Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 08:43, курсовая работа
Мектепте дене шынықтыру жөніндегі оқу жұмысын өткізу әр сынып бойынша бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Бағдарлама мемлекеттік құжат болып табылады. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер тарапынан бағдарламаны өз еркімен өзгертуге рұқсат етілмейді. Барлық оқу бағдарламалары оқушыларды еңбекке, отанды қорғау кешені негізінде даярланған.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламалары балалардың мектеп жасына дейінгі тәжірибедегі бағдарламаның жалғасы, сондай-ақ оқушыларды жоғары сыныптарға даярлаудағы қажетті кезеңдердің бірі болып табылады.
1. Кіріспе бөлім
1.1. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі
негізгі құжат-оқу бағдарламысы 3-7 бет
2. Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабағы 7-23 бет
2.2. Сабақты ұйымдастыру және өткізу әдіс-тәсілдері 23-27 бет
2.3. Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды
жоспарлау мен есепке алу 27-31 бет
3. Қорытында бөлім
3.1. Практикалық іс-тәжірибеден 31-34 бет
Қолданылған әдебиеттер 35 бет
г) сабақтың оқушыны
д) дененің жан-жақты
дамуына, денсаулықты жақсартуға
және жұлынның (арқаның) дұрыс қалыптасуына
арналған жаттығулар мен
е) дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесіндегі басқа да сабақтармен ыңғайласып, тұрақты жүргізілуі;
ж) сабақтың тәрбиелік маңыздылығының болуы.
Дене шынықтыру сабағы сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру міндеттеріне негізделген.
Білім беру – оқу
бағдарламасында бекітілген
Сонымен бірге дене тәрбиесі, спорт, денсаулықты сақтау, күн тәртібінің сақталуы, дұрыс демала білу, шынығу, дене шынықтыру жаттығуларын дұрыс орындау сабақтың білімділік міндетіне жатады. Сабақтың білім беру, тәрбиелік және сауықтыру міндеті үйлесіп отыру керек. Дене тәрбиесі сабағы тәртіп, зейін, ерік, ұқыптылық, қоғам мүлкіне жауапты қарау, достық, жолдастық, сияқты қасиеттерді қалыптастырады, қиындықты жеңуге бағытталады.
Сонымен бірге дене тәрбиесі тәрбиелік міндетін шешетін арнайы құрылған сабақтар да болады. Мысалы: мұғалім оқушылардың бойында қиындықты жеңе білу, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен дене шынықтыру жаттығуларының шартын күрделендіреді. Бала бойында алғырлық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру үшін секіру, өз тепе-теңдігін сақтау, шаңғымен секіру ойындарын ұйымдастырады. Балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатымен балаларға спортшылардың өмірі, еңбегі, жемістері туралы айтып, олардың суреттерін көрсете отырып әңгімелейді. Сауықтыру мақсаты да тәрбиелік мақсаты сияқты әр сабақты бірге қарастырылып отыруы керек. Сапқа дұрыс тұру, дене тәрбиесі сабағының дұрыс өтуі, талапқа сай спорт киімінің болуы, сабақ өтетін орынның санитарлық талапқа сай болуы, сабақтың ашық ауа астында өтілуі осының барлығы дене шынықтыру сабағының сауықтыру мақсатын құрайды.
Дене шынықтыру сабағының негізгі мәселесінің бірі – сабақта шынықтыру құрылысының дұрыс болуы. Күнтізбек жоспардың дұрыс құрылуы күнделікті жоспардың дұрыс құрылуына негіз болады. Сабақтың құрылысы мұғалімге жаттығуларды дұрыс таңдауға, өтілетін материалды түсіндіруге, денеге түсетін салмақты анықтауға көмектеседі.
Сабақтың құрылысы өтетін
материал мен сабақтың
орындалуы сабаққа қатысушылардың дене даярлығына байланысты. Ол үшін бала сабаққа психикалық даярлықпен келу керек.
Әдетте оқушылардың көтеріңкі көңіл-күй қалпы бірден тыныштық қалыпқа өткізуге рұқсат етілмейді. Сондықтан сабақ құрылысын қарағанда біртіндеп тыныштық қалпына келіп, одан кейін сабақты ұйымшыл түрде бітіретіндей етіп құру қажет. Осы себептен әрбір сабақ жоспары негізгі үш бөлімнен құралады.
Бірінші бөлім – ұйымдастыру
кезеңі, оқушыларға күрделі
Екінші бөлім – сабақтың
негізгі жаттығуларын
Үшінші бөлім – бұл кезде сабақ ұйымдасқан түрде аяқталады. Шартты түрде « Қорытынды бөлім» деп аталады.
Сабақты бөлімдерге бөлу
салыстырмалы түрде болады. Әрбір
бөлім жаттығулары бір-бірімен
тығыз байланыста орындалуы
Бастауыш сыныптар үшін типтік сабақ жоспары құрылады.
Кіріспе бөлімі 5-10 минут.
Міндеті: Оқушыларды ұйымдастыру, өтілетін тапсырмамен таныстыру, түсіндіру. Оқушыларға орындайтын жаттығулар мен денеге түсетін салмақ жөнінде түсіндіріп, писихикалық тұрғыда даярлау.
Мазмұны: Сапқа тұру түрі, гимнастикалық орын ауыстыру, дене, қол, аяқ қозғалысымен жүру, жүгіру, секіру жан-жақты дамыту және би жаттығулары, ойындар.
Негізгі бөлім 25-30 минут.
Міндеті: Сабақтың басты тапсырмасын орындау жаңа сабақты түсіндіру, білімдерін толықтыру мақсатында өткен сабақты қайталау. Оқушылардың қимыл-қозғалысын, іскерліктерін, жылдамдықтарын, төзімділіктерін дамыту. Мазмұны: Жалпы дамыту жаттығулары, жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, өрмелеу, асылу, акробаттық жаттығулары, жылдам қозғалыстарды, ойындарды орындау. Негізгі бөлімге бағдарламасы бойынша кез-келген материал енгізілуі мүмкін.
Қорытынды бөлімі 3-5 минут.
Міндеті: Сабақтың негізгі бөлімінде белсенді қызметке түскен ағзаның қозу қалпынан тежелу қалпына ауыстыру. Сабаққа қорытынды жасау, үйге тапсырма беру, ұйымдасқан түрде басқа іс-әрекетке ауысу, яғни ұйымшылдықпен спорт залдан сыныпқа немесе үйлеріне тарату.
Мазмұны: Сапқа тұру, жүру, әнмен жүру, ырғақтың би жаттығулары, демалу жаттығулары, жай қимылды ойындар, мұғалімнің қорытынды сөзі, үйге тапсырма.
Оқушыларды дұрыс ұйымдастыру – сабақты жақсы өткізудің қажетті шарты. Сондықтан оқушыларды сабаққа даярлау сабақ арасындағы үзіліс кезінен басталады. Сабаққа соғылған қоңырауда оқушылар сапта тұру қажет. Мұғалім қай жерге, қалай және сапты кім басқаратынын айтып тапсырма береді. Осының бәрін мұғалім бірінші сабақта айтса, келесі сабақтарда оқушылар мұғалімнің көмегінсіз-ақ қойылған талапты орындауға ұмтылады.
Алғашқы сабақта оқушыларды залдың ұзындығы мен араларын 1-2 метр етіп бойларына қарай тұрғызу керек. Осындай сапта оқушы мұғалімді, ал мұғалім оқушыларды еш кедергісіз көре алады. Және де бұл өз орындарын тез жаттап алуға көмектеседі. 1-сыныпта алғашқы дене тәрбиесі сабақтарында балалар мұғалімнің көмегімен сапқа тұрады. Балалар сапта кімнен кейін кім екенін біліп үйренген соң мұғалім сапқа тұруды оқушылардың өздеріне тапсырады. Басында жақсы меңгерген, оқушылар арасында белді балаға, одан кейін сынып кезекшілеріне сапқа тұрғызуды тапсырады. Қоңырауғы дейін немесе қоңыраумен бірге оқушылар сапқа тұрып болады, содан соң кезекші мұғалімнің көзінше «Түзел!» «Тік тұр!» деген бұйрық береді. «Тік тұр!» бұйрығынан кейін мұғалім оқушылармен амандасып, 3-сыныптан бастап оқушылар дене тәрбиесі сабағында мұғалімге мәлімдеме беретін болады. Тек осыдан кейін сабақ басталады.
Кіріспе бөлім жүруден, санаудан, ойын тәрізді жаттығулармен басталуы мүмкін. Ол сабақ жоспарымен және балалардың дене жағдайымен тікелей байланысты. Мысалы, бақылау жұмысынан шыққан, көңіл-күйі түсіңкі балалармен сабақты жүрумен, бұрылумен бастамау керек. Мұндайда, балаларды жалықтырмайтын жаттығулармен бастаған жөн. Керісінше, егер балалар сабаққа психикалық тұрғыдан дайын болса бастай беруге да болады.
Сабақтың басында оқушылардың
көңіл-күйін көтеріп, сабаққа қызықтырып,
берілген жаттығуды еш
Мұғалім кіріспе бөлімінде оқушылардың сабақтың мақсатымен, тапсырмамен таныстырады. Мұғалім жаттығуларды алу керек, бұл жаттығулар балаға жетік таныс болған жөн. Таныс емес жағдайда мұғалім оқушыларды жаттығумен таныстырып, үйретуде көп уақыт жоғалтады. Мұндайда жаттығулар әдетте негізгі бөлімнің соңында жүргізіледі. Кіріспе бөліміне жылдам екпінді құштарландыратын ойындар алынбайды. Кіріспе бөлім сабақтың қай жерінде өтетініне байланысты құрылады. Егер сабақ алаңда, салқын ауада өтсе, онда мұғалім оқушылардың бойын жылыту мақсатын көздейді. Мұндай жағдайда кіріспе бөлімге ұзақ уақыт бөлінеді және жалпы дамыту жаттығуларының саны көбейіп, оларды орындау екпіні жылдамдайды.
