Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 18:30, курсовая работа

Краткое описание

Мектепте жеткіншек жасындағы оқушылар өмірде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне улкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде – оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өз қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» - деп анықтадық.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13

Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22


2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ

Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37

Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65

ҚОСЫМШАЛАР.................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Досына комектесе аласынба тести.doc

— 673.00 Кб (Скачать документ)




 

Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

    

 КІРІСПЕ................................................................................................................3

 

1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

 

    1.  Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5

 

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13

 

    1.  Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22

 

 

2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ

 

    1.  Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37

 

    1.  Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65

 

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің  көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарыс-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.

Жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л.С.Выготский /1/, Б.Г.Ананьев /2/, Е.И.Головаха /3/, А.Б.Добрович /4/, А.А.Бодалев /5/, И.С.Кон /6/, Л.А.Петровская /7/, В.В.Столин /8/, Н.И.Шеврандин /9/, Л.Д.Стрляренко /10/, Қ.А.Айдарбеков /11/,  Т.М.Шалғынбаев /12/ т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Берн, Дж.Морено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Сонымен қатар «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қыбілетті анықтау», «Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау» т.с.с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуымен байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым-қатынасының қалыптасуын толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік туды.

Мектепте жеткіншек жасындағы оқушылар өмірде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне улкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде – оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өз қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» - деп анықтадық.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: жеткіншектердің үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасында түсінбеушіліктер орын алағанда балалармен топтық коррекция ұйымдастыру арқылы олардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға болады.

Зерттеу объектісі: оқушыларға психологиялық қызмет көрсету жұмысының мазмұны.

Зерттеу пәні: жеткіншек жасындағы балалардың қарым-қатынасы.

Зерттеу мақсаты: мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру барысында жеткіншек жасындағы жасындағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

  • қарым-қатынас және тұлғааралық қатынас проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
  • мектеп психологиялық қызметінде жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және қалыптастыру әдістемелерін жинақтау;
  • мектеп оқушыларының тұлғааралық қарым-қатынасында ауытқу байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау;
  • жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау;
  • қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру іс-шараларын жүргізуге арналған әдістемелерді пайдалана отырып психокоррекция жүргізу.

Ғылыми зерттеу  әдістері. Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау, Э.Берннің трансакциялық талдауын меңгеру, зерттеу бағдарламасын жасау, қарым-қатынас мәдениетін зерттеу тестерімен диагностикалау, олардың көмегімен психодиагностикалық зерттеу жүргізу, психокоррекция жүргізу, жиналған мәліметтерді талдау.

Зерттеу кезеңдері. Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.

Бірінші кезеңде жеткіншектердің даму заңдылықтарына байланысты қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, мазмұны және әдіс-тәсілдерін анықтау үшін ғылыми әдістемелік әдебиеттер талданды, дипломдық зерттеу тақырыбы мен ғылыми аппараты анықталды.

Екінші кезеңде мектеп оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеп, нәтижелері талданды, балалардың сынып ұжымындағы және отьасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері зерттелінде. Сонымен қатар, психологиялық қызметтің орта буын оқушыларына психологиялық қызмет көрсетуге негіз болатын психодиагностикалық әдістемелер жинақталып, олар жүйеге келтірілді. Қарым-қатынасында проблемасы бар балалармен психокоррекциялық іс-шаралар ұйымдастырылды.

 Диплом жұмысы кіріспе,  екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Қарым-қатынастың құрылымы мен психологиялық функциялары

 

1.1. Тұлғааралық  қарым-қатынас теориялары

 

Мектеп психологиялық  қызметі үшін балалардың қарым-қатынас  ерекшеліктерін зерттеу және оны  өңдеу көкейкесті проблема болып  табылады. Өйткені бала өзін-өзі анықтаудың күрделі проблемаларын жалғыз өзі шешпейді, ата-анасының, құрбы-құрдастарының, мұғалімдердің қолдауымен шешеді. Дегенмен бала жеткіншек жас шағынан бастап өзінің есеюін сезіне бастағанымен байланысты үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. Олар ата-аналарынан және басқа үлкендерден  қарым-қатынасты теңдік негізінде жүргізуді талап етеді. Бұл тенденция жеткіншектік жас кезеңінде де жалғасады.

Қарым-қатынас проблемасының  әртүрлі аспектілерін Б.Г.Ананьев,   А.Б.Добрович, Я.Л.Коломинский, И.С.Кон, Г.М.Андреева, Дж. Брунер, Э.Фром, Л.А.Петровская, В.В.Столин, Н.И.Шеврандин т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Фромм /13/, Дж.Морено /14/, Д.Карнеги /15/. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Е.Мелибурданың тұжырымы бойынша балалық шағында қарым-қатынасы дұрыс қалыптаспаған балаларда жалғыздық сезімі орын алып, оның жалпы дамуына бұл сезім теріс әсерін тигізеді /16/.

Көп жағдайда адамдардың бір-бірімен қабылдануы «әлеуметтік перцепция» ретінде белгіленеді. Бүл сөз дәлме-дәл қолданылмаған. «Әлеуметтік перцепция» термині алғаш рет 1947 жылы Дж. Брунер «мен» қабылдауға «жаңа көз қарасты» (New Look) зерттеу барысында енгізген /17/.

Жеткіншектік жас кезеңінде «ұрпақтар дау-дамайын» туғызатын кездер аз болмайды. Әкелер мен балалар арасындағы түсінбеушілік олардың өзара қарым-қатынасының қалыптаспағанын және бала өміріндегі әлеуметтік өзгерістерді үлкендердің ескермегенінен туып отырады. Қалыптасып келе жадамның өз ұмтылыс-талаптарына себепсіз тежеу қою, авторитарлық жүйеде қарым-қатынас құру отбасында дау-жанжалдар туғызады.

Есейген балалрдың өз өмірінде орын алған мәселелердің басым көпшілігін үлкен адамдарға тәуелсіз шешу қажеттілігі орын алатындығы психологияда дәлелденген. М.И.Лисина т.б. ғалымдардың зерттеулерінде бұл мәселені автономия қажеттілігі және оның түрлері деп белгілейды /18/. Жеткіншектерде көрініс беретін автономия сезімінің келесі түрлері анықталған:

  • мінез-құлқ автономиясы (жеткіншектердің жеке өзіне қатысты мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және оған праволылығы);
  • эмоционалдық автономия (тек педагогтар мен ата-анасының дегенімен ғана емес, өз проблемаларының біршамасын тәуелсіз өзі шешуге құқықтылығы және оны қажетсіну);
  • моралдық және құндылық автономиясы (өз көзқарастарының болуына құқығы мен қажеттілігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы).

Эмоционалдық автономияның баланың болашағына тигізетін үлкен теріс әсері бар. Жеткіншектер ата-аналарының бала өмірінде болып жатқан өзгерістерді байқамаған, немесе байқағысы келмеген болып көрінеді. Сондықтан олар кей кездерде қырсық мінез көрсетіп, болмашы нәрсеге ашуланып, ешкімге сырын айтпай ұзақ уақыт түйіліп қалуы, немесе басқа қырсық мінездер көрсетуге де баруы мүмкін. И.С.Конның айтуынша осындай жағдайлар мұғалімдер мен оқушылар арасында немесе оқушылардың құрбы-құрдастары арасында орын алуы мүмкін /19/.

Тәртіп тұрғысынан жеткіншектік кез қиын жас кезеңіне жатады. Бұл жас кезеңінде балаға әкеден гөрі шешесі жақынырақ болып, әкемен қарым-қатынас күрделіленіп кетулері жиі кездесетінін көптеген зерттеулер көрсетеді /20/. Ақыл айту, моралдық нұсқаулар мен құндылық бағдарлар құруға үлкендердің араласуы саласында жеткіншектер өздерінің автономиялы болу правосын барынша қорғайды. Кейде ерекше болсам деген талабын тиянақтай түсу үшін әдейі ұшқары көзқарастар айтады.

Қанша бас бостандықты  іздегенімен, балалар өз бетімен  күн көруге мүмкіншілігі жоқ болғандықтан іс жүзінде ата-анасының ықпалы бұл кезде басым болып қала береді. Балалардың осы кездегі барлық үлкендердің айтқан сөздерін електен өткізгендей сынап, мінеп отыруы, өзінің ересек болғанын дәлелдегісі келгенінен. Сән, талғам, көңіл көтеру тәсілдері секілді бірсыпыра жеңіл-желпі мәселелерде  балалар мен үлкендер  арасындағы айырмашылық әжептеуір болады. Сондықтан осы кезде үлкендер балаларды сынағанда олардың киімінің фасоны, опа-далаптарды пайдалануы, жүріс-тұрысы туралы өткір сөздер айтылады. Дегенмен күрделі проблемалар бойынша ой-пікір құрғанда ата-аналардың сөздері, олардың ақылы достарының, құрбы-құрдастарының ықпалын жеңіп кетеді.

Оқушылар жеткіншектік кезеңде оқытушылардың білімін, киінуін, олардың басқалармен қарым-қатынасын ұлкен сынға бөлеп отырады. Дегенмен олардың өздерінің алдында тұрған барлық проблемаларға терең саяси көзқарастары, дүниетанымының молдығы, кәсіби шеберлігі, оқушыларға дер кезінде қажетті көмек көрсетуге даярлығы мұғалімдердің беделді болуын қамтамасыз етеді.

Осы кезде мектеп психологиялық қызметі үшін балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу және оны өңдеу көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін анықтау, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеріп алу, басқа балалар ортасында абыройлы болу, үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Басқаларға әсерлі болудың қыр-сырын әлі түсінбеген бала оны дөрекілікпен, немесе ерекше қылжыңдықпен көрсеткісі келеді. Мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болуы керек және оны қалай сақтау керек екенін әлі түсіне алмағандығынан балалар көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан қарым-қатынас құруда сауатсыздықты жоюға бірінші көмекші болатын адам - мектеп психологі.

Балаларға ұжым өміріне қатысуы, басқалармен бірге болуы, құрбы-құрдастарының оны қабылдауы, топқа өзін қажет деп сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі осы жас кезеңінде ерекше қажет болады. Ұжымдағы статусының төмен болуы жеткіншектерді алаңдатады, оның топтағы психологиялық жағдайы нашар болып кетеді.

Әлеуметтік ортадағы күнделікті қатынаста болып жүрген адамдарды топ мүшелерінің қабылдауы немесе қабылдамауы әлеуметтік перцепция мен бағаланады. Әлеуметтік перцепцияны адамның сыртқы белгілерін қабыддау, оларды оның жекелік мінездемелерімен ара қатынасын белгілеу, осының негізінде оның қылықтарын интерпретациялау және болжау ретінде анықтайды. Әлеуметтік перцепцияда міндетті түрде басқа адамның бағасы және эмоционалды, жүріс-түрыстық түрғыда оған деген қатынастың қалыптасуы қатысады. Жүріс-түрыстың сыртқы жағының негізінде бір адамның ішкі дүниесін «оқимыз», оны түсінуге және де қабылданушыға өзінің эмоционалды қатынасты тудыруға тырысамыз. Әлеуметтік перцепцияның барысында мыналар іске асырылады: басқа адамның эмоционалды бағасы, оның қылықтарының себептерін түсінуге және оның жүріс-тұрысын болжамдауға әрекеттену, жүріс-түрыстың өз стратегиясын күру.

Қарым-қатынас барысында  бір адам (бақылаушы) басқа адамды (бақыланушыны) қабылдау процесі жалпы түрде қалай өрістеу ерекшеліктерін қарастырушылар оны келесіше түсіндіреді. Бақыланушыны қабылдауда біз тек сыртқы белгілеріне қол жеткізе аламыз. Олардың ішінде ең мағүлматтысы сыртқы кейіпі (физикалық сапалар мен сыртқы келбетінің безендірулуі) және жүріс-тұрысы (істеп тұрған әрекеттерімен экспрессивті реакциялары) болып табылады. Бүл сапаларды қабылдай отырып. Бақылаушы белгілі амалмен оларды бағалайды және қарым-қатынастағы партнердің ішкі психологиялық қасиеттері жайлы кейбір ой тұжырымдарын жасайды(көп жағдайда санасыз түрде) /20/. Бақыланушыға тіркеген қасиеттердің жалпы саны, өз кезегінде оған белгілі қатынасты қалыптастыру адамға мүмкіндік береді (бүл қатынас көбінесе эмоционалды сипатта болады және «ұнайды-ұнамайды» деген континиумның шегінде орналасады). Жоғарыда атап өткен феномендер әлеуметтік перцепцияға жатқызылады.

Информация о работе Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру