Кәсіпорындардың әртүрлі контрогенттермен қарым-қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 09:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................... 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
1.2 Кәсіпорынның контрагенттермен қарым-қатынасы..........................
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері...................................................
2. «ХАЛЛИБУРТОН ИНТЕРНЭШНЛ ИНК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ................................................
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк» компаниясының жалпы сипаттамасы............................................................................................
2.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ..........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әділ .docx

— 84.57 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорындардың  әр түрлі контрагенттермен қарым-қатынасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 

2012

Мазмұны

 

КІРІСПЕ ..........................................................................................................

3

1.

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................

 

1.1

Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............

 

1.2

Кәсіпорынның  контрагенттермен қарым-қатынасы..........................

 

1.3

Қаржылық жағдайды талдау әдістері...................................................

 

2.

«ХАЛЛИБУРТОН ИНТЕРНЭШНЛ ИНК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ................................................

 

2.1

«Халлибуртон Интернэшнл Инк» компаниясының жалпы сипаттамасы............................................................................................

 

2.2

Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............

 

2.3

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...............................

 

3

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ..........................................................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен  тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.     

  Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.                                                                                                                              

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше ісәрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу  үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.                                                                                                                            

Қазіргі уақытта болып  жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың  шаруашылықты жүргізуші субъект  ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше  шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта  білікті серікті таңдауға қол  жетті, өйткені болашақтағы бірлескен  іс әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып  алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі  кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше  тез және дұрыс бағдар тауып, оны  ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді  шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын  тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.                                                                                                                                    

Жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

- қаржы менеджменті саласында  алған білімді қолдану;

- өндірістік практикада  жинаған тәжірибені пайдалану;

- қарастырылып отырған  мәселе бойынша статистикалық  және заңнамалық материалдар  жинақталып қолданылды;

- кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдау;

- жүргізілген талдау нәтижелері  бойынша  жетіспеушіліктерді  анықтау және оларды жою жолдарын  ұсыну.

Талдау объектісі ретінде  «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы алынды. Оның негізгі қызметі  мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен айналысу болып табылады [1].

Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін  ашуға негізделген. Бұл бөлім  өзіне қаржылық жағдайды талдаудың  мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды біріктіреді.

Жұмыстың тәжірибелік  бөлігі «Халлибуртон Интернэшнл Инк.»  компаниясының қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды  жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша  іс-шаралар ұсынуға негізделген.

Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның еңбектері  болып табылады.

Жұмыс барысында ҚР-ның  заң актілері және Halliburton компаниясының  қаржылық есебі пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

1.1 Қаржылық жағдайдың  мәні және оны талдаудың мақсаты

 

Нарықтық қатынастары  жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл  кәсіпорындардың тәуелсіздікке  ие болуымен, сондай-ақ және де басқа  контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік  қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте  болуымен байланысты.          

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас  бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз  немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз  не, соны анықтап алған жөн. Соңғы  жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны  тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.                                                                                 

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-тын  деңгейінде төлем қабілеттілігі  мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде  қаржыны тарату мен пайдалану  арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".                                                                                 

В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша қаражаттарын еркін пайдалануды  қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-сайды.

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі  процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады" [9]. Ал  кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен  әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін  табыстың тұрақтылығын талап етеді  және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен  және тағы басқалармен есеп айырысу  үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті  дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс  қалуы қажет.                                                                                                                             

Қайта біз олардын кейінгі  шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын  тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко  мен М.В.Беллендир.                       

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин  дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні —  бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу  көздерінен қамтамасыз етілуі - деп  түсіндіреді.                                                                                                                     

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:                                                                                                                        1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;                                              

2) нәтижесінің маңыздылығына  байланысты-негізгі және негізгі  емес;    

3) құрылысы бойынша - қарапайым  және күрделі;                                                           

4) әрекет  ету  уақыты  бойынша-тұрақты  және уақытша.                                 

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын  еркіне бағынышты емес.                                            

Негізгі ішкі факторларды  қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы  ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көр-сетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

Кәсіпорынның өндірілетін  өнім және өндіріс технологиясымен  тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –  активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнерікәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі  үшін қажет болатын қаржының ең төменгі  сомасын ұстаудан тұрады.                                                

Қаржылық тұрақтылықтың  ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы  мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы  сезіне алады.                                                                                                                  

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен  қатар оны тарату құрылымы, әсіресе  өндірісті дамытуға бағытталған  бөлігі де өте маңызды болып табылады.                                                                                     

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына  қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша  жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.

Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге  қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында  есептесе ала ма, жоқ па? - деген  қауіп туады. Және де бұл жерде  кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде  резервтерге үлкен роль берілген.                                                                    

Информация о работе Кәсіпорындардың әртүрлі контрогенттермен қарым-қатынасы