Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 18:30, курсовая работа

Краткое описание

Мектепте жеткіншек жасындағы оқушылар өмірде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне улкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде – оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өз қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» - деп анықтадық.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13

Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22


2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ

Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37

Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65

ҚОСЫМШАЛАР.................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Досына комектесе аласынба тести.doc

— 673.00 Кб (Скачать документ)

2.Трансакцияны талдау.

Трансакция дегеніміз - бүл екі немесе одан көп адамдар арасындағы екі жақты коммуникация. Ол негізгі 2 бөліктен түрады:

1 Түрткі трансакция. (бір  адам екінші адамды не көптеген  адамдарды қарым-қатынасқа шақырады).

2 Жауап трансакция (түрткіге сай, одан басым немесе төмен жауап беруі).

Осы бөліктердің бір-бірімен  ұштасып жүруі барысында қатынасқа  түсушілердің Мені әртүрлі жағдайда болады. Сондықтан, трансакцияның нәтижесінде  адамдар не бір-бірімен тіл табысады, не қақтығысқа ұшырайды.

Трансакциялар әр түрлі  болады:

1 параллель жүретін трансакция, түрткі-трансакция мен жауап-трансакция бір-бірінмен қиылыспайды және бір-бірін толықтырып отырады (мысалы, түрткі-трансакция - Үлкендік-Балалыққа, жауап-трансакция - Балалық-Үлкендікке).

2 қайшылас жүретін трансакция, бұл жағдайда түрткі-трансакция мен жауап-трансакция бір-бірінмен қайшылас келеді (мысалы, түрткі-трансакция Үлкендік-Үлкендікке, жауап-трансакция сыншыл Ата-аналық-балалыққа).

3 бүркемелі жүретін трансакция.Бұл трансакция барысында шиеленіс анық көрініс бермеседе, ішкі мазмүны бір-бірін қайшылас болып келеді.

Бұл қатынастарды келесі нұсқамен көрсетуге болады.

 

 

Қатынастар диаграммасы

Қарым-қатынастың позитивті  аяқталуына паралелль трансакциялар ықпалы зор. Ал қайшылас жүретін трансакциялар көп жағдайда үрыс-керіске, дау-дамайларға, қарым-қатынастың негативті аяқгалуына алып келеді, нәтижесінде көптеген бүркемелі трансакциялар туындайды.

3. Ойындарды талдау.

Трансактілік талдау-стандартты хабарларда қайта-қайта өндірілетін және өзара түсінушілікке жиі кедергі болатын коммуникацияның комплекті, стереотипті (қылықтар стереотиптері) тізбектерін зерттеу. Осындай қылықтар стереотиптерінде ойындар негізгі орын алады. Ойындар бүл трансакцияның стандартты тізбектері болып табылады. Осындай трансакцияларға психологиялық факторлар фон болады. Ойындар спонтандық, ашық қарым-қатынасқа қарсы қойылады. Көптеген ойындар адамның шынайы көңіл көтеруге бағытталған. Барлық ойындар барысында барлық әрекеттер мен эмоциялар ережелерге, келісімге негізделген.

Ойындар белгілі бір  «сый-құрметке бөлену», ішкі кернеуді жеңілдету үшін, уақытты өткізу үшін жүзеге асырылады: ішкі эмоционалдық зорлану  жағдайынан шығу, уақытты реттеу және т.с.с.

Трансакциялық талдау барасында  ойындардың үш түрі (типі) қолданылады:

1 Құрбандық жасау (қарым-қатынас барысында бағынышты адам, ал кей кезде ымырашыл стилімен басқаратын басшы өз-өзін қүрбандыққа келтіргендей болып отырады)

2   Қудалаушы (авторитарлы басшыға тән)

3   Құтқарушы (демократия жолымен басқаратын басшы)

Трансакция арқылы адамдар өз уақыттарын реттеп, оны үнемді пайдаланады. Трансакцияны үйымдастыру барысында ойын арқылы уақытты реттеудің 6 тәсілі анықталған. Осы тәсілдерді қолдану арқылы әр адам өз рөлін қалай атқарып жүргені жан-жақты талданады.

- түйсініп қалу тәсілі (шет жүрушілік), қарым-қатынастан қашқақтап, трансакциямен алмасудан бас тартады;.

- ритуалды кездесу  тәсілі, бұл жағдайда уақытты  өткізу реті, қолданылатын әдістері  толық қалыптасқан салт-дәстүрге  сай алдын-ала болжамдалған. Қарым-қатынасқа  түсішілердің барлығы алдын-ала кім не істейтінін біледі, сондықтан қатынас барысында қақтығыс болады ау деген қорқыныш пен тәуекелшәләік орын алмайды. Ритуалдық қатынасқа түсушілер бірін-бірі түсініп, қабылдағандар.

- іс-әрекет тәсілі - қоршаған дүниенің объектілеріне мақсатталған әрекеттер көмегімен уақытты ретке келтіру тәсілі. Бұған іскерлік кездесулерді, сабақ  жүргізу, кітап жазу, емтиханға дайындалу, киім кешекті тазалау, ыдыс жуу,  және т.с.с.

-  ермекпен уақыт  өткізу тәсілі. Э. Берннің айтуынша: «тек бақытты адамдар ермектік трансакцияға даяр болады. Олар ешқандай жалтармалы мағнасы жоқ, жартылай ритуалды трансакцияларға жатады. Невротиктер бос уақытын ермекпен өткізе алмайды.

- ойын арқылы уақытты  реттеу тәсілі. Ойын дегеніміз  бір-бірін толықтыратын, алдын-ала немен аяқталатынын болжамдауға болатын трансакция. Ойын барысында өзін қолдауды қажетсініп жүргендер, бірақ өз тұлғалық жағдайын төмен бағалайтындар осы қажеттілікті қанағаттандыруға толық мүмкіндік алады.

- жақындасу тәсілі  көбінесе уақытты өткізудің алғашқы бес тәсілінен бас тартқандарға тән. Трансыкцияға түскен партнерлер «Мен - жақсы», «Сен - жақсы» деген позицияныларды ұстанады. Осы қатынас барысында бір-бірімен көріскеніне қуанышын білдіруге ешқандай ритуалдық әрекеттер жасауды талап етпейді, сондықтан партнерлер қысылып-қымтырылмай, өз-өзін емін-еркін ұстайды.

Әр адам өз уақытын  тиімді пайдалану үшін нешетүрлі  шаралар пайдаланады, осы шаралар  жиынтығын бағдарламалау деп  атайды. Трансакция барысында әр адам өз уақытын 3 фактор бойынша бағдарлап реттей алатын болуы керек:  материалдық факторлар- қоршаған объективтік болмыспен қатынастың өзгеруіне байланысты, бағдарланудың әлеуметтік факторлардың орын алуын қалыптасқан салт дәстүрді күнделікті пайдалану (мысалы, сәлемдесу ритуалдары), жекелік факторлар - уақыт өткізуге көзқарасын көрсетеді.

4. Сценарийлерді талдаудың жүруі.

Ойындар трансакцияның  өте күрделі және үлкен ансамблінің  бір көрінісі болып табылады. Ол ансанбль сценарийлер деп аталады. Сценарийлерді талдау бұл өмірді қалай сүру жайлы ертеректе, бейсана түрде қабылданған шешімдерін табу әдісі. Трансакцияның бүл құрамды бөлігінің басқа маңызды аспектісі пассивті жүріс-түрысты зерттеу болып табылады. Бүл жерде әрекетсіздікті емес, шешім қабылдаудан қашу деп түйкіленеді. Адамның барлық іс-әрекеттеріне өзін және басқаларды бағалау модальдығы өмірге деген позициясы әр адамның өзінің өмір сценарийімен байланысты.

Адамның әр түрлі жағдайдағы мінез-құлқы мен өмір сүруге деген  көзқарасы кішкентай кезінде  қалыптасады. Отбасындағы мінез-құлық  стереотиптері баланың тек өмір сүру салтын ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оның ой-өрісін де анықтайды. Адамның өмір сценарийлері   Сондықтан трансакция барысында әр клиент өмір сценарийі талданады. Трансакциялық талдау бойынша Адам өмірі бірнеше кезеңге бөлінеді. Әр кезең өмір сценарийына өз үлесін қосады.

Осы кезендерде адамдардың мінез-құлық, оның позициясы өзгере береді. Бірақ ол өзгерістердің сценарийін ата-аналар және сол адамды қоршаған үлкендер бағдарламалап қойған және оның өмірлік позициясын құрған. Позиция - бұл адамның қоршаған дүниеге және өзіне деген қатынастар базасында қалыптасатын, интегралды екі аспектілі нұсқау болып табылады.

Жеке адам позициясы  сол бағдарлама бойынша құрылады. Қалыптасқан көзқарас екі аспектіден түрады.

  А) Объективтік болмысқа көзқарасы.

  Б) Өз-өзіне көзқарасы.

Позиция бір қалыптасқаннан соң оны бұзу өте қиын. Ол үшін саналы түрде өзінің позициясының дүрыс  емес екенін түсініп, басқа позицияға  өту туралы шешім қабылдауы қажет. Әр адам жақындасу теориясын қабылдағаннан  соң оның өмір сценарийін талдап, өмірге деген көзқарасын анықтап, позициясының қай вариантта екенін көрсету қажет.

