Волейбол

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................................2
1 бөлім
1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері...................3
1.2 Дене тәрбиесіндегі ойын әдісі......................................................................................6
1.3 Спорттың адам өмірінде алатын орны........................................................................8
Волейболдың дамуы және пайда болуы................................................................10
2 бөлім
2.1 Сабақ уақытында волейбол ойын тәсілдерін үйрету және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................12
Тұрғын жайдары волейбол.....................................................................................17
2.3 Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту............................................................18
2.4 Доп беруге оқыту методикасы...................................................................................21
2.5 Допты ойынға қосу......................................................................................................23
2.6 Шабуылдағы соққылар...............................................................................................26
3 бөлім
3.1 Қорғаныстағы ойын техникасы..................................................................................28
3.2 Қорғаныста ойнауға оқыту методикасы....................................................................30
3.3 Жарысты ұйымдастыру..............................................................................................32
3.4 Төрешілердің міндеті..................................................................................................34
3.5 Жарыс алаңы және керекті заттар........................................................................35
3.6 Воллейбол ойынының Қазақстанда дамуы...............................................................37
Қорытынды.........................................................................................................................38
Қолданылған әдебиеттер......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

валейбол.docx

— 106.27 Кб (Скачать документ)

Соған қарамастан волейболдың қанаты қатая берді. Европа мен Американың көптеген елдерінде ол жетілдіріп, ережелері нақтылана түсті. Командаға ойыншылар саны алты адаммен шектеліп, алаң көлемі 9,1х18,2 м. ұлғайды. Тор 243 см. биіктікке орнатылып, допты үш ркт қана кідіріссіз соғуға рұқсат берілетін болды. Қпай саны 15-ке дейін / есеп 14:14 екі ұпай артық болуы керек/ есептелді. Матч үш партиядан тұрып, жеңімпаз атану үшін оның екеуін ұту белгіленді.

Ғасырымыздың 30-шы жылдыры волейбол ең көп тараған ойын болды. оның техникасы мен тактикасы да осы кезде дамыды. Толық тосқауылға қарсы тордың шет жағынан соғу, допты жоғарыға көтеріп барып соғу тәсілдері пайда болды. ойын барынша коллективтік сипатқа ие болып, әрбір ойыншының міндеттері айқындалды.

1934 жылы волейбол жөніндегі  бірінші халақаралық комиссия  құрылып оған Европадан 13, Америкадан 15, Азиядан 4 елдің өкілдері енді.

1947 жылы Парижде халықаралық  волейбол федерациясы құрылып  көп жылдар бойы оның председателі Поль Либо болды.

1948 жылы Римде елдер  командалары араснда Европаның  бірінші чемпионатв өткізілді. Ерлер үшін әлемдік, әйелдер үшін Европалық біріншілік 1949 жылы Прагада өткізілді. Осы жолы чемпиондық атақты совет волейболшылыры жеңіп алды.

Волейбол 50-ші жылдары да қарыштап дамыды. Сол жылдары әлемнің, Европаның, Азияның біріншіліктері, панамерткалық ойындар өткізілді.

1964 жылы ақыры волейбол  Жапонияның астанасы Токиода  өткен Олимпиада оындарының программасына енгізілді.

Біздің елімізде волейбол Октябрь революциясынан кейін дамыды. Ол алғаш рет1923 жылы «азаматты правосын» алды. 1925-ші жылы Москва визкультура советінің спорттық ойындар секциясы өзінің алғашқы ережесін бекітті. Сол кездерден бастап жарыстар жүйелі өткізіле бастады.

1948 жылы халықаралық  федерациясына мүшелікке кірді. Осы жылдан бастап совет волейболы  халықаралық аренада жеңістер  шеруінің алдыңғы сапынан көзге түсті.

Біздің құрама командаларымыз Европа және әлем волейболының екстесінде жоғарғы орындарында келеді. Олар Евопа, дүние жүзі және Олимпиада ойындарының бірнеше рет жеңімпаздары атанды. Қазақстандық волейболшылар да табыстардан құралған емес. Алматының «Буревестник» командасының түлегі Ж.Сауранбаев дүние жүзінің 1966 жылы біріншілігінде жүлдегер атанса, В.Кравченко мен О.Анропов 1968 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары атанды. Алматының АДК командасы еліміз біріншілігінің, Европа кубок ойындарының екі дүркін жеңімпазы. Команданың белді ойыншылары Е.Чебукина 1988 жылғы сәуірде өткен Олимпиаданың жеңімпаздары атанды. 

Волейболдың пайдалары:

- Денені шынықтырады.

- Дененің шымыр болуын, барлық бұлшық еттер қозғалысқа түсетіндіктен, дене бітімі қалыпты түрде дамуына ықпал етеді.

- Жүйелі әрі дұрыс тамақтану  үйренеді. Денедегі май мөлшері үнемі бақылауда болады.

- Ортақтасуды, ұйымшылдықты, бір-біріне жәрдем беруді үйренеді. Нәтижеге қол жеткізу үшін өзгелерге мұқтаждығын сезінеді.

- Белгілі бір уақыттың  ішінде мақсатқа жету үшін әрі епті, әрі шапшаң қимылдауды үйренеді.

- Уақытты үнемді пайдалануды, алдына жоспар құруды үйренеді.

- Топ жетекшісіне  бағынуды үйренеді.

- Жауапкершіл болуды үйренеді.

- Достық қарым-қатынасын  нығайтады.

 

 

 

 

 

 

2.1 Сабақ уақытында волейбол ойын тәсілдерін үйрету және оны жетілдіру жолдары

 

Адам өмірінде спорттың яғни дене тәрбиесінің тигізер пайдасы зор. Спортпен айналысқан адам ширақта, жылдам, төзімді болып келеді. «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтылмаған. Спорт адам өмірінің ұзаруына, оны былай қалағанда салауатты өмір сүруде толтырмас құрақ.

Жалпы білім беретін орта мектептің алға қойған негізгі мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, болашақтың тірегі пайдасын тигізу үшін дені сау, күшті, епті, қиындықтан қорықпайтын төзімді, өабілетті азамат тәрбиелеу – болып табылады.

Мектептерде жаппай кең тараған ойындардың бірі – волейбол. Оқу барысында волейбол кейде жалпы жамыту дайындығы материалдық базасына сәйкес, спорт ойындарының бірі ретіндегі міндеті пән ретінде үйретіеді. Волейбол – командалық ойын, әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне байланысты қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол тарауы бойынша оқушылардың теориялық ақпараттар алуына, тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіншілігі бар. дене тәрбиесінде волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның әр түрлі жаттығуларға ыңғайлылығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, денсаулықты және дене тәрбиесін жетілдірудегі жан-жақтылығымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен, керекті құралдардың және алаңның күрделі еместігімен түсіндіріледі. Ойын жағдайы жаттығушыларды жалпы мақсатқа жету үшін өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын ұжымының мақсатына бағындыруға, жағдайға байланысты өзінің бар мүмкіншілігімен әрекет етуге, спорттық сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Бұлар оқушылардың ұжымдық сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады.

Волейбол арасы тормен бөлінген арнайы алаңда екі команда бәсекеге түсетін спорттық ойын болып табылады. Ойынның мақсаты – қарсыластың алаңына доп түсетіндей етіп оны тордың үстімен бағыттау және қарсыласының осындай әрекетін болдырмау. Бұл үшін команда допқа үш рет қол тигізуге құқылы (және тосқауыл кезінде тағы бір рет қол тигізуге құқылы).

Ойын допты қосумен басталады. Допты ойынға қосушы соғу арқылы допты қарсы жаққа бағыттайды. Ойынның әрбір сәті доп сыртқа шығып кеткенше немесе команда қате жібергенше ойналады.

Команда ойынға қосылған допты қарсыласының алаңына соқса, ол ұпайға ие болады және оның ойыншылары сағат тілі бойынша бір орынға ауысады.

Волейбол ойыны тегіс әрі қатқылдау алаңда өткізіледі. Залда дайындалу (ойнау) барысында артық құралдардың барлығы (орындық, т.б.) алаңнан 3 м-ден кем болмауы және жеткілікті жарық болуы керек.

Ойын алаңының өлшемі 18х9 м тік төртбұрышты құрайды. Барлық сызықтардың ені – 5 м. Ортадағы сызық ойын алаңын әрқайсысының өлшемі 9х9 м болатын екі тең алаңға бөледі. Бұл сызық тордың асты арқылы бір бүйірден екінші бүйірге жүргізілген.

Әрбір алаңда алдыңғы аймақ (зона) ортадағы сызықпен, шабуылдау сызығымен шектелген. Шабуылдау сызығы ортадағы сызық белдеуінен 3 м қашықтықта жүргізіледі.

Допты ойынға қостаын аймақ – бұл жақтау сызығының артындағы ені 9 м-лік аймақ. Ол бүйірдегі ұзындығы 15 см-лік екі қысқа сызықпен шектеледі, олардың әрқайсысы жақтау сызықтан 20 см қашықтықта жүогізіледі. Екі қысқа сызық та допты ойынға қосу аймағына енгізілген. Ойынға қосу аймағы еркін аймақтың соңына дейін (3 м) созылады.

Тор бекітілетін бағандар бүйірдегі сызықтан 0,5 – 1 м қашықтыққа орнатылады.

Доп илеген жұмсақ теріден жасалған, дөңгелек болуы тиіс. Оның бояуы бір түрден боялған және ашық болуы керек. Көлемі – 65 – 67 см, массасы – 260 280 г.

Командада ең көп болғанда 12 ойыншы болады.

Волейбол ойнаушыларға мынадай гигиеналық талаптар қойылады: тырнағы өспеген болуы, сондай-ақ сақина, сырғаларын шешуі керек. Ойыншының қажетті киімі болуы қажет. Волейболмен жаттығу, үйрену жекелей, топтық немесе командалық түрде ұйымдастырылады. Жеке жаттығу, көбінесе волейболмен алғаш рет дайындалуды бастағанда, яғни жекелеген техникалық әдістерді үйренуде қолданылады.

Топпен және командамен ойнауға мүмкіндік беруі – волейбол ойынының кең көлемде тарауына әсер етіп отыр. Волейбол – командалық, ұжымдық ойын, сол себепті жаттығушылардың ұжымдық қарым-қатынастарын тәрбиелеп қалыптастыруда үлкен маңызға ие.

Ойын техникасы шабуыл техникасы (орын ауыстыру, допты ойынға қосу, беру, шабуыл соққысы) мен қорғаныс техникасына (орын ауыстыру, допты қабылдау, тосқауыл) бөлінеді.

Орын ауыстыру. Ойын барысында әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді орындау үшін – ойыншы алаңда орын ауыстырулар жасайды. Мұндай орын ауыстырулар қорғанысқа және шабуылға байланысты техникалық-тактикалық әдістер жасағанда, өз орнын табу және шешім қабылдау үшін қолданылады. Техникалық-тактикалық мақсаттағы орын ауыстыруларды үйреніп, жетілдіруге қажет болатын жаттығулар:

  • бір орында жүгіруден қашықтыққа жүгіруге ауысу;
  • тізені көтеріп жүгіру;
  • жүгірісті секірумен алмастыру;
  • оң жақ және сол жақ бүйірге қарай жүгіру;
  • арнайы белгіге дейін жай жүгіруді шапшаң жүгіруге алмастыру;
  • допты еденге домалатып жіберіп, қуып жетіп тебу;
  • орын ауыстырудан кейін кез келген бағытқа секіру;
  • кез келген техникалық әдісті қайталау.

Қарсыласымен орындалатын жаттығулар:

  • қашқан серігін қуып жетіп, оған қолды тигізу;
  • допты алаңның ортасына қойып, әріптестер алаңның шетінде допқа арқасын беріп отырады, ысқырық бойынша екеуі де допқа қарай жүгіреді, допты әрқайсысы өзі иеленуге тырысады.

Допты беру техникасын үйрену жаттығулары:

Алаңда тордың жанында тұрып, ойыншы допты төменнен жоғары лақтырып, торды жағалатып береді:

а) әр түрлі бағытта (алға, пртқа, жоғары);

ә) әр түрлі қашықтықта (ұзын, қысқа, қысқартылған);

б) әр түрлі биіктікте (биік, орташа, төмен).

Әріптеспен жаттығулар:

  • екі ойыншы екі жақтағы бірыңғай сызықта тұрып, бір-біріне допты тордан жоғары көтеріп береді;
  • әр ойыншы шабуыл сызығында тұрады, допты беру үшін торға дейін жүгіріп келіп, қайтадан өз орындарына кетеді.

Допты төменнен тіке ойынға қосу. Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.

Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

Допты берудің кең тараған түрі – екі қолмен жоғарыдан беру. Мұның артықшылығы – дәл және тура берілуінде. Мұндай берілуді орындау барысынды ойыншының аяғы тізеден сәл бүгіліп, қолы алға қарай шығып, беттің аядында болады, үлкен саусақ көздің деңгейінде болады. Ойыншы допты беруді орындаудан бұрын бастапқы қалыпты қабылдайды және допты қарсы алу үшін қажетті жағдайда орын ауыстырады.

Екі қолмен допты жоғарыдан беру үшін жасалатын жаттығулар:

  • допты жаттығушы екі қолмен төменнен жоғары лақтыру немесе бір жақ бүйірге жоғары, орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан допқа жақындап барып, допты жоғарыдан беруді орындайды;
  • қабырғаға жақын тұрып, қабырғаға бағыттап бұрып, 3 – 4 м-ден допты жоғары беруді орындайды.

Әріптесімен жасалатын жаттығулар:

  • ойыншы бастапқы қалыпта тұрады, серігі допты оның қолына лақтырады, ол серігіне жоғарыдан екі қолмен беру әдісін орындайды;
  • бір-біріне допты қайталап беру;
  • екі ойыншы да волейбол торының жанында тұрады, біреуі допты береді, екіншісі допты жоғарыдан екі қолмен торға түсіруге тырысады.

Төменнен қабылдау:

  • жаттығушы әр түрлі жағдайдан допты жоғары лақтырады, ойыншының бастапқы қалыбымен допты төменнен қабылдайды;
  • осылай, бірақ ойыншы допты жоғары-алға, жоғары-жанына лақтырады, ойыншы допқа жүгіріп шығып, допты төменнен қабылдап, қайта береді;
  • ойыншы допты еденге соғады, доп еденнен шоршығаннан кейін, жүгіріп жетіп, төменнен беруді орындайды. Әріптесімен төменнен беруде орындалатын жаттығулар жоғарыдан тура берудегі жаттығулар сияқты орындалады, тек төменнен орындалады.

Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдатып немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін, оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдарының қарын көтеріп, бұрады.

Допты жұдырықпен қабылдағанда, доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп, доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.

Информация о работе Волейбол