Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі негізгі құжат-оқу бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 08:43, курсовая работа

Краткое описание

Мектепте дене шынықтыру жөніндегі оқу жұмысын өткізу әр сынып бойынша бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Бағдарлама мемлекеттік құжат болып табылады. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер тарапынан бағдарламаны өз еркімен өзгертуге рұқсат етілмейді. Барлық оқу бағдарламалары оқушыларды еңбекке, отанды қорғау кешені негізінде даярланған.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламалары балалардың мектеп жасына дейінгі тәжірибедегі бағдарламаның жалғасы, сондай-ақ оқушыларды жоғары сыныптарға даярлаудағы қажетті кезеңдердің бірі болып табылады.

Содержание

1. Кіріспе бөлім
1.1. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі
негізгі құжат-оқу бағдарламысы 3-7 бет

2. Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабағы 7-23 бет
2.2. Сабақты ұйымдастыру және өткізу әдіс-тәсілдері 23-27 бет
2.3. Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды
жоспарлау мен есепке алу 27-31 бет

3. Қорытында бөлім
3.1. Практикалық іс-тәжірибеден 31-34 бет

Қолданылған әдебиеттер 35 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабағы.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

    Белсенділік сабақтың  жақсы өтуіне көмектесетіні бәрімізге  белгілі. Сондықтан мұғалім балалардың  белсенділіктерін жоғарылатуға  тырысуы керек. Егер мұғалім сабақ  жоспарына құрал-жабдықтармен орындалатын жаттығуларды енгізсе, онда мұғалім сабақ басталмас бұрын оқушыларды өтілетін жаттығулармен және құрал-жабдықтарымен таныстырып өтеді. Мұғалім сабақта оқушылардың қауыпсіздік ережесін сақталуын қадағалайды.

    Егер дене тәрбиесі  сабағында музыкалық сүйемелдеуді дұрыс және орынды қолданса, онда сабақ үлкен жетістіктермен аяқталады. Дене тәрбиесі сабағында музыка оқушылардың көңіл-күйін көтеріп жаттығуларды дұрыс орындауға көмектеседі, оқушылардың сезімдерін тәрбиелейді.

    Сабақты әр түрлі музыка  аспаптарымен сүйемелдеу арқылы өткізуге, үнтаспа қолдануға болады.

    Музыкамен орындалатын  жаттығулардың түрлері өте көп.

    Мысалы, жүру, жүгіру, би, би  қадамдары, ырғақты жаттығулар, өрмелеу, секіру, тепе-теңдік сақтау жаттығулары, ұзын және қысқа секіртпемен секіру. Музыкалық сүйемелдеуді ойын барысында да қолдануға болады. Ол оқушыларды ойынға қызықтырып, оқушылардың көңіл-күйін көтереді.

    Музыкалық сүйемелдеудің  нәтижелі болуы мұғалімнің әнді  немесе үнтаспаны таңдаумен тығыз  байланысты. Сонымен қатар, мұғалім сабаққа даярланғанда сабақтың қай жерде өтетінін шешеді. Яғни, алаңда ма, әлде жабық жерде өтетінін анықтайды. Егер сабақ алаңда өтіп жатқанда ауа райы бұзылып кетсе, сабақты спорт залда жалғастыруға тура келеді. Сондықтан да мұғалім алдын-ала сабақтың өтетін орнын даярлау керек.

    Дене сабағы сабақ  кестесінде орналасу ретінің  маңызы бар. Егер дене сабағы  сабақ кестесінің ортасында, ең  басында тұрса онда мұғалім  сабақты ертерек аяқтауы керек. Оның себебі оқушылар келесі  саббаққа киініп, даяр отыру үшін жасалады.

    Мұғалім өзінің сыртқы  бейнесіне де назар аударуы, сабаққа  таза киініп, ұқыптылығымен балаларға  үлгі болу керек. Сонда балалар  да мұғалім сияқты әр сабаққа  дайын болады. Балалар сабаққа  спорт киіммен келіп, кез келген  мұғалімнің жаттығуларын орындауға даяр болу керек. Оқушыларға қажетті мағұлымат беру үшін олармен қысқа әңгіме жүргізеді. Тек сонан кейін сабақ басталады. Сабақта алған мағлұматтарын іс-жүзінде іске асырады.

    Балалармен әңгіме барысында  олардың қай жерге киім ауыстыратындарын көрсету керек. Киімдерін қалай, қай жерге ілу, сапқа қалай тұру керек екенін айтады. Осы тәртіп сабақтың аяғында да сақталады.

    Әр сабақ жоспарында  күн реті, сабақ саны, мақсаты, өтілу  орны, құрал-жабдықтары, мазмұны, жаттығу  ұзақтығы айқын көрсетіліп жазылады.

    Мұғалім сабаққа даярлану  барысында сабақ кезіндегі денеге  түсетін салмақты ескереді. Мұндағы  денеге түсетін салмақ дегеніміз  – ол дене тәрбиесі сабағындағы  оқушылардың жаттығулар орындау  барысында физикалық күш-қуаттың  денеге әсері.

    Денеге түсетін салмақ жаттығулардың жасалу ұзақтығы мен жаттығулардың санымен, олардың қайталануымен, уақыт және орындау шартымен анықталады. Дене шынықтыру жаттығуларының барлығы оқушылар ағзасына әсер етеді. Сабақ кезіндегі жаттығулардың көп болуы денеге түсетін салмақтың артуымен анықталады. Сабақ кезіндегі денеге түсетін салмақ әр түрлі болады. Сондықтан мұғалім оны қадағалау керек. Оқушыларға дене жаттығуларын артық жасатуға болмайды. Себебі оқушыларды шаршатып еңбек қабілетін төмендетеді. Соымен қатар дене жаттығуларын бәсеңдетуге де болмайды.

    Мұғалім әр сабақта  денеге түсетін салмақтың оқушылардың  дене дамуына әсерін қадағалау  қажет. Ол үшін дене жаттығуларын  тиімді пайдалана білу, және де  қай жаттығу оқушыларға қандай әсер беретінін білу керек. Дене жаттығуларының ағзаға әсерін анықтау үшін көптеген әдістер қолдануға болады. Мысалы, қан қысымын, дене температурасын, қан тамырларының соғуын өлшеу, қан құрамын анықтату, т.б. Аталған әдістердің ішінен мұғалімдер көбіне оқушылардың қан тамырларының соғуын өлшеу әдісін қолданады.

    Сонымен қатар денеге  түсетін салмақты анықтау үшін  төменгідей жеңіл әдісті қолдануға  болады.

    Жүгірмес бұрын оқушылар  баяу жүгіреді, одан кейін жеңіл  жаттығуларды орындайды. Жаттығу орындалғаннан кейін оқушылардың қан тамыры соғуын өлшейді. Әдіс қайталанады. 2-3 минут ішінде 2-3 рет өлшенеді. Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі көрсеткіштер салыстырылады. Егер оқушының қан тамырының  қатты соғуы 2-3 минут ішінде бастапқы қалыпқа келмесе немесе керісінше бастапқы қалыптағыдан бәсеңдеп кетсе, онда бұл оқушыларға салмақтың көп түскені, не болмаса қан тамырларының қызметінің дұрыс еместігін айқындайды.

    Бұл екеуінің қайсысы  болмасын мұғалімнің назарында  болуы керек. Оқушылардың сыртқы бейнесіне қарап салмақтың қаншалықты түскенін аяқ-қолдарының дірілдеуінен, жүздеріндегі шаршағандарынан, белсенділіктерінің төмендеуінен, жаттығуларды орындау сапасының төмендеуін, т.б. сол сияқты белгілерден анықтауға болады. Бұл белгілердің барлығы оқушылардың денесіне түскен салмақтың артуымен айқындалады. Мұндай жағдайда мұғалім жаттығудың көлемі мен орындау шартын жеңілдетуі немесе жаттығуларды тоқтату керек.

    Денеге түсетін салмақты  мұғалім сабақ жоспарын құрағанда  анықтайды, ал сабақ кезінде оқушыларды бақылай отырып кейбір өзгерістер енгізуі мүмкін.

 Денеге салмақ негізгі бөлімнің  ортасында түсуі керек. Іс жүзінде  денеге түсетін салмақтың бірдей  жүруі мүмкін емес. Себебі, әр  жаттығу сайын қысқа мерзімді  демалыс болады және де барлық жаттығулар оқушыларға бірдей әсер бермейді. Сондықтан сабақ жоспарын құрағанда не денеге түсетін салмақты анықтағанда қимыл-қозғалыс ойындары, жаттығулар, жарыс тәрізді жаттығулардың бәрі жоғарға салмақпен байланыстылығын есте сақтау қажет.

    Денеге түсетін салмақты анықтаудың күрделігі – оқушылардың барлығы бір уақытта бірдей жаттығу орындағанымен, денеге даярлығының әр түрлілігі болуы мүмкін. Дене даярлығы жоғары балаларға жеке тапсырма беріп қосымша жаттығумен айналыстыру керек. Ал дене даярлығы нашар балаларға тек жоспарланған жаттығуларды орындатумен шектелу керек.

    Сабақтағы денеге түсетін  салмақ былай анықталады: 

    а) жаттығулар саны мен  ойын санының өзгеруімен;

    ә) жаттығуларды қайталау  санның әр түрлілігімен;

    б) жаттығуларды оырндау барысындағы уақыттың ұлғаюымен немесе кемуімен;

    в) әр түрлі епінмен  орындауды қолданумен;

    г) козғалыс амплитудасының  ұлғаюымен немесе кемуімен;

    ғ) жаттығуларды орындаудың  күрделенуі немесе жеңілденуімен;

    д) жаттығуды орындауда  әр турлі кұралдарды колданумен.

    Сабақтың мақсатына жету  үшін уақытты тиімді пайдалану  қатынасы сабақтың толымдылығы  деп аталады. Неғұрлым уақыт тиімді пайдаланылса, соғұрлым сабақтың толымдылығы жоғары боады.

    Сабақтың толымдылығы  алға қойған мақсаттың оқу бағдарламасын жетістіктермен орындалуын көрсетеді.

    Сабақтың толымды болып  өтуі мұғалімнің сабақты әдістемелік  тұрғыда дұрыс ұйымдастыруына  көңіл бөлуінде. Мұғалім сабақ  жоспарын құру барысында сабақтың  әр кезеңіне түсіндіруге ерекше  көңіл бөлуі керек.

    Қай жерде жаттығуды  қарапайым түрде, кай жерде толық  әрі анық түрде өзінің орындауымен  көрсетуі, ал кай жерде тек  бұйрык қана беру керек екенін  көрсетеді.

    Сабаққа керекті құрал-жабдықтар  алдын ала дайындалып қойылады. Құрал жабдық дайындау уақытты үнемдеуге пайдасын тигізеді. Сыныптағы окушылардың бір уақытта жаттығумн айналысуы сабақтың толымдылық натижесін көрсетеді. Бұл жағдайда саптағы жаттығулар, жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларын орындатқан тиімді. Әрі жеңіл болып келеді. Секіру, лақтыру, өрмелеу тепе-теңдік жаттығуларын орындату қиындыққа соғады.

    Жаттығуларды оырндау  барысында оқушылардың санына  құрал-жабдықтардың сәйкес келуін  екеру керек. Егер құрал-жабдықтар  жетіспеген жағдайда мұғалім  сыныпты топқа бөледі де, әр  топқа әр түрлі құрал-жабдық беріп, өзара құрал-жабдықтармен ауысып отыруларын қадағалайды. Толымды өткен сабақ оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелейді.

    Аптасына 3сағат болатын  дене тәрбиесі сабағында балалардың  дене тәрбиесі жаттығуларын ойдағыдай  үйреніп шығуы қиынға түседі. Үлкен жетістіктерге жету үшін оқушылардың өзіндік жұмыс жасауы тиіс. Осындай іс-әрекеттердің бірі тапсырманы үйде орындау болып табылады.

    Өзіндік жұмыс жасауға  төмендегідей жаттығуларды ұсынуға  болады:

  • жалпы дамыту жаттығулары;
  • қысқа секіртпемен секірту (әсіресе, ұл балаларға, себебі олар қыздарға қарағанда секіртпемен нашар секіреді);
  • биіктікке секіру және биіктіктен секіру;
  • алысқа және көздеп лақтыру;
  • өрмелеу және тепе-теңдік жаттығулары;
  • ойын жаттығулары, т.б.

Шамамен үйге берілген тапсырма мынадай болуы мүмкін:

    а) алғашқы екі жаттығуды  орындай білу;

    ә) екеулеп секіртпемен  секіре білу;

    б) мәлімдеме беру;

    в) допты сол, оң қолмен  лақтырып және қағып алуға  үйрену;

    г) арқанмен өрмелеу жаттығулары;

    Үйге берілетін тапсырмалар ыңғайлы, қауіпсіз сонымен қатар күрделі болуға тиіс.

    Әрбір үйге берілетін  тапсырманы мұғалім алдын ала  ойластырады. Тапсырма сабақта орындалған  жаттығулар болуы керек, содан  кейін үйге беріледі.

    Сабақ барысында үйге  берілетін тапсырма өзгеруі мүмкін.Оқушылар үйге берілген тапсырманың маңызын, орындалу әдісін анық түсіну үшін ол мазмұнды болуы тиіс. Сонымен бірге орындалатын орын мен тәртібі көрсетіледі (үйде, спорт залда, алаңда, т.б.).

    Мектеп жұмысының тәжірибесі  келесі сабақтың түрлерін анықтайды:

    а) Кіріспе сабақтар;

    б) Жаңа материалмен танысу  сабақтары;

    в) Өтілген материалды  жетілдіру сабақтары;

    г) Аралас сабақтар;

    д) Есеп беру сабақтары;

    Кез келген сабақ түрі  сабақтың құрылысымен сәкес жүргізіледі, әр сабақтың өзіне тә ерекшеліктері болады.

    Кіріспе сабақтар жылдың, тоқсанның және де бағдарламада  жаңа бөлімдер басталғанда өткізіледі.

    Кіріспе сабақтың басында  әңгімелесу жүргізіледі, мұғалім  өтетін сабақтың мазмұнымен таныстырады. Сабақта мұғалім оқушыларға алға қойылған міндеттерді, талаптарды ұқыпты орындау үшін сыныпта ұйымшыл болуға тәрбиелейді, зейінін сабақтың мазмұнына аударып, белсенді болуларын талап етеді.

    Кіріспе барысында балаларға сабақтың өтілу тәртібі, сабаққа дайындалу барысы айтылады. Дене шынықтыру залына немесе алаңға бару, кезекшінің міндеті, сабақтың ұймдасқан түрде басталып, аяқталуы ескеріледі. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, балаларға келесі сабаққа дайындалуына байланысты мұғалім сабақ уақытының бір бөлігінде оқушылармен таныс ойындар өткізеді. Ойынды балалардың өздері таңдағаны жөн. Ойын келесі болатын сабақтарға көңіл-күйлерін көтеріп баруға ықпалын тигізеді.

    1-сынып оқушыларына сабақта  сергіту жұмыстарын жүргізуге  болады. Бұл сабақта балалар бірнеше  рет дене шынықтыру залымен танысады. Ауа райының ашық күндері балаларды дене шынықтыру алаңына апарып өздері білетін ойындарын ойнатуға болады. Алғашқы өткізілген дене шынықтыру сабағы балалр өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан сабақ тиянақты ойластырылып, жақсы өткізілуі тиіс.

    Жаңа материалмен танысу сабақтары кіріспе сабақтан кейін жүргізіледі. Себебі сабақтың әр бөлімінің мазмұнында жаңа жаттығулар үйретіледі.

    Бұл сабақтың ерекшелігі – оқушыларға жаңа жаттығуларды үйрету. Ол үшін мұғалім сабақты қызықты әрі түсінікті өткізуі керек.

   Өтілген материалды жетілдіру  сабқтарының негізгі мақсаты-өткен  сабақтардағы үйретілген жаттығуларды  жетілдіре түсу.

    Есеп беру сабақтарда қорытынды жұмыстар жасалады, оқушылардың білімдері тексеріліп бағаланады. Мұндай сабақтар тоқсанның аяғында өткізіледі.

 

2.2. Сабақты ұйымдастыру және өткізу әдіс-тәсілдері

 

    Бастауыш сынып оқушыларымен  төмендегідей әдістер қолданылады:

  1. жаппай әдіс;
  2. кезекпен орындау әдісі;
  3. толассыз әдіс;
  4. топтық әдіс;
  5. жеке әдіс.

    Жаппай әдісті пайдалана отырып, оқушылардың бәріне орындалу тәртібі

бірдей жаттығулар ұсынылады. Бұл әдістің ерекшелігі – оқушылардың барлығы бірдей жаттығуды орындауы, сабақтың жоғары талапқа сай өтуі, денеге қажетті салмақты түсіруге жетумен анықталады.

    Толассыз әдіс. Бұл әдісті пайдаланудың ерекшелігі – оқушылар жаттығуды кезекпен бірінің соңынан бірі, үзіліссіз, толассыз бір ғана жаттығу орындайды. Нақты анықталған жағдайда ғана толассыз әдісті бір уақытта екі-үш дүркін орындайды.

Информация о работе Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі негізгі құжат-оқу бағдарламасы