Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 18:30, курсовая работа

Краткое описание

Мектепте жеткіншек жасындағы оқушылар өмірде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне улкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде – оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өз қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» - деп анықтадық.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13

Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22


2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ

Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37

Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65

ҚОСЫМШАЛАР.................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Досына комектесе аласынба тести.doc

— 673.00 Кб (Скачать документ)

Жеткіншектер достығыныңа  мұраты - «қашан да бірге болып, бәрін бірдей бөлісу!» Бұлай дегенде жолдастық кодексі мен достық қарым-қатынастарға қойылатын қосымша талаптардың бұлжымай сақталуы ғана ұғынылмайды, екіншісінің өмірінің барлық жақтарына біріншісінің түгелдей араласып, бәрінде бірлесіп іс-әрекет етуі ұғынылады. Жеткіншектер дос–жолдасымен ортақ өмірге ұмтылады. Өсе келе «жан-дүнисінің жақындығы»-ішкі өмірдің ортақтығы, өзара түсіністиік, жеке адамның маңызды мәселелер жөніндегі құндылықтарының, ұмтылыстарының, көзқарастарының ортақтығы барған сайын маңызды бола түседі /30/. Толып жатқан өмірлік, этикалық, эстетикалық проблемаларды талқылау, кейде ұзаққа созылып, барынша эмоциялы болатын таластар арқылы осындай достық қалыптасады. Бұл талқылаулар мен таластар этикалық даму үшін өте маңызды, өйткені әркім өз пікірін дәлелдеп, қорғауды ғана емес, оның қате екенін білуді де үйренеді. Таластар мен олардың кейінгі ойлану процесінде жеткіншекте өзінің жеке көзқарасы, яғни сенімі қалыптасады. Сонымен қатар достарда әртүрлі мәселелер жөнінде ортақ көзқарастар қалыптасып,бұл іштей жақындыққа негіз болады.

А.Н.Лутошкин жеткіншектер достығының ұжымның қалыптасуына, балалардың мамандық таңдау мотивтерінің орын алуына тигізетін  әсері мол екенін көрсеткен /31/. Достасудың себептері кәсіптік ниеттермен, өзін-өзі тәрбиелеумен, өздігінен білім алумен байланысты ортақ әрі әрқайсысы үшін өте маңызды мақсаттар мен міндеттер пайда болған кезде қарым-қатынастар дамудың жаңа, неғұрлым  жоғары деңгейіне көтеріледі. Достар  оларды ортақтаса күш салып жүзеге асыра бастайды: білімді, іскерліктерді бірлесіп меңгереді, әртүрлі қасиеттерін дамытып, бір-біріне көмектеседі. Бұл достықтың жеке адамның дамуы үшін өте бағалы түрі. Достықтың қарама-қарсы түрі жеткіншектердің сырттай ересектікке ұмтылуына, уақыт өткізіп, көңіл көтеру мәндерінде ересектерге еліктеуіне енгізделген. Мұндай әдетте неғұрлым ересегі басшы болады: бьағынушы біраз уақыт оған келісуі мүмкін, бірақ кейін көбі жолдасының өктемдік жүргізбек ниетіне қарсы шығады. Теңсіздікке негізделген қатынастарды жеткіншектер нағыз досытқ деп санамайды.

Нағыз достықтың бірден шығуы сирек болады. Әдетте оның алдында ізденіс, сәтсіздіктер, уақытша  қатынастар болады. Осындай тәжірибенің  негізінде достық пен достың жекелей  мұраты қалыптасып, шыңдалады. Қатынастардың  нығайып тереңдеуінен гөрі басталуы оңай. Бұл үшін жақсы көру мен мүдделердің бірдей болуы жеткіліксіз. Әрқайсысының жолдастық кодексінің қағидалары мен достық  талаптарын орындауы қажет. Әсіресе бас кезінде нақ осы қиын болады, өйткені жолдасының қарым–қатынасына жеткіншек енді үлкен әрі нақты талаптар қояды, өзіне ондай талап түгел және әрқашан қоя бермейді: басқаның кемшіліктерін көргенімен өз кемшіліктерін көрмейді, не бірден қоймайды. Осыдан барып өкпе, қақтығыс жанжалдар, уақытша ажырасу шығады, тіпті қатынас үзілуі де мүмкін. Жеткіншектер достықты қадірлегенмен, оған көп талап қояды әрі өкпелегіш болады. Қ.Жарықбаевтың айтуынша жақын жолдастың досқа айналуы - өте интимдік процесс /32/. Ол жеткіншектің құрдасымен қарым-қатынасқа өзінің қанағаттанғанын ұғынумен, бұл қарым-қатынастың қазіргі уақытта басқа ешкім қанағаттандыра алмайтын қажетке, қажетсінуге айналумен байланысты. Нақ осы себепті жеткіншектердің достығы эмоцияналды, жеке қарым-қатынастың сипатына қатысты көптеген толғаныстарға толы болады.

Жақын жолдасымен, досымен  қарым-қатынас туралы жеткіншек көп ойланып, толғанады. Ол осы қарым-қатынаста, өзіне жолдасының несі ұнап, несі ұнамайтынын білуге тырысады, өзінің оған, бұған қатынасын салыстырады, жәбірлейтін қылықтарды анықтап, олардың себептерін білуге тырысады. Ойланумен бірге жеткіншек өзін жолдасымен салыстырады. Осындай ойланумен бағалау процесінде қатынастарға көңіл толмаудың себептері, кімнің кінәлі екендігі, одан әрі не істеу керек, мәселен, кешірім сұрау, немесе достасуды қою қажет пе деген түсінік қалыптасады. Қатынастардың дамуының барлық кезеңдерінде жеткіншектер бір-біріне қатысты өте белсенді іс-әрекет жасайды, бұл қарым–қатынастарды белгілі бір бағытта құрады.

Достық қарым-қатынастың тәрбиелік  мәні өте терең екенін көптеген ғалымдар атап көрсеткен. В.А.Кан-Калик адамаралық қатынастың жеке тұлғаға әсерін бағалаған /33/. Жеткіншектің мұндай қарым-қатынасы – тиегі басқа бір адам – жолдасы болып табылатын ерекше іс-әрекет, ал іс-әрекеттің  мазмұны қарым-қатынастар құрып, оларда іс-әрекет жасау болады. Бұл іс-әрекеттің ішінде жеткіншек басқа адамды және өзін таниды, мұндай таңдаудың жолдары: жолдасының және өзінің іс-әрекеттерін салыстыра, талдай, қорытындылай, олардың етникалық мазмұнын көре,  оны бағалай білуі дамиды: жолдасының және өзінің жеке басы туралы түсінігі молайып, сондай-ақ бағалауы мен өзін-өзі бағалауы өзгереді. Осындай ойланулардың нәтижесінде өз  кемшіліктерін ғана емес, жолдасының кемшіліктерін де түзетуге бағытталған белсенділік пайда болады.

        Басқа адамға ықпал жасауға  ұмтылу - жеткіншектің өте маңызды ерекшелігі. Мұнда оның әлеуметтік белсенділігі, құрдастарвымен әлеуметтік өзара іс-әрекеттің ерекше сипаты айқын көрінеді. Достармен және жақын жолдас тарымен қатынастардың өзіне тән ерекшелеугі мынада: жеткіншектер сөзді толық мағынасында бірін–бірі тәрбиелейді, өйткені әрқайсысы екіншісіне белгілі бір талаптардың тұтас жүйесін қояды да, олардың орындауын қадағалайды: ал егер олар орындалмайтын болса, қарым-қатынастан бас тар ту секілді күшті амал  жаза ретінде қолдамнылады. Жеке адамның дамуы үшін жақын жолдастары және досымен қарым-қатынастың зор маңызы мынада: мұның өзі қарым–қатынастың ерекше түрі нақ ересек адамдарға тән жеке дара қарым-қатынастың қағидалариын меңгерудің практикасы болып табылады. Достықтың қағидаларын меңгеру – баланың жеткіншек шақта жететін маңызды жетістігі.

Орта буында оқитын ер балалармен қыз балалар арасындағы қарым-қатынастар өзіне тән ерекшелігімен сипатталады. Жеткіншектік жаста ер балалар мен қыз балалар арасындағы қарым–қатынастан айтарлықтай өзгерістер орын ала бастайды. Олар бір-біріне зейін аударып ұнатуға тырысу, ал осыған байланысты  өзінің сырт пішініне зер салып ұнамды көрінуге ұмтылу көрініс береді. Денесінің өсуі және жыныстық жетілуде қыздар балалардан озып кетеді. 5-6 сыныптарнда қайсыбір қыздар балалардан биік әрі ірі болады. Ер балалардың физикалық дамуында кішкене кешігу орын алғандығына байланысты олар өздерін қыздардан кем сезініп, бірталай мазасыздану орын алады. Бойы өз  сыныптарынан озып кеткен қыз балалар да осылай күйінуі мүмкін. Кейде олар өздерінің тезірек жетілуін артықтығы ретінде сезініп, жоғары сыныптарда оқитын ұлдарға көңіл аударуы орын алады.

Бастапқыда басқа  жынысқа көңіл аудару көптеген ер балаларда кіші жастағы жеткіншектерге тән қыз балаларға «тиісуден» көрініс береді. Ал қыздар ер балалардың  мұнысына шағым айтқанымен, оның себебін дұрыс түсінеді де, онша жәбірлене қоймайды. Кейіннен ұл-қыздар арасындағы қарым-қатынас өзгереді, біртіндеп ашық-жарқындықтың орнына жасқану, ұялу, ыңғайсыздану келіп шығады. Біреулерінде бұл тікелей көрінсе, екіншілерінде сырттай жайбарақаттықпен, басқа жынысты «жек көрумен» бүркелмеленеді. Осы кезде жеткіншектердің мінез–құлық амбиваленттігімен сипатталады: біріне–бірінің ынтасы ер балалар мен қыз балалардың оқшаулануымен қатарлас жүреді. Алайда олар жаңадан туындайтын қарым-қатынасқа, олардың даму ерекшелігіне барынша қызығумен қарайды.

Жеткіншек жасында махабат сезімі, сүйіспеншілік орын алады. Достық қатынас  адамдардың бір-біріне жақындасуының  бірінші акті болса, махаббат оның қорытындысы  болып келеді. Махаббат адамдардың бір-бірін тек жақсы көруі ғана емес, басқаға деген барлық жанының асылын сыйлау /34/. Орта сыныптарда оқушылардың басым көпшілігі, әсіресе қыздар, кім кімге ұнайды деген мәселеге зер салады. Оларда махаббат сезімі ояна бастайды.

Өзінің сүйіспеншілік қарым–қатынасы  туралы жеткіншектер әдетте досына не жақын жолдасына ғана айтатын болғанымен, мұны, сыныптастарының көбі біледі, олар аңғарғыш болады және жаңалықтармен бір-бірімен күнделікті алмасып тұрады. Кіші жеткіншектік шақта балалар мен қыздар арасында достық сирек болады, ал 7-8 - ші сыныптардан бастап олар бір-бірімен жиі кездесіп, өзара ұнау өте эмоционалды болып, өмірінде маңызды орын алады. Өзі ұнататын адамның көңіл аудармауы, ұнатпауы балалардың күшті толғаныстардың қайнар көзі болады. Романтикалық қатынастар ортақ мүдделер не ұмтылыстар болған жағдайда жолдастық қатынастар түрінде дамуы мүмкін, ал мұндай мазмұнды болмаса кездесулер, серуендер, киноға, мүз айдынына, практерге т. б. демалыс орындарына баруылары жиі кездесуі мүмкін. Осы қатынастардың нәтижесінде сыныптарда ұлдар мен қыздар аралас топтар құру тенденциясы орын алады.

Осы жас кезеңіндегі сүйіспеншіліктің формалары көп болады. Э.Фром адамдардың сүйіспеншіліктерінің бірнеше формаларын анықтаған /35/. Ол өзінің ата-анасына деген ерекше көзқарас, ең жоғарғы сезім ретінде жаратушыға деген ерекше сезім, өмір сүйгіштік, қоршаған ортаға ерекше сезімге бөлену, қарама-қарсы жыныстағылардың бір-біріне деген сезімі.

 Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынастар өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Басқа жынысты құрдастарына деген қатынастың жеткіншектің жеке басының дамуы үшін маңызы зор.  Ұнатқан объектісіне барынша көңіл аудару саралай аңғарғыштықтан көрінеді: өзіне ұнаған құрдасының қылығындағы, әсерлеріндегі, көңіл күйіндегі, толғаныстардағы нәзік өзгерістерді аңғаруға бейімтділік пайда болады. Ұнайтын адамымен қарым-қатынастың нәтижесінде өзінде болатын психикалық көңіл күйге бөленеді. Романтикалық ұнату жеке бастың барлық мүмкіндіктерін ширықтырады, жақсы болуға, жақсылық жасауға, көмектесуге, қорғауға ұмтылдырады. Бұл назар аудару нәтижесінде балалардың өзін-өзі жетілдірудің себептерінің біріне айналады. Өзінің жақсы көрген адамына ұнау үшін балалар өздеріне тән теріс қасиеттерден қол үзіп, өзгелерге ұнамды болу үшін тұлғалық оң қасиеттерін дамытады.

Жеткіншек шақта жолдастарымен қарым-қатынас жасау жеткіншектің жеке басынаның қалыптасуына үлкен, көбіне шешуші ықпал жасайды. Жолдастары оған үлгі болады, балалар бір-бірімен бірлесіп көптеген іс-әрекеттерге белсене қатысады. Осы іс-әрекетбарысында олар бірін-бірін тәрбиелейді. Сондықтан жеткіншектердің үлкендермен қарым-қатынастары ғана емес, жақын жолдастарымен, достарымен, ұнатқан адамдарымен қарым-қатынастары да педагогикалық-психологиялық ықпал жасау барысында қамтылуы тиіс.  

1.3.Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау

Жеткіншек жасындағы  балаларды тәрбиелеуде, оларға психологиялық  қызмет көрсетуде қарым-қатынас  мәдениетін қалыптастыру үшін әр баланың  жеке тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін жете білудің ролі үлкен. Сол үшін психолог сынып жетекшісімен бірлесіп оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасап алуы қажет екенін көптеген ғалымдар көрсеткен. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге әлеуметтік психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдержің басым көпшілігін қолдануға болады. Ол әдістемелерді мектеп жасындағы балаларды зерттеуге қолданғанда зерттеуді сынып үжымымен жүргізудің көптеген ұтымды жерлері бар. Балалар оқу барысында, сыныптан тыс іс-шаралар жүргізгенде, көптеген оқу-тәрбие мәселелерін шешу барысында бір-бірімен себептес байланыста болып, қарым-қатынас жасайды. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәцениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар қосымша іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта жолдастары, достары, бірге ойнайтын, бос уақытты бірге өткізетін қүрбылары бар. Осы ортада қалыптасқан сыныптағы үжымішілік қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік болады.

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және тәрбиелеу негізін құратын бағдарламасының үлгі мазмұнын Я.Л.Коломинский /36/, И.В.Дубровина /37/, Ю.З.Гильбух /38/, М.Р.Битянова /39/ еңбектеріне сүйене отырып анықтауға болады. ұсынған. Олардың ұсыныстарын ескере отырып мектеп тәжірибесінде пайдалануға ыңғайлы бағдарламаны қысқартып келесі мәтінде көрсетуге болады.

Сынып ұжымын зерттеу  бағдарламасы.

  1. Сынып ұжымы, топ  туралы жалпы мағлүмат жинау (оқушылардың   саны,   оның ішінде қыз және ұл балалар саны, олардың жеке тұлғалық және жас  ерекшеліктері, сынып жетекшілерінің өзгеріп тұруы, мектептерін ауыстырғандары және оның себебі т.с.с).
  2. Сыныптағы балалардың ұйымшылдығы: өзін-өзі басқару деңгейі, сынып жұмысын, қоғамдық тапсырмаларды орындайтындығы.
  3. Сынып ұжымының үлгеріміне мінездеме (кейбір оқушылар үлгеріміне сипаттам, олардың үлгеріміне байланысты жеке бақылауға алынуы, үлгерімі төмендерге, оқу процесінде оқушылардың өзара көмек көрсетуі, оны үйымдастыру түрлері).
  4. Оқушылар үжымының қоғамдық пайдалы еңбекке, өзіне-өзі қызмет етуге қатысуы, оқушылардың сыныптан тыс жүмыстарға қатысуы, ондағы орны, орындайтын жұмыстардың түрлері, жалпы еңбекке деген көзқарасы, сыныпта тапсырмаларды бөлудің түрлері (белсенділер ғана орындайды ма немесе кезектесіп орындауға оқушылар тартылады ма).

5.  Сыныптағы оқушылардың белсенділік деңгейі, майталмандардың тұрақты немесе уақытша болуы, орындау тәртіптері.

  1. Сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктері: балалардың ұйымшылдығы, сыныптың жетістіктері мен кемшіліктері, оқушылардың бірлесіп жұмыс жасағанды жақсы көруі, ер балалар мен қыз балалардың бір-біріне өзара  көмегі және олардың ішкі негізі, сыныптаң ортақ іске деген қызығушылығы, жеке оқушылардың сынып ұжымындағы эмоционалдық жағдайы.
  2. Оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері.
  3. Ұжымдағы дәстүрлердің қалыптасқандығы, ұжымның бос уақытты бірге ұйымдастырған іс-шараларда өткізуі, балалардың ой-өрісі, рухани, спорттық өмірі, көркемөнер, шығармашылық кештер, компьютелік сауаттылығы т.с.с. көрсеткіштер бойынша бағалау.

Осы бағдарлама бойынша  жиналған мәліметтерді ретке келтіріп бағалауға негіз болатын келесі көрсеткіштер ретінде келесілерді пайдалануға болады.

1. Мінез-құлық қасиеттерін бағалау көрсеткіштері: жағымды мінез-қүлық белгілерінің көрініс беруі: белсенділігі,  тәртіптілігі, жинақтылығы, ұйымшылдығы, мейрімділігі, жауапкершілікті сезінуі, қайырымдылығы, іскерлігі, кішіпейілділігі, шешім қабылдағыштығы, қарапайымдылығы, ұстанымдылығы, адамдарға ықылас қоюы, ашықтығы, шыншылдығы, әдептілігі, адамгершілігі.

2. Жағымсыз мінез-құлық белгілерінің көрініс беруі: эгоистігі, түйықтығы, дөрекі, өтірікші, үстанымсыздығы, менменшілдігі, темекі тартуы, алкоголизмге, накотикке және басқа да улы заттарға құмарлығы.

3. Жалпы мәдени дағдыларын бағалау көрсеткіштері: үлкендермен  және жолдастарымен қарым-қатынасының қалыптасуы, кішіпейілділігі,   ұқыптылығы,   сүйкімділігі,   жылы жүзділігі, өнер, әдебиет салаларына деген көзқарасы, үйіндегі кітапхана қоры.

4. Қарым-қатынас жүйесінің қалыптасқанын бағалау көрсеткіштері:      қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасы, ашықтығы, жарқын жүзділігі, толеранттығы (басқалардың пікіріне шыдамдылығы), мейірімділігі, парасаттылығы, адалдығы, сезімталдығы, сыйластығы,   қайырымдылығы т.б. қасиеттерінің қарым-қатынас барысында көрініс беруі.

5.Сыныптастарымен қарым-қатынасын бағалау көрсеткіштері: сыныптастарының мүддесімен санасуы, кикілжіңдерден өзін аулақ ұстауы.

6. Ата-аналарымен қарым-қатынасын бағалау көрсеткіштері: ата-аналарын жақсы көретіндігі жөне өте силауы, оларды тыңдауы, сенімсіздік білдіруі және көбіне айтқанын орындамайтындығы, өзінше өмір сүруі, өзінің ата-анасын сыйламауын түсіндіруі, ата-ана беделін мойындауы, өз дегенімен жүретіндігі.

Информация о работе Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру