Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі негізгі құжат-оқу бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 08:43, курсовая работа

Краткое описание

Мектепте дене шынықтыру жөніндегі оқу жұмысын өткізу әр сынып бойынша бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Бағдарлама мемлекеттік құжат болып табылады. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер тарапынан бағдарламаны өз еркімен өзгертуге рұқсат етілмейді. Барлық оқу бағдарламалары оқушыларды еңбекке, отанды қорғау кешені негізінде даярланған.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламалары балалардың мектеп жасына дейінгі тәжірибедегі бағдарламаның жалғасы, сондай-ақ оқушыларды жоғары сыныптарға даярлаудағы қажетті кезеңдердің бірі болып табылады.

Содержание

1. Кіріспе бөлім
1.1. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі
негізгі құжат-оқу бағдарламысы 3-7 бет

2. Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабағы 7-23 бет
2.2. Сабақты ұйымдастыру және өткізу әдіс-тәсілдері 23-27 бет
2.3. Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды
жоспарлау мен есепке алу 27-31 бет

3. Қорытында бөлім
3.1. Практикалық іс-тәжірибеден 31-34 бет

Қолданылған әдебиеттер 35 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабағы.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

    Кезекпен орындау әдісінде оқушылар сабақта шағын топтарға бөлінеді. Әр топ оқушылардың жаттығуды бірге жасай алуларына байланысты бөлінеді. Бір топ оқушылары жаттығуды орындап жатқан кезде, екінші топ оқушылары өз жолдастырының іс-әрекетін бақылап тұрады.

    Топтық әдісте оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ мұғалімнің берген тапсырмасымен өзіндік жұмыс жасайды. Бұл әдіс көбіне жаттығу жасау үшін құрал-жабдық жетіспеген кезде қолданылады. Белгілі уақыт өткен соң топтар құралдарымен ауысады.

    Жеке әдісте оқушы жаттығуды жеке орындайды. Ал қалған оқушылар бақылап тұрады. Бұл әдіс есеп сабақтарында қоллданылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушының сабқты қаншалықты меңгергенін бақылауға көмектеседі.

    Сабқты өткізу әдістері.

    Дене шынықтыру пәні  оқыту барысында оқытудың әр  түрлі әдіс тәсілдерін қолданады. Бұл әдістерді біріктіріп, мынадай үш топқа бөлуге болады:

    а) сөздік (түсіндіру, әңгімелеу, кеңесу, бұйыру, нұсқау);

    ә) көрнекілік (мұғалімнің  өзі көрсетуі, көрнекті құралдар  пайдалану);

    б) тәжірибелік (жаттығулар, жарыстар) әдіс-тәсілдер бір-біріне тығыз байланыста болады. Әдіс-тәсілдер үйлесімділігі қажетті дене шынықтырумен қамтамассыз етеді.

Сөздік әдіс.

    Түсіндіру әдісі барлық сыныптарда қоладанылады. Түсіндіру, анық қысқа және оқушының білім деңгейіне лайықты бейнелі салыстырмалы сөздермен

берілуі керек.

    Түсіндіру – оқытудың  ең негізгі түрі, себебі оқу  материалы туралы басты білімді  оқушы осы тәсіл арқылы алады.

    Әңгімелеу – оқушылардың дене жаттығуының жаңа түрімен таныстыру кезінде, жаңа мазмұнды ойынды үйрену барысында қолданылады. Әңгімелесудің - әдіс ретінде құндылығы, оның жаңа материалды хабарлау, баяндау арқылы берілетіндігінде. Тақырыптық әңгімелер «Оқушылар жазы», «Күн кестесі», «Демалыс лагеріндегі бір күн», «Поезбен саяхат» қызықты және пайдалы мәліметтер береді. Әңгімелеу барысында мұғалім әр түрлі жаттығу түрлерімен таныстыра алады.

    Әңгіме әдісі бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс барысында негізгі әдіс ретінде қолданылады. Бұл әдіс көп дайындық талап етеді және тиімділігі де жоғары. Әңімелеу әдісіне қойылатын талап: жинақылық, мазмұндаудың әр түрлері және мәнерлі әңгімелеу. Әңгімелеу әрқашан түсіндірумен байланысты болады.

    Әңгімелесу әдісі сұрақ-жауап  түрінде болады. Мұғалім сұрақ  арқылы оқушының өткен материалды  қалай меңгергенін, әрбір оқушының өз ойын біледі. Әңгімелесу әдісі оқушы мен мұғалімнің тіл табысуының ең ыңғайлы тәсілі.

    Бұйрық беру әдісі. Дене жаттығуларын орындау мен сабақ өту барысында мұғалім бұйрық беру әдісін қолданады. Бұл әдісті барлық сыныптарда қалданады. Әсіресе бірінші сыныпта бұйрық беру әдісі, бұйрық берудің қажетті кезеңі болып табылады. Мұғалімнің барлық бұйрығы нақты және анық болуы тиіс. Бұйрық орындалуын талап ету арқылы мұғалім оқушыларды тәртіптілікке және сынып ұжымында ұйымшылдыққа үйретеді. Бұйрықтар барлық оқушылар үшін бір деңгейде болуы керек.

    Нұсқау барлық сынып оқушыларына жаттығуды орындау барысында беріледі («Денеңді тік ұста!» «Басыңды жоғары көтер!» т.б.). Нұсқау жалпы сыныпқа, жеке топқа, не жеке оқушыға берілуі де мүмкін. Өз уақытында және орынды берілген нұсқау жаттығудың дұрыс орындалуына негіз болады. Нұсқау қысқа, дәл және талапқа сай болуы тиіс.

Көрнекілік әдіс.

    Жаттығуды көрсету. Оқыту әдісінің ішіндегі ең тиімдісі. Ол көрсету әдісі болып табылады. Көрнекілік әдісінің негізгі тәсілі жаттығуды көрсету. Көрсету өте тиімді болу үшін оқушыларды дұрыс ұйымдастыру, оларды бақылауға жағдай жасау. Жаттығуды көрсету орны оқушылардың барлығына көрінетіндей болуы шарт. Егер жағдай болса, онда мұғалім биік жерде тұрғаны жөн.

    Жаттығуды түсіндіру, көрсету үйлесімділігін түрлендіруге болады.

  1. Алдымен жаттығу көрсетіліп, одан кейін түсіндірілуі мүмкін;
  2. Алымен жаттығу түсіндіріліп, одан кейін көрсетілуі мүмкін;
  3. Жаттығу түсіндіріле отырып, көрсетілуі мүмкін.

    Бастауыш сыныпта оқушылардың  көбіне ең алдымен көрсетіп, одан кейін түсіндіру әдісі қолданылады. Жоғары сынып оқушыларымен де осындай әдісті  қолданылады. Оқушылар жаттығуды дұрыс қабылдау үшін көрнекіліктер: сурет, үнтаспа, кестелер, бейнелі сурет, фотосурет пайдаланылуы мүмкін. Оларды сабақ кезінде мұғалімнің басқаруы мен көруге болады немесе егер суреттер сыныпта не залда ілулі тұрса сабақтан тыс кезде де көрсетуге болады.

    Көрнекіліктер эстетикалық  талапқа сай, қызықты және тиімді  болуы керек. Мұнда көрнекіліктерді  арнайы кеңсе дүкеннен алуға болады немесе жаңа технология бойынша компьютермен жасап шығаруға болады.

Тәжірибелік әдіс.

    Жаттығу. Оқушылардың қимыл-қозғалыс іскерліктерін қалыптастырудағы, оқытудың басты мақсаты болып табылады. Мақсатқа жету үшін үйретілетін жаттығуды терең мазмұнды түрде үйрету қажет. Жаттығу оқушылардың дене даярлығын дамытады. Жаттығуды орындаудың әдіс-тәсіліне үйретуде алғашқыда күнделікті пайдаланып жүргенқимылдар алынады.

    Іскерліктерін қалыптастыру  үшін ойындар ойналады.

    Жарыс. Оқушылардың кейбір іскерлік дағдылары қалыптасқаннан кейін жарыс әдісі қолданылады. Жарыс әдісін қолданудың маңыздылығы – оқу материалын жақсы меңгерген оқушылар мен топтарды анықтау. Сонымен қатар ол аз уақыттың ішінде-ақ денеге түсетін салмақты нәтижелі түрде арттырады. Топтасып ойнайтын ойындар балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

    Бастауыш сынып оқушылары  мен қарапайым ғана жарыс тәріздес  ойындармен шектелу керек. Мысалға, «Кім алысқа лақтырады», «Өз жалауларымызға», «Доп ортаншыға», т.б ойындар ойнатылады. Бұл кезде мұғалім жеке оқушының, топтың жетістіктерін атап өтеді. Жақсы қатысқан оқушыларды басқалардан ерекше мақтау ұсынылмайды.

                                                 Қатені түзету.

    Оқушылар дене шынықтыру  жаттығуларын жасағанда, ойын ойнау барысында қателіктер жіберіп, ережені бұзады. Қате көп және жеке деп бөлінеді. Егер сынып не сыныптың көп бөлігі жаттығуды қате орындап жатса, жаттығуды тоқтатып, оқушылардың қандай қате жібергенін айтып түсіндіру керек. Мұндайда көрсете отырып түсіндірген жөн. Егер сыныпта жаттығуды жақсы меңгерген оқушылар бар болса, онда сол оқушыларға көрсеткен жөн. Кей оқушыларға жіберген қатесін жеке көрсетеді. Мұғалім сыныппен жұмыс жүргізе отырып, қате жіберген оқушыларды байқап, қателіктерін көрсетеді. Жаттығуды орындау барысында оқушылар әртүрле қателерді жібереді. Сондықтан оқушылар көрсетілген жаттығуды орындамас бұрын ауызша не істейтінін айтқаны дұрыс.

 

2.3.Бастауыш сыныптардағы  дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен есепке алу

 

    Дене шынықтыру жөніндегі алға қойған міндеттерді шешу, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алуды жоспарлау мен есепке алу маңызды орын алады.

   Дұрыс жоспарлауда мектептегі  барлық оқу – бұқаралық дене  шынықтыру, спорттық жұмыстарды  нақты ұйымдастыруда өз әсерін  тигізеді.

    Жоспрлау құрылымы:

    а) мектеп бойынша дене  шынықтыру жөнінен жалпы жылдық  жоспар;

    ә) әр сыныпқа дене  шынықтыру жөнінен оқу жоспары.

    Жалпы жылдық жоспарын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жоспарлайды.

    Жоспар педагогикалық  кеңесте талданады және бекітіледі. Жалпы жылдық жоспарда дене шынықтыруға байланысты барлық сұрақтар карастырылады; оқу жоспарының жалпы жылдық жоспарында: ұйымдастырылатын іс-шаралардың кестесі, өтілетін орын, қажетті құрал-жабдықдар, спортық киімі жөніндегі сұрақтар қарастырылады. 

    Жылдың жоспары тоқсндық  жоспар, күнделікті сабақ жоспары  болып бөлінеді. Жылдық жоспарда  бағдарламалық материалдар әр  тоқсандарға бөлінеді; әр тоқсанға сабақ жоспарлары құрылады. Себебі жоспарлауда әр сынып мұғалімі дене шынықтыру жөнінен бір жылдық бағдарламаның бірте-бірте орындалуын анықтап отырады.

    Тоқсандық оқу матириалы  міндеттерін анықтау барысында  төмендегі талаптар орындалуы  қажет.

    1. Әр тоқсанда оқушылардың  дене дамуына, ағзасына жан-жакты  әсер ететін жаттығулармен қамтамасыз ету.

    2. Оқу материалында әр  тоқсан бойынша жыл мезгілінің  ескерілуі.

    Бірінші тоқсан бойынша  дене шынықтыру сабағы таза  ауада өткізіледі, сондыктан бұл  жерде жүгіру, ұзындыққа секіру, алысқа лақтыру, секіртпемен орындалатын  жаттығулар жоспарланады.

    Екінші тоқсанда сабақтың  көп бөлігі спорт залда өткізіледі. Бұл жағдайда доппен жасалатын, өрмелеу, межеге лақтыру акробатиколық  жаттығулар, ойындар жоспарланады.

    Үшінші тоқсан қыс  мезгіліне сәйкес келгендіктен, сабақтың көптеген бөлігі таза  ауада  ұйымдастырылады.  Сондықтан  сабақта  шанғы  тебуді

 үйрету, шанамен әр түрлі  жарыс ойындарын өткізу жоспарланады.

    Төртінші тоқсанның екінші  жартысында сабақ таз ауада  өткізіледі.

    Би жаттығуларын екінші, үшінші, төртінші тоқсанда жоспарлау тиімді.

    3. Барлық бағдарламалық  оқу материалдарындағы дене жаттығулары  түрлерін қарапайым жаттығудан  күрделіге ауыстырып отыру қажет. Мысалы:

    а) 1-сыныпқа арналған  тепе-теңдік жаттығулары:

    І тоқсан – жерде  немесе еденде тепе-теңдік жаттығуын отрындау;

    ІІ тоқсан – гимнастикалық  отырғышта тепе-теңдік жаттығуын орындау;

    ІІІ тоқсан – биікке  ілінген затқа қолды тигізіп  секіру;

    ІV тоқсан – жүгіріп келіп биікке секіру, ұзындыққа секіру.

    4. Үйрету барысында әр  жаттығуларды меңгеруге кететін уақыттың тиімділігін ескеру қажет.

    5. Жаттығуларды жоспарлау  барысында тоқсанадардың ұзақтығы, тоқсандық сағат саны, оқу материалының  көлемі ескеріледі. Бірінші жарты  жылдықта оқыған бағдарламалық  оқу материалын екінші екінші  жарты жылдыққа толық меңгерту қажеттілігі қарастырылады.

     Мектептегі дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстың нәтижелі болуы үшін жүйелі түрде есеп қажет. Іс жүзінде есеп берудің үш түрі қарастырылады: алдын ала есеп, жыл бойы есеп беру, қорытынды есеп.

    Алдын ала есеп беруге оқушылардың денсаулық жағдайы, дене дайындығы кіреді. Оқушылардың денсаулық жағдайы дәрігерлік бақылауды өткізілген құжат негізінде анықталады.

    Оқушылардың дене дайындығы  оқу жылының басындағы алғашқы  сабақта тексеріледі.

    Жыл бойы есеп беру, есеп берудің негізгі түрі болып табылады. Жыл бойы есеп беруге дене тәрбиесі жөнінің жалпы жұмыс жоспарларының орындалу себебі және оқу жұмысының себебі кіреді.

    Оқушылардың үлгерімін  тексеру бақылау және сұрау  әдісі арқылы жүргізіледі және  бағаланады.

    «5» – баға берілген  тапсырма бойынша жаттығуды дұрыс, сенімді түрде орындағанда;

    «4» –  баға берілген, тапсырма бойынша жаттығуды дұрыс, бірақ кейбір қиындықтар мен  сенімсіз жағдайда орындағанда.

    «3» – баға берілген тапсырма бойынша жаттығуды дұрыс, бірақ қиындықпен сенімсіз орындаған жағдайда;

    «2»  –  баға берілген  тапсырма бойынша күрделі қателік  жіберген жағдайда қойылады.

    Қорытынды есеп беру  әр тоқсанның соңында, оқу жылының  аяғында өткізіледі. Қорытынды есеп  беруде оқушыларға қойылған жалпы бағаларды есептеумен қатар, оқу жоспарының орындалуы есептелінеді.

    Қорытынды есеп берудегі  негізгі құжат – сынып оқу  журналы.

    Сыныптан тыс жұмыстарды  есепке алуда жалпы дене тәрбиесі  жөніндегі бұқаралық жұмыс түрлерінің  күнделікте, альбомдарда, сурет-альбомдарда көрнекілік құралдар ретінде безендіріліп отырылуы тиімді.

    Мектептен тыс ұйымдастырылатын  жұмыс түрлері оқушылар сарайында, балалар спорт мектептерінде, демалыс  орындарында, саяжайларда, ерікті спорт бірлестіктерінде өткізіледі.

    Оқушылар сарайындағы  маңызды жұмыс түрлерінің бірі  – мектептен тыс мекемелерде  әдістемелік көмек көрсетудегі  жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Бұл  жұмыс түрлеріне кеңес беру, дәріс  түрлері, семинар сабақтары жатады.

    Оқушылар сарайының бір  міндеті – халыққа білім беру басқармасымен біріге отырып, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу.

    Дене тәрбиесі жөнінен  маңызды жұмыстарды өткізуде  спорттық мектептердің алатын  орны ерекше. Спорттық мектептердің  негізгі міндеті – мектеп оқушыларының спорттық шеберлігін көтеру болып табылады. Спорттық мектептің ерекшелігі – жас спортшылардың орта мектептегі оқу бағдарламасын нәтижелі аяқтап, сабақ пен спортты ұштастырып, жоғары үлгерім нәтижесіне жету.

    Оқушылардың жазғы демалыс  лагеріндегі бұқаралық дене тәрбиесі және спорттық жұмыс міндеттері:

    а) оқушыларды күнделікті  ертеңгілік гимнастикаға қатыстыру;

    ә) дене тәрбиесінен мектепке  алған іскерлік дағдыларын жақсарту;

Информация о работе Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі негізгі құжат-оқу бағдарламасы