Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 18:30, курсовая работа

Краткое описание

Мектепте жеткіншек жасындағы оқушылар өмірде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне улкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде – оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өз қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» - деп анықтадық.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13

Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22


2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ

Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37

Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65

ҚОСЫМШАЛАР.................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Досына комектесе аласынба тести.doc

— 673.00 Кб (Скачать документ)

 

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері

 

Жеткіншек жасындағылар қарым-қатынасқа өте құмар келеді. Олардың жолдастарымен, құрдастарымен, сыныптастары, қарым-қатнасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым қатнастарынан гөрі күрделірек, көп салалы әрі мазмұны тереңірек болады. Тұлғааралық қарым-қатынасты жан-жақты зерттеген А.А.Бодалев оның жас кезеңдеріне байланысты өзгеру динамикасын көрсеткен /26/. Жеткіншектік кезең де жақындық дәрежесі жөнінен әр түрлі қарым-қатынастар  қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос, деп нақпа-нақ саралайды. Қарым-қатынас жасайтын адамдары тек мектеп шеңберіндегі оқу әрекетімен шектелместен,  барған сайын мектептен тыс шыға береді, жаңа мүделерді, кәсіптерді, қарым- қатынастарды қамтып, жеткіншек өмірдің дербес және өте маңызды саласы болынып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастарда әр түрлі оқиғалармен, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер, жаңалықтар мен өкініштер, күініштер мен қуаныштар кездесіп, осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз өмірін құрайды. Ол осы ортада іс- әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш-жігерін жұмсайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құдылыққа ие болады. Л.Я.Гозман көрсеткендей, бұл қатынастардың бала үшін маңыздылығы соншалықты жоғары бағаланатындығынан олар ата-ана, туғандарымен қарым-қатынастардың тартымдылығын едәүір азайтып, оқудың өзін екіші қатарға ығыстырады /27/. Әдетте мұны бірінші болып анасы сезеді. Ұлының (не қызының) өзінен алшақтап, қайсыбір өзгеше өмір сүре бастағанын, бұл туралы айтпай, үйден жолдастарына баруға асығып тұратынды шығарғанын байқайды. Жеткіншек үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қатынас сферасы болып сараланып, бұл бағытта ол дербес іс-әрекет етеді. Ол бұған хақым бар деп санайды, өзінің правосын қорғайды, нақ осы себептен де ересектердің бұл салаға араласуын жәбірлеу деп санап, оған қарсы шығады.

    Л.Я.Гозман эмоционалдық қарым-қатынасты жолдастық, достық, сүйіспеншілік, қастандық түрлерге бөліп көрсетеді. Олардың әрқайсысының жеткіншек өмірінде өз орны бар. Жеткіншекте, бір жағынан, құрдастарымен қарым-қатынас, бірлесіп іс-әрекет жасауға ұмтылу, ұжымда өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос тауып алуға ұмтылу өте айқын көрінеді, екінші жағынан, жолдастарының  арасында қабылданып, танылуға, олардың мұны сыйлауына жетуге ұмтылу одан кем түспейді. Мұның өзі аса маңызды қажеттілікке айналады. Сыныптастары мен қарым-қатынастардағы қолайсыздықтар, жақын жолдасының, досының болмауы немесе достарының одан ажырасып кетуі барынша күйзелтіп, баланың жеке басының драмасы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай - ұжымның, жолдастарының оны шындап кінәлауы, онымен қарым-қатынас жасағысы келмеуі болады, ал ең ауыр жаза өзіне ашықтан-ашық немесе жасырын бойкот жасауы болмақ. Өзінің жалғыздығын сезіну жеткіншек үшін төзгісіз, ауыр жағдай. Сыныптастарымен қатынастардың қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа жерден жолдас, дос іздеуге итермелейді. Әдетте, оларды тапқанымен, бұлар әр кезде бірдей жақсы болып шыға бермейді. Мұндай фактілерндің күйінішті зардаптары болатын жағдайлары көп кездеседі.

     Жеткіншектің жолдастарының назарын өзіне аударуға, олардың ынтасын туғызып, жақсы көрінуге ұмтылуы түрліше болып көрінуі мүмкін: бұлардың өз қасиеттерін тікелей көрсетуде ересектер қоятын талаптарды орындамау да болуы, сондай-ақ қиқаңдап, сайқымазақтану, күлдіруге тырысқан іс-әрекеттер, өтірік-шыны аралас әр түрлі жайларды айту болуы мүмкін. Е.Я.Мелибурданың жүргізген зерттеуінде жеткіншектердің қырсық мінез көрсетунің бір себебі өз жолдастарының назарын аудару екендігін дәлелдеген /28/.

     Жеткіншектер жеке басының қасиеттері жағынан қоғамшыл болып келеді. Балаларға өмір мен іс-әрекеттің ұжымдық әдістері ұнайды, олар қоғамдық жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл жұмыстар жеткіншектердің қарым-қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, ынта көрсетіп,  белсенділік, дербестік білдіруге мүмкіндік береді. Кез келген іс-әрекетте олар  әншейін қарап тұрушы болмай, белсене қатысушы болғанды жақсы көреді.

      Жолдасттық қарым-қатынас жеткіншектер өмірінде үлкен орын алады. Жеткіншектердің өзара және топтасқан қарым-қатынастары көбінесе ересектермен қарым-қатынастарға тәуелсіз тіпті олардың дегендері мен ықпалдарына қарсы болып та  қалыптасады. Бұл  қарым-қатынастардың  өз  мазмұны  мен  даму логикасы  болады. Егер төменгі сыныптарда ұжымтегі алатын орны негізінен оқу үлгеріміне, тәртібі  мен  қоғамдық  белсенділігіне,  яғни баланың ересектер қоятын талаптарды қалай орындайтынына  байланысты болса, жеткіншектер үшін басқа қасиеттер: досы мен жолдасының  қасиеттері,  зеректігі  мен  білімділігі (тек оқу үлгерімі ғана емес), батылдығы өзін- өзі ұстай білуі неғұрлым маңызды  бола  бастайды.  Әр  түрлі   сыныптарда (жеткіншектер  топтарында) бұл  жақсы  жақтардың  құндылық дәрежесінің түрлі баспалдағы бар, бірақ олардың біреуі-  жолдастық қасиеттер әрқашан бірінші орынға қойылады. Жеткіншектер  әншейін танымал болып қана қоймай, олардың ризалығы мен құрметіне бөлену үшін ең алдымен  жақсы  жолдасы болуы керек. Осыған  байланысты   жеткіншектік кезеңнің басында бұрын танымал болған балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі: біріншіден, бұрынғы беделділер, кетіп, олардың орнына жаңалары шығады, екіншіден, сыныпс активінің неғұрлым  сыйлы әрі беделді жеткіншектер тобы болмауы жиі байқалады, өйткені  көптеген мұғалімдердің активті құрғанда олардың жолдастық қасиеттерін  ескермей, үлгерімі жақсы және тәртіпті балаларды алатыны жиі кездеседі. Сыныптастары үшін беделі аз актив-ұжым құрудағы және сыныптағы  пионер жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтардың мәнді себептерінің бірі. Мұның мәні одан кем түспейтін тағы бір себебі - мұғалімде басқарудың авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және активте де сыныптастарымен қарым-қатынастың осындай әдістерінің тәрбиеленуі. Жеткіншектер мұны әсте қабылдамайды, өйткені олар ересектердің де, жолдастарының да қарым-қатынастарына сол бір негізгі талап тұрғысынан  қарайды - адамшылық қадір-қасиет пен жеке басты құрметтеуді талап етеді. 

Бұл талап жеткіншектердің жолдастық кодексінің өзегі болып табылады, оның нормалары әр түрлі негіздерден: ересектерден, жасы үлкенірек балалардан, кітаптар мен кинофильмдерден (олар бұл нормаларды көрсетіп, түсіндіруде маңызды роль атқарады) ұғынылып, қабылданады. Жеткіншектердің жолдастық кодексінің ең маңызды нормалары қадір- қасиетті сыйлау, теңдік, шын берілгендік, жолдасына көмектесу, адалдық.  Жеткіншектердің ортасында әрбіреуінің өз жолдасына, тобына, сыныпына қатысты іс-әрекеттері ескерусіз қалмайды және бұл нормаларға сай келетіні-келмейтіні бағаланып отырады. Сондықтан жеткіншектер жолдасына, тобына  «опасыздықты», уәде бұзуды, көмектеспей қоюды, өзімшілдік пен сараңдықты, бірінші болсам, басқарсам деген ниеттерді, менменсіп, өзін-өзі дәріптеуді, жолдасының пікірімен санасқысы келмеуді, сөзімен, күш көрсетіп,айламен, көзінше немесе сыртынан, тікелей не жанамалап болсын жолдасының қадірін түсіруді  бірауыздан айыптайды. Мұндай қылықтар жәбірлесу, қақтығыстар, жанжалдар туғызады. Жолдасының өзін-өзі сыйлаушылығы, өз пікірі болмауы, өзінің айтқанынан қайтпай, жәбірлеушіге қарсыласа алмауы да айыпталады, ал «жағымпаздар», алуан түрлі бейімделгіштер мүлдем жеккөрінішті болады. Бұл айтылғандарға қарама-қарсы қасиеттер жеткіншекте қалыптасатын этикалық мұраттың негізі болып, жолдасының қасиеттерімен қарым-қатынасқа осы тұрғыдан талап қойылады.

      Бұл нормалар мен талаптардың ересектердің жолдастық, достық шынайы ынтымақ қарым-қатынастарының аса маңызды нормаларымен үйлесетіндігі өте маңызды. Жеткіншектердің жолдастық кодексінің моральдық-этикалық мазмұнының ересектердің осындай қарым- қатынасының қағидаларымен үйлесуінің арқасында  құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жеткіншектің әлеуметтік-моральдық ересектігінің айрықша  мектебі болады. Бұл қарым-қатынас ұжымтегі ересектер морлінің  қағидаларына негізделген әлеуметтік  қарым- қатынастың жаңа әдістерін меңгерупрактикасы болып табылады. Нақ осы жолдастарымен қарым-қатынас практикасында бұл мораль ең алдымен игерледі.

Жеткіншектердің құрдастары алдында танымал және сыилы болсам деген қажеттілігі өте жоғары болады. Себеі әр бала өз жолдастарының  пікірі мен бағаларына ерекше сергек қарайды. Жолдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері оны олардың себерптері жайлы ойлантады өзіне назарын аударады, өз кемшіліктерін көріп білуіне көмектеседі, ал олармен жақсы қарым қатнаста араларында сыилы болуға ұмтылу түзеліп олар қоятын талаптарға саи болаиын деген ниет туғызады. Жеткіншек жаста қарым қатынас үшін өте маңызды ерекшелік - құрдастарының талаптарын есепке ала білу дамиды. Қарым-қатнас жақсы болу үшін бұл қажет нәрсе. Мұндай қаситтің болмауын жеткіншектер инфантілділіктің көрінісі деп бағалайды.

Л.Я.Гозман, Н.И.Ажгихина өз зерттеулерінде шектеулі балалардың басым көпшілігінде қарым–қатынастың болмауына себептердің бірі ретінде олардың өзін-өзі асыра бағала деп көрсеткен /29/. Мұның салдарына жеткіншек жолдастарының айтқан сыны мен талаптарына ден қоимайды. Нақ осы себепті жолдастары одан безеді. Сыныбында беделсіз болып, бәрі одан безген жеткіншектер көбіне өзін-өзі осындай асыра бағалаушылар болады. Қарым-қаынастың  жақсы болуына  жолдастары бағалаитын қасиеттер жөнінен өзін-өзі лайықты немесе тіпті төмен бағалау қолайлы жағдай жасайды. Өзін-өзі бағалаудың сипаты – онымен қарым–қатынас жасау үшін өте маңызды нәрсе. Сондықтан мен-мендік, эгоцентризм, дезадаптивтік мінез көрсету жеткіншектер ортасында төмен бағаланатын қасиеттер болып саналады. Оқшау жүретіндер деп аталатын жеткіншектерде әр түрлі жағымсыз ерекшеліктер болуы мүмкін, бірақ олардың бәріне тән кемшілік – жақсы жолдас болу қасиеттерінің жоқтығы. Сыныптастары оны осылай деп санайды, ал жеткіншектер бұл  кемшіліктің есесін еш нәрсемен де толтыруға болмайды деп біледі. Сондықтан үздік оқушы да оқшау қалуы мүмкін.

Жеткіншектер өз құрдастарының іскерлігін жоғары бағалап, олармен іскерлік қатнасқа түскенде барлық берген нұсқауларын ризашылықпен, сыиластықпен орындайды. Олар іскер басшы құрдастарына бағына біледі, жолдастарымен қатар тұра алады, өз міндеттерін үлгілі атқарады, ортақ табысқа жанын салады, басқалар үшін қиын не жағымсыз жұмысқа бірінші болып кіріседі, жолдастарын құрметтеп, айғай шусыз мазасыз ақыл үйрете бермей, сабырлықпен қарайды, қажет бола қалса көмекке келеді жолдасын сыйлай білу жеткіншектермен іскерлік қарым- қатынасжасау үшін қажетті қасиет. Жеткіншектерді іскерлік қатнастарында мінез құлықтың дұрыс формарарына баулу мұғалімен пионервожатыидың жұмысының маңызды мінднті болуға тиіс.

Жеткіншектік жас кезеңінде  балалар арасында достық қатынас  ерекше орын алады. Жеткіншектердің достығын зерттеген И.С.Кон /30/ оны терең мазмұнды, асыл қазна ретінде бағалайтынын атап өтеді. Жеткіншектің жеке басының әлуметтік-моралдық ересектігінің дамуында қарым-қатнастың ерекше түрі – жақын жолдастармен және досы мен қарым қатынас маңызды роль атқарады. Жылдар өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсы бір салада озық сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Мұндайда жолдастық қасиеттер, білімділік қолынан бәрі де келетіндіктер батылдық, спортаға жетістіктер, сырт пішінің ересек болып көрінетіндігі, өзін-өзі ұстау мәнері романтикалық сипаттағы қарым-қатнастардағы тәжірибе, қатынастардағы дербестік секілді алуан түрлі жайлар тартымды болуы мүмкін. Жеткіншекке мүдделері қарама-қарсы өте-мөте әр қыилы балалар тартымды болуы жиі кездеседі. Аз ба, көп пе, уақыт бойы жеткіншектің  қарым-қатынас жасайтын ортасы өте кең, бірақ тұрақсыз болуы мүмкін; бір шама тығыз болғанымен уақытша қарым-қатынас орнығады, жақын дос іздеу басталады. Барлық жағдайларда да қарым-қатынастың тартымдылығы, екі түрлі: мүдделер жағынан және қарым-қатынастың сипатымен қанағаттану дәрежесі жөнінен тіл табысушылық сыннан өтеді. Достарының неғұрлым ересек болғаны жеткіншекке ұнайды, бірақ нақ осының өзі жақындасуға кедергі болуы мүмкін, өйткені неғұрлым ересек жолдасына мұнымен қарым-қатынас жасау қызықсыз болуы мүмкін. Дегенмен әдетте досы естияр болса ол қарым-қатынаста жетекші болып, әрбір іс-әрекетте бастауыш болады.

      Балалардың жақындасуы үшін олардың алдыларына қойып отырған мақсаттары мен сүйікті әрекеттерінің ұқсастығының, әңгімелесудің тартымдылығының үлкен маңызы бар. Жеткіншек өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз ісіне ортақтастыруға ұмтылады. Достарымен қарым-қатынастың кейде тартымды болатыны соншалық, жеткіншек онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қазір де қызықсыз іспен шұғылдана бастайды. Алайда кейін ол бұған шындап қызығып кетуі мүмкін. Сондықтан жолдастары мен достары арасындағы қарым-қатынас жеткіншектердің жаңа мүдделердің пайда болуының қайнар көзі. Біріне-бірі ұнайтын балалар әр түрлі істерде ынтымақтасуға ұмтылып, әр қайсысының айтқанын көбіне екеуі бірігіп істейді. Бірлесіп жұмысты жақсы істей білуді жеткіншектер өте бағалайды.

      Өзіне ұнаған құрдасының қасиеттері көбіне жеткіншектің өз басында жоқ екенін көріп, ұғынуға мәжбүр етеді. Сол сияқты, тіпті одан да жақсы болсам деген ниет туады. Жолдасы жеткіншекке үлгі болады. Ол оған немесе әншейін еліктейді, немесе өзінде белгілі бір қасиеттерді, мәселен, күш пен батылдық немесе өзін-өзі ұстай білу, әрқашан уәдесінде тұру т.б. қасиеттерді дамыта бастайды.

       Жақын жолдастардың қарым-қатынасында әңгімелесу үлкен орын  алады. Әр түрлі істе де, серуен кезінде де әңгіме үзілмейді, бірлесіп сабақ дайындауға бөгет жасайды, өйткені жеткіншектердің пікірінше «ең  қызықтысы-әңгімелескен!» Кейбір жағдайларда жеткіншектер бірге болған уақыттың бәрі әңгімелесумен өтеді, шындап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады. Мұндай достық тұңғыш рет жеткіншектік шақта болады. Балалар  өздері ден қойған хабарлар мен алмасады, сынып өмірінің  оқиғалары, сыныптастарының қылықтары, өзара қарым-қатынастары  талқыланады; басқаға айтуға болмайтын бүтіндей жеке бастың мәселелері - жоспарлар, армандар, оларды жүзеге асыру, бірлескен ой-ниеттер, романтикалық ұнамды жайлар туралы сөз болады, осының өзінде жеткіншектердің «құпиясы» нақ осы мәселелерге, сондай-ақ жыныстық жетілуге байланысты интимдік мәселелерге қатысты болады.

       Маңызды әрі жеке адамға қатысты деп ұғынылатын мазмұнныың ұлғайып, тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зәрулік туғызады. Сондықтан достық қарым-қатынастықтарға - өзара сыр жасырмау және түсіністік, сергектік пен сезімталдық, бірлесе толғану, сыр сақтай білу сияқты ерекше талаптар қойылады. Бір–біріне жан дүниесін, бар сырын жайып салған қарым–қатынас екеуін де байытады, өз жан-дүниесінде болып жатқанның бәрін жақсы түсініп, ұғынуға мүмкіндік береді. Нағыз дос тауып, оған өзі де жалғыз досы болу – әрбір жеткіншектің ер баланың да, қыз баланың да арманы. Олар досы не жолдасының басқа кейбір балаларға іш тартуына өте–мөте қызғанышпен қарайды, өздерінің достығын бөгде біреудің арасылуынан мұқият қорғайды. Алайда достасқан жұптың әрбір мүшесінің әдетте тағы да азды – көпті жақын жолдастары болады, сөйтіп жеткіншектің бәрінен көбірек араласатын ортасы болады. Сыныпта топтардың құрылуының негізі осылар. Жеткіншектік шақта олардың арасында  күрделі де қиын қаым-қатынастар қалыптасуы мүмкін.

Информация о работе Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру