Волейбол

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................................2
1 бөлім
1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері...................3
1.2 Дене тәрбиесіндегі ойын әдісі......................................................................................6
1.3 Спорттың адам өмірінде алатын орны........................................................................8
Волейболдың дамуы және пайда болуы................................................................10
2 бөлім
2.1 Сабақ уақытында волейбол ойын тәсілдерін үйрету және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................12
Тұрғын жайдары волейбол.....................................................................................17
2.3 Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту............................................................18
2.4 Доп беруге оқыту методикасы...................................................................................21
2.5 Допты ойынға қосу......................................................................................................23
2.6 Шабуылдағы соққылар...............................................................................................26
3 бөлім
3.1 Қорғаныстағы ойын техникасы..................................................................................28
3.2 Қорғаныста ойнауға оқыту методикасы....................................................................30
3.3 Жарысты ұйымдастыру..............................................................................................32
3.4 Төрешілердің міндеті..................................................................................................34
3.5 Жарыс алаңы және керекті заттар........................................................................35
3.6 Воллейбол ойынының Қазақстанда дамуы...............................................................37
Қорытынды.........................................................................................................................38
Қолданылған әдебиеттер......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

валейбол.docx

— 106.27 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Дене тәрбиесіндегі  ойын әдісі

 

Уақытпен белгіленген жаттығулар әдістерінің әр түрлілігі мен барлық құндылықтарына қарамастан, оларда, негізінен, дене тәрбиесі үрдісінде орындаушылардың әрекеттерін және оларды орындау шарттарын толық реттеуін болжайтын басты әдiстемелiк сызықтардан тек біреуі iске асырады. Белгілі жағдайларда ойын және жарыс әдістерімен байланысты басқа да әдістер маңызды мәнге ие болады.

Ойынның маңызы – бұл алуан түрлі қоғамдық оқиға, жалпы айтқанда, дене тәрбиесі саласынан және тұтастай тәрбиеден жоғары тұрады. Ойын тарихтың ерте кезеңінде пайда болып, қоғамның бар мәдениетімен бірге дамып, өзінтану және сыртқы байланыста  әр түрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, рухани және дене құрылысының кемелденуіне,  демалыс пен ойындарға қызмет етті және қызмет етеді. Дегенмен ойынның басты қызметтерінің бірі  - педагогикалық, бұл ойын  ертеректен  тәрбиенің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі болып табылады. Тәрбие саласында ойын әдісінің түсінігі ойынның әдістемелік ерекшеліктерін көрсетеді, яғни  оны әдістемелік қатынаста басқа тәрбие әдістерінен ерекшелейтін. Сонымен қатар ойын әдісі басқа футбол, волейбол немесе қарапайым қозғалыстағы ойындар сияқты белгілі ойындармен міндетті түрде байланысты емес. Негізінен, олар кез келген, әрине,  егер бұл әдістің ерекшеліктерімен сәйкес келетін болса, дене жаттығуларының негізінде қолданыла алады.

Ойнаушылардың қызметі бейнелі немесе тұрақты «сюжетке» сәйкес ұйымдастырылады, тұрақты және едәуір мөлшерде кездейсоқ өзгеріске ұшыраған жағдай шарттарындағы белгілі мақсатқа жету ескеріледі. Ойын сюжеті тікелей бейнелі шағылысумен қоршаған шындықтан немесе басқа қолданбалы әрекеттер мен өмірлік қатынастардан (мысалы, қарапайым қозғалыс ойындарындағы еңбек, тұрмыстық әрекеттер) алынады немесе ойыншылардың өзара іс-әрекетінің шартты сызбасы ретінде (әсіресе қазіргі спорт ойындарына тән) дене тәрбиесінің қажеттілігіне сүйене арнайы жасалады. Ойын мақсатына жету мүмкіндігі (жеңіс), әдетте, қандай да бір әрекет әсерімен байланысты емес. Жеңіске жетудің ойын ережелерімен рұқсат етілген әр түрлі жолдары әрқашан болады, мiнез-құлықтың ортақ қырын шектейтін, бiрақ нақты әрекеттердi алдын ала анықтамайды. Дене тәрбиесі үрдісінде ойын әрекеті әдеттегідей кешенді мінезге ие, яғни әр түрлі қозғаушы әрекеттерден тұрады: жүгіру, секіру, лақтыру, т.б.

Кейде ойын әдісін біркелкі әрекеттер негізіне қатысты қолданады. Мысалы, «фартлек» («жарыс ойын») – ойын әдісінің үздіксіз айнымалы жаттығу әдісімен өзіндік байланысы, мұнда әр түрлі қарқындылықта жүгіру немесе жүріспен кезектестірілетін жүгіріс қатысушылардың арасында  ойын бәсекелестігі түрінде өткізіледі. Белгіленген ерекшеліктер күшіне ойын әдісі ойыншыларға қозғалтқыш тапсырмалардың шығармашылық шешімі үшін пайдалануға жер береді, ойын барысында жағдайдың тұрақты және оқыс өзгеруі осы тапсырмаларды қысқа мерзімде және қозғаушы қабілеттіліктерді толық жұмылдырумен шешуге міндеттейді.

Көп ойындарда аралық қатынаста болса да, бірақ психикалық кернеуліктің жеткілікті жоғары деңгейінде  белсенді тұлғааралық және топ аралық қатынастар жаңғырады, олар ынтымақтастық түрінде (бір топ ойыншыларының арасында), сол сияқты бәсекелестік түрінде (жұп арасындағы қарсыластар және топтық ойындарда) құрылады, кереғар қызығушылықтар кезігіп қалғанда ойын «жанжалы» пайда болып, рұқсат етіледі. Бұл жоғары эмоциональды қызуды тудырады және тұлғаның этикалық сапасын анықтауға көмектеседі. Ойын әдісі әрекеттердің құрамы ретінде алдын ала қарауға, сонымен қатар әрекет етушілерге әсер ету дәрежесі де рұқсат бермейді. Ойын мақсатына ойын жағдайларындағы тұрақты және оқыс өзгеріс, өзара әрекеттің жоғары эмоцианалдығы мен динамикалығы сияқты әр түрлі тәсілдермен жету мүмкіндігі – осының бәрі жаттығулар мазмұнын қатаң бағдарламалау мүмкіндігін және жүктеменің бағыты мен көлемі бойынша дәл реттеуді жоққа шығарады. Әрине, бұл ойын әдісін қолдану барысында педагогикалық басқаруды мүлдем жоққа шығаруды білдірмейді. Ол бұл жерде уақыты қатаң белгіленген жаттығулар әдісіне қарағанда  аса қиын және жанама пішіндерге ие. Мұнда әрекеттердің жалпы сызбасы бағдарламаланады (ойынның тактикалық жоспары мен ережелерінің, сюжеттің көмегімен), белгілі мөлшерде жүктеме де реттеледі (ойын уақытымен, ойын снарядтарының көмегімен, алаң өлшемінің шектелуімен және басқа да жанама жолдармен). Дегенмен ойын әдісінде өзара әрекеттестіктің мөлшер дәлдігі, ереже бойынша, уақытпен белгіленген жаттығулар әдістеріне қарағанда айтарлықтай кем. Ойын әдісі барлық өзіне тән ерекшеліктер күшімен дене тәрбиесі үрдісінде қозғалыстарды бастапқы оқыту үшін немесе жеке қабілеттіліктерге сайлау әсері сияқты емес, күрделендiрiлген шарттарда қозғалыс қызметінiң кешендi әбден жетiлдiруi үшiн пайдаланылады. Ол ең жоғары өлшемде тез бағдарлау, жылдамдық, тапқырлық, дербестiк, бастамашылық сияқты сапа мен ерекшеліктерді жетiлдiруге рұқсат бередi. Ол епті маманның қолында сол сияқты ұйымшылдық, жолдастық, саналы тәртіп және тұлғаның басқа да болмыс ерекшеліктерін тәрбиелеу үшін әбден пәрменді болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Спорттың адам өмірінде алатын орны

 

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.»Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, дене дайындығын жетілдіре түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.

Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жатқылықтар оқушыларға кері әсерін тигізуде. Оқушылар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.

Сондықтан, спорттық ойын волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға дайындаудың күшті құралдарының бірі.

Спорттық тартымдылығы – бәсекеде. Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы. Ол әркімге спотрттағы қуанышын сыйлап, әсіресе жасөспірімдерді қызықтырады. Жарысты ширақ ұйымдастыру, салтанатты түрде өткізу, жеңімпаз командаларды наградтау, құрметті жүлдегерлерді сарапқа салу-осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге көмектеседі. 

Волейболмен айналысу-тек дене тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты іске тартудың да тимді түрі. Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысына А.С.Макаренконың ойынға жетекшілік ету және ойын коллективін тәрбиелеу жөніндегі бағалы педагогканың ұсыныстарды тимді пайдалана белген жөн.

Дене тәрбиесі және спорт түрлерінен мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім шеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау болып табылады. Спорт түрі бойынша теория мен тәжірибелік курстан басқа, мамандық бойынша айналысатындарға, сабақтарды кәсіби деңгейде өткізу, жарыстарды ұйымдастыру, әдістік, алайлылық (тактикалық), психологиялық, дайындау және ұзақ уақыттық жеке дайындық жұмыстарын жоспарлау қарастырылуы керек.

Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысы сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқаждығы өте төмен.

Балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алатын дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады.

Жоғары оқу орындарында болсын, мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Жан-жақты қарастырып оны жақсы түсіндіріп, студенттер мен оқушыларға дене тәрбиесінен білім беру қажет.

Мамандарға сауалнама жүргізу бойынша, кезеңдегі дене тәрбиесі, көбінесе, практикалық сабақ, ал дене тәрбиесінен білімін жетілдіруге көңіл бөлінбейді. Оқушыларды дене тәрбиесі сабағымен шұғылдандырып қана қоймай, дене тәрбиесінен білімдерін де жетілдіруге болады. Мысалы, спорт ойындар түрлерімен айналысу адам ағзасы мен ішкі ағзаларының дамуына, жыныс бездері мен дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың адамгершілік пен жігерлік және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б.) дамытуда тиімді әдіс болып табылады.

Сонымен қатар, арнайы қозғалыс дағдыларын: спорт ойындарының барлық әдістерін, арнайы жаттығулар мен спорт акробатикасын, дененің қауқарсыз мүшелерінің жарақатының алдын алу, спорт ойындарының тактикасын, жарақаттан қауіпсіздендіру тәсілдерін және т.б. нәрселерді меңгеру қажет. Өз пәні бойынша жалпы дамыту жаттығулары мен жалпы дене даярлығын арнайы дайындықтан ажырата білу, бастауыш топтағы спортшылардың дайындық кезеңін дұрыс жоспарлау және оларды спорттық шеберліктің әртүрлі кезеңдерімен алмастыра білу дағдысын қалыптастыру білімін жетілдіру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Волейболдың дамуы және пайда болуы

 

1985 жылы Америка Құрама  Штаттары колледждерінің бірінде  доктор Уильямс Морган жаңа  ойын ойлап тапты. Ол «Волейбол» деп аталады. Бұл сөздің дәл мағынасы «әуедегі доп». Бұл ойын тез арада өз қолдаушыларын тапты. Әсіресе ол американ өрт сөндірушілер арасында кең таралды. Олар өрт мұнараларының қасына жіп керіп қойып, сол арқылы үрлкнген қарынды әрлі-берлі соғып мәз болысатын.

Волейбол біртіндеп американдықтардың сүйікті ойынына айнала бастады. Оны балалар мен жастар, орта жастағы еркектер мен мырзалар, жас және жасамыс әйелдер ойнай бастады. Бәсекелес ойын кезінде жас шағынан шектеу болған жоқ. Фермерлердің балалары ікелерімен, қыздар әжелерімен ойнай беретін. Оның ешбір сөкеттігі де болған жоқ. Ойынның ережесі де тым қарапайым болатын, әйтеуір допты жерге түсірмеу керек.

1987 жылы жоғары да  айтылған тақырыптар Уильямс  Морган ойын ережесін енгізуді  ұсынды. Ол кездегі ереже бүгінгі ге мүлде ұқсамайтын. Алаңның көлемі 7,6х15,1 метр, тордың биіктігі 198 см. Доптың салмағы 340 грамм болатын. Екі жақтың да ойыншылар санына шек қойылмайтын. Сондықтан да олар бір-бірінің аяқтарын басып, допты бірінші болып соғамын деп соқтығысып қалып жататын.

Волейболдың дамуының бірінші кезеңі 1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын көрермендер алдында өткізіліп командаға біріккен ойыншылар өзге спорт түрлеріндегідей формалар киіп шығатын. Таусылмайтын таласты, тіпті тым қызбалау техастықтар арасында жиы болатын жанжалдарды болдырма үшін Морган алаңның орта тұсына бір бүйірден орындық қойып, соған төрешіні отырғызуды ұсынды. Төрешінің пікірі ойыншылар үшін бұлжымас заң болды.

Кешікпей волейболды Орталық және Оңтүстік Америкада, Куба, Перу, Бразилия, Урагвай және Мексика елдерінде ойнай бастады. 900-ші жылдың басында волейболдан Азияда Жапондар мен Қытайлықтар танысты.

Европаға волейбол 1914-1917 жылдары келді. Әсіресе оны Чехия мен Словакия ұнатты.

1922 жылы Бруклинде жаңа  әрі қызықты ойынның көптеген  жанкүйерлерін жинаған волейболдан алғашқы ресми жарыс өтті.

Осыдан кейін американдықтар волейболдв УШ Олимпиада ойындарының программасына енгізуді сұрады. Бырақ қатысатын елдердің саны жеткіліксіз болғандықтан халықаралық олимпиадалық комитет оны қабылдамады.

Информация о работе Волейбол