Сабақтың кіріспе бөлімі
мен негізгі бөлімінің
Әр түрлі жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу жаттығулары, тепе-теңдік сақтау, асылу, акробатикалық жаттығулар, баскетбол ойындары сабақтың негізгі бөліміне нақты педагогикалық мақсатты шешу үшін енгізіледі.
Сонымен қатар физиологиялық әсер ету үшін қолданады.
Күнделікті сабақта қимыл-қозғалыс ойындары ойналады. Әдетте олар
негізгі бөлімде ойналады. 1-2-сыныптарда екі ойын ойналады. Бірінші міндетті негізгі бөлімге енгізілсе, екінші қалған бөлімдерге енгізілуі мүмкін. 3-сыныптармен бір-ақ ойын ойналады. Және кез-келген бөлімнің біреуінде ғана ойналады. Негізгі бөлім ойындары оқушылардан жылдам қимыл, қозғалысты талап етеді. Мысалы, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, т.б. сол сияқты қимылдары бар ойындары ойналады.
Әдетте негізгі бөлімнің ойындары нақты бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сол сияқты тағы басқа да ойындар негізгі бөлім мезетіне енеді және аталған ойындарға үйрету сабақтың басты мақсаты болып табылады. Негізгі бөлімде оқушылар кем дегенде 2-4 қимыл қозғалыс үйрену керек. 1-2-сыныптар сабақтарының негізгі бөлімінде 3-4 түрлі қимыл қозғалыс ендіріледі. Және де қозғалыстар үнемі ауысып отыруы керек. Ал 3-сыныптарға 2-3 түрлі қимыл-қозғалыс енгізіледі, бұл кезде оқушылардан қозғалысты дұрыс орындауды талап етеді де жаттығуды түсіндіріп үйретуге көп уақыт жібереді.
Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұныныа төмендегідей жаттығулар енгізіледі:
Жаттығулар мен жаңа
тақырып негізгі бөлімнің
Қимыл іскерліктерін
меңгеру үшін сабақтың негізгі
бөлімінде орындалатын
Балалардың көңіл-күйін
жылдам жоғары көтеретін
Сабақтың негізгі бөлімі дұрыс ұйымдастырылса, балардың қан айналымының қызметі жылдамдап, дем алулары жиілейді.
Сабақтың негізгі бөлімінің
соңына қарай жаттығуларды
Балалар (сабақтың) қалыпты жағдайда болу үшін сабақтың соңында жүру терең дем алу, аз қимылды ойындар ойналады.
Сабақтың соңында оқушылар сапқа тұрады. Мұғалім қорытынды жасайды.
Үйге тапсырма береді. Оқушылар ұйымдасқан түрде, яғни саппен спорт залдан шығады.
Мұғалімнің сабаққа жақсы даярлығы – оны жақсы өткізудің кепілі.
Мұғалім сабаққа оқу
жылы басталмастан бұрын
Ең алдымен ол оқу бағдарламасымен танысады. Мұнда мұғалім мектептің ауа райы, табиғат жағдайын ескереді. Сабаққа даярлану барысында мұғалім әдістемелік әдебиетпен, өзге мұғалімдердің шеберліктерімен таныса отырып, ең жақсы дегенін өз жұмысына енгізеді.
Сабаққа даярлануда сабақ жоспары құрылады. Сабақтың нақты білімділік мақсаты анықталады. Мақсат нақты және түсінікті болуы керек. Мысалы, мәлімдеме беру мен таныстыру, тіркеме адымдар жасау, т.б. сол сияқты.
Егер өтілген жаттығулар қайталанатын болса, онда сабақтың жоспарында қайталау сабағы деп жазылады. Және де не себеппен, не үшін қайталап
жатқаны ашылып жазылады.
Сабақты қандай жаттығулар өтетінін анықтап алған соң ең алдымен негізгі бөлімге кіретін жатығулар анықталады. Жаттығулардың таңдау барысында жаттығулардың жасалу ұзақтылығын ескерген жөн. Ол қимыл-қозғалыс іскерліктерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
Сабақ жоспарында сонымен қатар қай жаттығу неше рет қайталанып жасалатыны және үйге қандай жаттығу берілетіні анықталып жазылады.
Мұғалім сабаққа дайындық
кезінде жаттығуларды өткізу
әдіс-тәсіліне көп көңіл
Мұғалім сабақ кезінде
өзінің қай жерде тұратынын, сабақты
қалай бақылайтынын және де
оқушылар жаттығу жасап жатқан
кезде қай жерде тұратынын
алдын-ала шешіп алады. Мұғалім
сабаққа даярланғанда
Информация о работе Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі негізгі құжат-оқу бағдарламасы