Қарапайым екі жақты  позициялар бүл «Мен» және «Сен»  болып саналады. Олардың 2 модальдығы бар:

  1. позитивті (ьдысқаша түрде былай белгілейміз - «+».
  2. негативті (сәйкесінше -  «-».

Осы белгілер бір-бірімен  қосылған уақытта 4-түрлі варианттағы басқа адамды қабылдау көрініс береді:

1. Мен «-» -Сен «+» («Мен жаман», «Сен жақсы» деп бағалау позициясы). Психологиялық түрде бүл депрессивті позиция болып табылады және ол әлеуметтік түрғыда өзін-өзі кемсітуді білдіреді. Кәсіби іс-әрекетте көбінесе бүл позиция әртүрлі адамның өзгелер алдында саналы түрде өзін кемісітуіне түрткі болады.

2. Мен «-»-Сен «-» («Мен жаман», «Сен жаман» деп бағалау позициясы). Бұл позиция адамды үмітсіздікке, болашақтан ешқандай жақслықты күтпеуге алып келеді. Осындай өмірлік позицияны қабылдау үлкендіктің психикалық дамудың бәсеңдеуіне немесе тоқтап қалуына да алып келеді. Бұл болашақтан үміт үзу позициясы болып табылады.

3. Мен «+»-Сен «-» («Мен жақсы», «Сен жаман» деп бағалау позициясы).

Бұл позиция басымдық сезім туғызады, адам өзін өзгелерден артық санап, ешкімді менсінбей, мен-мен болып кетеді. Бүл позиция  біреуден құтылу қажет болған жағдайға сай келеді. Бүл позиция көбінесе бейдарын, орташаларға тән.

4.  Мен «+»-Сен «+» («Мен жақсы», «Сен жақсы» деп бағалау позициясы).

Бүл өмірлік позиция  ерте балалық шақта бейсаналы  деңгейде қалыптасады және барлық уақытта  табысты болу мотивациясы жетекші  болады. Бүл позиция сапалы деңгейде қабылданады. Онда адамның өзі және басқа адамдар жайлы көптеген мәнді мағлүматтар бейнеленеді. Бүл позиция өзіне және қоршаған ортаға позитивті көзқарасы бар, дені және жаны сау адамның позициялары болып саналады.

Қорыта айтқанда трансакциядан мыналар көрінеді:

-   әрбір адам келіп жатқан мағлүматты 3 канал бойынша, яғни Э (эмоционалдық), Ж  (жауап реакция) және Е (еріктік) қабылдайды және әсерленеді;

- эмоционалды канал (Э)-өте тез әсер ететін канал. Е каналы бойынша реакция ерік және физикалық күш-жігерді талап етеді;

- параллель бағытталған мағлүматпен алмасу көп жағдайда гармониялық қатынасты дәлелдейді;

-   қайшылас трансакциялар қақтығыс жағдайлар туғызады;

- Ж канал бойынша  жауап реакциясы түрткі сигналдарға  байланысты. Әңгімелесуші түсінбеген  бүркемелі трансакциялар дау-дамаймен аяқталуы мүмкін болатын жосықсыз қарым-қатынасқа алып келеді.

Трансактілік талдау нәтижесінде зерттелінушінің қарым-қатынас  мәдениетіне, оның жан-дүниесіндегі үш негіз: «Ата-аналық Мен», «Үлкендік  Мен» және «Балалық Мен» әсерлерін анықтау және олардың оң және теріс әсерін, қайшылық және сәтсіздікке жетелейтін түрлерін талдау арқылы әр адамға өз-өзімен гармонияда болу жолдарын тауып беру болып табылады.

Қарым-қатынас барысында  осы каналдар бойынша түскен мәліметтерді дұрыс талдау қарым-қатынасқа түскендердің бір-бірімен тіл табушылыққа алып келеді.

Трансакция элементтерін мектеп психологі окушылардың қарым-қатынас  тәжірибесін қалыптастыруға және өмір сүру сценарийіндегі, қарым-қатынас  моделіндегі кемшіліктерді коррекциялауға қолдануына болады. Қарым-катынас адамдардың бір-бірін тану және қабылдауы ретінде (қарым-қатынастың перцептивтік жағы) талданғанда бір адам (бақылаушы) басқа адамды (бақыланушыны) қабылдауы жалпы түрде қалай өрістейтінін  қарастырағанда бақыланушыны қабылдау тек оның сыртқы белгілерін көре алады. Олардың ішінде ең мағүлматтысы сыртқы кейіпі (физикалық сапалары мен сыртқы келбетінің безендірілуі) және жүріс-тұрысы (істеп тұрған әрекеттерімен экспрессивті реакциялары) /43/. Бүл сапаларды қабылдай отырып, бақылаушы белгілі амалдармен оларды бағалайды және қарым-қатынастағы партнердің ішкі психологиялық қасиеттері туралы кейбір ой тұжырымдарын жасайды (көп жағдайда бейсаналы түрде).

Қарым-қатынас барысында  бақыланушы ролін атқаратын адамның мінездемесіне тіркелген қасиеттердің жалпы саны оған қоршаған адамдардың белгілі қатынасты қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бүл қатынастарды зерттеген Е.И.Головаха, Н.В.Панин көрсеткендей, көбінесе эмоционалды сипатта болады және «ұнайды-ұнамайды» деген шешімнің шегінде орналасады /44/. Жоғарыда атап өткен феномендер әлеуметтік перцепцияға жатқызылады.

Адамдар арасындағы  қарым-қатынас  байланысы, қарым-қатынас  мәдениеті, қарым-қатынас әдебі, қарым-қатынас  тәрбиесі, қарым-қатынас  жиілігі, қарым-қатынас  өркениеттілігі  тағы  сол  сияқты, әрбір  адамға  етене таныс сөздерді үйреншікті, қалыптасып  қалған  бар әдет ретінде  күнделікті өмір ағымы барысында айтыпты, естіпте жүреміз. Алайда сөздердің мағынасына яғни олардың функционалдық  мазмұнына мән бере бермеиміз.

Қарым-қатынас мәдениеті — адамдр арасындағы өзара тығыз байланыстылықты қамтамасыз етуге соның негізінде іс-әрекеттер жүйесін үйлестіріп, реттеуге, дұрыс бағыт түзеуге, ой-сананы дамытып  әркімнің өмірден лайықты  орнын табуға мүмкіндік туғызу. Қрым-қатынас адам өмірінің барлық салаларына терең енген  құбылыс. Оның мән-мазмұнының өте-мөте сан алуан. Қарым-қатынас тіршілік атаулының (оның ішінде адам өмірі ерекше). Қалыптылығын сақтауды қамтудан бастап, адамдардың мән-мазмұнды табиғатындағы толымды өмір сүру жолын жетілдіру, оның амалдарын табу, таңдау, өңдеу, оларды өмір салты құралдарына айналдыру мақсатындағы саналы байланысын, өткені мен бүгінгіні және болашақтық сабақтастылығын қамтамасыз етеді.

Қарым-қатынас жеке  көңіл күй әсерін жеткізуден бастап, ақпараттар тасымалдай алмау, жекеленген адамдардың, ықшам және әлеуметтік топтардың, халықтардың, ұрпақтардың мақсаты өзара ықпалдастығын орнатып, жүзеге асыратын негізгі құрал. Осы айтылған ой-пікірлердің өзі қарым-қатынасқа  берілер сипаттар мен анықтамалар мүмкіндігінің толассыз болатындығын, оның әлі де беймәлім тұстары мен мәндері қарсыларының ашыла беретінін көрсетіп отыр. Сонымен қарым-қатынас қызмет түрі. Өйткені ол да қызметтің басқа түрлері сияқты белгілі бір мақсатқа жүгініңкі, нормаға тәуелді. Ендеше оның берер нәтижесі бар. Белгілі бір жағдайда өзінің тиімділігін көрсетеді деген сөз. Қарым-қатынастың мақсаты әрбір жеке адамның немесе тұтас алып қарағанда қоғамның бірлескен қызметіне  түзетулер ендіру мен жоспарлау жатады. Яғни қарым-қатынас басқа коммуникативті емес қызметтерді қамтиды. Олай болған жағдайда қарым-қатынас нақтылы өндірімді қызмет түріне жатады. Яғни қызметтің бұл түрі материалдық және рухани игілігі бар өзгешелігі болумен сипатталады.

          Д.Мореноның тұжырымы бойынша қарым-қатынасы шектеулілер жан-дүниесіне игі әсер жасау жағдайы аз болып, адамның жеке басты рухани жетімділігі қалыптасады /45/. Яғни әрбір адамның психологиялық кемелдігі басқа адамның ішкі жан сарайына деген нақты мейірімділік көзқараспен, оның потенциалын толықтай іске қосылуына адал ниетпен қарау жәен жәрдем беру әрекетімен көрінеді. Егерде қарым-қатынас мақсаты адамның ішкі жан-сарайына игі әсер жасауды міндетке алса, онда қарым-қатынастың іскерлік және өнегелілік нәтижелік жақтарына қойылатын талаптар тығыз байланыста болады. Адамның рухани өсуі үшін тек тілеулілік ниетпен шектелмей, оның мәселелерін көре білу, әрі шешімін тауып беруге жәрдем беру керек. 

Информация о работе Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру