбол