Кәсіпорындардың әртүрлі контрогенттермен қарым-қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 09:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
1.2 Кәсіпорынның контрагенттермен қарым-қатынасы..........................
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері...................................................
2. «ХАЛЛИБУРТОН ИНТЕРНЭШНЛ ИНК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ................................................
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк» компаниясының жалпы сипаттамасы............................................................................................
2.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ..........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әділ .docx

— 84.57 Кб (Скачать документ)

 

  4-Кесте

 

«Халлибуртон Интернэшнл Инк» компаниясының мәліметтері  негізінде баланс активінің өтімділік  дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы

 

 

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,3;

жыл соңында – 1,07;

Бұл көрсеткіштің қолайлы  мәні 0,9 болып табылады.

Алайда бұл көрсеткіш  кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін  өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете  алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қа-тар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың  жиы-нымен ажыратылатын, өтімділік  көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданыла-ды.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен  қол-данылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

-абсолютті өтімділік  коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін  бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа  мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздар-дың  қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің  дұрыс  шектеуі келесі түрде болады:

Ка.ө  0,2 0,5

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек  екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 0,02;

жыл соңында – 0,1;

Аралық өтеу коэффициентін  есептеу үшін (немесе оның басқа  аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына  дебиторлық борыш және басқа  да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек  ақша қаражаты есебінен емес, сонымен  қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер  бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Аралық өтеу коэффициентінің  қалыпты төменгі шегін бағалау  былайша өрнектеледі:

Кар.ө  1

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,5;

жыл соңында – 0,98;

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа  мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын  көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен  міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін  белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен  өз уақытында есеп айырысу және дайын  өнімді тиімді өткізу жағдайларында  ғана емес, соны-мен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері  қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін  белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен  баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін  ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа  мерзімді қарыздары бойынша тез  есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып  табылады:

Кағ.ө  2

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 2,6;

жыл соңында – 2,2;

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден  2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.   

Жалпы алғанда соңғы екі  өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап  бергенімен, жыл соңында олардың  мәндері азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның се-бептерін анықтаған жөн.

 

 

2.2 Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын талдау

 

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде  кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы  да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға  алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға  алынған капиталдың арасындағы қатынас  оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.                                                                                                                        

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы  көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл  кезде қиын болса да сырттан тартылған  капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса  маңызды орын алады, бірақ онсыз  әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін  өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша  қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа  мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.                                                                                                            

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған  капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өз-геру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капи-талға  басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.                                      

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер  сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған  кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан  баға береді. Меншіктік капитал-дың  үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын  зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы  айтуына мүмкіндік береді. Қысқа  мерзімдік несиелердің төмендеуі  және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын  қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды  жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың  үлесі басқа факторлардың несие  үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер  әсерінен болуы мүмкін. Егер несие  үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген  дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған  дұрыс.

Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.                                                                                                             

Каржылық есеп берудің  активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей  талдау 5-кестесі құрылады.

 

5-Кесте

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының авансталынған  капиталының құрамы мен құрылуы

 

Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+;-)

 

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы%

Меншікті капитал

           

Жарғылық капитал

13 395

13 395

3,63

3,72

0

 

Қосымша капитал

223 375

223 375

60,49

62,09

0

 

Резервтік капитал

3 225

3 225

0,87

0,90

0

 

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

60 480

59 415

16,38

16,51

-1 065

-1,76

Жиыны

300 475

299 410

81,37

83,22

-1 065

-0,35

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

0,00

0,00

0

 

Қысқы мерзімді міндеттемелер

           

Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт

5 325

3 175

1,44

0,88

-2 150

-40,38

Кредитолық борыш

44 325

41 835

12,00

11,63

-2 490

-5,62

Алдағы кезең кірістері

3560

3 570

0,96

0,99

+10

+0,28

Баса да несиелік борыштар

15 565

11 775

4,22

3,27

-3 790

-24,35

Жиыны

68 775

60 355

18,63

16,78

-8 420

-12,24

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

  2,57


 

5-кестеден кәсіпорынның  есеп беру жылындағы активтерінің  қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге  немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп  тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден  0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке  өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді.

Біздің мысалымызда - ол жылдың басында 2,03-ке тең (300475:147795), соңында 1,42 (299410:210260) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз каражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым каражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарымқатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады [23].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 КӘСІПОРЫННЫҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ  НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы  – кәсіпорын қызметінің кемшіліктерін  жою жолдарын іздеу болып табылады.

Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын жетілдіруге  қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде  ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері  мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы  қаржылық жағдайды тұрақтандырудың  барлық ішкі және сыртқы механизмдерін  қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық дең-гейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім  қабылдауға мәжбүр бо-лады [24].

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем  қабілеттілігін қалпына келтіруге  ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті  жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық  жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік  шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар  жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық  қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты  ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтама-сыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты  ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытта-луы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан  алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың  ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан  құралатын кәсіпорынды сауықтыру  бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық  (сурет-2):                     

Кәсіпорын меншікті айналым  қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақсатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акцияларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне  алып келуі мүмкін. Сондықтан батыс  елдерінде көбіне облигацияларға көп  жүгінеді.

Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол –  акциялар бойынша дивидендтер көлемін  азайту немесе төлеуден уақытша бас  тарту. Бірақ бұл шараны іске асыру  үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауықтыру бағдарламасының  нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер  көлемінің өсетендігіне сендіру  қажет [24].

Меншікті қаржы ресурстарынының  көлемін арттыру жолдары:

- тұрақты шығындар сомасын  азайту

- айнымалы шығындар сомасын  азайту

- жедел амортизацияны пайдалану

- пайдаланылмайтын мүліктерді сату

- сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс  табыстылығын арттыратын  ішкі резервтерді  іздеу болып табылады. Оған өндіріс  қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің  сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурстарын  үнемді пайдалану жатады [25].

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі  үш проблема кездеседі:

-Төлемқабілеттіліктің төмен  болуы, яғни ақша қаражаттарының  жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның  кредиторлар, жұмысшылар және  бюджет алдындағы міндеттемелерін  өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі  дәлел бола алады;

-Меншік иелерінің мүдделерін  толық қанағаттандырмау. Бұған меншік  иелері алатын табыстарының олардың  салған салымдарына қарағанда  әлдеқайда төмен болуы дәлел  бола алады;

-Қаржылық тәуелсіздігінің  немесе қаржылық тұрақтылығының  төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық  тұрақтылықтың төмен болуы болашақта  міндеттемелер-ді өтеу бойынша  қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал  бұл өз кезегінде кәсіпо-рынның  кредиторларға тәуелді болуына  алып келеді. Жоғарыда жасалынған  талдау негізде біздің кәсіпорында  алғашқы екі проблеманың (өте  төменгі төлем қабілеттік және  рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне  келсек, ол ұзақ мер-зімді қарыздардың  жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің  негізінен меншікті капиталмен  қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын  кредиторларға тәуелді емес, яғни  қаржылық тұрақты. Талдау барысында  анықталған кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығының әлсіз жақтары  негізінен төлемқабілеттілік пен  рен-табельділіктің төмен болуынан  туындап отыр. Осыған байланысты  біз кәсіпо-рынның қаржылық тұрақтандыру  үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті  арттыру жолдарын іздеу керек  деген қорытындыға келеміз.

Информация о работе Кәсіпорындардың әртүрлі контрогенттермен қарым-қатынасы