Кәсіпорындардың әртүрлі контрогенттермен қарым-қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 09:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
1.2 Кәсіпорынның контрагенттермен қарым-қатынасы..........................
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері...................................................
2. «ХАЛЛИБУРТОН ИНТЕРНЭШНЛ ИНК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ................................................
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк» компаниясының жалпы сипаттамасы............................................................................................
2.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ..........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әділ .docx

— 84.57 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда айтылғандарды  қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына  әсер ететін мынадай ішкі факторларды  атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                            
  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                             
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;                                                                            
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;                                                                                                                           
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    
  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника  мен технология, төлеу қабілеті бар  сұраныс және тұтынушылар табысының  деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие  саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау  жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.                       

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай  жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік  қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.     

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі  уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа  жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уа-қытта қаржы ресурстарын  қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы  ресурстары жағдайының нарық талаптарына  сай болуы және де кәсіпорынның дамуына  байланысты қажеттіліктерге жауап  бере алуы өте маңызды болып табылады, се-бебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің  жоқтығына және оның дамуына қажетті  қаражатының болмауына, ал көп болуы

дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шы-ғындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.                                                                                                 

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын талдаудың басты  міндеті келесілер болып табылады:

- қаржылық жағдайға баға  беру және оның есеп беру  мерзіміндегі өзгерісі;           

  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;                        
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;                                                                        
  • қаржы есептік және несие ережесін сақтау;                                                                     
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;                     
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш  және қорлар есебі;                                                                                                                            
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;                                                                                                                                 
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;                                                                                       
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;                                                                                                         
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;                                                               
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.                  

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық  қызметін талдаудың қорытындылаушы  кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталынды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.                                                                                                                      

 

1.2 Кәсіпорынның  контрагенттермен қарым-қатынасы

 

      ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді. «Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады [12].

Қаржылық есеп негізінен  өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін  және де кәсіпорын үшін инвестициялық  шешімдер мен несие беру бойынша  шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің  болашақтағы ақша ағьгмдарын және осы  субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар  мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді  бағалау үшін қажетті пайдалы  ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру  мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына  ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені  қайтару және табысты тарату қабілетін  анықтайды. Егер де қолданушылар тек  қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын  ақпараттармен емес, сонымен қатар  барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін  одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.                                                                                       

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің  қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың  жүйелендірілген бірденбір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара  негізгі байланысына және басқару  шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.                                                                                                    

      Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.                                                                                                           

Баланс ақпараттары негізінде  сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс  жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын  тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын  және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың  маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық  талдау деп атайды.

Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің  айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің  қолда барын, дебиторлық және кредиторлық  борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі  мен төлеу қабілеттілігін анықтауға  мүм-кіндік береді. Баланс көрсеткіштері  кәсіпорынның капиталын орналастыру  тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке же-туі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін  бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты тал-дау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қа-жетті  түрі болып табылады.                                                                                                 

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың  өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер  принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.                                                                                                        

Тікелей түрде құрастырылған  баланс 5 бөлімнен тұрады:                                                 

1) ұзақ мерзімді активтер;                                                                                                    

2) ағымдағы активтер;               

3) меншікті капитал; 

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                             

5) ағымдағы міндеттемелер.                                                                                           

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын  – қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.                                                                                                                 

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыздылары келесілер  болып табылады:                                                                                                                            

- Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.                                                                         

- Баланс кәсіпорын қаржысында  және міндеттемелеріңде статусквоны  си-паттайды, яғни пайдаланылып жүрген  есеп саясатына сай осы кезеңде  кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда  тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдай-ға ненің нәтижесінде  жеткеніне жауап бермейді. Бұл  сұраққа жауап беру үшін, тек  қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп  беруде көрсе-тілмейтін көптеген  факторлардың талдануы қажет  (мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар  және басқалар).                                                                                                                        

Информация о работе Кәсіпорындардың әртүрлі контрогенттермен қарым-қатынасы